Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қазандағы № 759 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі,
аумақтық тұтастық және шекараға қол сұғылмаушылық туралы халықаралық құқық қағидатын басшылыққа ала отырып,
мемлекеттік шекара екі елдің арасында ұрпақтан ұрпаққа мәңгілік бейбітшілік пен достық шекарасы болып қалуы үшін ортақ күш-жігерді жұмсау шешіміне бекініп,
екі елдің мемлекеттік шекарасында тұрақтылықты және шекара маңындағы аудандарда тыныштықты қамтамасыз ету, шекара мәселелерін өзара құрмет, сенім, теңқұқықтылық, достық және ынтымақтастық рухында реттеу мақсатында,
1993 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы достық қатынастар және ынтымақтастық туралы шартты, 2017 жылғы 18 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты және 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Мемлекеттік шекараны қорғаудағы ынтымақтастық туралы келісімді негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі (бұдан әрі – мемлекеттік шекара режимі) – осы Келісімде айқындалған, Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасында және шекаралық белдеулерде қолданылатын, мыналарды:
Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын күтіп-ұстау;
адамдардың, көлік құралдарының Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі және ол арқылы жүктер мен өзге де мүлікті өткізу;
Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен өзге де мүлікті өткізу;
Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының және шекаралық белдеулердің үстінен ұшып өтуді жүзеге асыру;
Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасында, шекаралық белдеулерде, сондай-ақ шекара сулары шегінде шаруашылық, кәсіпшілік зерттеу, ізденіс немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу (оның ішінде оларды пайдалану);
шекарадағы оқыс оқиғаларды шешу тәртібін қамтитын қағидалар.
2. Мемлекеттік шекара режиміне Тараптар мемлекеттерінің бірлескен қызметімен қолдау жасалады және оның мәселелері осы Келісімде, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында және екі Тараптың мемлекеттері де қатысушылары болып халықаралық шарттарда регламенттеледі.
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар (терминдер) пайдаланылады:
1) авариялық-құтқару қызметі – төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған және негізін авариялық-құтқару құралымдары құрайтын біртұтас жүйеге функционалдық біріктірілген басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы;
2) авариялық-құтқару құралымы – негізін арнайы техникамен, жабдықпен, керек-жарақпен, аспаптармен және материалдармен жарақтандырылған құтқарушылар бөлімшелері және кинологиялық бірліктер құрайтын, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған дербес немесе авариялық-құтқару қызметінің құрамына кіретін құрылым;
3) су айдыны – табиғи немесе жасанды ойпаттарда тұрақты немесе уақытша тоқтаған немесе баяу ағысты судың жинақталуы;
4) әуе кемесі – жер (су) бетiнен шағылысқан ауамен өзара іс-қимыл жасауды болғызбай, оның ауамен өзара іс-қимыл жасауы есебiнен атмосферада қалықтайтын аппарат;
5) мемлекеттік шекара, шекара – осы Келісімнің мәтінінде бірдей мағынаға ие, аумақты (құрлықты, суларды, жер қойнауын және әуе кеңістігін) бөлу шектерін айқындайтын сызықты және осы сызық арқылы өтетiн тік жазықтықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік егемендіктер қолданыстарының кеңістіктік шектерін білдіреді;
6) мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін жүктер мен өзге де мүлік (бұдан әрі – жүктер мен өзге де мүлік) – мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін коммерциялық және коммерциялық емес жүктер, тауарлар, жануарлар, нәрселер, материалдар, құралдар, заттар, қолжүгі (багаж) және көлік құралдары;
7) межелеу – шекараны межелеу туралы құжаттармен ресімделген мемлекеттік шекара сызығының жағдайы мен бағытын айқындау;
8) шегендеу – шекараны межелеу туралы құжаттарға сәйкес және шекараны шегендеу туралы құжаттармен ресімделген жергілікті жерде мемлекеттік шекараның өтуін айқындау оны шекара белгілерімен белгілеу;
9) шекараны межелеу туралы құжаттар – Тараптардың мемлекеттері қатысушысы болып табылатын, мемлекеттік шекараның жағдайы мен бағытын айқындайтын халықаралық шарттар;
10) межелеу туралы құжаттар – Тараптардың мемлекеттері қатысушысы болып табылатын, жергілікті жерде мемлекеттік шекараның өтуі мен белгіленуін айқындайтын халықаралық шарттар;
11) бірлесіп тексеру құжаттары – мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін бірлесіп тексергеннен кейін қалыптасқан, шекараны шегендеу туралы құжаттың ажырамас бөлігі болып табылатын құқықтық құжаттар (Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекара сызығы өтуінің сипаттама-хаттамасы, Мемлекеттік шекара картасы, шекара белгілерінің хаттамалары, Шекара белгілерінің координаттары мен биіктіктерінің каталогі, Бірлесіп тексеру хаттамасы және басқа да құжаттар);
12) бірлесіп пайдаланылатын жолдар – мемлекеттік шекара сызығында немесе бойында орналасқан және оны бірнеше рет кесіп өтетін, Тараптардың екі мемлекеті де қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шекаралық ведомстволар, сондай-ақ трансшекаралық құрылысжайларға қызмет көрсететін персонал пайдаланатын ауыларалық жолдар (соқпақтар);
13) төтенше жағдайларды жою – төтенше жағдайлар кезінде жүргізілетін авариялық-құтқару және өзге де жұмыс түрлері;
14) жергілікті тұрғындар – шекара маңы аудандарында тұрақты тұратын халық;
15) жарақтандыру – көмек көрсету жөніндегі топтың материалдары, көлік және техникалық құралдары, керек-жарақтары және олардың мүшелерінің жеке керек-жарақтары, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезеңіне көмек көрсету жөніндегі топтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар;
16) мемлекеттік шекара арқылы өткізу – бір Тарап мемлекетінің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына қозғалған кезде жүктердің және өзге де мүліктің мемлекеттік шекарамен нақты жанасу мезгілі;
17) мемлекеттік шекараны кесіп өту – бір Тарап мемлекетінің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына қозғалған кезде адамдардың және көлік құралдарының мемлекеттік шекарамен нақты жанасу мезгілі;
18) шекара ведомстволары – Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдары;
19) шекара белгілері – мемлекеттік шекараның сызығында немесе екі жағында орнатылған, жергілікті жерде мемлекеттік шекараның белгілемелерін көрсететін шекаралық бағаналар. Олардың географиялық координаттары шекараны шегендеу туралы құжаттарда немесе мемлекеттік шекараның белгіленуін бірлесіп тексеру құжаттарында айқындалған және тіркелген. Шекара белгілері негізгі және аралық болып бөлінеді;
20) шекарадағы оқыс оқиға – мемлекеттік шекара режимінің бұзылуына байланысты, Тараптар мемлекеттерінің бірінің немесе екеуінің де немесе Тараптардың екі мемлекетінің де және үшінші іргелес (түйісетін) мемлекеттің мүдделерін қозғайтын мемлекеттік шекарадағы оқиға;
21) шекаралық белдеу – Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында айқындалған, мемлекеттік шекара режимі қолданылатын мемлекеттік шекара сызығының екі жағына жанасатын аумақтардың бір бөлігі;
22) шекара өкілдері (шекара комиссарлары) – осы Келісімде белгіленген мемлекеттік шекара режимін ұстап тұруға, шекарадағы оқыс оқиғалардың алдын алуға және оларды шешуге байланысты мәселелерді шешу үшін Тараптар мемлекеттерінің шекаралық ведомстволарының өкілдері қатарынан тағайындалатын уәкілетті лауазымды адамдар;
23) шекаралық соқпақтар – мемлекеттік шекараны байқауды және көршілес шекара белгілері арасында көрінуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік шекара сызығының екі жағынан да осы Келісімде айқындалған еннің шегінде ағаштардан, бұталардан және басқа да өсімдіктерден тазартылған жергілікті жердің белдеулері;
24) шекара маңы аудандары – мемлекеттік шекараға іргелес орналасқан Қазақстан Республикасының және Түрікменстанның аудандары;
25) мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті өткізу және шекара арқылы өткізу – осы Келісімнің мәтінінде бірдей мағынаға ие және Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына және екі Тараптың мемлекеттері қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес адамдардың, көлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің (кесіп өтуге рұқсат алу) және жүктер мен өзге де мүліктің мемлекеттік шекара арқылы өткізілуінің заңдылығын Тараптар мемлекеттері уәкілетті органдарының тануын білдіреді;
26) шекара арқылы өткізу рәсімі – мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдарға, көлік құралдарына және ол арқылы өткізілетін жүктер мен өзге де мүлікке қатысты Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына және екі Тараптың мемлекеттері қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шекара ведомстволары дербес немесе уәкілетті органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау-тексеру, режимдік және өзге де іс-шаралар кешені;
27) мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті (бұдан әрі – өткізу пункті) – Тараптар мемлекеттерінің теміржол, автомобиль вокзалы немесе станциясы, теңіз порты, халықаралық әуежайы немесе әуеайлағы шегіндегі аумақ,
сондай-ақ шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын, мемлекеттік шекараға тікелей жақын жерде Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес арнайы бөлінген және жайластырылған өзге де жергілікті жер учаскесі;
28) шекаралық сулар – Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында айқындалған, мемлекеттік шекара режимі қолданылатын мемлекеттік шекара сызығына және балық аулау аймақтарының іргелес учаскелерінің аражігін ажырату сызығына жанасып жатқан Тараптар мемлекеттерінің ішкі және аумақтық суларының бір бөлігі;
29) балық аулау аймағы – жағалау мемлекеті су биологиялық ресурстарының кәсіпшілігіне айрықша құқыққа ие болатын теңіз белдеуі;
30) ішкі сулар – бастапқы сызықтардан жағалау жағына қарай орналасқан сулар;
31) аумақтық сулар – жағалау мемлекетінің егемендігі қолданылатын теңіз белдеуі;
32) мемлекеттік шекара режимін сақтау жөніндегі бірлескен іс-қимылдар – мақсаты, міндеттері, орны, уақыты бойынша келісілген және бірыңғай мәні бойынша мемлекеттік шекарада, шекаралық белдеулерде және шекара маңындағы аудандарда өткізілетін, шекара ведомстволарының осы Келісімде және Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында белгіленген мемлекеттік шекара режимін ұстап тұру жөніндегі іс-қимылдары;
33) мемлекеттік шекараны күтіп-ұстау – шекара белгілерін орнату, сақтау және жарамды жай-күйде ұстау, оларды бақылау мақсатында қарап-тексеру, шекаралық соқпақтарды (жолдарды) жабдықтау және тиісті тәртіпте күтіп ұстау, сондай-ақ шекара белгілерінің жай-күйі мен орналасқан жерін бірлесіп бақылау мақсатындағы қарап-тексерулерді жүргізу;
34) шекара белгілерін сақтау және жарамды жай-күйде ұстау – шекара белгілерін қарап-тексеру, күзету, бөлшектеу және қауіпсіз жерге шығару, сондай-ақ қызмет көрсету, қалпына келтіру, жөндеу және қайтадан орнату;
35) бір Тарап мемлекетінің аумағы арқылы транзиттік қозғалыс – бір Тарап мемлекетінің аумағы арқылы адамдардың, көлік құралдарының, жүктер мен өзге де мүліктің жүруі, олардың жүріп өту мемлекетінің аумағы арқылы өтетін жолы олардың басқа Тарап мемлекетінің аумағында басталатын және аяқталатын толық маршрутының бір бөлігі болып табылады;
36) трансшекаралық құрылысжайлар – мемлекеттік шекараны кесіп өтетін теміржолдар, автомобиль жолдары, құбыржолдар, электр беру желілері, кабельдер және өзге құрылысжайлар, сондай-ақ басқа Тарап мемлекетінің аумағындағы шекара маңы аумағының (шекара аймағының) шегінде орналасқан бір тараптың объектілері;
37) уәкілетті органдар – құзыретіне осы Келісімге сәйкес мәселелерді шешу кіретін Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында айқындалған органдар;
38) форс-мажорлық мән-жайлар – көздеу, болғызбау және еңсеру мүмкін болмайтын объективті сипаттағы мән-жайлар;
39) төтенше жағдай – адам шығынына, адамдардың денсаулығына, қоршаған орта мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне зиян келтіруге, елеулі материалдық ысыраптарға және халықтың тыныс-тіршілік жағдайларының бұзылуына алып келген немесе алып келуі мүмкін авариялар, зілзалалар немесе табиғи немесе техногендік сипаттағы апаттар салдарынан туындаған жағдай;
40) шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) сарапшылары – шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қызметін қамтамасыз ету үшін тартылатын (тағайындалатын) Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарының әртүрлі бейіндегі құзыретті мамандары.
2-тарау. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстау
Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстауды уәкілетті органдар жүзеге асырады және ол мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз етуге және ұстауға бағытталған.
1. Әрбір Тарап шекара белгілерін күзету жөнінде шаралар қабылдайды, олардың бүлінуіне орын ауыстырылуын, бұзылуын немесе жоғалуын болғызбайды, сондай-ақ осы Келісімнің, шегендеу туралы құжаттар мен бірлесіп тексеру құжаттарының ережелеріне сәйкес өз мемлекеттерінің аумағында өзі орнатқан шекара белгілерін және жабдықтаған шекаралық соқпақтарды күтіп-ұстауға жауапты болады.
2. Шекаралық ведомстволар өз Тарапы мемлекетінің шекара белгілерін күтіп-ұстау жөніндегі қызметті өздерінің заңнамасына және Тараптардың екі мемлекеті қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады.
Тараптардың бірі мемлекетінің шекара ведомствосы шекара белгілерінің бүлінгенін, орын ауыстырылғанын, бұзылғанын немесе жоғалғанын анықтаған кезде екінші Тарап мемлекетінің шекара ведомствосы дереу құлақтандырылады.
Шекара белгілерін күтіп-ұстауға жауапты бір Тарап мемлекетінің шекара ведомствосы жоғалған шекара белгілерін іздестіру мен жоғалу мән-жайларын анықтау жөнінде шаралар қолданады, ал екінші Тарап мемлекетінің шекара ведомствосы өз мемлекетінің аумағында осы мәселені шешуге жәрдем көрсетеді.
1. Шекара ведомстволары шекара белгілерінің жай-күйін және орналасқан жерін бақылау мақсатында қарап-тексеруді дербес немесе бірлесіп жүзеге асырады.
Шекара белгілерінің жай-күйін және орналасқан жерін бақылау мақсатында бірлескен қарап-тексеруді жүргізу мерзімдері шекара ведомстволары арасында алдын ала келісіледі.
Аталған бақылау мақсатында бірлескен қарап-тексерудің нәтижелері орыс тілінде екі данада шекара белгілерінің жай-күйін және орналасқан жерін бақылау мақсатында бірлескен қарап-тексеру хаттамасымен ресімделеді.
2. Шекара белгілерін күтіп-ұстауға жауапты шекара ведомствосы оларды жөндеу, қайта қалпына келтіру немесе бұрынғы орнына қайта орнату жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ осындай жұмыстар басталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын екінші Тарап мемлекетінің шекара ведомствосына хабарлайды.
Тараптардың бірі мемлекетінің шекара ведомствосының көрсетілген жұмыстарды жүргізуі екінші Тарап мемлекетінің шекара ведомствосы өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Жұмыстар аяқталғаннан кейін осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес орыс тілінде екі данада акт ресімделеді.
Көрсетілген жұмыстарды жүргізу үшін Тараптардың бірінің өз мемлекетінің аумағынан шекара белгісіне қол жеткізу мүмкіндігі болмаған кезде, екінші Тарап осы белгіге қол жеткізуді өз мемлекетінің аумағынан ұсынады.
Дүлей зілзалалар (көшкіндер, су тасқындары және т.б.) салдарынан шекара белгілерінің бұзылу қатері туындаған кезде оларды күтіп-ұстауға жауапты шекара ведомстволары тиісті шекара белгілерін сақтау бойынша шаралар қабылдайды, ал оларды сақтау мүмкіндігі болмаған жағдайда шекара белгілерінің жоғалуына жол бермеу мақсатында әрбір факт бойынша акт жасай отырып, оларды бөлшектейді және қауіпсіз жерге шығарады.
Шекара белгілері бұзылуының туындаған қатері және Тараптардың бірі мемлекетінің шекара ведомствосының қабылдаған шаралары туралы екінші Тарап мемлекетінің шекара ведомствосы қысқа мерзімде хабарланады.
1. Форс-мажорлық мән-жайлар себебінен шекара белгісін қалпына келтіру немесе бұрынғы орнына қайтадан орнату мүмкін болмаған жағдайда оны қалпына келтірудің немесе бұрынғы орнына қайтадан орнатудың мүмкін болмау себептері көрсетіле отырып, осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес әрқайсысы қазақ, түрікмен және орыс тілдерінде екі данада акт ресімделеді.
2. Бастапқы орнатылған орнында қайта қалпына келтіру мүмкін болмайтын шекара белгілерін қалпына келтіруге, қайтадан орнатуға және жаңа орынға ауыстыруға байланысты мәселелерді қарау және шешу үшін Тараптар мемлекеттерінің Шекара ведомстволары мен уәкілетті органдарының бірлескен тобы (бұдан әрі – Бірлескен топ) құрылады.
Бірлескен топ өз қызметін осы Келісімге 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мен Түрікменстанның Шекара ведомстволары мен уәкілетті органдарының бірлескен тобы туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бірлескен топ шекара белгісін орнату үшін басқа орынды айқындау жөнінде шешім қабылдаған кезде, шекара сызығының өтуін өзгертуге жол берілмейді.
3. Шекара белгісін жаңа орынға орнатуға байланысты жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша Бірлескен топ осы Келісімге 4-қосымшаға сәйкес әрқайсысы қазақ, түрікмен және орыс тілдерінде екі данада акт ресімдейді әрі Шекара белгісінің жаңа хаттамасын және Шекара белгілерінің координаттары мен биіктіктері каталогінің фрагменттерін, Осы учаскедегі мемлекеттік шекараның өту ситаттама-хаттамаларын және жаңадан орнатылған шекара белгісінің орналасу орнына қатысты Мемлекеттік шекараның карталарын жасайды.
Көрсетілген құжаттар 2017 жылғы 18 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімге сәйкес құрылған Мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін тексеру жөніндегі бірлескен комиссияның қарауына ұсынылады.
Аталған Комиссия мемлекеттік шекара сызығының белгіленуіне бірлесіп тексеру жүргізгеннен кейін осы құжаттар бірлесіп тексеру хаттамасымен ресімделді, ол мемлекеттік шекараны шегендеу құжаттарының ажырамас бөлігі болып табылады.
4. Шекара белгісін жөндеу, қалпына келтіру, қайтадан орнату және орнын ауыстыру, сондай-ақ оның нысаны, өлшемдері, дайындалған материалы шекараны шегендеу туралы құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс.
5. Тараптар өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес шекара белгілерін бүлдірген, орнын ауыстырған немесе жойған заңды және жеке тұлғаларды жауапқа тартады, сондай-ақ бүлінген немесе жойылған шекара белгілерін қалпына келтіруге байланысты шығыстарды өтеу тәртібін айқындайды.
1. Тараптар ені 20 метрді (мемлекеттік шекара сызығының екі жағынан 10 метрді) құрайтын шекаралық соқпақтарды жабдықтау және күтіп-ұстау жөнінде шаралар қабылдайды, оларда ағаштардың, бұталардың және басқа да өсімдіктердің өсіп кетуіне жол бермейді.
Шекара ведомстволары өз Тарапының мемлекеті аумағының шегінде шекаралық соқпақтардың жай-күйін дербес немесе бірлесіп тексеруді жүзеге асырады.
Шекаралық соқпақтардың жай-күйін бірлесіп тексеруді жүзеге асыру мерзімдері шекара өкілдері (шекара комиссарлары) арасында алдын ала келісіледі.
Көрсетілген бірлесіп тексерудің нәтижелері әрқайсысы орыс тілінде екі данада хаттамамен ресімделеді.
Қажет болған жағдайда шекара ведомстволары соқпақтарды байқауға кедергі келтіретін ағаштардан, бұталар мен басқа да өсімдіктерден дербес немесе бірлесіп тазартады.
Өз аумағында шекаралық соқпақтарды тазарту жөніндегі жұмыстар жүргізілген жағдайда, Тараптардың бірі мемлекетінің шекара өкілі (шекара комиссары) жұмыстар басталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын бұл туралы екінші Тарап мемлекетінің шекара өкілін (шекара комиссарын) хабардар етеді.
2. Шекаралық соқпақтарды тазарту үшін отты, химиялық препараттарды және Тараптардың мемлекеттеріне нұқсан келтіруі мүмкін басқа да тәсілдерді қолдануға тыйым салынады.
3. Осы Келісімде және Тараптар мемлекеттерінің арасындағы басқа да халықаралық шарттарда көзделген жағдайлардан басқа, шекаралық соқпақтарда жер жыртуды, жер қазу жұмыстарын, құрылысжайлар салуды және өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.
4. Жабайы жануарлардың мекендеу ортасына, көбею жағдайларына және шоғырлану орнына теріс әсер етуді болғызбау мақсатында, шекара ведомстволары мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі міндеттерін орындау кезінде Тараптар мемлекеттерінің жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдарының ұсынысы бойынша жабайы жануарлардың өріс аудару жолдарын ескере отырып, шекарада инженерлік-техникалық құралдар, құрылысжайлар мен бөгеттер тұрғызады.
3-тарау. Адамдардың, көлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өту және мемлекеттік шекара арқылы жүктерді және өзге де мүлікті өткізу тәртібі. Адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті мемлекеттік шекара арқылы өткізу тәртібі
1. Адамдардың, көлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуі және мемлекеттік шекара арқылы жүктер мен өзге мүлікті өткізу:
1) құрлықта – халықаралық теміржол, автомобиль және өзге де қатынас жолдарында белгіленетін мемлекеттік шекараны кесіп өтетін орындарда;
2) әуе кеңістігінде – мемлекеттік шекараны халықаралық трассалар кесіп өтетін орындарда немесе осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген әуе дәліздері арқылы;
3) теңізде – халықаралық теңіз қатынасы жолдарында белгіленетін теңіз дәлiздерi шегінде жүзеге асырылады.
2. Осы Келісімде және екі Тараптың мемлекеттері қатысушысы болып табылатын өзге де халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де орындарда мемлекеттік шекараны кесіп өтуге жол беріледі.
1. Айрықша жағдайларда Тараптар мемлекеттерінің заңамасында және екі Тараптың мемлекеттері қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда айқындалған төтенше жағдайлар мен форс-мажорлық мән-жайларға орай жүзеге асырылатын, оны мәжбүрлі кесіп өтуге байланысты кесіп өту орындарынан (әуе және теңіз дәліздерінен) тыс жерде әуе және теңіз кемелерімен мемлекеттік шекараны кесіп өтуге жол беріледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларда әуе кемесінің командирі (теңіз кемесінің капитаны) жақын жердегі аэропорттың әкімшілігін тез арада құлақтандыруға міндетті, ол өз Тарапы мемлекетінің шекара ведомствосына дереу хабарлайды.
1. Тараптар айрықша жағдайларда (Тараптар мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздігі мүддесінде, сондай-ақ санитариялық-карантиндік себептермен, эпидемиялар және эпизоотиялар кезінде, төтенше жағдайлар немесе басқа да форс-мажорлық мән-жайлар туындағанда) мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелерінде:
1) осы Келісімде және Тараптар арасындағы өзге де келісімдерде көзделген тәртіппен мемлекеттік шекараны кесіп өту белгіленген орындарда;
2) шектеулердің себептері мен қолданыс мерзімдерін көрсете отырып, оларды енгізу жоспарланатын уақытқа дейін 48 сағаттан кешіктірмей, шекаралық өкілдік арналары арқылы екінші Тарапты хабардар ете отырып, осы Келісімде айқындалған, мемлекеттік шекараны кесіп өтетін өзге де орындарда оны кесіп өтуді уақытша шектейді немесе тоқтатады.
Тараптардың бірінің шекара ведомствосына мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік шекараны өзге тәртіппен кесіп өту құқығы, сондай-ақ бірлесіп пайдаланылатын жолдарды пайдаланған, мемлекеттік шекара маңында, екінші Тарап аумағында орналасқан бастаудан (құдықтан) суды пайдаланған кезде мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өту құқығы беріледі. Аталған әрекеттер екінші Тараптың шекара ведомствосымен келісіледі.
1. Мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде адамдар, көлік құралдары, сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін жүктер мен өзге де мүлік Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына және екі Тарап мемлекеттері қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шекара арқылы өткізу рәсіміне жатады.
2. Бір Тарап мемлекетінен екінші Тарап мемлекетіне адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті мемлекеттік шекара арқылы өткізу Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына және екі Тарап мемлекеттері қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес орнатылған және ашық өткізу пункттерінде жүзеге асырылады.
3. Өткізу пункттерінің жұмыс режимін екі Тарап мемлекеттері қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Тараптар айқындайды.
Шекара ведомстволары өткізу пункттерінде бақылау жасауды жүзеге асыратын өзге де уәкілетті органдармен бірлесе отырып, осы Келісімге және екі Тарап мемлекеттері қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес өткізу пункттерінің жұмыс регламентін (кестесін) және шекара арқылы өткізу мәселелері бойынша ынтымақтасу тетігін келіседі.
4. Бір Тарап мемлекеті аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына жаяу келе жатқан адамдарды өткізу кезінде осы санаттағы адамдарды және олардың жүктерін Тараптар мемлекеттерінің автомобильдік өткізу пункттері арасында, олардың бір-бірінен алыстығын ескере отырып тасымалдауға рұқсат етіледі. Аталған тасымалдауларды шекара ведомстволарымен келісу бойынша уәкілетті органдар ұйымдастырады.
5. Тараптар айрықша жағдайларда (Тарап мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздігі мүддесінде, сондай-ақ санитариялық-карантиндік себептермен, эпидемиялар және эпизоотиялар кезінде, төтенше жағдайлар немесе өзге форс-мажорлық мән-жайлар туындағанда) шекара арқылы өтуді уақытша шектейді немесе тоқтатады.
1. Айрықша жағдайларда Тараптар адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен өзге де мүлікті мемлекеттік шекара арқылы өткізуді, осы Келісімде және Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында белгіленген бақылау тәртібін сақтай отырып, қолданыстағы өткізу пункттерінен тыс жерлерде жүзеге асырады.
2. Шекара ведомстволары өзара уағдаластық бойынша Тараптар мемлекеттерінің аумағында уақытша болу үшін (көлік, өндірістік, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және су шаруашылығы мақсатындағы трансшекаралық құрылыстарға, коммуникацияларға, электр байланысы желілерінде, электр беру желілеріне және өзге қызметтерге қызмет көрсету кезінде) – қолданыстағы өткізу пункттерінен тыс жерлерде осы Келісімде белгіленген тәртіпті сақтай отырып, Тараптар мемлекеттерінің жарамды ұлттық құжаттарының (жеке куәліктерінің) негізінде, ұйым басшысы куәландырған атаулы тізім және осы Келісімге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орыс тілінде ресімделген және екі Тарап мемлекеттерінің шекара өкілдері (шекара комиссарлары) берген рұқсаттамалар бойынша мемлекеттік шекара арқылы өткізуді жүзеге асырады.
Аталған рұқсаттамаларды алу үшін шекара ведомстволарына шекара өкілдері (шекара комиссарлары) арқылы алдын ала (кемінде 15 күн бұрын) ұйым басшысы куәландырған атаулы тізімдер, Тараптар мемлекеттерінің жарамды ұлттық құжаттарының (жеке куәліктерінің) көшірмелері ұсынылады.
Бір Тарап мемлекетінен екінші Тарап мемлекетіне шекарадан өткізу пункттеріне дейін немесе кері бағытта адамдар мен көлік құралдарының жүруі, жүктерді және өзге де мүлікті өткізу кезінде:
1) белгіленген қозғалыс бағытын өзгертуге;
2) аялдауға, адамдарды түсіруге (отырғызуға), жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге), кез келген ұшатын аппаратты, оның ішінде пилотсыз ұшатын аппаратты әуеге көтеруге, қондыруға немесе қабылдауға тыйым салынады.
Бір Тарап мемлекетінен екінші Тарап мемлекетіне бара жатқан әуе және теңіз кемелері өздері өтіп бара жатқан әуе және теңіз кеңістігінде Тараптар мемлекеттерінің заңнамасын, сондай-ақ талаптарын сақтауға міндетті.
1. Бір Тарап мемлекетінің азаматтарын екінші Тарап мемлекетінің аумағына өткізу Тараптар арасында қолданылатын өзара сапарлар үшін жарамды халықаралық шарттарда айқындалған құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
2. Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Тараптар мемлекеттерінің аумағына кіргізуге немесе әкелуге рұқсат берілмеген не кіруі немесе әкелінуі шектелген адамдар, көлік құралдары, жүктер және өзге де мүлік мемлекеттік шекара арқылы өткізілуге жатпайды. Бір Тарап мемлекетінен екінші Тарап мемлекетінің өткізу пунктіне келген немесе өткізілген және шекара арқылы өткізуге негіздер жоқ аталған адамдар, көлік құралдары, жүктер және өзге де мүлік олар келген Тарап мемлекетіне қайтарылады.
Бұл ретте бір Тарап мемлекетінен екінші Тарап мемлекетіне әуе кемесімен келген үшінші мемлекет азаматтарының өзі азаматы болып табылатын еліне әуе кемесімен қайтарылуына жол беріледі.
Шекара ведомстволары адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті автомобиль және темір жол өткізу пункттерінде екінші Тарап мемлекетінің аумағынан өз Тарапы мемлекетінің аумағына өткізбеудің әрбір рұқсат бермеу фактісі бойынша бір-біріне шекара өкілдері (шекара комиссарлары) қызметінің арналары арқылы хабарлайды, сондай-ақ өткізу пункттері арасында көлік құралдарын олардың жұмыс кестесінен тыс қалдыру фактілерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды.
1. Тараптар мемлекеттерінің аумағы арқылы транзиттік қозғалыс кезінде:
1) өткізу рәсімінсіз:
Тараптар мемлекеттерінің шекара ведомстволары өкілдерінің – мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтетін, бірлесіп пайдаланылатын жолдар (соқпақтар) арқылы;
шекара белгілерін қалпына келтіруге, қалпына келтіру мүмкін еместерін қайта орнатуға және жаңа орынға ауыстыруға байланысты мемлекеттік шекарада отырыстар өткізу және практикалық іс-шаралар орындау кезінде Қазақстан Республикасы мен Түрікменстанның шекара ведомстволары мен уәкілетті органдары бірлескен тобы өкілдерінің;
Мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін тексеру жөніндегі бірлескен комиссия өкілдері бірлесіп жұмыс жүргізген кезеңде;
2) өткізу рәсімімен:
трансшекаралық құрылысжайларға қызмет көрсеткен кезеңде олардың қызмет көрсететін персоналының – трансшекаралық құрылысжайлардың мемлекеттік шекараны кесіп өткен орындарында және осы құрылысжайларға алып баратын жолдарда (соқпақтарда) бірлесіп пайдаланылатын жолдармен (соқпақтармен), (трансшекаралық құрылысжайлар бойындағы соқпақтармен) – тәулік бойына (ауысымға) түсу алдында және оның соңында мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат етіледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларда қозғалыстың белгіленген маршрутын өзгертуге, өзге де адамдарды түсіруге (отырғызуға), өзге де жүктер мен өзге де мүлікті түсіруге (тиеуге), кез келген ұшатын аппартты, соның ішінде пилотсыз ұшатын аппаратты әуеге көтеруге, қондыруға немесе қабылдауға тыйым салынады.
Төтенше жағдайлардың, техникалық ақаулықтардың туындауы, адамдарға жедел медициналық көмек көрсету (шекара ведомствосын кейіннен хабардар ету арқылы), сондай-ақ Мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін тексеру жөніндегі бірлескен комиссияның жұмыс жүргізуі айрықша жағдай болып табылады.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарды шекара арқылы өткізу осы Келісімнің 14-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
1. Трансшекаралық құрылысжайларда қызмет көрсететін персоналдың мемлекеттік шекараны кесіп өтуі, сондай-ақ оларды шекара арқылы өткізу осы Келісімнің 14-бабының 2-тармағына сәйкес аталған құрылысжайлар мемлекеттік шекараны кесіп өтетін орындарда және аталған құрылысжайларға апаратын жолдарда (соқпақтарда) жол беріледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген персоналдың екінші Тарап мемлекетінің аумағында болуына тәулік (ауысым) кезеңінде қызмет көрсетілетін трансшекаралық құрылыстардың мен коммуникацияларының аумағы шегінде жол беріледі.
3. Трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персоналды, сондай-ақ машиналар мен механизмдерді, аталған құрылысжайларды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған шикізатты, материалдарды өткізу пункттері арқылы өткізу осы Келісімнің 14-бабы 2-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде бірінші кезекті тәртіппен жүзеге асырылады.
1. Тараптардың бірі төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою үшін көмек көрсету туралы сұрау салу жіберген жағдайда, Тараптар мемлекеттерінің авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына мемлекеттік шекараны өзге жерлерде шекара мен әуе кеңістігі күзеті саласындағы уәкілетті органдарға осындай қажеттілік туралы алдын ала хабарлай отырып, сондай-ақ кесіп өту орны мен уақытын келісе отырып кесіп өтуге жол беріледі.
2. Тараптар мемлекеттерінің авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын төтенше жағдайлардың алдын алу немесе оны жою үшін мемлекеттік шекара арқылы өткізу Тараптар мемлекеттерінің жарамды ұлттық құжаттары (жеке куәліктері) және қызметтік куәліктері негізінде, ұйымның басшысы растаған, шекара өкілдері (шекара комиссарлары) арқылы шекара ведомстволарына алдын ала ұсынылған атаулы тізім және жарақтар тізбесі бойынша:
1) өткізу пункттерінде – кезектен тыс тәртіппен;
2) өткізу пункттерінен тыс – Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында белгіленген бақылау тәртібі сақтала отырып жүзеге асырылады.
4-тарау. Мемлекеттік шекараның және шекаралық белдеулердің үстінен ұшуды жүзеге асыру
1. Тараптар форс-мажорлық мән-жайлардан туындаған жағдайларды қоспағанда, әуе кемелерінің мемлекеттік шекараны кесіп өте отырып, заңсыз ұшуын болдырмау жөнінде шаралар қолданады.
2. Өз шекаралық белдеуінің шегінде шекара маңы аудандарын картографиялауға қажетті аэрофото түсірілім жұмыстарын жүргізу мақсатында әуе кемелерінің ұшуын жоспарлаған Тарап жұмыс басталғанға дейін кемінде 40 күн бұрын дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапқа осы Келісімге 6-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес ақпаратты ұсынуға міндетті.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарда әуе кемелерінің ұшуды орындау тәртібі мен қажетті шарттылық біржақты аэрофото түсірілім жұмыстарын жүргізудегі ынтымақтастық бойынша Тараптар арасында жеке Келісіммен регламенттеледі.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген дипломаттық арналар арқылы алынған ақпарат және жоспарланған әуе кемелерінің ұшулары туралы Тараптар мемлекеттерінің шекара ведомстволары мен әуе кеңістігінде мемлекеттік шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдарына күні бұрын хабар беріледі.
5-тарау. Мемлекеттік шекарада, шекаралық белдеулерде, сондай-ақ шекаралық сулар шегінде (оның ішінде оларды пайдалану) шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу тәртібі
22-бап
1. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде, сондай-ақ шекаралық сулар шегінде (соның ішінде оларды пайдалану) шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу осы Келісімде, Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында және екі Тарап мемлекеттері қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда айқындалатын тәртіппен шекара ведомстволарының рұқсатымен жүзеге асырылады.
Шекара ведомстволары мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде және шекара сулары шегінде (соның ішінде оларды пайдалану) шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметтің жүргізілуіне, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шаралардың өткізілуіне бақылауды осы Келісімнің ережелеріне сәйкес жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік шекара режиміне ықпал етуі мүмкін қызметті жүзеге асыру мерзімдері мен нақты орны туралы кемінде үш күн бұрын шекара өкілі (шекара комиссары) арқылы бірін-бірі хабардар етеді.
2. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің шекаралық сулары шегінде жүзеге асырылатын (өткізілетін) шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызмет, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шаралар:
1) Тараптар мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуге немесе оларға нұқсан келтіретін қатер төндірмеуге;
2) мемлекеттік шекараны күтіп-ұстауға және уәкілетті органдардың міндеттерін орындауына кедергі жасамауға;
3) мемлекеттік шекарада белгіленген тәртіпті бұзбауға тиіс.
1. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде аң аулауға, сондай-ақ шекара арқылы жануарларды аңдуға және екінші Тарап мемлекетінің аумағына бағытталған атысқа тыйым салынады.
2. Мемлекеттік шекарадан 1000 метр шегінде жарылыс жұмыстарын жүргізу қажет болған кезде, оларды жүргізуді жоспарлаған Тарап кемінде 48 сағат бұрын екінші Тарапты шекара өкілі (шекара комиссары) арқылы хабардар етеді және Тараптар мемлекеттеріне нұқсан келтірудің алдын алу бойынша шаралар қабылдайды.
1. Шекара ведомстволары мемлекеттік шекара арқылы үй жануарларының өтуіне жол берілмеуін бақылауды жүзеге асырады.
2. Үй жануарлары мемлекеттік шекара арқылы өткен жағдайда шекара ведомстволары қысқа мерзімде бір-біріне хабар береді және оларды іздеу, күзету және шекара өкілдері (шекара комиссарлары) уағдаласқан жерде беру жөнінде не олардың ауырғаны анықталған жағдайда немесе олар аса қауіпті инфекциялық аурудың салдарынан өлген жағдайда, Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жою жөнінде шаралар қолданады.
Оларды жасыруға, союға немесе сатуға, сондай-ақ шаруашылық мақсатында пайдалануға тыйым салынады.
1. Уәкілетті органдар адамның және жануарлардың жұқпалы ауруларының, эпидемиялар мен эпизоотиялардың, сондай-ақ зиянкестердің, өсімдіктер ауруларының және ауыл шаруашылығы мен орман дақылдары арамшөптерінің (оның ішінде карантиндік зиянды организмдердің) Тараптар мемлекеттерінің аумағына енуін және таралуын болдырмау жөнінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қолданады.
Шекаралық аудандарда санитариялық-эпидемиологиялық, эпизоотиялық жағдай нашарлаған, шекаралық аудандарда адамның немесе жануарлардың жұқпалы аурулары, сондай-ақ адамдардың денсаулығына, жануарларға, өсімдіктерге және қоршаған ортаға қауіп төндіретін және мемлекеттік шекара арқылы таралуы мүмкін зиянкестер, өсімдіктер аурулары және ауыл шаруашылығы мен орман дақылдары арамшөптері (оның ішінде карантиндік зиянды организмдер) анықталған кезде уәкілетті органдар бұл туралы бірін-бірі дереу хабардар етеді.
2. Тараптардың бірінің мемлекеті аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының шығуы туындаған кезде екінші Тарап мемлекетінің уәкілетті органы Халықаралық эпизоотиялық бюроның (бұдан әрі – ХЭБ) талаптарына сәйкес және адамдардың, көлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өту, жүктерді және өзге де мүлікті Тараптар мемлекеттерінің аумағына кіргізу (аумағынан шығару) кезінде жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатты әкелуге тыйым салады.
Тараптардың уәкілетті органдары ХЭБ талаптарына сәйкес шекара арқылы жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша мәртебесі қолайсыз елдерден мәртебесі қолайлы елдерге жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатты әкелуге тыйым салады.
3. Уәкілетті органдар қажет болған кезде шекаралық аумақтарда су және басқа да табиғи ресурстарды күзету және пайдалану мәселелері, адамның және жануарлардың жұқпалы ауруларының, сондай-ақ зиянкестердің, өсімдіктердің ауруларының және ауыл шаруашылығы мен орман дақылдары арамшөптерінің (оның ішінде карантиндік зиянды организмдердің) профилактикасы проблемалары бойынша консультациялар жүргізеді.
Шекара суларын пайдалану кезінде Тараптар осы Келісімнің және екі Тарап мемлекеттері қатысушысы болып табылатын Каспий теңізінің аралас жағалауы бойынша Тараптар мемлекеттерінің ішкі суларын, аумақтық суларын және балық аулау аймақтарын шектейтін басқа да халықаралық шарттарының ережелерін басшылыққа алады.
Тараптар мемлекеттерінің азаматтары шекаралық сулардың өз бөлігі шегінде балық аулауды шекара ведомстволарының рұқсатымен жүзеге асырады.
Уәкілетті органдар шекаралық суларда балық және басқа да биологиялық ресурстарды заңсыз аулаудың, жарылғыш және химиялық заттарды, электр тоғын не балықтарды және басқа да биологиялық су ресурстарын жаппай қырып-жоюдың өзге де тәсілдерін қолданудың жолын кесу жөніндегі шараларды бірлесіп немесе дербес қолданады.
2. Уәкілетті органдар шекаралық сулардың шегінде балық және басқа да биологиялық су ресурстарын қорғау, молықтыру және пайдалану мәселелерін Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына және екі Тарап мемлекеттері қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шешеді.
Шекара маңы аудандарында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде уәкілетті органдар уағдаластық бойынша зардап шеккен Тарапқа құтқаруға, оның салдарын жоюға қажетті көмек көрсетеді, сондай-ақ екінші Тарап мемлекетінің аумағына апаттың таралмауы бойынша шаралар қолданады.
1. Уәкілетті органдар осы Келісімге, Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына және екі Тарап мемлекеттері қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес мемлекеттік шекара режимін ұстап тұру және сақтау бойынша шараларды дербес қолданады, сондай-ақ бірлескен қызметті жүзеге асырады.
Осы мақсатта шекара ведомстволары Тараптар мемлекеттерінің шекара өкілдерімен (шекара комиссарларымен) келісілген кезеңдер мен мерзімдерде мемлекеттік шекара режимін сақтау бойынша бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастырады және жүргізеді.
Мемлекеттік шекара режимін қолдау және сақтау бойынша бірлескен іс-қимылдарды жүргізу кезінде шекара ведомстволары бірлесіп пайдаланылатын жолдар арқылы қозғалысы шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) келісуі бойынша жүзеге асырылады.
2. Тараптар мемлекеттік шекара режимі жағдайларын қамтамасыз ету және оны қолдау, шекара маңы аудандарында тәртіпті қолдау, контрабанданы, заңсыз көші-қонды, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының, прекурсорлардың, тыйым салынған заттардың заңсыз айналымын, сондай-ақ және басқа да трансшекаралық қылмыстарды болдырмау және олардың жолын кесу мүдделеріне орай ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды нығайтады.
3. Тараптар осы Келісімге 7-қосымшаға сәйкес Шекара маңы аудандарының әкімшілік бөлінісінің тізбесін айқындайды. Бір Тарап өзінің шекара маңы аудандарының әкімшілік бөлінісін қайта қарау себебі бойынша өзгертілген жағдайда, бұл туралы екінші Тарапты уақтылы хабардар етеді.
6-тарау. Шекарадағы оқыс оқиғаларды шешу тәртібі
1. Шекарадағы оқыс оқиғаларды шешуді Тараптар мемлекеттерінің шекара өкілдері (шекара комиссарлары) жүзеге асырады.
Шекара өкілдері (шекара комиссарлары) реттемеген шекарадағы оқыс оқиғалар дипломатиялық арналар арқылы шешіледі.
2. Шекарадағы оқыс оқиғаларды шешу біржақты немесе бірлесіп тергеп-тексерулерді жүргізу, ақпарат алмасу немесе олардың нәтижелерін қарау, бірлесіп шешім қабылдау, себептер пен салдарды жою, кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту, сондай-ақ осы Келісімге сәйкес мемлекеттік шекара режимін қалпына келтіру арқылы жүзеге асырылады.
Тергеп-тексеру жүргізу кезінде: оқыс оқиғаның түрі, оның туындаған уақыты, орны мен себептері, қатысушылар, олардың іс-қимылдарының сипаты мен кінәлілігі, куәлар мен заттай дәлелдемелердің болуы, куәлардың айғақтарын бекіту және заттай дәлелдемелерді сақтау үшін қажетті шаралар белгіленеді.
Шекарадағы оқыс оқиғаларды шешуге байланысты барлық мәселелер тең құқылы негізде шешіледі, шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) барлық өтініштері сыпайы түрде жасалады, негізделген сипатта болады және Тараптар мемлекеттерінің мүддесіне орай шешіледі.
3. Шекарадағы оқыс оқиғаларды шешу кезінде шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) сарапшыларын тартуға, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің өзге де уәкілетті органдарының күштері мен құралдарын пайдалануға рұқсат етіледі.
Шекарадағы оқыс оқиғалар туындаған кезде бір Тарап мемлекетінің шекара өкілі (шекара комиссары) бұл туралы екінші Тарап мемлекетінің шекара өкіліне (шекара комиссарына) белгіленген тәртіппен хабар береді немесе одан тиісті ақпарат алады.
Шекарадағы оқыс оқиғалар фактілері бойынша шекара өкілдері (шекара комиссарлары) тиісті шаралар қолдану туралы өтінумен ауызша немесе жазбаша өтініштер жолдайды, бұл үшін өзара келісу бойынша мемлекеттік шекарада кездесу орындары мен қызметтік хат-хабар алмасу тәртібі белгіленеді.
1. Бір Тарап мемлекетінің аумағынан бұзушылықтың белгілері (іздері) немесе шекара бұзушы табылған кезде екінші Тарап мемлекетінің шекара өкілдері (шекара комиссарлары) мен уәкілетті органдары өз мемлекетінің аумағында іздеуді, ұстап алуды және шекара бұзушының жеке басын анықтауды жүзеге асырады, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.
2. Шекара бұзушыға қатысты қаруды қолдануға Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес рұқсат етіледі.
Ұстап алу кезінде жарақат алған шекара бұзушыға жедел медициналық көмек көрсетіледі.
3. Шекара бұзушыны ұстап алған Тарап мемлекетінің шекара өкілдері (шекара комиссарлары) екінші Тарап мемлекетінің шекара өкілдеріне (шекара комиссарларына) жасалған құқық бұзушылықтардың мән-жайлары, ұсталғандарға қатысты қолданылған шаралар мен тергеп-тексеру нәтижелері туралы мәліметтерді хабарлайды, сондай-ақ екінші Тарап мемлекетінің шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) сұрау салуы бойынша қажетті материалдарды ұсынады.
4. Шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) құқық бұзушыларды беруі Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына және екі Тарап мемлекеті қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін ұсталған адамдар, Тарап заңнамасына сәйкес олардың шекараны байқаусыз кесіп өту фактісі (шаруашылық-тұрмыстық мақсаттарда, психикалық ауру, жағымсыз табиғи жағдайлар мен апаттың салдарынан, жергілікті жерде бағдарды жоғалту және т.б.) анықталған жағдайда, олар сондай-ақ кесіп өту кезінде олар қылмыстық істер жасамаған жағдайда, келген мемлекетінің аумағына беріледі.
Аталған адамдар акт бойынша беріледі, олардың үлгісі өзара уағдаластық бойынша Тарап мемлекеттерінің шекара өкілдерімен (шекара комиссарларымен) белгіленеді.
Акт екі данада, орыс тілінде ресімделеді және оларды қабылдауды және тапсыруды жүзеге асыратын Тараптардың шекара ведомстволары өкілдері қол қояды.
Актіде:
- беру уақыты, күні және орны;
- берілетін адамдардың анықтамалық деректері;
- олардың шекараны байқаусыз заңсыз кесіп өту орны, уақыты және күні;
- шекараны байқаусыз заңсыз кесіп өту мән-жайлары мен себептері;
- берілетін адамдардың заттарының, киімдері мен құжаттарының тізбесі;
- берілетін адамдардың өтініштері;
- жоғарыда көрсетілген адамдарды қабылдауды және тапсыруды жүзеге асырушы Тарап шекара ведомстволары өкілдерінің әскери атағы, тегі және аты-жөні көрсетіледі.
1. Мемлекеттік шекарада, шекаралық белдеулерде немесе шекаралық суларда адамдардың таңылмаған мәйіттері табылған кезде Тараптардың шекара өкілдері (шекара комиссарлары) мен уәкілетті органдары олардың тиесілілігін анықтайды, қажет болған жағдайларда бірлесіп тануды жүргізеді, оларды беру мәселелерін немесе шешудің қажетті тәсілдерін келісіп шешеді.
2. Мемлекеттік шекарада, шекаралық белдеулерде немесе шекаралық суларда танылмаған заттар немесе малдардың өлекселері табылған кезде Тараптар олардың тиесілілігін анықтауға шаралар қолданады және оларды беруді (қайтаруды) немесе жоюды өзара келісу бойынша жүзеге асырады.
1. Бір Тараптың шекара өкілдері (шекара комиссарлары) мен уәкілетті органдары әуе кемесінің шекараны заңсыз кесіп өткені туралы ақпарат алған кезде екінші Тараптың шекара өкілдері (шекара комиссарлары) мен уәкілетті органдарына шекараны бұзған әуе кемесінің ықтимал түрі, сондай-ақ шекараны бұзу уақыты, орны (географиялық координаттары), ұшу биіктігі мен бағыты (әуе жолы) туралы дереу хабарлайды.
2. Бір Тараптың шекара өкілдері (шекара комиссарлары) мен уәкілетті органдары әуе кемесінің шекараны заңсыз кесіп өткені туралы хабарламаны алғаннан кейін шекараны заңсыз бұзу фактісі бойынша дереу тексеру жүргізеді және (тиісінше) екінші Тараптың шекара өкілдері (шекара комиссарлары) мен уәкілетті органдарына шекараны заңсыз кесіп өту себептері туралы хабарлайды.
Егер бір Тараптың шекара өкілдері (шекара комиссарлары) мен уәкілетті органдарында шекараны заңсыз кесіп өткен әуе кемесіне қатысты ақпарат болмаса, олар бұл туралы (тиісінше) екінші Тараптың шекара өкілдері (шекара комиссарлары) мен уәкілетті органдарына хабарлайды және оны іздеу бойынша шаралар қолданады.
3. Тараптардың шекара өкілдері (шекара комиссарлары) мен уәкілетті органдары әуе кемесінің шекараны заңсыз кесіп өту себептерін бірлесіп тергеп-тексереді.
Әуе кемесімен шекараны заңсыз кесіп өту туралы ақпарат алмасу тәртібі Тараптардың шекара өкілдері (шекара комиссарлары) мен уәкілетті органдары арасындағы тиісті уағдаластықтарға сәйкес шешіледі.
1. Шекарадағы оқыс оқиғаларды біржақты тергеп-тексеру (бұдан әрі – біржақты тергеп-тексеру) Тараптар арасында келіспеушіліктер тудырмайтын (бір тарап азаматтарының екінші тарап аумағына мемлекеттік шекарадан кездейсоқ өтіп кетуі, малды шекарадан өткізіп жаю, далалық аудандарда өрттің көшуі және т.б.) немесе реттеу үшін қосымша бірлескен іс-шаралар өткізуді талап етпейтін шекарадағы оқыс оқиғаларға қатысты жүргізіледі.
2. Біржақты тергеп-тексерулерді шекара өкілдері (шекара комиссарлары) өз аумағында Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес дербес жүргізеді, олардың нәтижелері туралы екінші Тарапқа хабарлайды.
3. Осындай жағдайларда шекарадағы оқыс оқиғаларды реттеуге байланыс құралдары бойынша (қызметтік хат-хабарлар) біржақты тергеп-тексерудің нәтижелері туралы ақпаратты қабылдау-тапсыру немесе шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының), олардың орынбасарларының немесе бірлескен шешім қабылдай отырып, көмекшілердің кездесуін өткізу арқылы, сондай-ақ шекарадағы оқыс оқиға туындаған аумақта олардың салдары мен себептерін жою, кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту және мемлекеттік шекара режимінің қағидаларына сәйкес тәртіпті қалпына келтіру бойынша іс-шараларды Тараптың кейін орындауы арқылы қол жеткізіледі.
Біржақты тергеп-тексерулердің материалдары Тараптардың жалпы көзқарасын көрсететін шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) кездесуінде (бірлескен отырыстарда) бірлескен шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады, олар шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) кездесу хаттамасына қосымшалар ретінде қосылады.
Тараптардың жалпы көзқарасын әзірлеу және бірлескен шешім қабылдау үшін негіздер жеткіліксіз болған жағдайда шекара өкілдері (шекара комиссарлары) өзара келісу бойынша бірлесіп тергеп-тексерулерді тағайындайды.
1. Шекарадағы оқыс оқиғаларды бірлесіп тергеп-тексеру (бұдан әрі – бірлесіп тергеп-тексеру) мемлекеттік шекара режимін бұзуға немесе бір немесе екі Тарап мемлекеттеріне де материалдық немесе өзге де нұқсан келтіруге байланысты шекарадағы оқыс оқиғаларға қатысты жүргізіледі.
2. Бірлесіп тергеп-тексерулерді шекара өкілдерінің кездесу пункттерінде немесе тікелей шекарадағы оқыс оқиға орнында шекара өкілдері (шекара комиссарлары) жүргізеді.
3. Осындай жағдайларда шекарадағы оқыс оқиғаларды реттеуге шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) бірлесіп тергеп-тексерулер нәтижелерін қарауы, бірлесіп шешімдер қабылдау арқылы, салдар мен себептерді айқындауы және оларды жою, кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту және осы Келісімнің талаптарына сәйкес тәртіпті қалпына келтіру бойынша бірлесіп шаралар қабылдау арқылы қол жеткізіледі.
Кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бірлесіп тергеп-тексерулер нәтижелерін қарау кезінде шекарадағы оқыс оқиғаны реттеу бойынша шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) ортақ көзқарасын көрсететін шешімдер қабылданады және шекарадағы оқыс оқиғаны бірлесіп тергеп-тексеру актісі (бұдан әрі – бірлесіп тергеп-тексеру актісі) жасалады.
Тараптардың бірі қолданатын шаралардың жеткіліксіздігіне немесе бір Тарап мемлекеті азаматтарының кінәсін анықтауға байланысты шекарадағы оқыс оқиғалардың себептерін айқындау кезінде сол Тарап анықталған себептерді немесе адамдардың анықталған кінәсін мойындайды, сондай-ақ осы Келісімнің талаптарына сәйкес тәртіпті қалпына келтіру және кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қолданылады. Қолданылған шаралар туралы екінші Тарап мемлекеттің шекара өкіліне (шекара комиссарына) хабарланады.
1. Бірлесіп тергеп-тексеру шекарадағы оқыс оқиға туындаған жерде оны туындатқан барлық мән-жайларды анықтау, талаптары бойынша бірлесіп тергеп-тексеру жүргізілетін Тарап мемлекетінің шекара өкілі (шекара комиссары) мәлімдемесінің негізділігіне тексеру қажет болған жағдайда жүргізіледі.
2. Бірлесіп тергеп-тексеру мен оның нәтижелерін қарау тәртібі әрбір жекелеген жағдайда шекарадағы оқыс оқиғаның мән-жайлары мен сипатына қарай айқындалады. Аумағында бірлесіп тергеп-тексеру жүргізілетін Тарап мемлекетінің шекара өкілі (шекара комиссары) тергеп-тексеруді ұйымдастырады және оған басшылық етеді.
Бірлесіп тергеп-тексеруді жүргізу уақыты мен орны шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) арасында келісіледі.
1. Аумағында бірлесіп тергеп-тексеру жүргізілетін Тарап мемлекетінің шекара өкілі (шекара комиссары) белгіленген уақытта екінші Тарап мемлекетінің шекара өкілін (шекара комиссарын) бірлесіп тергеп-тексеру жүргізілетін ауданда қарсы алады.
Оқыс оқиғаның сипатын (орны мен уақытын, түрі мен оның туындау себептерін), қатысушыларды (адамдарды, олардың іс-әрекеттерінің сипатын және кінәлілігін) және куәларды айқындау, сондай-ақ заттай дәлелдемелерді жинау және бекіту мақсатында шекарадағы оқыс оқиғалардың орны, жарақаттанғандар мен мәйіттер, құжаттар мен қару-жарақтар, адамдар мен жануарлардың іздері, алынған оқтар, шекара арқылы өткізілген жүктер және өзге де мүлік, қираған немесе бүлінген шекара белгілері мен трансшекаралық құрылысжайлар, құқыққа сыйымсыз әрекеттердің басқа да дәлелдемелері қарап тексеріледі.
Жарақаттанғандар мен мәйіттерді табылған жерінде медициналық сарапшылар қарап тексереді. Бірлесіп тергеп-тексеруге дейін жарақаттанғандарға қажетті медициналық көмек көрсетіледі және мәйіттерді күзету қамтамасыз етіледі.
Бір Тарап мемлекетінің аумағындағы куәларға, жәбірленушілерге және ұсталған (кінәлі) адамдарға сауал қоюға осы Тараптың шекара өкілі (шекара комиссары) біржақты тәртіппен жүзеге асырады.
Шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) оларға бірлесіп сауал қоюы жоғары бастықтардың рұқсатымен жүргізіледі.
Жергілікті жерде табылған барлық заттар, іздер олардың өзара байланысында және куәларға, жәбірленушілерге және ұсталған (кінәлі) адамдарға сауал қою ескеріле отырып қарап тексеріледі.
Құжаттар, қару-жарақтар және басқа да заттар, яғни заттай дәлелдемелер мұқият қарап тексеріледі, ал қажет болған кезде сараптама жүргізіледі. Бұл ретте олардың мемлекеттік және жеке адамға тиесілілігі, шекарадағы оқыс оқиға кезіндегі мақсаты мен пайдаланылуы белгіленеді.
Шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) сарапшылары материалдық және өзге де нұқсанның (мемлекетке, ұйымдарға, кәсіпорындарға, азаматтарға, жәбірленушілердің денсаулық жағдайына) болуын айқындайды.
Атмосфералық жауын-шашынмен жойылу қаупі болған кезде, дәлелдемелер анық көрінетін бағдарлар болып табылатын жақын жердегі заттардың аясында фотоға түсіріледі және бейне жазба жасалып құжатталады.
Заттай дәлелдемелердің болуы мен олардың орналасқан жері, куәларға, жәбірленушілерге және ұсталған (кінәлі) адамдарға сауал қою нәтижелері бойынша шекарадағы оқыс оқиғаны реттеу жөнінде бірлескен шешімдер әзірлеу үшін шекара өкілдері (шекара комиссарлары) шекарадағы оқыс оқиғаның сипатын, орны мен уақытын, оның жасалу себептері мен салдарларын, адамдардың кінәлілігі мен олардың мемлекетке қатыстылығын, келтірілген материалдық және өзге де нұқсанның (мемлекетке, ұйымдарға, кәсіпорындарға, азаматтарға, жәбірленушілердің денсаулық жай-күйіне) болуын, сондай-ақ осы Келісімге сәйкес мемлекеттік шекара режимін қалпына келтіру бойынша шараларды айқындауды белгілейді.
2. Шекарадағы оқыс оқиғаның сипаты мен мән-жайларына қарай бірлесіп тергеп-тексеру барысында:
1) шекарадағы оқыс оқиғаның орнын қарап-тексеру актісі;
2) сараптама актілері;
3) куәларға, жәбірленушілерге және ұсталған (кінәлі) адамдарға сауал қою (бірлесіп сауал қою) хаттамалары;
4) жойылған немесе бүлінген мүлікті бағалау актілері;
5) шекара белгілерін бірлесіп қарап тексеру актілері жасалады.
Барлық құжаттар екі данада, әрқайсысы орыс тілінде жасалады, оған шекара өкілдері (шекара комиссарлары) және бірлесіп тергеп-тексерудің барлық қатысушылары қол қояды (шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) сарапшылары қол қоятын сараптама актілерінен басқасы).
Шекарадағы оқыс оқиға орнын қарап тексеру актісінде: құжаттың атауы, қарап тексерудің басталу және аяқталу уақыты, қарап-тексеруге қатысқан адамдардың құрамы, нәтижелері (табылған іздер, адамдардың мәйіттері немесе жануарлардың өлексесі, қару-жарақтар, гильзалар, басқа да заттар, олардың тиесілігі, шекара белгілеріне қатысты орналасқан жері, шекарада орын алған оқыс оқиғаға қатыстылығы), тұжырымдар көрсетіледі.
Актіге шекарадағы оқыс оқиғаның заттай дәлелдемелерінің орналасқан жері нақты көрсетіле отырып, жергілікті жердің схемасы қоса беріледі.
Сараптама актісінде: сараптама жүргізу орны, уақыты, күні мен негіздемесі, шекара өкілдері (шекара комиссарлары) сарапшыларының құрамы, сараптама барысында не анықталғаны, қорытынды, жасалған акт даналарының саны, акт жасаған сарапшылардың қолтаңбалары көрсетіледі.
Шекара белгілерін бірлесіп қарап-тексеру актісі еркін нысанда жасалады, онда оның қарап-тексерілген және жасалған орны, уақыты, күні, шекара белгілерін бірлесіп қарап тексеру негіздемесі, қарап-тексеру нәтижелері, шекара белгілерін жөндеу, қалпына келтіру, бұрынғы орнына қайтадан орнату немесе басқа жерге қайта орнату бойынша ұсыныстар көрсетіледі.
3. Шекарадағы оқыс оқиғаның барлық мән-жайлары анықталған және бірлесіп тергеп-тексеру барысында оны шешу бойынша шаралар қабылдаған кезде, шекара өкілдері (шекара комиссарлары) оны реттеу туралы бірлескен шешім қабылдайды, ол бірлесіп қарап-тексеру актісімен ресімделеді.
Бірлесіп тергеп-тексеру актісі еркін нысанда ол жүргізілген ауданда (оқыс оқиға болған жерде) жасалады, онда бірлесіп тергеп-тексерудің басталу және аяқталу орны, уақыты мен күні, оны жүргізу негіздемесі, қатысқан адамдардың құрамы, бірлесіп тергеп-тексеру нәтижелері, шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) мәлімдемелері мен ұсыныстары, шекарадағы оқыс оқиғаны реттеу бойынша шешім көрсетіледі.
Бірлесіп тергеп-тексеру актісіне қосымшалар ретінде осы баптың 2-тармағында көрсетілген актілер (хаттамалар) қоса беріледі.
4. Бірлесіп жүргізілген тергеп-тексеру барысында шекарадағы оқыс оқиғаның анықталған мән-жайлары жеткіліксіз болған кезде оларды анықтау үшін қосымша іс-шаралар жүргізіледі, олардың нәтижелері бойынша шекарадағы оқыс оқиғаны реттеу бойынша шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) бірлескен отырысы (бұдан әрі – Бірлескен отырыс) тағайындалады.
1. Бірлескен отырысты өткізу туралы ұсыныс ол басталғанға дейін 7 тәуліктен кешіктірілмей жіберіледі және онда отырыстың күні, уақыты, орны, күн тәртібі және қатысушылар құрамы қамтылады. Ұсынысқа жауап оны алған кезден бастап 48 сағаттан кешіктірілмей ұсынылады.
2. Бірлескен отырыс қажет болған кезде шекарадағы оқыс оқиға ауданындағы жергілікті жерлерді қосымша қарап тексеру, куәларға, жәбірленушілерге және ұсталғандарға (кінәлілерге) сұрақ қою талап етілгенде бір Тарап мемлекетінің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына ауыстырыла отырып өткізіледі.
Бірлескен отырыс өткізілетін мемлекеттің аумағындағы шекара өкілінің (шекара комиссарының) төрағалығымен өткізіледі.
Келіссөздерді шекара өкілдері (шекара комиссарлары) жүргізеді, бірлескен отырыстың қалған қатысушылары шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) рұқсатымен сұрақтарға жауап береді.
3. Бірлескен отырыстың күн тәртібі бекітілгеннен кейін шекара өкілдері (шекара комиссарлары) орын алған шекарадағы оқыс оқиға бойынша мәлімдемелермен алмасады, бірлесіп тергеп-тексеру материалдарын және қосымша анықталған мән-жайларды ескере отырып, құжаттық және заттай дәлелдемелерді ұсынады, қажет болған кезде куәларға, жәбірленушілерге, ұсталған (кінәлі) адамдарға қосымша сұрақ қою жүргізіледі, соның нәтижесінде ортақ пікірге келеді және шекарадағы оқыс оқиғаны реттеу туралы бірлескен шешімдер қабылдайды.
Шекарадағы оқыс оқиғаның сипаты мен жаңадан анықталған мән-жайларға қарай бірлескен отырыста:
1) куәларға, жәбірленушілерге, ұсталған (кінәлі) адамдарға қосымша сұрақ қою хаттамалары;
2) адамдарды және мүлікті беру актісі;
3) материалдық және өзге де нұқсанның (бүлінген немесе жойылған мүліктің) болуы туралы акт;
4) жәбірленушілердің денсаулығына келтірілген нұқсан сараптамасының актісі;
5) қажетті сараптамалардың өзге де актілері мен құжаттардың ресімделеді.
Бірлескен отырыстың қорытындысы бойынша бірлескен отырыс хаттамасы (бұдан әрі – Бірлескен хаттама) екі данада, әрқайсысы орыс тілінде ресімделеді, онда қатысушылардың құрамы, отырыс барысы және шекарадағы оқыс оқиғаны реттеу және осы Келісімге сәйкес мемлекеттік шекара режимін қалпына келтіру бойынша шараларды айқындау туралы қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Бірлескен хаттама шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) немесе оларды алмастыратын адамдардың қолтаңбаларымен, сондай-ақ елтаңбалы мөрлермен бекемделеді.
Бірлескен хаттамаға бірлесіп тергеп-тексеру актісі және осы баптың 3-тармағында көрсетілген актілер (хаттамалар) қоса беріледі.
Егер шекара өкілдері (шекара комиссарлары) Бірлескен отырыста шекарадағы оқыс оқиғаны реттеу бойынша бірлескен шешім қабылдамаса, Бірлескен хаттамада біржақты мәлімдемелер мен ұсыныстар көрсетіледі.
Материалдары қоса берілетін бірлескен хаттамалардың көшірмелері шекарадағы оқыс оқиғаны дипломатиялық арналар арқылы шешу үшін Тараптар мемлекеттерінің сыртқы істер саласындағы уәкілетті органына жіберіледі.
1. Шекара өкілдері (шекара комиссарлары) қабылдаған бірлескен шешімдер оларды орындау үшін міндетті болып табылады.
Шекара өкілдері (шекара комиссарлары) бірлескен шешімдерді орындайды және Тараптар мемлекеттері уәкілетті органдарының оларды (тиісінше) орындағанын тексереді.
2. Бір Тарап мемлекетінің уәкілетті органы бірлескен шешімдерді уақтылы орындамаған жағдайда екінші Тарап мемлекетінің шекара өкілі (шекара комиссары) оның себептерін ақпарат алмасу арқылы немесе Бірлескен отырыста анықтайды.
1. Адамдарды, мүлікті және үй жануарларын беру туралы бірлескен шешімдерді қабылдау кезінде оларды орындау мерзімі көрсетіледі.
2. Адамдарды, мүлікті және үй жануарларын беруді шекара өкілдері (шекара комиссарлары), олардың орынбасарлары немесе көмекшілері 2007 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы шекара өкілдері (шекара комиссарлары) туралы келісімнің 8-бабында бекітілген тәртіппен жүзеге асырады.
Адамдарды беру (қабылдау) беру актісіне жазылатын шағымдарды анықтау мақсатында оларға сұрақ қоюмен бірге жүргізіледі. Негізсіз шағым мәлімделген кезде, адамдарды беру басқа мерзімге ауыстырылады және тергеп-тексеру жүргізіледі.
Тараптар өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес осы Келісімді іске асыру бойынша шығыстарды дербес көтереді.
7-тарау. Қорытынды ережелер
Осы Келісімнің ережелері Тарап мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Осы Келісімде атап көрсетілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша оның ажырамас бөлігі болып табылатын, жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану бойынша даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келіссөздер мен консультациялар арқылы шешеді.
Осы Келісімді орындау кезінде шекара ведомстволары арасында туындаған мәселелер сол жерде олардың өкілдеріне консультациялар беру немесе халықаралық ынтымақтастық шеңберінде шекара ведомстволары басшыларының деңгейінде, не дипломатиялық арналар арқылы шешіледі.
Осы Келісім ратификациялауға жатады және оның аяқталғаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алғаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді.
Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады және Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапқа оның қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша нысанда хабардар етпегенше қолданылады. Мұндай жағдайда Келісім өзінің қолданысын осындай хабарлама алынған күннен бастап алты ай өткен соң тоқтатады.
20___ жылғы "___" ____________ _____________ қаласында әрқайсысы қазақ, түрікмен және орыс тілдерінде екі данада жасалды, бұл ретте барлық мәтіндердің күші бірдей. Мәтіндердің арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Түрікменстан Үкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан- Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге 1-қосымша |
|
Нысан |
№ ____ шекара белгісін жөндеу, қалпына келтіру немесе қайта орнату акті
20 __ жылғы "__" ________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімнің 5-бабының 2-тармағына сәйкес
___________________________________________________________________
(елдің атауы) (учаскенің атауы)
шекара өкілі (шекара комиссары) (шекара өкілінің (шекара комиссарының) орынбасары, көмекшісі)
___________________________________________________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________ өкілімен бірге ____________________________
(уәкілетті органның атауы) (өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
(елдің атауы) (учаскенің атауы)
шекара өкілінің (шекара комиссарының), (шекара өкілінің (шекара комиссарының) орынбасарының, көмекшісінің)
___________________________________________________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________ өкілімен бірге (уәкілетті органның атауы)
________________________________________________________ қатысуымен
(өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)
№ ___ шекара белгісін _______________________________________ жүргізді.
(жөндеу, қалпына келтіру немесе қайта орнату)
№ ___ шекара белгісі _______________________________________________
(бұдан әрі шекара белгісін жөндеу, қалпына келтіру
_________________________________________________________________.
немесе қайта орнату барысы мен себептері жазылады)
Жоғарыда көрсетілген жұмыстар 20 __ жылғы "__" ____ қол қойылған
__________________________________________________________
__________________________________________________________
(шегендеу немесе бірлесіп тексеру туралы құжаттардың атауы)
сәйкес орындалды.
Осы акт екі данада орыс тілінде жасалды.
Қазақстан Республикасының ______ бойынша |
Түрікменстанның _________ бойынша |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан- Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге 2-қосымша |
|
Нысан |
№ ___ шекара белгісі бүлінгеннен (орны ауыстырылғаннан, бұзылғаннан немесе жоғалғаннан) кейін бастапқы орнында қалпына келтіру немесе қайтадан орнату мүмкін еместігі туралы акті
20___ жылғы "__" ________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімнің 7-бабының 1-тармағына сәйкес
___________________________________________________________________
(елдің атауы) (учаскенің атауы)
шекара өкілі (шекара комиссары) (шекара өкілінің (шекара комиссарының) орынбасары, көмекшісі)
___________________________________________________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________ өкілімен бірге ____________________________
(уәкілетті органның атауы) (өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)
20_____ жылғы " ___ " ____________ ________ бастап ________дейін
___________________________________________________________________
(елдің атауы) (учаскенің атауы)
шекара өкілінің (шекара комиссарының), (шекара өкілінің (шекара комиссарының) орынбасарының, көмекшісінің)
__________________________________________________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________ өкілімен бірге
(уәкілетті органның атауы)
______________________________________________________ қатысуымен
(өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)
№ ___ шекара белгісі _______________________________________ және
(бүлінді, орны ауыстырылды, бұзылды немесе жоғалды)
оны 20___ жылғы " ___ " ____________ қол қойылған ______________________________________________________________
(шегендеу немесе бірлесіп тексеру құжатының атауы)
ережелеріне сәйкес айқындалған бастапқы орнына
__________________________________________________________________
(қалпына келтіру немесе қайта орнату)
мүмкін еместігін анықтады, бұл туралы Тараптар Қазақстан Республикасы мен Түрікменстанның шекара ведомстволары және уәкілетті органдарының бірлескен тобының шешіміне шығаруға келісті.
Осы акт әрқайсысы қазақ, түрікмен және орыс тілдерінде екі данада жасалды.
Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының |
Түрікменстанның _____________________ бойынша |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан- Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге 3-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасы мен Түрікменстанның шекара ведомстволары мен уәкілетті органдарының бірлескен тобы туралы ереже
20___ жылғы "___" ________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 7-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы мен Түрікменстанның шекара ведомстволары мен уәкілетті органдарының бірлескен тобы (бұдан әрі – Бірлескен топ) туралы осы ереже қабылданады.
1-бөлім. Бірлескен топтың құрамы
Әрбір Тараптың бірлескен тобын шекара өкілі (шекара комиссары) басқарады. Бірлескен топтың құрамына геодезиялық, жерге орналастыру қызметтерінің сарапшылары мен мамандары, Тараптар мемлекеттерінің басқа да уәкілетті органдарының өкілдері кіреді.
Тараптар бір-бірін шекара өкілдері (шекара комиссарлары) арқылы Бірлескен топтың өз бөлігінің құрамы туралы хабардар етеді.
2-бөлім. Бірлескен топтың функциялары
Бірлескен топ осы Келісімге сәйкес бастапқы орнатылған жеріне қалпына келтірілуі мүмкін емес шекара белгілерін қалпына келтіруге, қайта орнатуға және жаңа орынға ауыстыруға қатысты мәселелерді қарау және шешу бойынша функцияларды атқарады.
3-бөлім. Бірлескен топ жұмысының түрлері
1. Бірлескен топ бастапқы орнатылған жеріне қалпына келтірілуі мүмкін емес шекара белгілерін қалпына келтіруге, қайта орнатуға және жаңа орынға ауыстыруға байланысты жұмысты отырыстар өткізу және мемлекеттік шекарада практикалық іс-шараларды орындау арқылы атқарады.
Бірлескен топ жүргізген жұмыстардың нәтижелері бойынша осы Келісімнің 7-бабы 3-тармағына сәйкес құжаттар ресімделеді.
4-бөлім. Бірлескен топтың жұмыс тетігі
1. Бірлескен топтың отырыстары бір Тараптың бастамасы бойынша қажеттілік туындаған жағдайда жүргізіледі.
Отырыстың күні, орны, уақыты, күн тәртібі және қатысушылар құрамы шекара өкілдіктері қызметінің желісі бойынша келісіледі.
2. Отырыс қай мемлекеттің аумағында өткізілсе, Бірлескен топтың сол бөлігінің шекара өкілі отырыста төрағалық етеді.
5-бөлім. Бірлескен топтың шығыстары
Бірлескен топтың функцияларын орындауға байланысты шығыстарды Тараптар дербес төлейді.
Мемлекет аумағында Бірлескен топтың отырысы өтетін Тарап оны өткізу үшін қажетті жағдай (үй-жай, автокөлік) ұсынады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан- Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге 4-қосымша |
|
Нысан |
Бүлінгеннен (орны ауыстырылғаннан, бұзылғаннан немесе жоғалғаннан) кейін жаңа орында №__ шекара белгісін орнату туралы акт
20__ жылғы "__" ________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімнің 7-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы мен Түрікменстанның шекара ведомстволары мен уәкілетті органдарының Бірлескен тобының 20___ жылғы "_____"__________ шешiмiне сәйкес Бiрлескен топтың (қазақстандық/түрікмендік бөлiгiнiң) сарапшысы ________________________________________________________
(геодезия, жерге орналастыру маманының тегі, аты, әкесінің аты)
20__ жылғы "__" __________________ Бiрлескен топтың (түрікмендік / қазақстандық бөлiгiнiң) сарапшыс_____________________________________________
(геодезия, жерге орналастыру маманының тегі, аты, әкесінің аты)
бірлесіп бүлінген (орны ауыстырылған, бұзылған немесе жоғалған) №______ шекара белгісін жаңа орынға орнатты.
№___ шекара белгiсiнің хаттамасы және Шекара белгісінің координаттары мен биіктігі каталогының фрагменттері, осы учаскеде мемлекеттік шекараны өтудің хаттама-сипаттамасы және жаңадан орнатылған шекара белгісінің орналасқан жерін қатысты мемлекеттік шекараның картасы (қоса беріледі) 20_ жылғы "__"_________ қол қойылған ____________________________________________________________ сәйкес жасалды.
(демаркациялау немесе бiрлесiп тексеру туралы құжаттардың атауы)
Осы акт әрқайсысы қазақ, түрікмен және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды әрi барлық мәтiннiң күшi бiрдей.
Мәтіндердің арасында алшақтықтар болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Бірлескен топтың қазақстандық бөлігінің сарапшысы |
Бірлескен топтың түрікмендік бөлігінің сарапшысы |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан- Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге 5-қосымша |
|
Нысан |
(көлемі 15х10 см)
__________________________________________________________________
РҰҚСАТТАМА
Мөрдің орны ______________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, туған күні)
______________________________________ ауданында Қазақстан-Түрікменстан
(кесіп өту орны немесе шекара белгісінің ауданы)
мемлекеттік шекарасын екі жақты кесіп өтуге және ____________ сағат ____ ден _______дейінгі мерзімде
______________________________________________________________________
(нысанның атауы) ( тәулік мерзімі)
болуға құқығы бар.
_____________________________________ құжатты ұсынған кезде
(құжаттың атауы және нөмірі)
20____ж "___" ____________бастап 20____ ж "___"________дейін жарамды
(рұқсаттаманың жарамдылық мерзімі)
Мөрдің орны Қазақстан Республикасының __________________
______________________ учаскесі бойынша
шекара өкілі _________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және бас әріптері)
Мөрдің орны Түрікменстанның ____________________________
_________________________ учаскесі бойынша
шекара комиссары ___________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және бас әріптері)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан- Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге 6-қосымша |
Шекара маңы аудандарын картографиялауға қажетті аэрофото түсірілім жұмыстарын жүргізу мақсатында өз шекаралық белдеуінің шегінде әуе кемелерінің ұшуын жоспарлау кезінде дипломатиялық арналар арқылы ұсынылатын ақпараттың тізбесі
1. Ұшу мақсаты.
2. Ұшу туралы деректер:
1) ұшу кезеңі, нақты ұшу күндерi және ұшудың ұзақтығы;
2) ұшып өтетін ауданы, шекаралық белдеуге кiру және одан шығу нүктесiнiң географиялық координаттары, ұшу бағыты;
3) ұшу биiктiгi.
3. Ұшу аппараты туралы мәлiметтер:
1) иесi;
2) түрі мен модификациясы;
3) бояуы (түсi);
4) тану белгiлерi;
5) борт нөмiрi;
6) шақыру сигналдары;
7) радар қондырғысының болуы.
4. Фотоаппаратура туралы мәлiметтер:
1) түрi мен модификациясы;
2) фокустық қашықтығы.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан- Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге 7-қосымша |
Шекара маңы аудандарының әкiмшiлiк бөлінісінің тiзбесi
20___ жылғы "___" ________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімнің 29-бабының 3-тармағына сәйкес шекара маңы аудандарының әкiмшiлiк бөлінісінің тiзбесi айқындалады:
Қазақстан Республикасы тарапынан:
Маңғыстау облысы:
Қарақия ауданы.
2. Түрікменстан тарапынан:
Балқан велаяты:
Түрікменбашы этрапы.