Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыровқа Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құру туралы келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан 21-баптың (с) тармағына мынадай ескертпемен қол қоюға өкілеттік берілсін:
"Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, ОИ персоналының мүшелері өздеріне ОИ төлейтін айлықақылары мен сыйақыларына салық салудан босатылады.".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің |
|
2022 жылғы 16 ақпандағы | |
№ 64 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құру туралы келісім
Уағдаласушы тараптар
Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы (мәтін бойынша бұдан әрі – "ОАӨЭЫ") бағдарламасының сапасын және тиімділігін арттыру мақсатында ғылыми зерттеулер орталығын құрудың және оның әлеуетін арттырудың қажеттілігін, сондай-ақ өңірде 2012 жылғы 30 қазанда Уханьда (Қытай Халық Республикасы) өткен Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасының 11-ші Министрлік конференциясында қол жеткізілген Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтының физикалық базасын құру туралы уағдаластықты назарға ала отырып;
Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасының Министрлік конференциясының аясында өз функцияларын толық құқық субъектілігіне ие ұйым болып жүзеге асыра алатын үкіметаралық ұйым ретінде Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құруға ниет білдіре отырып;
Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институты ОАӨЭЫ мүшелеріне қызметтер көрсету мақсатында ОАӨЭЫ операциялық басымдықтарының бірі ретінде айқындалғанын және осы тұрғыдан 2014 жылғы 6 қарашада Қырғыз Республикасында, Бішкекте Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығының 13-ші Министрлік конференциясында мақұлданған "Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтының физикалық базасын құру туралы министрлер мәлімдемесінде" көрініс тапқан теңдік, әділдік және теңгерім қағидаттарын ұстануға тиіс екенін мойындай отырып;
Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құру өңірлік экономикалық ынтымақтастық пен прогресс жолында маңызды қадам болатынына сенім білдіре отырып;
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-тарау Құрылуы, мақсаты мен функциялары
Осы Келісіммен уағдаласушы тараптар толық құқық субъектілігіне ие үкіметаралық ұйым ретінде Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын (бұдан әрі "ОИ" деп аталады) құрады, оған осы Келісімге сәйкес жүктелетін функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі.
2-бап. Мақсаты: ОАӨЭЫ-мен қарым-қатынас
ОИ құрудың мақсаты ОАӨЭЫ өңірінде экономикалық өсуді жеделдету мақсатына қол жеткізу үшін тиімді өңірлік ынтымақтастыққа арналған білімді құру және әлеуетті дамыту есебінен ОАӨЭЫ сапасын арттырумен байланысты болып табылады.
(1).
(а) Осы Келiсiмде пайдаланылатын "ОИ-ге мүше ел" деген анықтама ратификациялау, қабылдау немесе бекіту құралын депозитарийге сақтау үшін берген қол қойған тарапты білдіреді.
(b) Осы Келісім күшіне енген сәттен бастап екі жыл өтпейінше немесе ол қол қойған тарап болған сәттен бастап екі жыл өтпейінше – осы екі оқиғаның қайсысы кеш басталуына байланысты сақтау, қабылдау немесе бекіту үшін қол қойған тарап ратификациялау құралын депозитарийге бермегеніне қарамастан, оған осы Келісімге сәйкес ОИ-ге мүше елдің барлық құқықтары беріледі.
(с) Осы Келісім күшіне енген сәттен бастап екі жылдан кейін болатын күнге қарай немесе ол қол қойған тарап болған сәттен бастап екі жылдан кейін болатын күнге қарай – осы екі оқиғаның қайсысы кеш басталуына байланысты сақтау, қабылдау немесе бекіту үшін ратификациялау құралын депозитарийге бермеген қол қоюшы тарап осыған қарамастан ОИ істері мен бағдарламаларына және шешімдер қабылдау құқығынсыз қатысушы ретінде Басқарушы кеңестің отырыстарына қатыса алады, бірақ (i) ол ОИ-ге мүше ел болмайынша, оның Басқарушы кеңестің шешімдерімен келісуі талап етілмейді, (ii) оның өкілі Басқарушы кеңестің төрағасы бола алмайды және (iii) оның қандай да бір адамды Басшылықтағы кез келген лауазымға тағайындауға немесе номинациялауға құқығы болмайды (3-баптың осы (1) (c) параграфының (i), (ii) және (iii) тармақшаларында көрсетілген мәселелер осы жерде және бұдан әрі "басқару құқықтары" деп аталады).
(2). Басқарушы кеңес ОАӨЭЫ-ға мүше болып табылмайтын елдерге және
ОИ-ге оның мақсаттарға қол жеткізуіне жәрдемдесе алатын ұйымдарға басқарушы кеңес айқындауы мүмкін, бірақ басқару құқығынсыз, осындай тағайындаулармен, құқықтармен, міндеттермен және артықшылықтармен бірге бақылаушы мәртебесін бере алады.
(3).
(a) ОАӨЭЫ құрамынан шығатын ОИ-ге мүше ел депозитарийді өзінің ОИ құрамынан шығуы туралы хабардар етуге тиіс және ОИ-ге бақылаушы ретінде қатысуды жалғастыру туралы өзінің ниетін хабарлай алады. Мұндай хабарламада осы 3-баптың (3) тармағының (b) тармақшасында көзделетін құрамнан шығу туралы хабарлама қамтылатын болады және бақылаушы ретінде қатысуды жалғастыру туралы кез келген өтініш Басқарушы кеңестің қарауына жіберілетін болады.
(b) ОИ-ге мүше кез келген ел депозитарийге жазбаша хабарлама беру арқылы ОИ құрамынан кез келген сәтте шыға алады. ОИ-ге мүше елдің ОИ құрамынан шығуы оның хабарламасында көрсетілген күннен бастап, бірақ қандай жағдайда болмасын депозитарий хабарлама алған күннен кейін кемінде алты (6) айдан кейін күшіне енеді және оның мүшелігі тоқтатылады.
(c) ОИ құрамынан шығатын мүше ел өзінің мүшелігін тоқтату күні субъектісі болған ОИ алдындағы өзінің барлық міндеттері мен міндеттемелері бойынша жауап беруді жалғастырады.
ОИ өзінің мақсатына қол жеткізу үшін:
(1). ОАӨЭЫ Министрлер конференциясының әрбір жыл сайынғы отырысында өзінің өткен және ұсынып отырған бағдарламалары туралы ОАӨЭЫ алдында есеп береді;
(2). өзінің бағдарламаларын ОАӨЭЫ стратегиялық мақсаттарына сәйкес келтіреді;
(3). ОИ-ге мүше елдерге өңірлік сын-қатерлерге ден қою және ынтымақтастық процестерін іске асыру мүмкіндіктерін беру үшін озық тәжірибе алмасуға негізделген инновациялық шешімдерді ұсынады;
(4). ОИ-ге мүше елдер үкіметтерінің ресми тұлғаларының өңірлік ынтымақтастық процестеріне қатысуы, өңірлік ынтымақтастық жобаларын жоспарлау және іске асыру бөлігінде олардың мүмкіндіктерін кеңейту және саясатқа хабардар етілген талдау жасауға олардың біліктілік деңгейін арттыру үшін мүмкіндіктерін кеңейтеді;
(5). ОАӨЭЫ өңірінде өңірлік ынтымақтастықтың әлеуетін кеңейту және қарқынды экономикалық өсу мақсатында әлемдік кластың зияткерлік ресурстарын жұмылдырудың есебінен стратегиялық зерттеулер жүргізеді;
(6). ОАӨЭЫ және ОИ-ге мүше елдер арасында бірлескен немесе ұжымдық жобаларды іске асыру және ғылыми зерттеулердің деректері мен нәтижелерін кеңінен тарату арқылы ғылыми зерттеулердің тиімділігін қамтамасыз етеді; және
(7). ОАӨЭЫ өңірінде стратегиялық зерттеулер және өзгелерден басқа университеттер, зерттеу орталықтары мен даму институттарынан тұратын білім алмасу үшін ресурстық база ретінде ғылыми-зерттеу мекемелерінің желісін дамытады.
5-бап. Операциялардың қағидаттары
(1). ОИ операциялары халықаралық жария құқықпен және тиісінше басқару нормаларымен келісілетін қағидаттарға сүйенуге тиіс және ОИ мақсаттарына қол жеткізу және функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті болуы мүмкін халықаралық ұйымдардың озық жұмыстарын қолдануға тиіс.
(2). ОАӨЭЫ қолдайтын өңірлік экономикалық ынтымақтастық субъектісі ретіндегі ОИ мәні шешімдер қабылдауды, кадрлық қамтамасыз етуді, оқуға қол жеткізу мен ақпаратқа қол жеткізу құқығын қоса алғанда, оның қызметінің барлық аспектілерінен көрініс табуға тиіс.
(3). ОИ операциялары өз жұмысын жоспарлаған немесе жүзеге асырған кезде қандай болмасын бір елге заңсыз басымдық бермей, ОАӨЭЫ-ға мүше елдердің қажеттіліктерінің жиынтығын ескере отырып, теңгерімді және әділ болуға тиіс.
(4). Әлеуетті дамыту жөніндегі ОИ көрсетілетін қызметтері ОИ-ге мүше елдердің өңірлік ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін өз әлеуетін қалыптастырудағы қажеттілігі негізінде олардың арасында тең бөлінетін болады.
(5). ОИ бағдарламасында қажеттілік шамасына қарай Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасының Министрлік конференциясы (бұдан әрі "ОАӨЭЫ Министрлік конференциясы" деп аталады) белгілейтін ОАӨЭЫ стратегиялық мақсаттары көрініс табады.
2-тарау Басқару
6-бап. Құрылым
ОИ Басқару құрылымы Басқарушы кеңестен, Консультативтік кеңестен, Басшылықтан және персоналдан тұрады.
7-бап. Басқарушы кеңес: құрамы
Осы Келісім шеңберінде пайдаланылатын "Басқарушы кеңес" термині ОИ-ге мүше әрбір елдің бір-бір өкілін қамтитын, ОИ-ге мүше әрбір елдің Үкіметі іріктейтін, бұл туралы ОАӨЭЫ Министрлік конференциясында осы елдердің мүддесін білдіретін министрлер хабарлайтын және осы Келісімнің шарттарына және өздері қажеттілігіне қарай консенсус негізінде өзара белгілейтін осындай рәсімдерге сәйкес әрекет ететін органды білдіреді. Азия Даму банкі Басқарушы кеңестің отырыстарына шешім қабылдау құқығы жоқ мүше ретінде қатысуға шақырылады.
8-бап. Басқарушы кеңес: өкiлеттiктерi
(1). ОИ барлық өкiлеттiктерi Басқарушы кеңеске жүктеледі.
(2). Басқарушы кеңес ОИ-ге ОИ мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті немесе орынды болуы мүмкін ОИ-дің осындай қосалқы органдарын құруға тапсырма бере алады.
9-бап. Басқарушы кеңес: құрылымы
(1). Басқарушы кеңес төрағасының лауазымы онда төраға мен директор бір елдің азаматы болмауы шартымен осы Келісім күшіне енетін жылы бір жыл бойы ОАӨЭЫ төрағасы ретінде болатын елден бастап ОИ-ге мүше барлық елдер арасында әліпби тәртібінде жыл сайын кезекпен алмасып отырады. Егер Басқарушы кеңес басқаша тетікті айқындамаса, әрбір Төрағаның лауазымда болу мерзімі ОАӨЭЫ Министрлік конференциясының жыл сайынғы бір отырысы аяқталғаннан бастап ОАӨЭЫ Министрлік конференциясының келесі жыл сайынғы отырысының соңына дейін жалғасады. Төраға Басқарушы кеңестің отырыстарын шақырады және Басқарушы кеңес жұмысының регламентінде баяндалған басқа да осындай өкілеттіктер мен міндеттерге ие болады.
(2). Басқарушы кеңестің әрбір мүшесі өз орнын алмастыратын адамды тағайындайды, ол мүшенің өзі болмаған жағдайда оның немесе оның өкілі атынан Басқарушы кеңеске қатысу үшін толық құқыққа ие болады.
(3). Басқарушы кеңестің мүшелері ОИ-ден сыйақы алмай, осындай мүше болып табылады.
10-бап. Басқарушы кеңес: міндеттері
Басқарушы кеңес осы Келiсiмнiң 2, 4 және 5-баптарында баяндалған мақсаттарға, функцияларға және қағидаттарға сәйкес ОИ операцияларына стратегиялық басшылықты айқындауға және оны жүзеге асыруға кепілдік беру үшін жауап береді және атап айтқанда:
(1). стратегиялық бақылауды жүзеге асырады, ОИ саясатының бағыттарын айқындайды және ОИ қызметіне жалпы басшылықты қамтамасыз етеді;
(2). ұйымдық құрылымын және штат кестесін, сондай-ақ ұйымдық құрылымына және штат кестесіне кез келген өзгерістерді бекітеді;
(3). Директорды және Директордың орынбасарын тағайындау, қызметтік міндеттерін орындаудан уақытша шеттету немесе босату процесін қадағалауды жүзеге асырады;
(4). Консультативтік кеңес мүшелерін тағайындайды, қызметтік міндеттерін орындаудан уақытша шеттетеді немесе босатады;
(5). қажеттілігіне қарай Басқарушы кеңес айқындайтын Директор мен персонал дайындайтын есептерді және Консультативтік кеңес беретін ұсынымдар мен өзге де деректерді зерделейді;
(6). қағидаларды, рәсiмдер мен ережелердi бекiтедi;
(7). жұмыстардың жылдық және орта мерзімді бағдарламасын бекітеді;
(8). ОИ сыртқы байланыстар саясатын бекітеді;
(9). ОИ қызметін бақылайды және оның нәтижелерін қадағалайды;
(10). ОИ функциялары мен міндеттерін орындау тиімділігінің көрсеткіштері айқындалатын және аудитор тексерген ОИ-дің қаржылық шоттары мен штат саны бойынша есептері бар өзінің жылдық есептерін зерделейді және бекітеді;
(11). ОАӨЭЫ-ға мүше болып табылмайтын елдер үшін және ұйымдар үшін осы Келісімнің 3-бабының (2) тармағына сәйкес бақылаушы мәртебесін бекітеді;
(12). қабылдаушы елмен келісімді бекітеді;
(13). ОИ жалпы қызметін жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін қажет және орынды болып табылатын комитеттерді құрады;
(14). жыл сайын ОИ қаржылық жағдайын қарайды және ОИ жылдық бюджетін бекітеді;
(15). осы Келiсiмнiң 2, 4 және 5-баптарында жазылған мақсаттарға, функциялар мен қағидаттарға сәйкес ОИ мақсаттарына қол жеткізуге, рөлдері мен міндеттерін орындауға қажетті басқа да осындай функцияларды жүзеге асыру үшін осы Келісімде көрсетілген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
11-бап. Басқарушы кеңес: рәсімдер
(1). Басқарушы кеңес жылына кемінде бір рет және өзінің пікірінше, ОИ қызметі үшін қажетті жерде және жиілікпен отырыс өткізеді.
(2). Басқарушы кеңестің кез келген отырыстарының кворумы Басқарушы кеңестегі ОИ-ге мүше елдер өкілдерінің немесе оларды алмастыратын адамдардың қарапайым көпшілігінен құралады.
Басқарушы кеңестің шешімдері Басқарушы кеңестің басқару құқығына ие барлық мүшелері консенсусының негізінде қабылданады.
(1). Басқарушы кеңес ОАӨЭЫ басымдықтарына байланысты тиісті саланың немесе пәндердің көрнекті мамандары болып табылатын белгілі ойшылдардың, ғалымдардың немесе қоғам қайраткерлерінің қатарынан таңдалып алынатын Консультативтік кеңестің кемінде үш мүшесін тағайындайды.
(2). Консультативтік кеңес ОИ үшін пікірлерді талқылауға арналған алаң мен жаңа идеялардың көздері ретінде қолданылатын және ОИ стратегиялары мен операцияларын кеңейту үшін идеялар мен тәсілдерді ұсынатын болады.
(3). Консультативтік кеңестің мүшелері Басқарушы кеңес айқындайтын стандарттарға сәйкес өтемақы ала алады.
(4). Директор немесе оның өкілі Консультативтік кеңестің хатшысы ретінде әрекет етеді.
14-бап. Басшылық және персонал
(1). ОИ ұйымдық құрылымы, басшылығы мен кадрлық құрамы мынадай міндеттерді:
(a) тең иелік ету, өңірлік, әділдік пен тепе-теңдік қағидаттарын сақтауды;
(b) ОИ операцияларының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруды;
(c) ұзақ мерзімді тұрақтылық пен тиімділік үшін ОИ әлеуетін дамытуды;
(d) елдер өкілдіктерінің теңгерімділігін басшылыққа алатын болады.
(2).
(a) Басшылық және штаттық лауазымдарға кандидаттарды жинау және іріктеу ашық және әділ болып табылатын ұтымды халықаралық практикаға сүйенеді, сіңірген еңбегінің негізінде және жынысы, нәсілі немесе діни нанымы бойынша кемсітушіліксіз жүзеге асырылады;
(b) Директор халықаралық персоналды тағайындаған кезде тиімділік пен техникалық құзыреттіліктің аса жоғары стандарттарын қамтамасыз етудің бірінші кезектегі маңыздылығын ескере отырып, тұтастай алғанда ОИ-ге мүше елдерден кәсіби кадрларды іріктеуге тиісінше назар аударады.
(c) Басқарушы кеңес осы қағидаттарды іске асыратын тетіктер мен саясатты белгілейді.
(3). Басқарушы кеңес директор мен директордың екі орынбасарын тағайындайды, олар өз міндеттерін Басқарушы кеңес айқындайтын шарттарда орындайтын ОИ басшылығы ("Басқару") ретінде әрекет етуге тиіс.
(4). Егер Басқарушы кеңес өзгеше нұсқаулар бермесе, Басшылық шешімдер қабылдау құқығынсыз Басқарушы кеңестің отырыстарына қатысады.
(5). Директор:
(a) Басқарушы кеңеске есеп береді және оның жалпы басшылығында болады;
(b) ОИ басшысы болып табылады және егер Басқарушы кеңес өзге шешім қабылдамаса, персоналдың жұмысын ұйымдастыруға және тұтастай алғанда ОИ жұмысының тиімділігіне жауап береді;
(c) ОИ-дің заңды өкілі болып табылады және ОИ-дің ағымдағы істерімен айналысады;
(d) Басқарушы кеңеске жылдық есепті береді;
(e) Басқарушы кеңестің хатшысы ретінде әрекет етеді; және
(f) штат кестесінің жоспарын, жылдық бюджетті, жұмыстың жылдық және орта мерзімді бағдарламасын Басқарушы кеңестің қарауына және бекітуіне ұсынады.
(6). Өз функцияларын жүзеге асыру кезiнде басшылық пен персонал басқа біреудің емес, ОИ алдында ғана міндеттерін орындауға жауапты болады. ОИ-ге мүше елдер осы міндеттердің халықаралық сипатын құрметтейді және Басшылық немесе персонал өз функцияларын орындаған кезде қайсыбіріне ықпал ететін кез келген әрекеттен қалыс қалады.
(1). ОИ өз функцияларын тиімді орындау үшін ОИ-ге мүше елдердің ерікті жарналары мен Басқарушы кеңес мақұлдаған жағдайда басқа да қаражат есебінен қажетті қаражатпен және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілуге тиіс.
(2). ОИ халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық қағидалар мен рәсімдерді белгілейді. ОИ қаржылық басқарудың ақылға қонымды және негізделген саясаты мен практикасын жүргізуге және бюджет тәртібін сақтауға тиіс.
(3). ОИ қарыз алмайды.
(4). ОИ-дің қаржылық жылы әрбір жылдың 1 қаңтарынан басталады және 31 желтоқсанында аяқталады.
(1). Әрбір ОИ-ге мүше ел осы Келісімнің шеңберінде туындайтын кез келген мәселелер бойынша ОИ байланыс жасай алатын ресми органды тағайындай алады. ОИ осы тектес барлық коммуникацияларды осы тағайындалған ресми органға жіберуге тиіс.
(2). ОИ-дің ресми тілі ағылшын тілі болып табылады, ал басқа тілдер қажетіне қарай қажетті қаржылық қамтамасыз етумен жұмыс тілдері ретінде пайдаланылуы мүмкін.
(1). ОИ-дің бас офисі Қытай Халық Республикасында орналасатын болады.
(2). ОИ Басқарушы кеңес мақұлдаған ОИ-ге мүше кез келген елде филиалдарын аша алады.
(3). Аумағында ОИ офисі нақты орналасатын әрбір елмен ОИ қабылдаушы ел туралы келісімге қол қояды.
3-тарау Мәртебесі, артықшылықты жағдайы мен жеңілдіктері
18-бап. Мәртебе, артықшылықты жағдай мен жеңілдіктер берудің мақсаты
ОИ, Басқарушы кеңес мүшелері мен оларды алмастыратын адамдар, Консультативтік кеңестің мүшелері ОИ қызметкерлері мен консультанттары немесе ОИ үшін миссияны жүзеге асыратын сарапшылар (бұдан әрі "ОИ персоналы" деп аталады) өңірлік экономикалық ынтымақтастықты дамытуға үкіметаралық ұйым ретінде ОИ-дің жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ОИ-ге мүше барлық елдің аумағында осы Келісімде баяндалған артықшылықтар мен жеңілдіктерді иеленуге құқылы.
ОИ толыққанды заңды тұлға болып табылады және атап айтқанда:
(1). шарттар жасасу;
(2). жылжымайтын және жылжитын мүлікті сатып алу және иеліктен шығару;
(3). сот талқылауларын бастау және сотта жауапкер болу; және
(4). өз міндеттері мен қызметі үшін қажетті немесе пайдалы болуы мүмкін өзге де осындай іс-әрекеттерді қабылдау үшін толық заңды қабілеті бар.
20-бап. ОИ үшін артықшылықты жағдайлар мен жеңілдіктер
(1). ОИ өзінің артықшылықты жағдайы мен жеңілдіктерінен тікелей бас тартқан жағдайларды қоспағанда, осы Келісімде көзделетін артықшылықты жағдайлар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
(2). ОИ-ге мүше барлық елдер ОИ мен осындай ОИ-ге мүше елдің арасындағы кез келген нақты келісімге байланысты кез келген ұқсас үкіметаралық ұйым мүлкінің, активтерінің, архивтері мен құжаттарының сақталуын қамтамасыз ететіндей деңгейде өз заңнамасына сәйкес ОИ мүлкінің, активтерінің, архивтері мен құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
(3). ОИ-ге мүше әрбір ел ОИ мен осындай ОИ-ге мүше елдің арасындағы кез келген нақты келісімге байланысты кез келген ұқсас үкіметаралық ұйымның ресми хабарламасына артықшылықтар мен жеңілдіктер ұсынатындай деңгейде ОИ-дің ресми хабарламасына артықшылықтар мен жеңілдіктер ұсынады.
(4). ОИ коммуналдық көрсетілетін қызметтер тарифтеріндегі акциздер мен салықтардан босатуды талап етпеген жағдайда, егер ОИ мен Мүше ел арасындағы жеке келісімде өзгеше көрсетілмесе, ОИ және оның активтерi, мүлкi, кірістері, операциялары мен мәмiлелерi салық салудан босатылады.
21-бап. ОИ персоналына арналған артықшылықты жағдай мен жеңілдіктер
(1). ОИ персоналының мүшелері:
(а) егер олар ОИ-ге тиісінше мүше елдің жергілікті тұрғындары немесе азаматтары болып табылмаған жағдайда әрбір ОИ-ге мүше ел ұқсас үкіметаралық ұйымның салыстырмалы ұқсас рангтегі өкілдері мен қызметкерлеріне ұсынатын иммиграциялық шектеулерге қатысты дәл сондай артықшылықты жағдай, сондай-ақ ұлттық көрсетілетін қызметтерді ұсыну және валюта айырбастауды шектеу жөніндегі дәл сондай міндеттемелер ұсынылуға тиіс;
(b) ОИ-ге мүше ел кез келген ұқсас үкіметаралық ұйымның салыстырмалы ұқсас рангтегі өкілдері мен қызметкерлеріне ұсынатын ауыстыруларға қатысты да осындай мәртебеге ие; және
(c) ОИ-ге мүше ел өзінің ратификациялау, қабылдау немесе бекіту құралымен бірге жағдайларға байланысты ОИ-ге мүше осындай елдің азаматтарына немесе құзырындағы тұлғаларға ОИ төлейтін айлықақылар мен сыйақыларға салық салу құқығын осындай мүше өзіне және өзінің саяси бөлімшелеріне қалдыратыны туралы өтінішті берген жағдайларды қоспағанда, оларға ОИ төлейтін өзінің айлықақылары мен сыйақылары салық салудан босатылады.
(2). ОИ және ОИ персоналы ОИ атынан қызметтерін жүзеге асыратын елдердің заңдарын сақтауға және осы елдердің саяси істеріне араласпауға тиіс.
ОИ-ге мүше әрбір ел осы 3-тарауда баяндалған, ОИ мен ОИ персоналына ұсынылатын құқықтық мәртебенің, артықшылықты жағдайдың, жеңілдіктер мен тетіктердің өз аумағында күшіне енуі үшін қажетті шараларды қабылдауға, сондай-ақ осыған қатысты қабылданған шаралар туралы ОИ-ге хабарлауға тиіс.
4-тарау Қорытынды ережелер
23-бап. Өзгерістер мен толықтырулар
(1). Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар ОИ-ге мүше барлық елдердің консенсусы негізінде енгізілуі мүмкін, бұл ретте осындай өзгерістер мен толықтырулар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттама түрінде ресімделуге тиіс.
(2). ОИ-ге мүше елдің осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты кез келген ұсынысы өте шұғыл түрде Басқарушы кеңес төрағасының назарына жеткізіледі, ол осындай ұсынысты Басқарушы кеңестің қарауына енгізеді. Өзгеріс қабылданғаннан кейін ОИ барлық ОИ-ге мүше елдерге жіберілген ресми хабарламамен осы фактіні куәландырады. Егер Басқарушы кеңес басқа мерзімді белгілемейтін болса, өзгерістер мен толықтырулар ресми жарияланған сәттен бастап үш айдан кейін ОИ-ге мүше барлық елдер үшін күшіне енеді.
24-бап. Дауларды түсіндіру және реттеу
(1). ОИ-ге мүше елдер осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты дауларды осындай даулар туындаған сәттен бастап алты (6) ай ішінде келіссөздер арқылы реттеуге ұмтылуға тиіс.
(2). Алдыңғы параграфқа (1) сәйкес реттеле алмайтын кез келген дау Басқарушы кеңеске беріледі, ол осындай дауды Басқарушы кеңестің дау тарапы болып табылмайтын барлық мүшелерінің консенсусы негізінде реттеуге тырысатын болады.
(3). Бір де бір қол қойған тарап немесе ОИ-ге мүше ел ОИ-ге қарсы қандай да бір процестік іс-әрекеттер қолдана алмайды.
25-бап. Қол қою және сақтауға қою
Осы Келісімнің депозитарийі ОИ (бұдан әрі "депозитарий" деп аталады) болып табылады. депозитарий қол қойылған Келісімнің расталған даналарын барлық қол қойған тараптарға береді.
26-бап. Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу
(1). ОАӨЭЫ-ға мүше барлық елдер (бұдан әрі "қол қойған тараптар" деп аталады) осы Келісімді ратификациялауға, қабылдауға немесе бекітуге тиіс, олардың тиісінше уәкілеттік берілген өкілдері осы Келісімге қол қояды. Ратификациялау, қабылдау немесе бекіту құралдары депозитарийге сақтауға беріледі, ол қалған қол қойған тараптарға осындай тапсыру фактісі мен оның жүзеге асырылған күні туралы хабарлайды.
(2). ОАӨЭЫ-ға мүше болатын кез келген ел осы Келісімге қол қойған тарап бола алады.
Осы Келісім ОИ бас офисін қабылдаушы елді қоса алғанда, ОАӨЭЫ-ға мүше болып табылатын кемінде үш ел ратификациялау, қабылдау немесе бекіту құралдарын депозитарийге бергеннен кейін келесі күні күшіне енеді.
Жоғарыда айтылғанды куәландыру үшін өзіміздің тиісті үкіметтеріміз тиісінше уәкілеттік берген біз, төменде қол қоюшылар, осы Келісімге қол қойдық.
Исламабадта, Пәкістан, екі мың он алтыншы жылғы жиырма алтыншы қазанда депозитарийге берілетін жалғыз түпнұсқа данада ағылшын тілінде жасалды.
Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі үшін |
Қытай Халық РеспубликасыныңҮкіметі үшін |
Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін |
Өзбекстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін |
Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі үшін |
Әзербайжан РеспубликасыныңҮкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Моңғолия Үкіметі үшін |
Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін |
Түрікменстан Үкіметі үшін |