Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Жергiлiктi бюджеттен берiлген кредиттер бойынша талаптарды тоқтату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 254 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгінің (қаржы полициясы) мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |