"Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 522 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      1-тармақтың 3) тармақшасы үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "ескертпе: акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттік кәсіпорындар) әкімшілік аппараттарын орналастыруға арналған алаңдардың нормалары "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ұлттық талдауды қалыптастыру департаментіне (Талдау орталығы) қолданылмайды;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2003 года № 145 "Об определении механизма проведения мониторинга административных расходов государственных предприятий, акционерных обществ, контрольные пакеты акций которых принадлежат государству, и товариществ с ограниченной ответственностью, размеры государственных долей участия в которых позволяют государству определять решения общего собрания участников, с целью их оптимизации"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № 522.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2003 года № 145 "Об определении механизма проведения мониторинга административных расходов государственных предприятий, акционерных обществ, контрольные пакеты акций которых принадлежат государству, и товариществ с ограниченной ответственностью, размеры государственных долей участия в которых позволяют государству определять решения общего собрания участников, с целью их оптимизации" следующее дополнение:

      подпункт 3) пункта 1 после абзаца третьего дополнить абзацем следующего содержания:

      "примечание: нормы площадей для размещения административных аппаратов акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью (государственные предприятия) не распространяются на Департамент формирования национальной аналитики (Аналитический центр) республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Информационно-вычислительный центр Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан";".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин