"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Алмас" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Алмас" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпорынға басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы мемлекеттік құпияларды қорғау саласында қызметтер көрсету, мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша):
1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |