Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық тіркеу жүргізудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 702 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01. 2021 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 183 қаулысымен бекітілген Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату ережесінің 3-тармағы 1-бөлігінің қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "3. Босқын мәртебесін беру туралы шешімді уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияның ұсынуы бойынша босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күннен бастап үш ай ішінде қабылдайды.".

      2. "Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысының мынадай ережелерінің қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматы паспортының үлгісінде:

      "2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын қорғауға қойылатын талаптар" деген бөлімде:

      1-тармақтың екінші бөлігі, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде Қазақстан Республикасының азаматы паспортының иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат сақталады.";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің үлгісінде:

      "2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін қорғауға қойылатын талаптар" деген бөлімде:

      1-тармақтың екінші бөлігі, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің иесі туралы графикалық және мәтіндік, оның ішінде оның заңды мекенжайы туралы ақпарат, оның фотобейнесі және қолы сақталады.";

      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың үлгісінде:

      "2. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты қорғауға қойылатын талаптар" деген бөлімде:

      1-тармақтың екінші бөлігі, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың иесі туралы графикалық және мәтіндік, оның ішінде оның заңды мекенжайы туралы ақпарат, оның фотобейнесі және қолы сақталады.";

      4) көрсетілген қаулымен бекітілген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің үлгісінде:

      "2. Азаматтығы жоқ адамның куәлігін қорғауға қойылатын талаптар" деген бөлімде:

      1-тармақтың екінші бөлігі, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде азаматтығы жоқ адамның куәлігінің иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат сақталады.";

      5) көрсетілген қаулымен бекітілген босқын куәлігінің үлгісінде:

      8-тармақ, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "8. Босқын куәлігінің 9-11-беттері ерекше белгілерді енгізуге арналған. Беттердің жоғары жағында қазақ және орыс тілдерінде (№ 21 сурет):

      "Ерекше белгілер

      Особые отметки"

      деген жазу орналасқан.".

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларының 3-тармағы 11) тармақшасының және 5-тармағы бесінші бөлігінің қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысымен бекітілген Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларының дактилоскопиялық тіркеуді жүргізу бөлігінде 2 және 4-тарауларының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

      5. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О некоторых вопросах проведения дактилоскопической регистрации в Республике Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2021 года № 702.

      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 01.01.2021.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 46 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Приостановить до 1 января 2023 года действие части 1 пункта 3 Правил присвоения, продления, лишения и прекращения статуса беженца, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 марта 2010 года № 183, установив, что в период приостановления данная часть действует в следующей редакции:

      "3. Решение о присвоении статуса беженца принимается территориальным подразделением уполномоченного органа по рекомендации комиссии по осуществлению процедуры присвоения, продления, лишения и прекращения статуса беженца в течение трех месяцев со дня регистрации ходатайства о присвоении статуса беженца.".

      2. Приостановить до 1 января 2023 года действие постановления Правительства Республики Казахстан от 4 июля 2013 года № 684 "Об утверждении образцов паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства, удостоверения беженца и требований к их защите" в следующих положениях:

      1) в образце паспорта гражданина Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "2. Требования к защите паспорта гражданина Республики Казахстан":

      части второй пункта 1, установив, что в период приостановления данная часть действует в следующей редакции:

      "В микросхеме, имеющей емкость памяти не менее 64 Кб, в защищенном виде хранится графическая и текстовая информация о владельце паспорта гражданина Республики Казахстан.";

      2) в образце удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "2. Требования к защите удостоверения личности гражданина Республики Казахстан":

      части второй пункта 1, установив, что в период приостановления данная часть действует в следующей редакции:

      "В микросхеме, имеющей емкость памяти не менее 64 Кб, в защищенном виде хранятся графическая и текстовая информация о владельце удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, в том числе о его юридическом адресе, его фотоизображение и подпись.";

      3) в образце вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "2. Требования к защите вида на жительство иностранца в Республике Казахстан":

      части второй пункта 1, установив, что в период приостановления данная часть действует в следующей редакции:

      "В микросхеме, имеющей емкость памяти не менее 64 Кб, в защищенном виде хранятся графическая и текстовая информация о владельце вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, в том числе о его юридическом адресе, его фотоизображение и подпись.";

      4) в образце удостоверения лица без гражданства, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "2. Требования к защите удостоверения лица без гражданства":

      части второй пункта 1, установив, что в период приостановления данная часть действует в следующей редакции:

      "В микросхеме, имеющей емкость памяти не менее 64 Кб, в защищенном виде хранится графическая и текстовая информация о владельце удостоверения лица без гражданства.";

      5) в образце удостоверения беженца, утвержденном указанным постановлением:

      пункта 8, установив, что в период приостановления данный пункт действует в следующей редакции:

      "8. Страницы 9-11 удостоверения беженца предназначены для внесения особых отметок. Вверху страниц размещена надпись на казахском и русском языках (рис. № 21):

      "Ерекше белгілер

      Особые отметки".".

      3. Приостановить до 1 января 2023 года действие подпункта 11) пункта 3 и части пятой пункта 5 Правил оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства, удостоверения беженца и проездного документа, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 августа 2013 года № 852.

      4. Приостановить до 1 января 2023 года действие глав 2 и 4 Правил проведения дактилоскопической и геномной регистрации, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 января 2018 года № 36, в части проведения дактилоскопической регистрации.

      5. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2021 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин