Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.10.2024 № 826 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Негізгі міндеттер";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. ЖҒТК-ның міндеттері:
1) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттер мен басымдықтарды қалыптастыру;
2) ғылым бағыттары бойынша басым іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді айқындау;
3) Ұлттық ғылыми кеңестердің ұсыныстарын қарау;
4) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру көлемін айқындау және ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша бөлу, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыру көлемін айқындау;
5) Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың басым бағыттарына сәйкес Ұлттық ғылыми кеңестердің ұсынымдары негізінде гранттық қаржыландырудың негізгі бағыттары мен көлемін бекіту;
6) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларға арналған өтінімдерді мақұлдау;
7) ғылым саласына шетелдiк инвестицияларды тарту бойынша ұсынымдар тұжырымдау;
8) мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты іске асыру кезінде ғылым, білім беру, және өндіріс салаларының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
9) Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы қарау болып табылады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. ЖҒТК құзыреті";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. ЖҒТК жұмысын ұйымдастыру";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. ЖҒТК шешімдері ашық дауыс беру арқылы немесе сырттай дауыс беру тәртібімен (төтенше жағдай режимі жарияланған кезде немесе төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою кезінде, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезеңде, шұғыл сипаттағы мәселелер бойынша) қабылданады және оларға ЖҒТК мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
ЖҒТК мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген ЖҒТК отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
ЖҒТК отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, ЖҒТК хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын ЖҒТК мүшелеріне келісу үшін жібереді.
ЖҒТК мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамында:
"Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы – "ҚазМұнайГаз" Өндіру және бұрғылау технологиялары Ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директорының кеңесшісі (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының кеңесшісі (келісім бойынша)";
"Садыбеков Махмұд Әбдісәметұлы – "Математика және математикалық модельдеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Садыбеков Махмұд Әбдісәметұлы – "Математика және математикалық модельдеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы (келісім бойынша)";
"Ахметқал Медеу – "География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, география ғылымдарының докторы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Медеу Ахметқал – "География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, география ғылымдарының докторы (келісім бойынша)";
"Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы – "С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамының ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (келісім бойынша)".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |