Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсулар қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсулар қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 155 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысымен бекітілген |
Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсулар қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелері
Р/с № | 1 тоннаға акциздер мөлшерлемелері (теңгемен) | |||
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) |
Дизель отыны |
Газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулар қоспасы және экологиялық отын | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспасын және экологиялық отынды көтерме саудада өткізуі | 38 134 | 35 726 | 38 134 |
2 . | Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспасын және экологиялық отынды көтерме саудада өткізуі | 0 | 0 | 0 |
3. | Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспасын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалануы | 38 634 | 35 786 | 38 634 |
4. | Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспасын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалануы | 500 | 60 | 500 |
5. | Импорт | 38 134 | 35 726 | 38 134 |
6. | Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген, алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды одан әрі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген тауарларды беру | 38 134 | 35 726 | 38 134 |
7. | Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды Салық кодексінің 471-бабында көзделген растайтын құжаттарды ұсына отырып, одан әрі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізген жағдайда, көрсетілген тауарларды беру | 0 | 0 | 0 |
Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға аудару мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
М – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) көлемі, тоннамен;
V – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) көлемі, литрмен;
0,730 – бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға аудару мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
М – өткізілген дизель отынының көлемі, тоннамен;
V – өткізілген дизель отынының көлемі, литрмен;
0,769 – дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспасын, экологиялық отынды бөлшек саудада өткізген кезде салық салу мақсатында көлемнің өлшем бірлігі тонна болып табылады.
Ескертпе: тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.