Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2021 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді уақытша қолдану туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа 2021 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді уақытша қолдану туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 574 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
2021 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді уақытша қолдану туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі
2021 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді уақытша қолдануды қамтамасыз ету мақсатында
Орталық Азия өңірінде қауіпсіздікті күшейту үшін
1969 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының 25-бабы 1-тармағының b) тармақшасын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы өзара түсіністікке қол жеткізді:
Тараптар осы Хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2021 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ол күшіне енгенге дейін уақытша қолданады.
2021 жылғы "___" __________ Нұр-Сұлтан қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада қол қойылды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Қырғыз РеспубликасыныңҮкіметі үшін |