Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидалары";
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну тәртібі";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру тәртібі";
мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
"2-1-тарау. Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл
14-5. Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерінен (бұдан әрі – арнайы рәсімдер) олардың атауына қарамастан хабарламалар немесе ұсынымдар алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде СІМ оларды көрсетілген хабарламалар мен ұсынымдардың реттеу нысанасы құзыретіне жататын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жібереді.
СІМ осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде арнайы рәсімдерден алынған хабарламалардың немесе ұсынымдарды ақпарат ретінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге де жібереді.
14-6. Арнайы рәсімдердің хабарламаларына немесе ұсынымдарына жауап дайындауды және ұсынуды СІМ көрсетілген хабарламалардың немесе ұсынымдардың реттеу нысанасы құзыретіне жататын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары ұсынған ақпарат негізінде жүзеге асырады.
14-7. Арнайы рәсімдер хабарламаларының немесе ұсынымдарының реттеу нысанасы құзыретіне жататын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары СІМ-ге Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары не олардың міндеттерін атқаратын адамдар қол қойған арнайы рәсімдердің хабарламалары немесе ұсынымдары жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Арнайы рәсімдердің хабарламаларына немесе ұсынымдарына жауап жобасын пысықтау мақсатында СІМ құрылымдық бөлімшелердің басшылары немесе одан жоғары деңгейде Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізеді.
14-8. СІМ арнайы рәсімдердің хабарламаларында немесе ұсынымдарында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін дипломатиялық арналар арқылы бірінші басшы не оның міндетін атқаратын адам қол қойған, хабарламалардың немесе ұсынымдардың тілінде дайындалған арнайы рәсімдердің хабарламаларына немесе ұсынымдарына жауап жібереді.
Арнайы рәсімдердің хабарламалары немесе ұсынымдары, сондай-ақ осы хабарламаларға немесе ұсынымдарға осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жіберілген жауаптар осы ақпарат Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының ресми интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде СІМ-нің ресми интернет-ресурсында жарияланады.
14-9. СІМ арнайы рәсімдерге жауап жібергеннен кейін он жұмыс күні ішінде Президент Әкімшілігіне атқарылған жұмыстың қорытындысы туралы есеп жібереді.
СІМ осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде атқарылған жұмыстың қорытындысы туралы есепті ақпарат ретінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге де жібереді.
14-10. СІМ:
1) СІМ-мен келісу бойынша Қазақстан Республикасына арнайы рәсімдер сапарының нысанасы құзыретіне жататын мемлекеттік органдардың ұсыныстары;
2) арнайы рәсімдердің Қазақстан Республикасына сапарының нысанасы құзыретіне жататын мемлекеттік органдармен келісу бойынша СІМ бастамасы;
3) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсыныстары негізінде дипломатиялық арналар арқылы арнайы рәсімдерге Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасына сапар жасауға шақыру жібереді.
14-11. Осы Қағидалардың 1-тармағында айқындалған орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимылды Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттарында белгіленген шарттық органдар рәсімінің қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау тәртібі";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру тәртібі";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Халықаралық сот органдарының сұрау салуларын және халықаралық сот органдарына өтініштерді қарау тәртібі";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру тәртібі";
50-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Осы Қағидалардың 6-тарауының талаптары Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесіне қолданылмайды.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |