Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А.Мамин |
"Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Барлық деңгейдегі әкімдер:
1) жыл сайын бірінші тоқсан ішінде халыққа есеп беру кездесулерін өткізсін, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, проблемалық мәселелер және оларды шешу бойынша жоспарлар туралы хабардар етсін;
2) есеп беру кездесулері өткізілетін күннен бір ай бұрын жергілікті телевизияда, радиода, билбордтарда бейнероликтерді, хабарландыруларды пайдалана отырып, ауқымды ақпараттық-үгіттеу жұмысын жүргізсін.
Барлық деңгейдегі әкімдердің баяндамасына бөлінген уақыт есеп беру кездесуінің жоспарланған уақытының төрттен бір бөлігінен аспауға тиіс.
Есеп беру кездесуі халықтың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда пікір білдіруіне міндетті түрде мүмкіндік беріліп, онлайн-трансляция мен аудан орталықтарымен және басқа да елді мекендермен (техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып) бейнеконференцбайланыс ұйымдастырылып өткізіледі.
Есеп беру кездесуі өткізілерден бір күн бұрын және өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізіледі.
Есеп беру кездесуі өткізілгенге дейін мәслихаттар депутаттарын, жұртшылық, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, тиісті қоғамдық кеңестердің отырыстарында облыстар, қалалар және аудандар әкімдерінің есептерін тыңдау өткізілсін, олардың барысында әкім тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, аумақтарды дамыту бағдарламаларының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу, өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындау бөлігінде жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру процесі туралы хабардар етеді.".
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |