Жанжалдарды болғызбау мен реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, хабардар болуды арттыруға, жанжалдардың алдын алу мен әйелдерді қорғау мәселелерінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды күшейтуге әйелдердің тең құқылы және жан-жақты қатысуы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған 1325 (2000), 1820, 1888, 1889, 1960, 2106, 2122, 2242, 2467-қарарларды іске асыру жөніндегі 2022 – 2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 935 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жанжалдарды болғызбау мен реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, хабардар болуды арттыруға, жанжалдардың алдын алу мен әйелдерді қорғау мәселелерінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды күшейтуге әйелдердің тең құқылы және жан-жақты қатысуы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған 1325 (2000), 1820, 1888, 1889, 1960, 2106, 2122, 2242, 2467-қарарларды іске асыру жөніндегі 2022 – 2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ Жоспардың орындалуына жауапты басқа да ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Жоспарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

      2) жыл сайын, 15 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жыл сайын 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 935 қаулысымен
бекітілген



Жанжалдарды болғызбау мен реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, хабардар болуды арттыруға, жанжалдардың алдын алу мен әйелдерді қорғау мәселелерінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды күшейтуге әйелдердің тең құқылы және жан-жақты қатысуы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған 1325 (2000), 1820, 1888, 1889, 1960, 2106, 2122, 2242, 2467-қарарларды іске асыру жөніндегі 2022 – 2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжанатын шығыстар
(мың теңге)

Қаржыландыру көздерi


1

2

3

4

5

6

7

1. Жанжалдардың алдын алуға және бейбітшілік орнатуға Әйелдер мен ерлердің қатысуы

1.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеу кезінде жанжалдарды болғызбау және алдын алу немесе оларды шешу үшін медиацияны пайдалана отырып, делдалдық туралы ережелерді енгізу мәселелерін қарау

халықаралық шарттардың жобаларына ережелерді қосу

СІМ, Қорғанысмині

2022 – 2025 жылдар

-

талап етілмейді

2.

Бітімгершілік даярлық орталығы (ҚАЗЦЕНТ) базасында гендерлік мәселелер және азаматтық тұлғалар мен балаларды қорғау бойынша әскери кеңесші-әйелдерді даярлау

оқыту тренингтері

Қорғанысмині, СІМ

2022 – 2025 жылдар

-

талап етілмейді

3.

Қорғанысмині, ІІМ, ТЖМ, БП жүйелерінде басшылық лауазымдарға әйелдерді ілгерілету, сондай-ақ олардың одан арғы мансабын мониторингтеу

мониторинг
 

Қорғанысмині, ІІМ, ТЖМ,
БП (келісу бойынша)

2022 – 2025 жылдар

-

талап етілмейді

4.

Тренингтер мен оқытудан өткен әйелдер саны, наградалар алған әйелдер мен басшы лауазымдардағы әйелдер саны бойынша көрсеткіштерге сүйене отырып, қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы кәсіптік дамуға гендерлік сезімтал тәсілді әзірлеу

АҚДМ-ға ақпарат
 

Қорғанысмині, ІІМ, БП (келісу бойынша), ТЖМ

2023 – 2025 жылдар

-

талап етілмейді

5.

Қарусыздану мен қаруды таратпау және халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша халықаралық келіссөздер мен консультацияларға әйелдер арасынан дипломатиялық персоналды тарту

әйелдердің келіссөздер мен консультацияларға қатысуы

СІМ, Қорғанысмині, ІІМ, БП (келісу бойынша)

2024 – 2025 жылдар

-

талап етілмейді

6.

Азаматтық қоғамның белсенділері және өкілдері болып табылатын, оның ішінде жанжалдарды шешуге және тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысу тәжірибесі бар әйелдер мен ерлердің қатысуымен "Әйелдер, Бейбітшілік және Қауіпсіздік" тақырыбында өңірлік және субөңірлік консультациялар өткізу

өңірлік және субөңірлік консультациялар

АҚДМ, СІМ, Қорғанысмині, Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер құрылымы (келісу бойынша), АҚҰО (келісу бойынша), ӘІОДСҰК (келісу бойынша)

2022 – 2025 жылдар

-

талап етілмейді

7.

ІІМ және Қорғанысмині жанындағы академияларды тарта отырып, ішкі істер және қорғаныс органдарының қызметкерлері үшін жанжалдарды реттеу үшін медиация құралын пайдалану бойынша қашықтан оқыту тренингтерін өткізу

қашықтан оқыту тренингтері

Қорғанысмині, ІІМ, Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер құрылымы (келісу бойынша), АҚҰО (келісу бойынша), ӘІОДСҰК (келісу бойынша)

2023 – 2025 жылдар

-

талап етілмейді

8.

Гендерлік саясатты одан әрі ілгерілету бойынша ұсынымдар тұжырымдауды қоса алғанда, "Қазіргі қазақстандық қоғамдағы гендерлік саясат" тақырыбындағы зерттеу шеңберінде Қазақстан әйелдері мен ерлерінің жанжалдарды болғызбауға және бейбітшілік орнатуға қатысуы жөніндегі бөлімді дайындау және енгізу

зерттеу

АҚДМ

2022 жыл

3 388

РБ 001 "Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру",
"Қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы іс-шараларды өткізу" 124-кіші бағдарламасы

9.

Қорғанысминімен, СІМ-мен, ІІМ-мен, БП-мен өзара іс-қимыл жасайтын журналистер пулы және аталған органдардың баспасөз қызметтері үшін жанжалдарды болғызбау мен реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алуға әйелдер мен ерлердің тең құқылы және жан-жақты қатысуы бойынша тренингтер өткізу

тренингтер

АҚДМ, Қорғанысмині, СІМ, ІІМ, БП (келісу бойынша), Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер құрылымы (келісу бойынша)

2022 жыл
 

көзделген қаражат шегінде

РБ 009 "Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету"

10.

Жанжалдарды болғызбау мен реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, хабардар болуды арттыруға, жанжалдардың алдын алу мен әйелдерді қорғау мәселелерінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды күшейтуге әйелдердің тең құқылы және жан-жақты қатысуы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған 1325 (2000), 1820, 1888, 1889, 1960, 2106, 2122, 2242, 2467-қарарларды түсіндіруге және ілгерілетуге бағытталған арнайы сюжеттер (роликтер) немесе бағдарламалар дайындауды және таратуды қамтитын ақпараттық науқандар өткізу

медиа-жоспарды әзірлеу және іске асыру

АҚДМ, мүдделі орталық мемлекеттік органдар

жыл сайын
 

көзделген қаражат шегінде

РБ 003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу"
 
 
 
 

2. Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты болғызбау және оларды, әсіресе жанжал жағдайында қорғау

11.

Ізгілік операциялар аясында Сирия мен Ирактан оралған әйелдер мен балаларды оңалту жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер, отбасын қолдау орталықтарының және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және қабылдау

әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және қабылдау

АҚДМ, ДСМ, ОМ, Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер құрылымы (келісу бойынша), ӘІОДСҰК (келісу бойынша)

2023 жыл

-

талап етілмейді

12.

Жаңа дәуірде әйелдердің өңірлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша онлайн форматта конференция өткізу

онлайн форматтағы конференция

АҚҰО (келісу бойынша),
ӘІОДСҰК (келісу бойынша), СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер құрылымы (келісу бойынша)

2022 – 2025 жылдар

-

талап етілмейді

13.

Қазақстандағы білім беру тренингтері арқылы жанжал және жанжалдан кейінгі жағдайдағы әйелдерді экономикалық дамыту бойынша ЕО-мен және БҰҰ- әйелдермен ынтымақтастық бағдарламасын іске асыруға қатысу

тренингтер

БҒМ, ДСМ, СІМ, ЕО (келісу бойынша,)
Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер құрылымы (келісу бойынша)

2022 жыл

-

ЕО қаражаты есебінен

3. Гендерлік аспектіні көтермелеу және көшбасшылықты дамыту

14.

ІІМ, БП, Қорғанысмині, ТЖМ ведомстволық оқу орындарын тарта отырып, әскери қызметші әйелдер мен басқа да құқық қорғау органдарының, сондай-ақ бітімгершілік бөлімшелерінің әйелдері үшін көшбасшылық жөніндегі тренингтер өткізу

тренингтер

АҚДМ, Қорғанысмині, ІІМ, ТЖМ, БП (келісу бойынша), Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер құрылымы (келісу бойынша), ӘІОДСҰК (келісу бойынша)

2022 жыл

көзделген қаражат шегінде

РБ 009 "Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету"
 
 
 
 

15.

Әйелдерді құқық қорғау органдарындағы, қорғаныс саласы органдарындағы, сот жүйесіндегі және дипломатиялық қызметтегі басшы лауазымдарға тағайындау практикасын талдау

АҚДМ-ға ақпарат

Қорғанысмині, ІІМ, БП (келісу бойынша), ТЖМ, ЖС (келісу бойынша), СІМ

2023 жыл

-

талап етілмейді

16.

Азаматтық қоғам, құқық қорғау органдары мен қорғаныс және қауіпсіздік органдары өкілдерінің қатысуымен "Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әйелдердің рөлі" тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел өткізу

дөңгелек үстелді ұйымдастыру және өткізу

АҚДМ, ӘІОДСҰК (келісу бойынша),
Қорғанысмині, ІІМ, БП (келісу бойынша), АҚҰО (келісу бойынша), Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер құрылымы (келісу бойынша)

2023 жыл

-

талап етілмейді


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      АҚҰО – Қазақстан Республикасындағы "Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық" мемлекеттік мекемесі

      ӘІОДСҰК – Қазақстан Республикасының Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы

      БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      ЕО – Еуропалық Одақ

      ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      РБ – республикалық бюджет

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Об утверждении Плана мероприятий по реализации резолюций 1325 (2000), 1820, 1888, 1889, 1960, 2106, 2122, 2242, 2467, принятых Советом Безопасности Организации Объединенных Наций, по равноправному и всестороннему участию женщин в предотвращении и урегулировании конфликтов, обеспечении мира и безопасности, предупреждению насилия против женщин, повышению осведомленности, усилению взаимодействия с гражданским обществом в вопросах предупреждения конфликтов и защиты женщин на 2022 – 2025 годы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2021 года № 935.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый План мероприятий по реализации резолюций 1325 (2000), 1820, 1888, 1889, 1960, 2106, 2122, 2242, 2467, принятых Советом Безопасности Организации Объединенных Наций, по равноправному и всестороннему участию женщин в предотвращении и урегулировании конфликтов, обеспечении мира и безопасности, предупреждению насилия против женщин, повышению осведомленности, усилению взаимодействия с гражданским обществом в вопросах предупреждения конфликтов и защиты женщин на 2022 – 2025 годы (далее – План).

      2. Центральным исполнительным органам, государственным органам, непосредственно подчиненным и подотчетным Президенту Республики Казахстан (по согласованию), а также другим организациям (по согласованию), ответственным за исполнение Плана:

      1) принять необходимые меры по реализации Плана;

      2) ежегодно, не позднее 15 декабря, представлять информацию о ходе реализации Плана в Министерство информации и общественного развития Республики Казахстан.

      3. Министерству информации и общественного развития Республики Казахстан ежегодно, не позднее 10 января, представлять в Аппарат Правительства Республики Казахстан сводную информацию о ходе реализации Плана.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции постановления Правительства РК от 17.03.2023 № 236 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 24 декабря 2021 года № 935

План мероприятий по реализации резолюций 1325 (2000), 1820, 1888, 1889, 1960, 2106, 2122, 2242, 2467, принятых Советом Безопасности Организации Объединенных Наций, по равноправному и всестороннему участию женщин в предотвращении и урегулировании конфликтов, обеспечении мира и безопасности, предупреждению насилия против женщин, повышению осведомленности, усилению взаимодействия с гражданским обществом в вопросах предупреждения конфликтов и защиты женщин на 2022 – 2025 годы

      Сноска. План с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 17.03.2023 № 236 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).


п/п
Наименование
мероприятия
Форма завершения Ответственные
за исполнение
Срок исполнения Предполагаемые расходы
(тысяч тенге)
Источники финансирования
1 2 3 4 5 6 7

1. Участие женщин и мужчин в предотвращении конфликтов и миростроительстве

1.

Рассмотрение вопросов включения положений о посредничестве с использованием медиации для предотвращения и предупреждения или разрешения конфликтов при разработке проектов международных договоров Республики Казахстан

включение положений в проекты международных договоров

МИД, МО

2022 – 2025 годы

-

не требуются

2.

Подготовка военных советников-женщин по гендерным вопросам и защите гражданских лиц и детей на базе Центра миротворческой подготовки (КАЗЦЕНТ)

обучающие тренинги

МО, МИД

2022 – 2025 годы

-

не требуются

3.

Продвижение женщин в системах МО, МВД, МЧС, ГП на руководящие должности, а также мониторинг их дальнейшей карьеры

мониторинг

МО, МВД, МЧС, ГП (по согласованию)

2022 – 2025 годы

-

не требуются

4.

Разработка гендерно-чувствительного подхода к профессиональному развитию в сфере безопасности и обороны, с упором на показатели по количеству женщин, прошедших тренинги и обучение, женщин, получивших награды, и женщин на руководящих должностях

информация в МИОР

МО, МВД, ГП (по согласованию), МЧС

2023 – 2025 годы

-

не требуются

5.

Привлечение дипломатического персонала из числа женщин к международным переговорам и консультациям по вопросам разоружения и нераспространения оружия и международной безопасности

участие женщин в переговорах и консультациях

МИД, МО, МВД, ГП (по согласованию)

2022 – 2025 годы

-

не требуются

6.

Проведение региональных и субрегиональных консультаций на тему: "Женщины, Мир и Безопасность" с участием женщин и мужчин, являющихся активистами и представителями гражданского общества, в том числе имеющих опыт участия в разрешении конфликтов, обеспечении стабильности и безопасности, защиты прав и свобод человека и гражданина

региональные и субрегиональные консультации

МИОР, МИД, МО, структура "ООН-женщины" в Казахстане (по согласованию), НЦПЧ (по согласованию), НКДЖСДП (по согласованию)

2024 – 2025 годы

-

не требуются

7.

Проведение дистанционных обучающих тренингов по использованию инструмента медиации для урегулирования конфликтов для сотрудников органов внутренних дел и обороны, с привлечением учебных заведений при МВД и МО

дистанционные обучающие тренинги

МО, МВД, структура "ООН-женщины" в Казахстане (по согласованию), НЦПЧ (по согласованию), НКДЖСДП (по согласованию)

2023 – 2025 годы

-

не требуются

8.

Подготовка и включение раздела по участию женщин и мужчин Казахстана в предотвращении конфликтов и миростроительстве в рамках исследования на тему "Гендерная политика в современном казахстанском обществе", включая выработку рекомендаций по дальнейшему продвижению гендерной политики

исследование

МИОР

2022 год

3 388

РБ 001 "Формирование государственной политики в сфере информации и общественного развития", подпрограмма 124 "Проведение мероприятий в сфере модернизации общественного сознания"

9.

Проведение тренингов для пула журналистов, взаимодействующих с МО, МИД, МВД, ГП, и пресс-служб указанных органов по равноправному и всестороннему участию женщин и мужчин в предотвращении и урегулировании конфликтов, обеспечении мира и безопасности, предупреждении насилия против женщин

тренинги

МИОР, МО, МИД, МВД, ГП (по согласованию), структура "ООН-женщины" в Казахстане (по согласованию)

2022 год

в пределах предусмотренных средств

РБ 009 "Обеспечение реализации проектов, осуществляемых совместно с международными организациями"

10.

Проведение информационных кампаний, включающих изготовление и распространение специальных сюжетов (роликов) или передач, нацеленных на разъяснение и продвижение резолюций 1325 (2000), 1820, 1888, 1889, 1960, 2106, 2122, 2242, 2467, принятых Советом Безопасности ООН, по равноправному и всестороннему участию женщин в предотвращении и урегулировании конфликтов, обеспечении мира и безопасности, предупреждению насилия против женщин, повышению осведомленности, усилению взаимодействия с гражданским обществом в вопросах предупреждения конфликтов и защиты женщин

разработка и реализация медиа-плана

МИОР, заинтересованные центральные государственные органы

ежегодно
 

в пределах предусмотренных средств

РБ 003 "Проведение государственной информационной политики"

2. Предотвращение насилия в отношении женщин и девочек, их защита, особенно в условиях конфликта

11.

Разработка и принятие методических рекомендаций для социальных работников, сотрудников центров по поддержке семьи и общественных организаций по реабилитации женщин и детей, возвратившихся из Сирии и Ирака в рамках гуманитарных операций

разработка и принятие методических рекомендаций

МИОР, МЗ, МП, структура "ООН-женщины" в Казахстане (по согласованию), НКДЖСДП (по согласованию)

2023 год

-

не требуются

12.

Проведение конференции в онлайн-формате по вопросам международного сотрудничества по обеспечению региональной безопасности женщин в новую эру

конференция в онлайн-формате

НЦПЧ (по согласованию), НКДЖСДП (по согласованию), МИД, заинтересованные государственные органы,
структура "ООН-женщины" в Казахстане (по согласованию)

2022 – 2025 годы

-

не требуются

13.

Участие в реализации программы сотрудничества с ЕС и ООН-женщины по экономическому развитию женщин, находящихся в условиях конфликта и постконфликтной ситуации, через образовательные тренинги в Казахстане

тренинги

МОН, МЗ, МИД,
ЕС (по согласованию), структура "ООН-женщины" в Казахстане (по согласованию)

2022 год

-

за счет средств ЕС

3. Поощрение гендерного аспекта и развития лидерства

14.

Проведение тренингов по лидерству для женщин- военнослужащих и женщин других правоохранительных органов, а также миротворческих подразделений с привлечением ведомственных учебных заведений МВД, ГП, МО, МЧС

тренинги

МИОР, МО, МВД, МЧС, ГП (по согласованию), структура "ООН-женщины" в Казахстане, НКДЖСДП (по согласованию)

2022 год

в пределах предусмотренных средств

РБ 009 "Обеспечение реализации проектов, осуществляемых совместно с международными организациями"

15.

Анализ практики назначения женщин на руководящие должности в правоохранительных органах, органах в области обороны, судебной системы и дипломатической службы

информация в МИОР

МО, МВД, ГП (по согласованию), МЧС, ВС (по согласованию), МИД

2023 год

-

не требуются

16.

Проведение круглого стола в онлайн-формате на тему "Роль женщин в обеспечении мира и безопасности" с участием представителей гражданского общества, правоохранительных органов, органов обороны и безопасности

организация и проведение круглого стола

МИОР, НКДЖСДП (по согласованию),
МО, МВД, ГП (по согласованию), НЦПЧ (по согласованию), структура "ООН-женщины" в Казахстане (по согласованию)

2023 год

-

не требуются


      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      МИОР – Министерство информации и общественного развития Республики Казахстан

      НЦПЧ – государственное учреждение "Национальный центр по правам человека в Республике Казахстан"

      НКДЖСДП – Национальная комиссия по делам женщин и семейно-демографической политике Республики Казахстан

      МОН – Министерство образования и науки Республики Казахстан

      ГП – Генеральная прокуратура Республики Казахстан

      ООН – Организация Объединенных Наций

      МЗ – Министерство здравоохранения Республики Казахстан

      ЕС – Европейский Союз

      ВС – Верховный суд Республики Казахстан

      МО – Министерство обороны Республики Казахстан

      РБ – республиканский бюджет

      МИД – Министерство иностранных дел Республики Казахстан

      МЧС – Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

      МВД – Министерство внутренних дел Республики Казахстан

      МП – Министерство просвещения Республики Казахстан