"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 380 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.";

      15-тармақта:

      50) және 51) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "50) құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты дамытуды және ілгерілетуді жүзеге асыру;

      51) шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша салалық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау және олардың жұмысын үйлестіру;";

      52) тармақша алып тасталсын;

      53), 54) және 55) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53) Қазақстан Республикасының қабылданған халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі шараларды әзірлеу және бекіту;

      54) қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      55) сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 55-1), 55-2), 55-3), 55-4), 55-5) және 55-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "55-1) өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      55-2) қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      55-3) шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсаттары үшін өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;

      55-4) шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай операторды тарта отырып, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды мыналар арқылы жүзеге асыру:

      қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;

      шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалардың берілетін кредиттер және жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауы;

      экспорттық саудалық қаржыландыру, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі мәмілелерді кредиттеу және сақтандыру, қайта сақтандыру және кепілдік беру тетіктерін пайдалану;

      55-5) өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін сервистік қолдауды мыналар арқылы жүзеге асыру:

      олардың экспорттық әлеуетін диагностикалау;

      сауда миссияларын ұйымдастыру және өткізу, көрме-жәрмеңке қызметін жүзеге асыру, отандық өндірушілердің тауар белгілерін шетелде ілгерілету және қазақстандық өндірушілердің шетелде ұлттық стендтерін ұйымдастыру;

      отандық өндірушілер және олардың тауарлары, көрсетілетін қызметтері туралы ақпаратты шетелде тұрақты негізде орналастыру арқылы әлеуетті шетелдік сатып алушылардың хабардар болуын арттыру;

      өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің экспортын дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша ақпараттық және талдамалық қолдау көрсету;

      өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін гуманитарлық көмектің халықаралық нарығына ілгерілетуге жәрдемдесу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де шаралар;

      55-6) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру бойынша, оның ішінде тауарлардың жаңа түрлерін өндіруге арналған техникалық құжаттаманы және нақты тауарлар бойынша көш бастап тұрған жетекші әлемдік өндірушілердің әлемдік өндірістік франшизаларын қолдану арқылы жәрдем көрсету;";

      80) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "80) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша биржалық сауда қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 87-1), 87-2) және 87-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "87-1) ауыл шаруашылығы өнімдерін қоспағанда, биржалық сауда қағидаларында көзделген жағдайларда бір сауда сессиясында сауда лотының ең жоғары мөлшерін белгілеу;

      87-2) биржалық тауарлармен биржалық сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржаларының тізілімін және стандартталмаған тауарлармен биржалық сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржаларының тізілімін жүргізу, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      87-3) маркет-мейкерлердің тізілімін жүргізу, сондай-ақ оларды өзінің интернет-ресурсында орналастыру;";

      88) тармақша алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2019 года № 497 "О мерах по реализации Указов Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 17 и от 1 июля 2019 года № 46 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июня 2022 года № 380.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2019 года № 497 "О мерах по реализации Указов Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 17 и от 1 июля 2019 года № 46 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Министерстве торговли и интеграции Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Министерство является юридическим лицом в организационно- правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";

      в пункте 15:

      подпункты 50) и 51) изложить в следующей редакции:

      "50) осуществление в пределах компетенции развития и продвижения несырьевого экспорта;

      51) взаимодействие с отраслевыми государственными органами по вопросам развития и продвижения несырьевого экспорта и координирование их работы;";

      подпункт 52) исключить;

      подпункты 53), 54) и 55) изложить в следующей редакции:

      "53) разработка и утверждение мер по продвижению несырьевого экспорта с учетом принятых международных обязательств Республики Казахстан;

      54) разработка и утверждение правил возмещения части затрат субъектов промышленно-инновационной деятельности по продвижению отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, а также информационно-коммуникационных услуг на внешние рынки в рамках принятых международных обязательств;

      55) разработка и утверждение перечня отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, а также информационно- коммуникационных услуг, по которым частично возмещаются затраты по их продвижению на внешние рынки;";

      дополнить подпунктами 55-1), 55-2), 55-3), 55-4), 55-5) и 55-6) следующего содержания:

      "55-1) участие в формировании и реализации промышленной политики;

      55-2) разработка и утверждение правил субсидирования ставки вознаграждения по выдаваемым кредитам и совершаемым лизинговым сделкам банками второго уровня, Банком Развития Казахстана, иными юридическими лицами, осуществляющими лизинговую деятельность, зарубежным покупателям отечественных высокотехнологичных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, которые подлежат страхованию со стороны единого оператора по продвижению несырьевого экспорта, с учетом принятых международных обязательств;

      55-3) разработка и утверждение перечня отечественных высокотехнологичных товаров и услуг обрабатывающей промышленности для целей субсидирования ставки вознаграждения по выдаваемым кредитам и совершаемым лизинговым сделкам банками второго уровня, Банком Развития Казахстана, иными юридическими лицами, осуществляющими лизинговую деятельность, зарубежным покупателям отечественных высокотехнологичных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, которые подлежат страхованию со стороны единого оператора по продвижению несырьевого экспорта;

      55-4) осуществление предоставления мер государственного стимулирования промышленности с привлечением единого оператора по продвижению несырьевого экспорта посредством:

      возмещения части затрат субъектов промышленно-инновационной деятельности по продвижению отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности на внешние рынки в соответствии с правилами возмещения части затрат субъектов промышленно-инновационной деятельности по продвижению отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, а также информационно-коммуникационных услуг на внешние рынки в рамках принятых международных обязательств;

      субсидирования ставки вознаграждения по выдаваемым кредитам и совершаемым лизинговым сделкам банками второго уровня, Банком Развития Казахстана, иными юридическими лицами, осуществляющими лизинговую деятельность, зарубежным покупателям отечественных высокотехнологичных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, которые подлежат страхованию со стороны единого оператора по продвижению несырьевого экспорта;

      использования механизмов экспортного торгового финансирования, кредитования и страхования, перестрахования и гарантирования сделок по продвижению несырьевого экспорта;

      55-5) осуществление сервисной поддержки субъектов промышленно-инновационной деятельности по продвижению отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности на внешние рынки посредством:

      диагностики их экспортного потенциала;

      организации и проведения торговых миссий, осуществления выставочно-ярмарочной деятельности, продвижения товарных знаков отечественных производителей за рубежом и организации национальных стендов казахстанских производителей за рубежом;

      повышения информированности потенциальных зарубежных покупателей через размещение на постоянной основе информации об отечественных производителях и их товарах, услугах за рубежом;

      оказания информационной и аналитической поддержки по вопросам развития и продвижения экспорта отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности;

      содействия в продвижении отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности на международный рынок гуманитарной помощи;

      иных мер в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      55-6) оказание содействия субъектам промышленно-инновационной деятельности по вхождению в глобальные цепочки добавленной стоимости, в том числе путем применения технической документации на производство новых видов товаров и мировых производственных франшиз ведущих мировых производителей, лидирующих по конкретным товарам;";

      подпункт 80) изложить в следующей редакции:

      "80) разработка и утверждение правил биржевой торговли по согласованию с заинтересованными государственными органами;";

      дополнить подпунктами 87-1), 87-2) и 87-3) следующего содержания:

      "87-1) установление максимального размера торгового лота в одной торговой сессии, за исключением сельскохозяйственной продукции, в случаях, предусмотренных правилами биржевой торговли;

      87-2) ведение реестра товарных бирж, организующих биржевые торги с биржевыми товарами, и реестра товарных бирж, организующих биржевые торги нестандартизированными товарами, а также размещение их на своем интернет-ресурсе;

      87-3) ведение реестра маркет-мейкеров, а также размещение его на своем интернет-ресурсе;";

      подпункт 88) исключить.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов