Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
"Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
"2021" деген цифрлар "2026" деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақша алып тасталсын.
2. 2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші абзацын қоспағанда, осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |