"ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 853 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 180-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамының атауы "ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы болып өзгертілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 30 қарашадағы
№ 853 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiнде:

      реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

20

"ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясы" АҚ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде есепте.

      ".

      2. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 55-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. "ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясы" АҚ акциялар пакетінің 100 %".

      3. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:

      "Ұлттық компаниялар" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 45-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. "ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.".

      4. "Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 914 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалсын.".

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.11.2023 № 1055 қаулысымен.

      6. "Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 797 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары осы өзгерістерге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      7. "Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 337 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында:

      кестеде:

      реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

17.

Мақат – Солтүстік Кавказ газ құбырының Лупинг жобасының құрылысы

пайдалануға беру актісі

ЭМ, "ҚТГ" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

2022

32 474,0

ЖИ

2023

67 291,0

      ";

      реттік нөмірлері 136 және 137-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

136.

Атырау қаласында Фин АГТС-ін салу

пайдалануға беру актісі

ЭМ, "ҚТГ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), әкімдік

2022

1 035,0

РБ

2023

1 035,0

2022

115,0

ЖБ

2023

115,0

137.

Салынып жатқан Фин АГТС-іне дейін жоғары қысымды газ тарту құбырын салу

пайдалануға беру актісі

ЭМ, "ҚТГ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), әкімдік

2022

1 350,0

РБ

2023

1 350,0

2022

150,0

ЖБ

2023

150,0

      ";

      "Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы" деген бөлікте:

      отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚТГ" ҰК" АҚ – "ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы".

      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.09.2023 № 828 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістерге
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 797 қаулысымен
бекітілген

Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с №  

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1.

Отандық зауыттарда мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобустарды шығаруды ынталандыру мақсатында автобус тасымалын дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаны және табиғи газ отынын құю инфрақұрылымының құрылысын қаржыландыру мәселесі бойынша ұсыныстар енгізу

ИИДМ-ге ұсыныс

ЭМ, ҰЭМ, Қаржымині, екінші деңгейдегі банктер (келісу бойынша), "ҚазТрансГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2019 жылғы ақпан

талап етілмейді

-

2.

Осы Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобустар мен арнайы автомобильдерді жаңарту бойынша нысаналы көрсеткіштерді орындау

мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобустарды және арнайы автомобильдерді қабылдау-беру актілері

ИИДМ (жинақтау), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, әкімдіктері

жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар

талап етілмейді

-

3.

Осы Жоспарға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының газдандырылған өңірлерінде автокөлік құралдары үшін мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ға деген қажеттіліктің нысаналы көрсеткіштерін орындау

Қазақстан Республикасының өңірлері бөлінісінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-мен қамтамасыз ету көлемі

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ҚазТрансГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар

талап етілмейді

-

4.

Осы Жоспарға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының газдандырылған өңірлерінде АГТКС және (немесе) КриоАЖҚС-ті салу бойынша нысаналы көрсеткіштерді орындау

АГТКС және (немесе) КриоАЖҚС-ті пайдалануға беру актілері

"ҚазТрансГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша) "ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС (келісу бойынша)

жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар

46 млрд теңге

жеке инвестициялар, қарыз қаражаты

5.

Мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобус маршруттарын бөлуді ескере отырып, сондай-ақ "Батыс Еуропа – Батыс Қытай", "Ташкент-Қорғас" халықаралық көлік дәліздерінде АГТКС және (немесе) КриоАЖҚС-ті салу үшін жер учаскелерін бөлу

жергілікті атқарушы органдардың қаулылары

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар

талап етілмейді

-

6.

Республикаішілік жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарттарында мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобустарды жаңарту бойынша талаптарды белгілеу

республикаішілік жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарттары

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар

талап етілмейді

-

7.

Мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автокөлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттаманы сәйкестендіру және (немесе) әзірлеу, АГТКС, КриоАЖҚС, көпотынды жанармай құю станцияларын, СТГ шығаратын зауыттарды жобалау, салу және пайдалану

ҚР ҚН, МемСТ, ҚР СТ

ИИДМ, "ҚазТрансГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар

талап етілмейді

-

8.

Мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автокөлік құралдарын сатып алу және (немесе) қайта жабдықтауға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдарды және халықты ынталандыру үшін жеңілдікті кредит беру мәселесін және басқа да қаржылық, әкімшілік тетіктерді пысықтау

ИИДМ-ге ұсыныс

ЭМ, ҰЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2019 жылғы наурыз

талап етілмейді

-

9.

Отандық дайындаушы зауыттарға автокөлік құралдарын шығаруға мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен және авторландырылған дилерлік орталықтардың Қазақстан Республикасына дайындаушы зауыттар шығарған қосотынды (бензин/сығылған ТГ, ДО/сығылған ТГ) автокөлік құралдарын әкелуін ынталандыру үшін қолайлы жағдай жасау арқылы сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны мотор отыны ретінде пайдаланатын жеңіл және жүк автомобильдерінің, автобустардың санын ұлғайту

ИИДМ-ге ұсыныс

ЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2019 жылғы наурыз

талап етілмейді

-

10.

Сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны локомотивтік техникаларда қолдану бойынша пилоттық жобаны іске қосу мәселесін пысықтау

ИИДМ-ге ұсыныс

"ҚазТрансГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

2020 жыл

талап етілмейді

-

11.

Ведомстволық/қызметтік автокөлік құралдарына, мемлекеттік органдардың арнайы көліктеріне сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны ендіру жөніндегі мәселені пысықтау

ИИДМ-ге ұсыныс

ЭМ, ІІМ, Қорғанысмині, АШМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2019 жылғы мамыр

талап етілмейді

-

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АГТКС – автогаз толтыру компрессорлық станциясы;

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      ДО – дизель отыны;

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      КриоАЖҚС – сұйытылған табиғи газ криогенді жанармай құю станциясы;

      Қаржымині– Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      "ҚазТрансГаз" ҰК" АҚ – "ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      ҚР ҚН – Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары;

      ҚР СТ – Қазақстан Республикасының стандарты;

      МемСТ – мемлекеттік стандарт;

      СТГ – сұйытылған табиғи газ;

      ТГ – табиғи газ;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.

      _________________________

О переименовании акционерного общества "КазТрансГаз"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2021 года № 853.

      О переименовании акционерного общества "КазТрансГаз"

      В соответствии с пунктом 1 статьи 180 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Переименовать акционерное общество "КазТрансГаз" в акционерное общество "Национальная компания "КазТрансГаз".

      2. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан       А. Мамин

      Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 30 ноября 2021 года № 853

      Изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 июля 2004 года № 810 "Об утверждении перечня объектов отраслей экономики, имеющих стратегическое значение, в отношении которых осуществляется государственный мониторинг собственности":

      в Перечне объектов отраслей экономики, имеющих стратегическое значение, в отношении которых осуществляется государственный мониторинг собственности, утвержденном указанным постановлением:

      строку, порядковый номер 20, изложить в следующей редакции:

      "

20

АО "Национальная компания "КазТрансГаз"

Числится в перечне стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилированных с государством, а также физических лиц, утвержденном постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651.

      ".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651 "Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилированных с государством, а также физических лиц":

      в перечне стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства, утвержденном указанным постановлением:

      строку, порядковый номер 55, изложить в следующей редакции:

      "55. 100% пакета акций АО "Национальная компания "КазТрансГаз".

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2011 года № 376 "Об утверждении перечня национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний":

      в Перечне национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "Национальные компании":

      строку, порядковый номер 45, изложить в следующей редакции:

      "45. Акционерное общество "Национальная компания "КазТрансГаз".

      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2012 года № 914 "Об определении национального оператора в сфере газа и газоснабжения":

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Определить акционерное общество "Национальная компания "КазТрансГаз" национальным оператором в сфере газа и газоснабжения.".

      5. Утратил силу постановлением Правительства РК от 29.11.2023 № 1055.

      6. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2018 года № 797 "Об утверждении Плана мероприятий по расширению использования природного газа в качестве моторного топлива на 2019 - 2022 годы":

      План мероприятий по расширению использования природного газа в качестве моторного топлива на 2019 - 2022 годы, утвержденный указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящим изменениям.

      7. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2021 года № 337 "Об утверждении Комплексного плана социально-экономического развития Атырауской области на 2021 - 2025 годы":

      в Комплексном плане социально-экономического развития Атырауской области на 2021 - 2025 годы, утвержденном указанным постановлением:

      в таблице:

      строку, порядковый номер 17 изложить в следующей редакции:

      "

17.

Строительство проекта Лупинг газопровода Макат –Северный Кавказ

акт ввода в эксплуатацию

МЭ, акимат, АО "НК "КТГ" (по согласованию)

2022

32 474,0

ЧИ

2023

67 291,0

      ";

      строки, порядковые номера 136 и 137 изложить в следующей редакции:

      "

136.

Строительство АГРС-Финская в городе Атырау

акт ввода в эксплуатацию

МЭ, АО "НК "КТГ" (по согласованию), акимат

2022

1 035,0

РБ

2023

1 035,0

2022

115,0

МБ

2023

115,0

137.

Строительство подводящего газопровода высокого давления до строящегося АГРС-Финская

акт ввода в эксплуатацию

МЭ, АО "НК "КТГ" (по согласованию), акимат

2022

1 350,0

РБ

2023

1 350,0

2022

150,0

МБ

2023

150,0

      ";

      в части "Примечание: расшифровка аббревиатур":

      абзац тридцать первый изложить в следующей редакции:

      "АО "НК "КТГ" - акционерное общество "Национальная компания "КазТрансГаз".

      8. Утратил силу постановлением Правительства РК от 22.09.2023 № 828 (вводится в действие с 01.01.2024).

      Приложение
к изменениям, которые вносятся
в некоторые решения
Правительства
Республики Казахстан

      Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 29 ноября 2018 года № 797

      План мероприятий по расширению использования природного газа в качестве моторного топлива на 2019 – 2022 годы

№ п/п

Наименование мероприятия

Форма завершения

Ответственные за исполнение

Срок исполнения

Предполагаемые расходы

Источник финансирования

1

2

3

4

5

6

7

1.

Внесение предложений по вопросу финансирования комплексной программы по развитию автобусных перевозок в целях стимулирования выпуска автобусов, использующих КПГ и (или) СПГ в качестве моторного топлива, на отечественных заводах и строительства заправочной инфраструктуры на природном газе

предложение в МИИР

МЭ, МНЭ, МФ, банки второго уровня (по согласованию), АО "НК "КазТрансГаз" (по согласованию), акиматы областей, городов Нур-Султан, Алматы и Шымкента

февраль 2019 года

не требуются

-

2.

Выполнение целевых показателей по обновлению автобусов и специальных автомобилей на использование КПГ и (или) СПГ в качестве моторного топлива согласно приложению 1 к настоящему Плану

акты приема-передачи автобусов и специальных автомобилей, использующих КПГ и (или) СПГ в качестве моторного топлива

МИИР (созыв), акиматы областей, городов Нур-Султан, Алматы и Шымкента

ежегодно, 2019 – 2022 годы

не требуются

-

3.

Выполнение целевых показателей потребности в КПГ и (или) СПГ в качестве моторного топлива для автотранспортных средств в газифицированных регионах Республики Казахстан, согласно приложению 2 к настоящему Плану

объем обеспечения КПГ и (или) СПГ в разрезе регионов Республики Казахстан

АО "НК КазМунайГаз" (по согласованию), АО "НК "КазТрансГаз" (по согласованию)

ежегодно, 2019 – 2022 годы

не требуются

-

4.

Выполнение целевых показателей по строительству АГНКС и (или) КриоАЗС в газифицированных регионах Республики Казахстан согласно приложению 3 к настоящему Плану

акты ввода в эксплуатацию АГНКС и (или) КриоАЗС

АО "НК "КазТрансГаз" (по согласованию) ТОО "КазТрансГаз Өнімдері" (по согласованию)

ежегодно, 2019 – 2022 годы

46 млрд тенге

Частные инвестиции, заемные средства

5.

Выделение земельных участков для строительства АГНКС и (или) КриоАЗС с учетом распределения автобусных маршрутов, использующих КПГ и (или) СПГ в качестве моторного топлива, а также на международных транспортных коридорах "Западная Европа – Западный Китай", "Ташкент-Хоргос"

постановления местных исполнительных органов

акиматы областей, городов Нур-Султан, Алматы и Шымкента

ежегодно, 2019 – 2022 годы

не требуются

-

6.

Установление условий по обновлению автобусов на использование КПГ и (или) СПГ в качестве моторного топлива в договорах организации регулярных внутриреспубликанских автомобильных перевозок пассажиров и багажа

договора организации регулярных внутриреспубликанских автомобильных перевозок пассажиров и багажа

акиматы областей, городов Нур-Султан, Алматы и Шымкента

ежегодно, 2019 – 2022 годы

не требуются

-

7.

Унификация действующих и (или) разработка нормативной технической документации в соответствии с международными стандартами по вопросам обеспечения безопасности при эксплуатации автотранспортных средств, использующих КПГ и (или) СПГ в качестве моторного топлива, проектирование, строительство и эксплуатация АГНКС, КриоАЗС, многотопливных заправочных станций, заводов по производству СПГ

СН РК, ГОСТ, СТ РК

МИИР, АО "НК "КазТрансГаз" (по согласованию)

ежегодно, 2019-2022 годы

не требуются

-

8.

В целях обеспечения благоприятных условий для приобретения и (или) переоборудования автотранспортных средств на использование КПГ и (или) СПГ в качестве моторного топлива проработать вопрос предоставления льготных кредитов и других финансовых, административных механизмов стимулирования для организаций и населения

предложение в МИИР

МЭ, МНЭ, акиматы областей, городов Нур-Султан, Алматы и Шымкента

март 2019 года

не требуются

-

9.

Увеличение количества легковых и грузовых автомобилей, автобусов, использующих КПГ и (или) СПГ в качестве моторного топлива, путем размещения государственных заказов на производство автотранспортных средств отечественным заводам-изготовителям и создания благоприятных условий для стимулирования ввоза в Республику Казахстан двухтопливных автотранспортных средств (бензин/КПГ, ДТ/КПГ) заводского изготовления авторизованными диллерскими центрами

предложение в МИИР

МЭ, акиматы областей, городов Нур-Султан, Алматы и Шымкента

март 2019 года

не требуется

-

10.

Проработка вопроса по запуску пилотного проекта по использованию КПГ и (или) СПГ на локомотивной технике

предложение в МИИР

АО "НК "КазТрансГаз" (по согласованию), АО НК "Қазақстан темір жолы" (по согласованию)

2020 год

не требуется

-

11.

Проработка вопроса по внедрению КПГ и (или) СПГ на ведомственном/служебном автотранспортных средствах, специальном транспорте в государственных органах

предложение в МИИР

МЭ, МВД, МО, МСХ, акиматы областей, городов Нур-Султан, Алматы и Шымкент

май 2019 года

не требуется

-

      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      АГНКС – автогазонаполнительная компрессорная станция;

      МСХ – Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан;

      ДТ – дизельное топливо;

      МИИР – Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан;

      КриоАЗС – криогенная автозаправочная станция СПГ;

      МФ – Министерство финансов Республики Казахстан;

      МО – Министерство обороны Республики Казахстан;

      АО "НК "КазМунайГаз" – акционерное общество "Национальная компания "КазМунайГаз";

      АО "НК "КазТрансГаз" – акционерное общество "Национальная компания "КазТрансГаз";

      АО "НК "Қазақстан темір жолы" – акционерное общество "Национальная компания "Қазақстан темір жолы";

      СН РК – строительные нормы Республики Казахстан;

      СТ РК – стандарт Республики Казахстан;

      ГОСТ – государственные стандарты;

      СПГ – сжиженный природный газ;

      КПГ – компримированный природный газ;

      МНЭ – Министерство национальной экономики Республики Казахстан;

      МВД – Министерство внутренних дел Республики Казахстан;

      МЭ – Министерство энергетики Республики Казахстан.

      _________________________