ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қаулы 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 79 және 111-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2022 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
2. "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 872 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 21) тармақшасы алып тасталсын;
21-қосымша алып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 60-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бірлесіп, тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізсін.
4. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 145 қаулысына 1-қосымша |
2022 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету
мың теңге
ФТ | ББӘ | БҒД | Атауы | Өзгерістер (+, -) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жиыны | 0 | |||
Шығындар | 0 | |||
006 | Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру | -15 247 682 | ||
213 | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi | -15 247 682 | ||
027 | Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу | -11 247 682 | ||
068 | Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту | -4 000 000 | ||
013 | Басқалар | 15 247 682 | ||
217 | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi | 15 247 682 | ||
010 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві | 15 247 682 | ||
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 145 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 872 қаулысына 60-қосымша |
Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің сомаларын бөлу
Әкімші | Атауы | Сомасы, мың теңге | ||
Бағдарлама | ||||
Кіші бағдарлама | ||||
217 | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі | 120 724 732 | ||
010 | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервi | 120 724 732 | ||
100 | Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві | 59 527 050 | ||
101 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві | 60 247 682 | ||
102 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттар шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерві | 600 000 | ||
103 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резерві | 350 000 | ||