Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 255 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларында (әдістемесінде):
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Мақта талшығының мәміле бағасы қазақстандық мақта талшығының нарықтық бағасынан 10 пайыздан артық ауытқымауы тиіс.
Нарықтық баға мен жол беріледі ауытқу арасындағы айырмашылық мәміле бағасынан төмен немесе оған тең болған ((МБ ≥ НБ – ЖА)) жағдайларда, мәміле бағасына жол берілген деп танылады. Нарықтық баға мен жол берілген ауытқу арасындағы айырма мәміле бағасынан жоғары болған (МБ < НБ – ЖА) жағдайларда, мәміле бағасына жол берілмейді деп танылады, мұнда:
МБ – сатып алушыға меншік құқығы өткен күндегі мақта талшығының мәміле бағасы;
НБ – сатып алушыға меншік құқығы өткен күндегі мақта талшығының нарықтық бағасы;
ЖА – 10 %-ға тең жол берілетін ауытқу.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |