Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 66-2) және 66-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"66-2) орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда бизнес-процестерді цифрлық трансформациялауды және олардың реинжинирингін үйлестіру;
66-3) мемлекеттік ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;";
мынадай мазмұндағы 206-1), 206-2), 206-3) және 206-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"206-1) есептер мен көрсеткіштер (салалық деректер) тізілімін бекіту;
206-2) орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда бизнес-процестердің реинжинирингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
206-3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда бизнес-процестердің реинжинирингі әдістемесін бекіту;
206-4) мемлекеттік ақпараттандыру объектілерінде қамтылған азаматтар мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді түзету қағидаларын бекіту;".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |