Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
орталық аппараттың функциялары:
мынадай мазмұндағы 152-101), 152-102), 152-103) және 152-104) тармақшалармен толықтырылсын:
"152-101) емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
152-102) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені әзірлеу және бекіту;
152-103) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды денсаулық сақтау саласындағы басқа да дерекқорлармен байланыстыратын телекоммуникация желілеріне қосу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
152-104) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша цифрлық денсаулық сақтау субъектілерінің қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату қағидаларын әзірлеу және бекіту;".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А. Мамин |