Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 - 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 - 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы
1-бап. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 - 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2021 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2022 жыл - 4 030 000 000 мың теңге;".
2-бап. Осы Заң 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |