"Жеке қосалқы шаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 985 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Жеке қосалқы шаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Жеке қосалқы шаруашылық туралы

      Осы Заң жеке қосалқы шаруашылықтар қызметінің құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін, олардың қызметін мемлекеттік реттеудің қағидаттары мен тетіктерін айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеке қосалқы шаруашылық – азаматтың және оның отбасы мүшелерінің елді мекенде орналасқан жер учаскесінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу бойынша өзі тұтынуына және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбай, жеке мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін өткізуіне арналған кәсіпкерлік емес қызмет түрі;

      2) екпе (жасанды) жайылымдар – тұрақты, өнімділігі жоғары жемшөп алқаптары бар, ауыл шаруашылығы жануарларын ұтымды күтіп-бағу және оларға зооветеринариялық қызмет көрсету үшін шалғынның жоғары шығымдылығын қамтамасыз етуге арналған жүйелермен және құрылғылармен, мал иіретін жерлермен және суаттармен жарақталған жайылымдар;

      3) суландырылған жайылымдар – аумағында тиісті мал басын тиісінше сападағы сумен қамтамасыз етуге қабілетті су көздері (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару немесе суландыру арналары, құбырлы немесе шахталы құдықтар) бар жайылымдар;

      4) ауыл шаруашылығы жануарлары – мал шаруашылығы өнімін алу мақсатында адам өсіретін жануарлар, құстар, балықтар және бал аралары;

      5) жеке қосалқы шаруашылық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-бап. Қазақстан Республикасының жеке қосалқы шаруашылық туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының жеке қосалқы шаруашылық туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттардың қағидалары қолданылады.

2-тарау. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті

3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретіне:

      1) жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту саласындағы мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу және бекіту;

      2) жеке қосалқы шаруашылықтар мен олардың ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру;

      3) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындау кіреді.

4-бап. Жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:

      1) жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру және оларға әдістемелік басшылық жасау;

      3) жеке қосалқы шаруашылықтар мен олардың ауыл шаруашылығы кооперативтерінің дамуына мониторинг жүргізу;

      4) жеке қосалқы шаруашылықтарға өтеусіз негізде берілуге тиіс ақпарат пен көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;

      5) жеке қосалқы шаруашылықтардың қызметін қозғайтын салаларда нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

5-бап. Облыстардың жергілікті өкілді органдарының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыреті

      Облыстардың жергілікті өкілді органдарының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыретіне:

      1) жеке қосалқы шаруашылықтарды және олардың кооперациясын дамыту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру
кіреді.

6-бап. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыреті

      Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыретіне:

      1) елді мекендер жерлерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды реттеу;

      2) жеке қосалқы шаруашылықтар мен олардың ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өнімдерін базарларда, басқа да бөлшек сауда объектілерінде және әлеуметтік павильондарда өткізуді ұйымдастыру;

      3) осы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтар мен олардың ауыл шаруашылығы кооперативтерін мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      4) жеке қосалқы шаруашылықтарды тауарлық ауыл шаруашылығы өндірісіне трансформациялау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

      5) жеке қосалқы шаруашылықтар мен олардың ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жай-күйі мен дамуы туралы ақпаратты жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға беру;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру кіреді.

7-бап. Аудандардың жергілікті өкілді органдарының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыреті

      Аудандардың жергілікті өкілді органдарының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыретіне жеке қосалқы шаруашылықтарды және олардың кооперациясын дамыту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау кіреді.

8-бап. Аудандардың жергілікті атқарушы органдарының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыреті

      Аудандардың жергілікті атқарушы органдарының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыретіне:

      1) жеке қосалқы шаруашылықтардың, сондай-ақ олардың ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мұқтаждықтары үшін елді мекендерге жер заңнамасының және осы Заңның 12-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес резервтік жер қорының жерлері, босалқы жерлер есебінен, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы құралымдарының шығындарын өтеу арқылы мемлекетке қайтарылған жер алқаптары есебінен жайылымдық, шабындық алқаптарды, егістік жерлерді бөлу;

      2) жеке қосалқы шаруашылық жүргізетін азаматтарды, сондай-ақ олардың ауыл шаруашылығы кооперативтерін:

      екпе (жасанды) және суландырылған жайылымдар, мал суаруға арналған алаңдар мен құдықтар жасау;

      елді мекендер жерлеріндегі ирригациялық жүйелерді тиісінше техникалық жай-күйде ұстау;

      елді мекен жерлерін санитариялық тазалау жөніндегі жұмыстарға тартуды ұйымдастыру;

      3) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлармен келісу бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттарын (мал айдау жолдарын) айқындау кіреді.

9-бап. Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыреті

      Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыретіне:

      1) уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру;

      2) жеке қосалқы шаруашылық жүргізетін азаматтарды, сондай-ақ олардың ауыл шаруашылығы кооперативтерін:

      екпе (жасанды) және суландырылған жайылымдар, мал суаруға арналған алаңдар мен құдықтар жасау;

      елді мекендер жерлеріндегі ирригациялық жүйелерді тиісінше техникалық жай-күйде ұстау;

      елді мекен жерлерін санитариялық тазалау жөніндегі жұмыстарға тартуды ұйымдастыру кіреді.

10-бап. Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер тұрғындары жиынының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыреті

      Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер тұрғындары жиынының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыретіне ауыл әкімінің жеке қосалқы шаруашылықтарды және олардың кооперациясын дамыту жөніндегі есебін тыңдау кіреді.

3-тарау. Жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды мемлекеттік реттеу

11-бап. Жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды мемлекеттік реттеу

      1. Жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды мемлекеттік реттеу ауыл халқының тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында олардың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған.

      2. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрамына кіретін жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды мемлекеттік реттеу:

      1) мемлекеттік қолдау шараларының сабақтастығы мен тұрақтылығы;

      2) мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігі;

      3) экономикалық өсу әлеуеті бар ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрамына кіретін жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытудың басымдығы;

      4) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрамына кіретін жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды мемлекеттік қолдаудың жыл сайынғы қажетті көлемін қамтамасыз ету;

      5) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрамына кіретін жеке қосалқы шаруашылықтардың бәсекелестік артықшылықтарын дамыту;

      6) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрамына кіретін жеке қосалқы шаруашылықтарда ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің экологиялық қауіпсіздігі;

      7) тұрғындардың ауылдық елді мекендерде тұруының
санитариялық-гигиеналық қауіпсіздігі қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрамына кіретін жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды мемлекеттік реттеу:

      1) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрамына кіретін жеке қосалқы шаруашылықтарға кредит беру;

      2) ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдық лизингін ұйымдастыру;

      3) жеке қосалқы шаруашылықтарға кредит беруді жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктер мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыру және оларға кредит беру;

      4) мыналарды:

      жеке қосалқы шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін;

      ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жеке қосалқы шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы кооперативтері өндірісінің негізгі құралдарын сатып алуға жұмсаған инвестициялық шығындарын;

      жеке қосалқы шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы кооперативтері өткізген өнімнің көлемін субсидиялау;

      5) жеке қосалқы шаруашылықтар мен олардың ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға инвестицияларды жүзеге асыру;

      6) ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      7) өндірілген өнімді кепілдендірілген сатып алу бағасы бойынша сатып алу;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

      4. Жеке қосалқы шаруашылықтар мен олардың ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуды мемлекеттік реттеу жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес көзделген бағыттар бойынша қаржыландырылады.

12-бап. Азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілетін жер учаскелерінің мөлшері және онда ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағу нормативтері

      1. Елді мекендер шегінде азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілетін жер учаскелерінің мөлшері жер заңнамасына сәйкес айқындалады.

      2. Жеке қосалқы шаруашылықтарға, сондай-ақ олардың ауыл шаруашылығы кооперативтеріне көпшілік малын жаю үшін елді мекендерден тыс жер учаскелері, оның ішінде жайылымдар жер заңнамасына сәйкес беріледі, ал олардың мөлшері уәкілетті орган өңірде бар жер алқаптарының бос алаңдарын ескере отырып бекіткен жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасы негізінде айқындалады.

13-бап. Азаматтардың жеке қосалқы шаруашылық жүргізу
құқығы

      1. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу құқығы жер заңнамасына сәйкес меншік құқығында немесе жер пайдалану құқығында жер учаскелері бар Қазақстан Республикасының азаматтарына және олардың отбасы мүшелеріне тиесілі болады.

      2. Қазақстан Республикасының азаматтарында жеке қосалқы шаруашылық жүргізу құқығы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттар негізінде туындайды.

14-бап. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізетін азаматтардың құқықтары мен міндеттері

      1. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізетін азаматтардың:

      1) жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін бөлінген жерлерді пайдалануға;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы кооперативтерін, қоғамдық бірлестіктер құруға, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтардың қызметі мен жұмыс істеуінің жалпы мәселелерін бірлесіп шешу мақсатында олардың құрамына кіруге;

      3) мыналардың:

      ауыл шаруашылығы жануарларының саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру ауыл шаруашылығы жануарларының, ауыл шаруашылығы жануарларынан алынатын өнімдер мен шикізаттың;

      ауыл шаруашылығы жануарларының саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай зарарсыздандырылған (залалсыздандырылған) және өңделген ауыл шаруашылығы жануарларының, ауыл шаруашылығы жануарларынан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтетуге;

      4) фитосанитария саласындағы мамандардың фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу жөніндегі қызметтік міндеттерін орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетуге;

      5) елді мекеннің жоспарлау жобасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін қажетті тұрғын және шаруашылық құрылыстары мен құрылысжайларын салуға;

      6) фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауға;

      7) заңнамаға және бағдарламалық құжаттарға сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануға;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құқықтарды пайдалануға құқығы бар.

      2. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізетін азаматтар:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағудың белгіленген нормативтері мен қағидаларын сақтауға;

      2) ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етуге;

      3) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар жүргізу жөніндегі қызметтік міндеттерін орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетуге;

      4) ветеринариялық іс-шаралар жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауға;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жергілікті атқарушы органдарға жеке қосалқы шаруашылық туралы ақпарат беруге;

      6) жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін бөлінген жерлердің құнарлылығы мен өнімділігін сақтауға;

      7) өз қызметі салдарынан экологиялық, эпизоотиялық, карантиндік фитосанитариялық және санитариялық-гигиеналық ахуалдың нашарлауына жол бермеуге;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

15-бап. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізуді тоқтату

      Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу азаматтың жеке қосалқы шаруашылық жүргізілетін жер учаскесіне құқығы тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

16-бап. Жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық

      Жеке қосалқы шаруашылықты және олардың кооперациясын дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылады.

17-бап. Қазақстан Республикасының жеке қосалқы шаруашылық туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының жеке қосалқы шаруашылық туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.

18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О личном подсобном хозяйстве"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2021 года № 985

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О личном подсобном хозяйстве".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Проект

ЗАКОН
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
О личном подсобном хозяйстве

      Настоящий Закон определяет правовые, организационные и экономические основы деятельности личных подсобных хозяйств, принципы и механизмы государственного регулирования их деятельности.

      Глава 1. Общие положения

      Статья 1. Основные понятия, используемые в настоящем Законе

      В настоящем Законе используются следующие основные понятия:

      1) личное подсобное хозяйство – вид непредпринимательской деятельности гражданина и членов его семьи по производству и переработке сельскохозяйственной продукции на земельном участке, расположенном в населенном пункте, для собственного потребления и реализации для удовлетворения личных нужд без использования труда наемных работников;

      2) культурные (искусственные) пастбища – пастбища с устойчивыми высокопродуктивными кормовыми угодьями, оснащенные системами и устройствами для обеспечения высокой урожайности травостоя, местами отдыха и водопоями для рационального содержания на них сельскохозяйственных животных и их зооветеринарного обслуживания;

      3) обводненные пастбища – пастбища, на территории которых имеются водоисточники (озера, реки, пруды, копани, оросительные или обводнительные каналы, трубчатые или шахтные колодцы), способные обеспечить водой надлежащего качества соответствующее поголовье скота;

      4) сельскохозяйственные животные – животные, птицы, рыбы и пчелы, разводимые человеком в целях получения животноводческой продукции;

      5) уполномоченный орган в области личного подсобного хозяйства (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий координацию развития агропромышленного комплекса.

      Статья 2. Законодательство Республики Казахстан о личном подсобном хозяйстве

      1. Законодательство Республики Казахстан о личном подсобном хозяйстве основывается на Конституции Республики Казахстан и состоит из настоящего Закона и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      2. Если международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан, установлены иные правила, чем те, которые содержатся в настоящем Законе, то применяются правила международных договоров.

      Глава 2. Компетенция государственных органов и органов местного самоуправления в области государственного регулирования развития личных подсобных хозяйств

      Статья 3. Компетенция Правительства Республики Казахстан в области государственного регулирования развития личных подсобных хозяйств

      В компетенцию Правительства Республики Казахстан в области государственного регулирования развития личных подсобных хозяйств входят:

      1) разработка и утверждение основных направлений социально-экономической политики государства в области развития личных подсобных хозяйств;

      2) организация международного сотрудничества в области развития личных подсобных хозяйств и их сельскохозяйственных кооперативов;

      3) выполнение иных функций, возложенных на него Конституцией, настоящим Законом, иными законами Республики Казахстан и актами Президента Республики Казахстан.

      Статья 4. Компетенция уполномоченного органа в области государственного регулирования развития личных подсобных хозяйств

      В компетенцию уполномоченного органа в области государственного регулирования развития личных подсобных хозяйств входят:

      1) реализация политики государства по вопросам развития личных подсобных хозяйств;

      2) координация и методическое руководство местных исполнительных органов в области развития личных подсобных хозяйств;

      3) проведение мониторинга развития личных подсобных хозяйств и их сельскохозяйственных кооперативов;

      4) разработка и утверждение перечня информации и услуг, подлежащих предоставлению личным подсобным хозяйствам на безвозмездной основе;

      5) внесение предложений по вопросам совершенствования нормативной правовой базы в сферах, затрагивающих деятельность личных подсобных хозяйств;

      6) осуществление иных полномочий, предусмотренных настоящим Законом, иными законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан.

      Статья 5. Компетенция местных представительных органов областей в вопросах развития личных подсобных хозяйств

      В компетенцию местных представительных органов областей в вопросах развития личных подсобных хозяйств входят:

      1) заслушивание отчетов руководителей местных исполнительных органов по вопросам развития личных подсобных хозяйств и их кооперации;

      2) осуществление в соответствии с законодательством Республики Казахстан иных полномочий по развитию личных подсобных хозяйств.

      Статья 6. Компетенция местных исполнительных органов областей в вопросах развития личных подсобных хозяйств

      В компетенцию местных исполнительных органов областей в вопросах развития личных подсобных хозяйств входят:

      1) регулирование выпаса сельскохозяйственных животных на землях населенных пунктов;

      2) организация реализации продукции личных подсобных хозяйств и их сельскохозяйственных кооперативов на рынках, других объектах розничной торговли и социальных павильонах;

      3) разработка предложений по государственной поддержке личных подсобных хозяйств и их сельскохозяйственных кооперативов в соответствии с настоящим Законом и другими нормативными правовыми актами в данной сфере;

      4) разработка и реализация мероприятий по трансформации личных подсобных хозяйств в товарное сельскохозяйственное производство;

      5) предоставление информации о состоянии и развитии личных подсобных хозяйств и их сельскохозяйственных кооперативов в уполномоченный орган по вопросам развития личных подсобных хозяйств;

      6) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.

      Статья 7. Компетенция местных представительных органов районов в вопросах развития личных подсобных хозяйств

      В компетенцию местных представительных органов районов в вопросах развития личных подсобных хозяйств входит заслушивание отчетов руководителей местных исполнительных органов по вопросам развития личных подсобных хозяйств и их кооперации.

      Статья 8. Компетенция местных исполнительных органов районов в вопросах развития личных подсобных хозяйств

      В компетенцию местных исполнительных органов районов в вопросах развития личных подсобных хозяйств входят:

      1) выделение пастбищных, сенокосных угодий, пахотных земель населенным пунктам для нужд личных подсобных хозяйств, а также их сельскохозяйственным кооперативам в соответствии с требованиями земельного законодательства и пункта 2 статьи 12 настоящего Закона из числа земель резервного земельного фонда, земель запаса, а также за счет земельных угодий действующих сельскохозяйственных формирований, возвращенных государству путем возмещения их затрат;

      2) организация привлечения граждан, ведущих личное подсобное хозяйство, а также их сельскохозяйственных кооперативов к работам по:

      созданию культурных (искусственных) и обводненных пастбищ, площадок и колодцев для водопоя скота;

      содержанию в надлежащем техническом состоянии ирригационных систем на землях населенных пунктов;

      санитарной очистке земель населенного пункта;

      3) по согласованию с главными государственными ветеринарно-санитарными инспекторами определение маршрута транспортировки (перемещения) сельскохозяйственных животных (скотопрогонные трассы).

      Статья 9. Компетенция акимов сел, поселков, сельских округов в вопросах развития личных подсобных хозяйств

      В компетенцию акимов сел, поселков, сельских округов в вопросах развития личных подсобных хозяйств входят:

      1) ведение похозяйственного учета в соответствии с утвержденной уполномоченным органом статистической методологией, организация ведения регистрационных записей по форме, утвержденной уполномоченным органом;

      2) организация привлечения граждан, ведущих личное подсобное хозяйство, а также их сельскохозяйственных кооперативов к работам по:

      созданию культурных (искусственных) и обводненных пастбищ, площадок и колодцев для водопоя скота;

      содержанию в надлежащем техническом состоянии ирригационных систем на землях населенных пунктов;

      санитарной очистке земель населенного пункта.

      Статья 10. Компетенция схода жителей сел, поселков, сельских округов в вопросах развития личных подсобных хозяйств

      В компетенцию схода жителей сел, поселков, сельских округов в вопросах развития личных подсобных хозяйств входит заслушивание отчета акима села по развитию личных подсобных хозяйств и их кооперации.

      Глава 3. Государственное регулирование развития личных подсобных хозяйств

      Статья 11. Государственное регулирование развития личных подсобных хозяйств

      1. Государственное регулирование развития личных подсобных хозяйств направлено на создание необходимых условий для их эффективной работы с целью повышения уровня жизни сельского населения.

      2. Государственное регулирование развития личных подсобных хозяйств, входящих в состав сельскохозяйственных кооперативов, осуществляется в соответствии со следующими принципами:

      1) преемственности и стабильности мер государственной поддержки;

      2) эффективности мер государственного регулирования;

      3) приоритетности развития личных подсобных хозяйств, входящих в состав сельскохозяйственных кооперативов, имеющих потенциал экономического роста;

      4) обеспечения необходимого ежегодного объема государственной поддержки развития личных подсобных хозяйств, входящих в состав сельскохозяйственных кооперативов;

      5) развития конкурентных преимуществ личных подсобных хозяйств, входящих в состав сельскохозяйственных кооперативов;

      6) экологической безопасности производства сельскохозяйственной продукции в личных подсобных хозяйствах, входящих в состав сельскохозяйственных кооперативов;

      7) санитарной-гигиенической безопасности проживания жителей в сельских населенных пунктах.

      3. Государственное регулирование развития личных подсобных хозяйств, входящих в состав сельскохозяйственных кооперативов, осуществляется посредством:

      1) кредитования личных подсобных хозяйств, входящих в состав сельскохозяйственных кооперативов;

      2) организации лизинга сельскохозяйственной техники и технологического оборудования для сельскохозяйственных кооперативов;

      3) организации и кредитования кредитных товариществ и сельскохозяйственных кооперативов, осуществляющих кредитование личных подсобных хозяйств;

      4) субсидирования:

      ставки вознаграждения по кредитам и лизингу для сельскохозяйственных кооперативов личных подсобных хозяйств;

      инвестиционных затрат сельскохозяйственных кооперативов на приобретение основных средств производства сельскохозяйственных кооперативов личных подсобных хозяйств;

      объемов реализованной продукции сельскохозяйственными кооперативами личных подсобных хозяйств;

      5) осуществления инвестиций в развитие личных подсобных хозяйств и их сельскохозяйственных кооперативов;

      6) обеспечения ветеринарно-санитарной и карантинной фитосанитарной безопасности;

      7) закупа произведенной продукции по гарантированной закупочной цене;

      8) применения иных мер в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан.

      4. Мероприятия по государственному регулированию развития личных подсобных хозяйств и их сельскохозяйственных кооперативов финансируются по направлениям, предусмотренным в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан.

      Статья 12. Размеры земельных участков, предоставляемых гражданам для ведения личного подсобного хозяйства, и нормативы содержания сельскохозяйственных животных в нем

      1. Размеры земельных участков, предоставляемых гражданам для ведения личного подсобного хозяйства, в пределах населенных пунктов определяются в соответствии с земельным законодательством.

      2. Земельные участки, в том числе пастбища, за пределами населенных пунктов для общественного выпаса скота личных подсобных хозяйств, а также их сельскохозяйственных кооперативов, предоставляются в соответствии с земельным законодательством, а их размеры определяются на основании предельно допустимой нормы нагрузки на общую площадь пастбищ, утвержденной уполномоченным органом с учетом имеющихся свободных площадей земельных угодий в регионе.

      Статья 13. Право граждан на ведение личного подсобного хозяйства

      1. Право на ведение личного подсобного хозяйства принадлежит гражданам Республики Казахстан и членам их семей, имеющим земельные участки на праве собственности или праве землепользования согласно земельному законодательству.

      2. Право на ведение личного подсобного хозяйства у граждан Республики Казахстан возникает на основе правоустанавливающих документов на земельные участки, указанные в пункте 1 настоящей статьи, в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан.

      Статья 14. Права и обязанности граждан, ведущих личное подсобное хозяйство

      1. Граждане, ведущие личное подсобное хозяйство, имеют право:

      1) пользоваться землями, отведенными для ведения личного подсобного хозяйства;

      2) в установленном законодательством порядке создавать сельскохозяйственные кооперативы, общественные объединения, а также входить в их состав с целью совместного решения общих вопросов деятельности и функционирования личных подсобных хозяйств;

      3) на возмещение стоимости:

      изымаемых и уничтожаемых больных сельскохозяйственных животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья сельскохозяйственных животных и человека;

      обезвреженных (обеззараженных) и переработанных без изъятия сельскохозяйственных животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья сельскохозяйственных животных и человека;

      4) оказывать содействие специалистам в области фитосанитарии при выполнении ими служебных обязанностей по проведению фитосанитарных мероприятий;

      5) возводить жилые и хозяйственные строения и сооружения, необходимые для ведения личного подсобного хозяйства, в соответствии с проектом планировки населенного пункта;

      6) создавать необходимые условия для проведения фитосанитарных мероприятий;

      7) пользоваться мерами государственной поддержки в соответствии с законодательством и программными документами;

      8) пользоваться иными правами, установленными законодательством Республики Казахстан.

      2. Граждане, ведущие личное подсобное хозяйство, обязаны:

      1) соблюдать установленные нормативы и правила содержания сельскохозяйственных животных;

      2) обеспечивать идентификацию сельскохозяйственных животных в соответствии с законодательством в области ветеринарии;

      3) оказывать содействие специалистам в области ветеринарии при выполнении ими служебных обязанностей по проведению ветеринарных мероприятий;

      4) создать необходимые условия для проведения ветеринарных мероприятий;

      5) представлять информацию о личном подсобном хозяйстве местным исполнительным органам в порядке и случаях, установленных законодательством Республики Казахстан;

      6) поддерживать плодородие и продуктивность земель, отведенных для ведения личного подсобного хозяйства;

      7) не допускать ухудшения экологической, эпизоотической, карантинной, фитосанитарной и санитарно-гигиенической обстановки в результате своей деятельности;

      8) нести иные обязанности, установленные законодательством Республики Казахстан.

      Статья 15. Прекращение ведения личного подсобного хозяйства

      Ведение личного подсобного хозяйства прекращается с момента прекращения прав гражданина на земельный участок, на котором ведется личное подсобное хозяйство.

      Глава 4. Заключительные положения

      Статья 16. Международное сотрудничество в области развития личных подсобных хозяйств

      Международное сотрудничество в области развития личного подсобного хозяйства и их кооперации осуществляется на основе международных договоров.

      Статья 17. Ответственность за нарушение законодательства Республики Казахстан о личном подсобном хозяйстве

      Нарушение законодательства Республики Казахстан о личном подсобном хозяйстве влечет ответственность в соответствии с законами Республики Казахстан.

      Статья 18. Порядок введения в действие настоящего Закона

      Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Президент
Республики Казахстан