Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 945 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму стратегиясында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму жоспары";
мазмұнында он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бөлім. Даму жоспарын іске асыру тәуекелдері және тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар";
"Кіріспе" деген бөлімде:
төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму жоспары (бұдан әрі – Даму жоспары) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын ескере отырып әзірленді, Азық-түлік келісімшарт корпорациясының миссиясын, оның пайымын, 2030 жылға дейінгі қызметтің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін және түйінді көрсеткіштерін айқындайды.
Даму жоспарын әзірлеу кезінде мына құжаттарда көрсетілген мақсаттар мен міндеттер ескерілді:";
жетінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспары);
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – АӨК дамыту тұжырымдамасы);";
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 732 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба (бұдан әрі – АӨК ұлттық жобасы).";
"Ағымдағы ахуалды талдау" деген 1-бөлімнің "Сыртқы ортаны талдау" деген 1-кіші бөлімінің "Астық саласындағы ағымдағы ахуал" деген 1-тарауында:
бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында бүкіл ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарының құрылымында (2019 жылы 22,14 млн га) негізгі үлесті (69,6 % немесе 15,4 млн га) дәнді дақылдар алады.
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымындағы астық өндірісінің үлесі – 17,3 % немесе 0,8 трлн теңгені (Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2018 жылғы деректері) құрайды.";
бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Бидай басым дақыл болып табылады, оның үлесіне барлық егістіктің 51,6 %-ы (2019 жылы 11,4 млн га) және дәнді дақылдардың жалпы өнімінің 65,7 %-ы (2019 жылы 11,5 млн тонна) тиесілі.
Қалған дәнді дақылдардың егістік алқаптары (2019 жылғы деректер): арпа – 3 млн га (барлық дәнді дақылдар егістерінің 19,4 %), сұлы – 245,3 мың га (1,6 %), жүгері – 156,5 мың га (1,02 %), күріш – 102 мың га (0,7 %), басқа дәнді-бұршақты дақылдар – 484,5 мың га (3,1 %) құрайды.";
"Қазақстан Республикасында 2014 – 2019 жылдардағы дәнді дақылдар өндірісі, млн тонна" графигі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында 2014 – 2019 жылдардағы дәнді дақылдар өндірісі, млн тонна
";
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Нәтижесінде соңғы 10 жылда бидай алқабы 22,6 %-ға (3,34 млн га) қысқарды, зығыр (2100 %-ға өсті), соя бұршақтары (163 %), мақсары (74 %), сұлы (61 %), арпа (62 %), жүгері (55 %), рапс (50 %) егістіктері ұлғайды.";
"2009 және 2019 жылдардағы кейбір дақылдардың егістік алаңдары, мың га" графигі мынадай редакцияда жазылсын:
"2009 және 2019 жылдардағы кейбір дақылдардың егістік алаңдары, мың га
";
он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2019 жылы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортында бидай мен ұнның үлесі 42 %-ды құрады (1 млрд АҚШ долларына 5,3 млн тонна бидай және 0,4 млрд АҚШ долларына 1,6 млн тонна ұн өткізілді).";
"Қазақстан Республикасының 2019 жылғы елдер бөлінісіндегі бидай экспорты, мың тонна" графигі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2019 жылғы елдер бөлінісіндегі бидай экспорты, мың тонна
";
"Қазақстан Республикасының 2019 жылғы елдер бөлінісіндегі ұн экспорты, мың тонна" графигі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2019 жылғы елдер бөлінісіндегі ұн экспорты, мың тонна
";
жиырма бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Экспортталатын қазақстандық ұнның негізгі көлемі көбіне Ауғанстанға жөнелтіледі. 2019 жылы Ауғанстанға 0,9 млн тонна ұн немесе осы кезеңдегі Қазақстан Республикасы ұнының жалпы экспортының 58,3 %-ы (1,6 млн тонна) жеткізілді.";
қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші және қырық алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Астық өңдеу инфрақұрылымы жиынтық қуаты жылына шамамен 10,2 млн тонна ұн өндіретін 324 ұн тарту кәсіпорнынан тұрады. Кәсіпорындардың төмен жүктелуіне байланысты (35 – 40 %) ұн өндірудің нақты көлемі жылына шамамен 3,3 млн тоннаны құрайды.
Елімізде 3,1 млн тонна құрамажем өндіретін қуаттар бар. Құрамажем өндіру зауыттарының саны шамамен 70 бірлік, олардың нақты жүктелуі орта есеппен 38,1 %-ды құрайды.
Технологиялық желілердің тозуына және өнімділіктің төмен болуына байланысты саланың басқа да отандық өңдеуші кәсіпорындары негізінен өзінің қуаттарының барлық әлеуетін пайдаланбайды, оның ішінде:
жарма өндіретін 49 кәсіпорын: өндірістік қуаты жылына 215,3 мың тонна, нақты жүктелуі 34 %-ға жуық;
макарон өнімдерін өндіретін 45 кәсіпорын: қуаты жылына 347,3 мың тонна, нақты жүктелуі 48 %-ға жуық;
тазартылмаған өсімдік майын өндіретін 38 кәсіпорын: қуаты жылына 775,9 мың тонна, нақты жүктелуі шамамен 34,4 % және т.б.";
"Мемлекеттің АӨК саласындағы саясаты" деген 4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан-2050" стратегиясында жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі қатері үшінші сын-қатер болып белгіленді және Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінде сапалы серпіліс жасау мүмкіндігі айқындалды. Ауыл шаруашылығын жаңғырту жөніндегі міндеттер шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне өсіп келе жатқан жаһандық сұраныс жағдайында егістік алқаптарын ұлғайту, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізу есебінен егін түсімділігін айтарлықтай көтеруді қамтамасыз ету, әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығының азықтық базасын құру, экологиялық тұстарына баса назар аудара отырып, бәсекеге қабілетті ұлттық брендтер құру қажет. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2050 жылға қарай елдің ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі 5 есеге ұлғайтылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспарында АӨК – дегі саясат мемлекеттік ресурстарды неғұрлым ұтымды бөлуге, саясат пен ілеспе шығыстарды саланың ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізуге қайта бағдарлауға, өнімділік драйверлері ретінде білім мен цифрландыруға назар аударуға, жекелеген өндірістерден құн жасау тізбегіне ерекше көңіл бөлуге бағдарланған.
Ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, дәнді, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу бойынша жеті ірі экожүйені қалыптастыру жоспарланған. Балық саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспары шеңберінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясына мынадай индикаторлар бекітілген:
үй шаруашылықтарының азық-түлік тауарларына жұмсалатын шығындары, жалпы шығындардан % (республика бойынша);
еңбек өнімділігінің өсуі, 2019 жылғы деңгейден 2019 жылғы бағамен өсім % (салалар бойынша: ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы).
АӨК дамыту тұжырымдамасы мен АӨК ұлттық жобасы шеңберінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясына ауыл шаруашылығы дақылдарын форвардтық сатып алу, дайын азық-түлік тауарларын, оның ішінде оффтейк келісімшарт жасасу жолымен сатып алу, жемдік қор құру және жемдік астықты құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы субъектілеріне өткізу арқылы АӨК субъектілерін қолдау іс-шаралары бекітілген.
Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін Қазақстанның орасан зор әлеуеті, 2030 жылға қарай суармалы жерлер көлемін кезең-кезеңмен 3 млн га дейін ұлғайту және фермерлерге өз өнімін сыртқы нарықтарға шығарып сатуға қолдау көрсету қажеттігі айтылған.
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 31 наурыздағы мәлімдемесіне сәйкес әкімдіктер мен Үкіметке отандық ауыл шаруашылығы және өңдеу кәсіпорындарынан өнімдерді кепілді түрде сатып алу тетігін жолға қою, яғни "форвардтық сатып алуды" немесе "түсетін өнім есебінен сатып алуды" енгізу тапсырылды.
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 10 сәуірдегі отырысында Мемлекет басшысы Үкіметке форвардтық сатып алу тетігін, қаржыландыру сомасы мен көздерін жедел бекітуді, осы тетікті іске асыруды, сынақтан өткізуді, ал табысты болған жағдайда кеңінен қолдануды тапсырды.
Осылайша, Азық-түлік корпорациясының қызметі Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұратын құжаттарында және Мемлекет басшысының тапсырмаларында белгіленген АӨК саласындағы мемлекеттік саясат шеңберінде жүзеге асырылады.";
"Қызметтің стратегиялық бағыттары" деген 3-бөлімнің "Мемлекеттің АӨК саласындағы саясаты" деген 4-кіші бөлімінде:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі нарықтың азыққа қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ шұғыл жағдайлар (құрғақшылық және ішкі нарықта азықтың күрт тапшылығы мен бағасының өсуіне себеп болып табылатын басқа да факторлар) туындаған жағдайда нарықты тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында бюджеттік инвестициялар қаражаты есебінен 200 мың тонна көлемінде тұрақты жұмыс істейтін жемдік қор құру жоспарланған.";
бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Жемдік астық жаңа өнім түскенге дейін бүкіл маусым бойы нарыққа қатысушылардың өтінімдері негізінде белгіленген баға бойынша құс және мал шаруашылықтарына жеткізілетін болады. Корпорацияның жемдік қорындағы алынған астық балық шаруашылығы субъектілері үшін де қолжетімді болады. Жемдік астықты өткізуден түскен қаражат жемдік қорды одан әрі қолдауға бағытталады.
Құс шаруашылығы мен мал шаруашылығы кәсіпорындарын, сондай-ақ балық шаруашылығы субъектілерін сапалы азықпен қамтамасыз ету мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы құрамажем өндіру үшін отандық өңдеу зауыттарын форвардтық сатып алу арқылы қаржыландырады, сондай-ақ оларға жемдік астықты жеткізеді.
Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы субъектілеріне жеткізілген жемдік астықтың көлемі, мың тонна";
"Ішкі нарыққа белгіленген баға бойынша жеткізілген жемдік астық көлемі, мың тонна" деген абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жемдік қордың көлемі, мың тонна.";
мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Сондай-ақ Азық-түлік келісімшарт корпорациясының жемдік қорының астығы акваөсіру субъектілерін азықпен қамтамасыз етуге, демек балық өнімдерін өндіру көлемінің өсуіне ықпал ететін болады.";
"Қызметтің түйінді көрсеткіштері" деген 4-бөлімде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Стратегиялық даму бағыттары шеңберінде әрбір стратегиялық мақсат үшін Даму жоспарында қызметтің түйінді көрсеткіштері (бұдан әрі – ҚТК) белгіленген.";
кестеде:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5 | Құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы субъектілеріне жеткізілген жемдік астық көлемі | мың тонна | 55 | 90 | 100 | 110 | 120 | 130 | 140 | 150 | 160 | 170 | 180 |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5.1-жолмен толықтырылсын:
"
5.1 | Тиісті жылдың 31 желтоқсандағы жемдік қордың көлемі | мың тонна | 200 | 200 | 200 | 200 | 200 | 200 | 200 | 200 | 200 |
";
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | Корпоративтік басқаруды бағалау | % | 77 | 78 | 85 | 90 | 93 |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын:
"
11 | Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшылық лауазымдарындағы әйелдердің үлесі | % | 7 | 7 | 7 | 15 | 15 | 15 | 30 | 30 |
";
"Стратегияны іске асыру тәуекелдері және тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бөлімде :
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бөлім. Даму жоспарын іске асыру тәуекелдері және тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Даму жоспарын іске асыру сыртқы орта факторларының әсеріне ұшырайтын болады. Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу туындайтын тәуекелдерді басқару тиімділігіне, оның ішінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясының алдын алу іс-шараларын уақтылы жүргізуіне және тиісті ден қою шараларының жедел қабылдануына байланысты болады.";
кестенің реттік нөмірі 12-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
12 | Құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындарының және балық шаруашылығы субъектілерінің бұрын мәлімделген көлемдерге сәйкес жемдік астықты сатып алу бойынша міндеттемелерін орындамауы | Азық-түлік келісімшарт корпорациясының сатып алынған жемдік астықты сақтау бойынша қосымша шығыстары | Жергілікті атқарушы органдармен жасалатын меморандумдарда және құс және мал шаруашылығы кәсіпорындарымен және балық шаруашылығы субъектілерімен жасалатын шарттарда жемдік астықтың мәлімделген көлемдерін белгіленген баға бойынша (нарықтық бағадан жоғары емес) кепілді сатып алудың қарсы міндеттемелерін, сондай-ақ өз міндеттемелерін орындамаған кәсіпорындарға Корпорацияның жемдік қорынан астықты сатып алудың одан арғы бағдарламаларына қатысуға тыйым салатын шарттарды бекіту |
1) жемдік астықты еркін нарықта, оның ішінде экспортқа сату; |
";
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясының стратегиялық картасы" деген 1-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"
Р/с | СМЖ бірінші деңгейдегі құжат | СМЖ екінші деңгейдегі құжат | СМЖ үшінші деңгейдегі құжат | Даму жоспарында көзделген Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ҚТК |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 |
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары: |
АӨК дамыту тұжырымдамасы: |
АШМ-ның 2020 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары: |
1) тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша азық-түліктік астықтың резервтік қорының көлемі; |
";
"Қызметтің негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесі" деген 2-қосымшада:
4-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 1-ҚТК. Құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы субъектілеріне жеткізілген жемдік астық көлемі.";
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"есептік жылы құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы субъектілерінің өтінімдері бойынша жеткізілген Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астығының көлемі.";
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"2. 2-ҚТК. Тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жемдік қордың көлемі.
ҚТК жемдік қорды сақтап тұру үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ресурстарында азықтық мақсаттарға арналған астықтың болуын мониторингтеу үшін есептеледі.
ҚТК есептеу формуласы:
тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорациясына меншік құқығында тиесілі азықтық мақсаттарға арналған астық көлемі.";
6-тармақта:
он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"бөгде ұйым шарттық негізде 3 жылда бір рет жүргізетін корпоративтік басқару диагностикасының компоненттері бойынша орташа арифметикалық мән.";
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"2. 2-ҚТК. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшы лауазымдарындағы әйелдердің үлесі.
ҚТК Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшы органдарында әйелдердің болу деңгейін анықтау үшін есептеледі.
ҚТК есептеу формуласы:
Азық-түлік келісімшарт корпорациясының Директорлар кеңесі мен басқармасының құрамындағы әйелдер саны/Азық-түлік келісімшарт корпорациясының Директорлар кеңесі мен басқармасы мүшелерінің жалпы саны *100.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |