Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Pfizer" (Пфайзер) компаниясымен коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізудің міндетті шарттары туралы келісімге және коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізу шартына қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин |
"Pfizer" (Пфайзер) компаниясымен коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізудің міндетті шарттары туралы келісімге және коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізу шартына қол қою туралы
Қазақстан Республикасының халқын вакциналармен қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі атынан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Владимирович Цойға "Pfizer" (Пфайзер) компаниясымен коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізудің міндетті шарттары туралы келісімге және коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізу шартына Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |