"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 15-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес 2022 жылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "Туризм индустриясын және спортты қолдау қоры" корпоративтік қорын қаржыландыруды;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |