"Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 – 2023 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Қазіргі заманғы Қазақстан жағдайында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің тәуекелге бағдарланған ұйымдық-экономикалық тетіктері" ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А. Мамин |