"QazBioPharm" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 910 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "QazBioPharm" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – холдинг) құрылсын.

      2. Холдинг қызметінің негізгі нысанасы биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, биофармацевтикалық нарықтың инфрақұрылымын орнықты дамыту және жетілдіру, биофармацевтикалық ғылым мен өнеркәсіпті дамытуды ынталандыру, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның биофармацевтикалық өнімге қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында жарғылық капиталдарына мемлекеттік қатысу үлестері холдингтің иелік етуі мен пайдалануына берілетін заңды тұлғаларды тиімді басқару болып айқындалсын.

      3. Холдингтің жарғылық капиталы "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін беру есебінен қалыптастырылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) холдингтің жарғысын бекітуді;

      2) мемлекеттік тіркеу үшін холдинг атынан құжаттарға қол қоюға, холдинг органдары құрылғанға дейін қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген адамды сайлауды;

      3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында холдингті мемлекеттік тіркеуді;

      4) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне холдинг акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарының берілуін;

      5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      5. Мыналардың:

      1) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "БҚПҒЗИ" ШЖҚ РМК);

      2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ұлттық биотехнология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық биотехнология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "ҰБО" ШЖҚ РМК);

      3) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "МРК" ШЖҚ РМК) болып өзгертілсін.

      6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі "БҚПҒЗИ" ШЖҚ РМК, "ҰБО" ШЖҚ РМК, "МРК" ШЖҚ РМК қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "БҚПҒЗИ" ШЖҚ РМК, "ҰБО" ШЖҚ РМК, "МРК" ШЖҚ РМК жарғыларына енгізілетін өзгерістерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізуді;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында "БҚПҒЗИ" ШЖҚ РМК, "ҰБО" ШЖҚ РМК, "МРК" ШЖҚ РМК мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.

      8. "БҚПҒЗИ" ШЖҚ РМК, "ҰБО" ШЖҚ РМК, "МРК" ШЖҚ РМК, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "АҚИҰҒО" ШЖҚ РМК) тиісінше жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" (бұдан әрі – "БҚПҒЗИ" ЖШС), "Ұлттық биотехнология орталығы" (бұдан әрі – "ҰБО" ЖШС), "Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы" (бұдан әрі – "МРК" ЖШС), "Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы" (бұдан әрі – "АҚИҰҒО" ЖШС) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, осы қаулының 7-тармағында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "БҚПҒЗИ" ЖШС, "ҰБО" ЖШС, "МРК" ЖШС, "АҚИҰҒО" ЖШС жарғыларын бекітуді;

      2) мемлекеттік тіркеу үшін "БҚПҒЗИ" ЖШС, "ҰБО" ЖШС, "МРК" ЖШС, "АҚИҰҒО" ЖШС атынан құжаттарға қол қоюға, "БҚПҒЗИ" ЖШС, "ҰБО" ЖШС, "МРК" ЖШС, "АҚИҰҒО" ЖШС органдары құрылғанға дейін қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында олардың мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген адамдарды сайлауды;

      3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында "БҚПҒЗИ" ЖШС, "ҰБО" ЖШС, "МРК" ЖШС, "АҚИҰҒО" ЖШС мемлекеттік тіркеуді;

      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулының 9-тармағында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен холдингтің жарғылық капиталына "БҚПҒЗИ" ЖШС, "ҰБО" ЖШС, "МРК" ЖШС, "АҚИҰҒО" ЖШС, "OtarBioPharm" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталдарына мемлекеттік қатысу үлестерін және "Биомедпрепарат" ғылыми-сараптамалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына мемлекеттік қатысу үлесін 88,72 (сексен сегіз бүтін жүзден жетпіс екі) пайыз мөлшерінде беруді қамтамасыз етсін.

      11. Қоса беріліп отырған:

      1) осы қаулының 1, 3, 4, 5 және 6-тармақтарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;

      2) осы қаулының 8-тармағын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      12. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Қаржы министрліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      13. Осы қаулы "БҚПҒЗИ" ШЖҚ РМК, "ҰБО" ШЖҚ РМК, "МРК" ШЖҚ РМК, "АҚИҰҒО" ШЖҚ РМК тиісінше "БҚПҒЗИ" ЖШС, "ҰБО" ЖШС, "МРК" ЖШС, "АҚИҰҒО" ЖШС етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру рәсімдері аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізілетін осы қаулының 11-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2021 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 910 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы " " № қаулысының 1, 3, 4, 5 және 6-тармақтарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-203-жолмен толықтырылсын:

      "21-203. "QazBioPharm" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-26-жолмен толықтырылсын:

      "227-26. "QazBioPharm" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы";

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 393-жол алып тасталсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      4. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 6 және 16-17-жолдар алып тасталсын.

      5. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 85-жолмен толықтырылсын:

      "85. "QazBioPharm" ұлттық холдингі" АҚ акциялар пакетінің 100 %".

      6. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:

      "Ұлттық холдингтер" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-1-жолмен толықтырылсын:

      "5-1. "QazBioPharm" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы".

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

      "3. Aкцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі республикалық меншіктегі заңды тұлғалар мен олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46-жолдармен толықтырылсын:

      "

40.

Жануарлардың өзге де түрлерін өсіру

01490

41.

Фармацевтикалық препараттарды өндіру

21201

42.

Ветеринарияға арналған дәрілік препараттарды өндіру

21202

43.

Медициналық техника мен ортопедиялық бұйымдар саудасынан басқа, фармацевтикалық тауарлардың көтерме саудасы

46461

44.

Биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер

72110

45.

Жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы өзге де зерттеулер мен әзірлемелер

72199

46.

Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызмет

86900

  ".

      9. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 30, 31, 32-жолдармен толықтырылсын:

      "30. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты.

      31. Ұлттық биотехнология орталығы.

      32. Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы.";

      "4. Акционерлік қоғамдар" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-жолмен толықтырылсын:

      "17. "QazBioPharm" ұлттық холдингі".

      10. "Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иеліктен шығаруға жатпайтын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:

      "4. Биологиялық қауіпсіздік саласында ғылыми және өндірістік қызметпен айналысатын, сондай-ақ қызметін аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштары мен өнеркәсiптiк микроорганизмдер коллекциясымен және депозитарийлерiмен жүзеге асыратын объектілер мен ұйымдар.".

      11. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2021 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 910 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы " " № қаулысының 8-тармағын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 27, 30, 31, 32-жолдар алып тасталсын.

      ________________

О вопросах создания акционерного общества "Национальный холдинг "QazBioPharm"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2021 года № 910.

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п.13

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать акционерное общество "Национальный холдинг "QazBioPharm" (далее – холдинг) со стопроцентным участием государства в уставном капитале.

      2. Определить основным предметом деятельности холдинга эффективное управление юридическими лицами, государственные доли участия в уставных капиталах которых передаются во владение и пользование холдинга в целях обеспечения биологической безопасности, устойчивого развития и совершенствования инфраструктуры биофармацевтического рынка, стимулирования развития биофармацевтической науки и промышленности, а также обеспечения потребности государства и общества в биофармацевтической продукции.

      3. Уставный капитал холдинга сформировать за счет передачи государственного пакета акций акционерного общества "Научный центр противоинфекционных препаратов".

      4. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Министерством здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) утверждение устава холдинга;

      2) избрание лица, уполномоченного на подписание от имени холдинга документов для государственной регистрации, осуществление финансово-хозяйственной деятельности и представление его интересов перед третьими лицами до образования органов холдинга;

      3) государственную регистрацию холдинга в некоммерческом акционерном обществе "Государственная корпорация "Правительство для граждан";

      4) передачу Министерству здравоохранения Республики Казахстан прав владения и пользования государственным пакетом акций холдинга;

      5) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      5. Переименовать:

      1) республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Научно-исследовательский институт проблем биологической безопасности" Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Научно-исследовательский институт проблем биологической безопасности" Министерства здравоохранения Республики Казахстан (далее – РГП на ПХВ "НИИПББ");

      2) республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Национальный центр биотехнологии" Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Национальный центр биотехнологии" Министерства здравоохранения Республики Казахстан (далее – РГП на ПХВ "НЦБ");

      3) республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканская коллекция микроорганизмов" Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканская коллекция микроорганизмов" Министерства здравоохранения Республики Казахстан (далее – РГП на ПХВ "РКМ").

      6. Определить Министерство здравоохранения Республики Казахстан уполномоченным органом по руководству соответствующей отраслью (сферой) государственного управления в отношении РГП на ПХВ "НИИПББ", РГП на ПХВ "НЦБ", РГП на ПХВ "РКМ".

      7. Министерству здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) внесение на утверждение в Комитет государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан изменений в уставы РГП на ПХВ "НИИПББ", РГП на ПХВ "НЦБ", РГП на ПХВ "РКМ";

      2) государственную перерегистрацию РГП на ПХВ "НИИПББ", РГП на ПХВ "НЦБ", РГП на ПХВ "РКМ" в некоммерческом акционерном обществе "Государственная корпорация "Правительство для граждан".

      8. Реорганизовать РГП на ПХВ "НИИПББ", РГП на ПХВ "НЦБ", РГП на ПХВ "РКМ", республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Национальный научный центр особо опасных инфекций имени Масгута Айкимбаева" Министерства здравоохранения Республики Казахстан (далее – РГП на ПХВ "ННЦООИ") путем преобразования, соответственно, в товарищества с ограниченной ответственностью "Научно-исследовательский институт проблем биологической безопасности" (далее – ТОО "НИИПББ"), "Национальный центр биотехнологии" (далее – ТОО "НЦБ"), "Республиканская коллекция микроорганизмов" (далее – ТОО "РКМ"), "Национальный научный центр особо опасных инфекций имени Масгута Айкимбаева" (далее – ТОО "ННЦООИ") со стопроцентным участием государства в уставном капитале.

      9. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Министерством здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке после исполнения мероприятий, указанных в пункте 7 настоящего постановления, обеспечить:

      1) утверждение уставов ТОО "НИИПББ", ТОО "НЦБ", ТОО "РКМ", ТОО "ННЦООИ";

      2) избрание лиц, уполномоченных на подписание от имени ТОО "НИИПББ", ТОО "НЦБ", ТОО "РКМ", ТОО "ННЦООИ" документов для государственной регистрации, осуществление финансово-хозяйственной деятельности и представление их интересов перед третьими лицами до образования органов ТОО "НИИПББ", ТОО "НЦБ", ТОО "РКМ", ТОО "ННЦООИ";

      3) государственную регистрацию ТОО "НИИПББ", ТОО "НЦБ", ТОО "РКМ", ТОО "ННЦООИ" в некоммерческом акционерном обществе "Государственная корпорация "Правительство для граждан";

      4) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      10. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке после исполнения мероприятий, указанных в пункте 9 настоящего постановления, обеспечить передачу в уставный капитал холдинга государственных долей участия в уставных капиталах ТОО "НИИПББ", ТОО "НЦБ", ТОО "РКМ", ТОО "ННЦООИ", товарищества с ограниченной ответственностью "OtarBioPharm" и государственную долю участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью "Научно-аналитический центр "Биомедпрепарат" в размере 88,72 (восемьдесят восемь целых семьдесят две сотых) процента.

      11. Утвердить прилагаемые:

      1) изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, в реализацию пунктов 1, 3, 4, 5 и 6 настоящего постановления;

      2) изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, в реализацию пункта 8 настоящего постановления.

      12. Министерствам индустрии и инфраструктурного развития, образования и науки, здравоохранения, финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      13. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания, за исключением подпункта 2) пункта 11 настоящего постановления, который вводится в действие после завершения процедур реорганизации РГП на ПХВ "НИИПББ", РГП на ПХВ "НЦБ", РГП на ПХВ "РКМ", РГП на ПХВ "ННЦООИ" путем преобразования, соответственно, в ТОО "НИИПББ", ТОО "НЦБ", ТОО "РКМ", ТОО "ННЦООИ".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 20 декабря 2021 года № 910

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, в реализацию пунктов 1, 3, 4, 5 и 6 постановления Правительства Республики Казахстан от " " 2021 года №

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях":

      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли участия которых остаются в республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      раздел "г. Нур-Султан":

      дополнить строкой, порядковый номер 21-203, следующего содержания:

      "21-203. Акционерное общество "Национальный холдинг "QazBioPharm".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам, утвержденном указанным постановлением:

      раздел "Министерству здравоохранения Республики Казахстан":

      дополнить строкой, порядковый номер 227-26, следующего содержания:

      "227-26. Акционерное общество "Национальный холдинг "QazBioPharm";

      в разделе "Министерству индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан":

      в подразделе "Комитету индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан":

      строку, порядковый номер 393, исключить.

      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 19.08.2022 № 581.

      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 21 июля 2006 года № 700 "Некоторые вопросы Министерства образования и науки Республики Казахстан":

      в перечне организаций, находящихся в ведении Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "1. Республиканские государственные предприятия":

      строки, порядковые номера 6 и 16-17, исключить.

      5. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651 "Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилированных с государством, а также физических лиц":

      в перечне стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства, утвержденном указанным постановлением:

      раздел "Пакеты акций (доли участия, паи) в юридических лицах, в собственности которых находятся стратегические объекты":

      дополнить строкой, порядковый номер 85, следующего содержания:

      "85. 100 % пакета акций АО "Национальный холдинг "QazBioPharm".

      6. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2011 года № 376 "Об утверждении перечня национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний":

      в перечне национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, утвержденном указанным постановлением:

      раздел "Национальные холдинги":

      дополнить строкой, порядковый номер 5-1, следующего содержания:

      "5-1. Акционерное общество "Национальный холдинг "QazBioPharm".

      7. Утратил силу постановлением Правительства РК от 03.06.2022 № 361 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      8. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 "Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами":

      в перечне видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами, утвержденном указанным постановлением:

      раздел "3. Виды деятельности, осуществляемые юридическими лицами, находящимися в республиканской собственности, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами":

      дополнить строками, порядковые номера 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, следующего содержания:

      "

40.

Разведение прочих видов животных

01490

41.

Производство фармацевтических препаратов

21201

42.

Производство лекарственных препаратов для ветеринарии

21202

43.

Оптовая торговля фармацевтическими товарами, кроме торговли медицинской техникой и ортопедическими изделиями

46461

44.

Научные исследования и экспериментальные разработки в области биотехнологии

72110

45.

Прочие исследования и разработки в области естественных и технических наук

72199

46.

Прочая деятельность в области здравоохранения

86900

  ".

      9. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 71 "О некоторых вопросах министерств здравоохранения и национальной экономики Республики Казахстан":

      в Положении о Министерстве здравоохранения Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства здравоохранения Республики Казахстан и его ведомств:

      раздел "1. Государственные предприятия на праве хозяйственного ведения":

      дополнить строками, порядковые номера 30, 31, 32, следующего содержания:

      "30. Научно-исследовательский институт проблем биологической безопасности

      31. Национальный центр биотехнологии

      32. Республиканская коллекция микроорганизмов";

      раздел "4. Акционерные общества":

      дополнить строкой, порядковый номер 17, следующего содержания:

      "17. Национальный холдинг "QazBioPharm".

      10. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2017 года № 927 "Об утверждении перечней объектов, в том числе стратегических, находящихся в государственной собственности и собственности субъектов квазигосударственного сектора, не подлежащих отчуждению":

      перечень объектов, в том числе стратегических, находящихся в собственности субъектов квазигосударственного сектора, не подлежащих отчуждению, утвержденный указанным постановлением:

      дополнить строкой, порядковый номер 4, следующего содержания:

      "4. Объекты и организации, занимающиеся научной и производственной деятельностью в сфере биологической безопасности, а также осуществляющие деятельность с коллекциями и депозитариями возбудителей особо опасных инфекций и промышленных микроорганизмов.".

      11. Утратил силу постановлением Правительства РК от 04.10.2023 № 862.

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 20 декабря 2021 года № 910

Изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, в реализацию пункта 8 постановления Правительства Республики Казахстан от " " 2021 года №

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 13 мая 2011 года № 511 "Об утверждении перечня организаций, являющихся субъектами базового финансирования":

      в перечне организаций, являющихся субъектами базового финансирования, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "Министерство здравоохранения Республики Казахстан":

      строки, порядковые номера 145-3, 145-6, 145-7, 145-8, изложить в следующей редакции:

      "

145-3.

Товарищество с ограниченной ответственностью "Национальный научный центр особо опасных инфекций имени Масгута Айкимбаева"

145-6.

Товарищество с ограниченной ответственностью "Научно-исследовательский институт проблем биологической безопасности"

145-7.

Товарищество с ограниченной ответственностью "Национальный центр биотехнологии"

145-8.

Товарищество с ограниченной ответственностью "Республиканская коллекция микроорганизмов"

  ".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 71 "О некоторых вопросах министерств здравоохранения и национальной экономики Республики Казахстан":

      в Положении о Министерстве здравоохранения Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства здравоохранения Республики Казахстан и его ведомств:

      в разделе "1. Государственные предприятия на праве хозяйственного ведения":

      строки, порядковые номера 27, 30, 31, 32, исключить.