"Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 шiлдедегi № 476 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 772 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2023 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларында:

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын берудің тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) батыс және халық тығыз орналасқан өңірлерден келген адамдарға арналған білім беру гранты – "бакалавр" дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін батыс және халық тығыз орналасқан өңірлерден келген білім алушыға берілетін нысаналы ақша сомасы;

      2) білім беру бағдарламаларының топтары – даярлау бағыттары бейінінің ортақтығымен біріктірілген және белгілі білім беру саласы шеңберінде кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін білім беру бағдарламаларының жиынтығы;

      3) білім беру гранты – "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттармен берілетін нысаналы ақша сомасы;

      4) білім беру саласындағы уәкілетті орган – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      5) жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) конкурстық комиссиясы – жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты өткізу үшін ЖАО құратын комиссия (бұдан әрі – ЖАО комиссиясы);

      6) республикалық конкурстық комиссия – білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі – республикалық комиссия);

      7) электрондық форматтағы білім беру грантын тағайындау туралы куәлік – Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланатын, Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) балын ресми түрде растайтын үміткердің бірегей деректері бар электрондық құжат (бұдан әрі – куәлік).

      3. Республикалық бюджеттен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын республикалық комиссия, ал жергілікті бюджеттен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты ЖАО комиссиясы өткізеді.

      Республикалық бюджеттен өңірлер бөлінісінде батыс және халық тығыз орналасқан өңірлердің адамдарына бөлінген білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты республикалық комиссия өткізеді. Білім беру гранттарын беру бойынша конкурс өткізілетін өңірлердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. "Бакалавр" дәрежесі берілетін жоғары білім алуға республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлеу үшін білім беру гранттары (бұдан әрі – жоғары білімнің білім беру гранттары) осы тармақтың тоғызыншы бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда, оқуға түсушілер өтініш берген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес білім беру грантын беру туралы куәлік беріліп, ҰБТ нәтижелеріне сәйкес білім беру бағдарламаларының нақты топтары бойынша конкурстық негізде беріледі.

      Жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) мен бейіндік екі пән бойынша балдар ескеріледі.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау конкурсында Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар және шығармашылық екі емтиханның нәтижелері ескеріледі.

      Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсушілерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін жалпыкәсіптік пән және арнайы пән бойынша балдар ескеріледі.

      Жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін және шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін арнайы пән бойынша балдар және шығармашылық емтихан нәтижесі ескеріледі.

      Оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламалары топтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Батыс және халық тығыз орналасқан өңірлерден келген жастарды жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) оқыту үшін жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін көрсете отырып, ЖЖОКБҰ тізбесін республикалық комиссия айқындайды.

      Батыс және халық тығыз орналасқан өңірлерден келген адамдарға арналған білім беру гранттары осы Қағидаларда көзделген тәртіппен білім беру грантын беру туралы куәлік беріліп, оқуға түсушілер өтініш берген өңірлер мен білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес ҰБТ нәтижелеріне сәйкес нақты өңірлер мен білім беру бағдарламаларының топтары бойынша конкурстық негізде беріледі.

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сай жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) өздері таңдаған мамандықтың олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәніне сәйкес келуі шартымен білім беру гранты беріліп, өздерінің өтініштері негізінде жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылданады.

      7. Жоғары білімнің білім беру грантын, оның ішінде батыс және халық тығыз орналасқан өңірлерден келген адамдарға арналған білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясына және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш береді.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ЖЖОКБҰ-ның тілдік даярлық күшейтілген даярлық бөлімдерін бітірген тұлғалар ЖЖОКБҰ-ның ректоры қол қойған бітіргені туралы транскрипт ұсынады.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және тиісті мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірін қосымша тапсырады.

      Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өтініште өзі таңдаған жоғары білімнің беру бағдарламаларының тобын және ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.

      Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады.

      Батыс және халық тығыз орналасқан өңірлерден келген адамдарға бөлінген жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш береді.

      ЖЖОКБҰ-ға түсетін батыс және халық тығыз орналасқан өңірлердің адамдары төрт өңірге дейін, білім беру бағдарламаларының төрт тобын және республикалық комиссия бекіткен тізбеге кіретін ЖЖОКБҰ тізбесін көрсете алады.

      Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер 13 – 20 шілде аралығында қабылданады.

      Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда республикалық бюджет есебінен білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Мерзімдердің өзгергені туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың қысқартылған оқу мерзімдері көзделетін ұқсас бағыттар бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша:

      ұлттық ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін – кемінде 65 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" саласы бойынша кемінде 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" салалары бойынша – кемінде 60 балл, "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл;

      басқа ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін – кемінде 50 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75, "Денсаулық сақтау" саласы бойынша кемінде 70 балл, "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл жинаған адамдар жіберіледі.

      Бұл ретте ҰБТ-ның және (немесе) шығармашылық емтиханның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

      Республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың қысқартылған оқытудың мерзімі көзделетін ұқсас бағыттары бойынша оқуға жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинаған адамдар жіберіледі.

      Батыс және халық тығыз орналасқан өңірлерден келген адамдарға республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінген жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың қысқартылған оқыту мерзімдері көзделетін ұқсас бағыттар бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша:

      ұлттық ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін – кемінде 60 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" саласы бойынша кемінде 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" салалары бойынша – кемінде 60 балл;

      басқа ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін – кемінде 50 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75, "Денсаулық сақтау" саласы бойынша кемінде 70 балл жинаған адамдар жіберіледі.

      Бұл ретте ҰБТ-ның және (немесе) шығармашылық емтиханның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Білім беру грантын алуға арналған конкурс өткізілген, сондай-ақ жоғары бiлiмі бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк білім беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдаған кезде балдар тең болған жағдайда басым құқық мынадай кезектілік бойынша беріледі:

      1) "Алтын белгi" белгiсімен марапатталған адамдар;

      2) патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдар;

      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар;

      4) осы Қағидалардың 6-тармағының тоғызыншы бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда, тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтың олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәнiне сәйкес келуі шартымен жалпы бiлiм пәндері бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары;

      5) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдар.

      Бұл ретте балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда білім беру гранттары аттестатының, куәлігінің немесе дипломының орташа балдары жоғары адамдарға беріледі.

      Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Жоғары білімнің білім беру гранттарын конкурспен бергеннен кейін қалған бос білім беру гранттарын, оның ішінде батыс және халық тығыз орналасқан өңірлерден келген адамдарға арналған білім беру гранттарын, сондай-ақ бас тартылған білім беру гранттарын республикалық комиссия бір білім беру саласы ішінде өту балы жоғары адамдарға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының мәлімделген тобы бойынша осы Қағидалардың 13, 14, 15 және 16-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде береді.

      Жоғары білімнің білім беру гранттарын конкурспен бергеннен кейін қалған бос білім беру гранттарын халықаралық келісімдер бойынша келген шетелдік тұлғаларға, резервте көзделген жоғары білімнің білім беру гранттарын, сондай-ақ жекелеген ЖЖОКБҰ-ға көзделген жоғары білімнің білім беру гранттарын беру туралы шешімді республикалық комиссия қабылдайды.

      Педагогикалық және медициналық бағыттарды қоспағанда, білімі туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары оқу орындарынан Қазақстан Республикасының ЖЖОКБҰ-на ауысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына бос және бас тартылған білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша республикалық комиссияның шешімімен конкурстық негізде беріледі.

      Конкурс үлгерімнің орташа балы Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж (бұдан әрі – GPA) негізінде аралық аттестаттау нәтижелері бойынша куәлік беріле отырып өткізіледі.

      Үлгерімінің GPA орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңінде бағалары А, А- ("өте жақсы") білім алушылар ғана басым құқыққа ие болады, келесі кезекте – А, А- ("өте жақсы") бастап В+, В, В-, С+ ("жақсы") дейінгі бағалар, бұдан әрі – аралас бағалар.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттары, оның ішінде батыс және халық тығыз орналасқан өңірлерден келген адамдарға арналған білім беру гранттары (бұдан әрі – босаған гранттар) білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.

      Конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша куәлік беріле отырып өткізіледі.

      ЖЖОКБҰ ұйымның сайтында (білім беру порталында) босаған білім беру гранттарының санын көрсете отырып, ашық конкурс туралы хабарландыру орналастырады.

      Үлгерімінің GPA орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңінде бағалары А, А- ("өте жақсы") білім алушылар ғана басым құқыққа ие болады, келесі кезекте – А, А- ("өте жақсы") бастап В+, В, В-, С+ ("жақсы") дейінгі бағалар, бұдан әрі – аралас бағалар.";

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ақылы негізде білім алушы ЖЖОКБҰ басшысының атына өзінің GPA балын ашық қолжетімді болатындай жариялауға келісімін көрсете отырып, одан әрі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;

      2) ЖЖОКБҰ кадрларды даярлау бағыттары, курстар мен білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде GPA балын көрсете отырып, босаған гранттарға үміткерлердің деректерін ұйымның сайтында (білім беру порталында) орналастырады;

      3) келіп түскен өтініштер ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің отырысында қаралады;

      4) ЖЖОКБҰ ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің шешімі негізінде тиісінше ағымдағы жылғы 5 тамызға және 25 қаңтарға дейінгі мерзімде босаған білім беру гранттарына үміткерлердің тізімін білім беру саласындағы уәкілетті органға шешім қабылдау үшін жолдайды. Тізімге білім алушы өтінішінің, ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесі шешімдерінің көшірмесі, білім алушының транскриптінен үзінді, оның жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі және ЖЖОКБҰ-дан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (төлнұсқа) қоса беріледі;

      5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған және үміткерлердің болмауына байланысты білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынылған босаған білім беру гранттарын комиссия конкурстық негізде қайта бөледі;

      6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған және үміткерлердің болмауына байланысты ЖЖОКБҰ-ға ұсынылған босаған білім беру гранттарының тізімі білім беру саласындағы уәкілетті органның сайтында жарияланады;

      7) конкурс басқа ЖЖОКБҰ-да ақылы негізде білім алып жатқан, конкурсқа қатысу үшін құжаттар ұсынған адамдардың арасында білім беру бағдарламаларының топтары, курс бөлінісінде аралық аттестаттау нәтижесі бойынша өткізіледі;

      8) білім беру саласындағы уәкілетті орган келіп түскен құжаттарды білім беру бағдарламаларының топтары, оқуға түскен жылын ескере отырып, оқу нысаны мен мерзімі бөлінісінде қарайды және шешім оң болған жағдайда босаған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады (білім беру бағдарламаларының топтары бойынша үміткерлер болмаған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттары даярлық бағытының немесе білім беру саласының ішінде қайта бөлінеді);

      9) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде ҰТО куәлікті ресімдейді және деректерді үш жұмыс күні ішінде тиісті ЖЖОКБҰ-ға жібереді;

      10) куәліктің негізінде ЖЖОКБҰ басшысы одан әрі білім беру гранты бойынша оқу туралы бұйрық шығарады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года № 58 "Об утверждении Правил присуждения образовательного гранта для оплаты высшего или послевузовского образования с присуждением степени "бакалавр" или "магистр"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июля 2022 года № 476. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 сентября 2023 года № 772.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.09.2023 № 772 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года № 58 "Об утверждении Правил присуждения образовательного гранта для оплаты высшего или послевузовского образования с присуждением степени "бакалавр" или "магистр" следующие изменения:

      изменение вносится в текст на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "Во исполнение Закона Республики Казахстан "Об образовании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      в пункт 1 изменение вносится в текст на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в Правилах присуждения образовательного гранта для оплаты высшего или послевузовского образования с присуждением степени "бакалавр" или "магистр", утвержденных указанным постановлением:

      пункты 1, 2 и 3 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила присуждения образовательного гранта для оплаты высшего или послевузовского образования с присуждением степени "бакалавр" или "магистр" (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 5) статьи 4 Закона Республики Казахстан "Об образовании" и определяют порядок присуждения образовательных грантов для оплаты высшего или послевузовского образования с присуждением степени "бакалавр" или "магистр".

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) образовательный грант для лиц из западных и густонаселенных регионов – целевая сумма денег, предоставляемая обучающемуся из западных и густонаселенных регионов для оплаты высшего образования с присуждением степени "бакалавр";

      2) группы образовательных программ – совокупность образовательных программ, объединенных общностью профиля направления подготовки и обеспечивающих подготовку кадров в рамках определенной области образования;

      3) образовательный грант – целевая сумма денег, предоставляемая обучающемуся на условиях, установленных законодательством Республики Казахстан, для оплаты высшего или послевузовского образования с присуждением степени "бакалавр" или "магистр";

      4) уполномоченный орган в области образования – центральный исполнительный орган Республики Казахстан, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области высшего и (или) послевузовского образования;

      5) конкурсная комиссия местных исполнительных органов (далее – МИО) – комиссия, создаваемая МИО для проведения конкурса по присуждению образовательных грантов за счет средств местного бюджета (далее – комиссия МИО);

      6) республиканская конкурсная комиссия – комиссия, создаваемая уполномоченным органом в области образования для проведения конкурса по присуждению образовательных грантов (далее – республиканская комиссия);

      7) свидетельство о присуждении образовательного гранта в электронном формате – электронный документ с уникальными данными претендента, официально подтверждающий баллы единого национального тестирования (далее – ЕНТ), публикуемый на сайте национального центра тестирования (далее – свидетельство).

      3. Конкурс по присуждению образовательных грантов из республиканского бюджета проводится республиканской комиссией, создаваемой уполномоченным органом в области образования, а по присуждению образовательных грантов из местного бюджета – комиссией МИО.

      Конкурс по присуждению образовательных грантов в разрезе регионов из республиканского бюджета, выделенных для лиц из западных и густонаселенных регионов, проводится республиканской комиссией. Перечень регионов, по которым проводится конкурс по присуждению образовательных грантов, определяется уполномоченным органом в области образования.";

      пункты 6 и 7 изложить в следующей редакции:

      "6. Образовательные гранты для оплаты высшего образования с присуждением степени "бакалавр" за счет средств республиканского бюджета (далее – образовательные гранты высшего образования) присуждаются на конкурсной основе по конкретным группам образовательных программ в соответствии с результатами ЕНТ согласно очередности групп образовательных программ, заявленных поступающими, с выдачей свидетельства о присуждении образовательного гранта, за исключением лиц, указанных в части девятой настоящего пункта.

      В конкурсе на присуждение образовательного гранта высшего образования учитываются баллы по истории Казахстана, математической грамотности, грамотности чтения (язык обучения) и двум профильным предметам.

      В конкурсе на присуждение образовательного гранта высшего образования для поступающих на группы образовательных программ высшего образования, требующих творческой подготовки, учитываются баллы по истории Казахстана, грамотности чтения (язык обучения) и результаты двух творческих экзаменов.

      В конкурсе на присуждение образовательного гранта высшего образования для поступающих на группы образовательных программ по родственным группам образовательных программ высшего образования, предусматривающих сокращенные сроки обучения, учитываются баллы по общепрофессиональной дисциплине и специальной дисциплине, за исключением поступающих на группы образовательных программ, требующих творческой подготовки.

      В конкурсе на присуждение образовательного гранта высшего образования для поступающих на группы образовательных программ по родственным группам образовательных программ высшего образования, предусматривающих сокращенные сроки обучения и требующих творческой подготовки, учитываются баллы по специальной дисциплине и результат творческого экзамена.

      Перечень групп образовательных программ по родственным направлениям подготовки, предусматривающих сокращенные сроки обучения, утверждается уполномоченным органом в области образования.

      Перечень организаций высшего и (или) послевузовского образования (далее – ОВПО) с указанием объема государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим образованием для обучения в ведущих ОВПО молодежи из густонаселенных и западных регионов определяется республиканской комиссией.

      Образовательные гранты для лиц из западных и густонаселенных регионов присуждаются на конкурсной основе по конкретным регионам и группам образовательных программ в соответствии с результатами ЕНТ согласно очередности регионов и групп образовательных программ, заявленных поступающими, с выдачей свидетельства о присуждении образовательного гранта в порядке, предусмотренном в настоящих Правилах.

      Победители и призеры международных олимпиад по общеобразовательным предметам и международных конкурсов исполнителей, спортивных соревнований (награжденные дипломами первой, второй и третьей степени) последних трех лет по перечню, утвержденному уполномоченным органом в области образования, зачисляются с присуждением образовательного гранта в организации образования, реализующие образовательные программы высшего образования, на основании их заявления при условии соответствия выбранной ими специальности предмету олимпиады, конкурса или спортивного соревнования.

      7. Для участия в конкурсе на присуждение образовательного гранта высшего образования, в том числе образовательных грантов для лиц из западных и густонаселенных регионов, поступающий подает в приемную комиссию ОВПО и (или) через веб-портал "электронное правительство" заявление на бланке установленного образца.

      Лица, окончившие подготовительные отделения ОВПО на основе государственного образовательного заказа с усиленной языковой подготовкой, представляют транскрипт об окончании, подписанный ректором ОВПО.

      Лица, имеющие документы об образовании организаций образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального, послесреднего образования, подтвердившие квалификацию и имеющие стаж работы по соответствующей специальности не менее одного года, дополнительно подают один из документов, предусмотренных в статье 35 Трудового кодекса Республики Казахстан.

      В заявлении для участия в конкурсе на присуждение образовательного гранта высшего образования поступающий указывает выбранную им группу образовательных программ высшего образования и ОВПО.

      При совпадении профильных предметов поступающий может указать до четырех групп образовательных программ.

      Для участия в конкурсе на присуждение образовательного гранта высшего образования, выделенного для лиц из западных и густонаселенных регионов, поступающий подает в приемную комиссию ОВПО и (или) через веб-портал "электронное правительство" заявление на бланке установленного образца.

      Лица из западных и густонаселенных регионов, поступающие в ОВПО, могут указать до четырех регионов, четырех групп образовательных программ и перечень ОВПО, входящих в перечень утвержденных республиканской комиссией.

      Заявления для участия в конкурсе на присуждение образовательных грантов за счет средств республиканского бюджета принимаются с 13 по 20 июля.

      В случаях осуществления ограничительных мероприятий, в том числе карантина, введения чрезвычайного положения, возникновения чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, глобального или регионального, а также местного масштабов, сроки приема заявлений для участия в конкурсе на присуждение образовательных грантов за счет республиканского бюджета определяются уполномоченным органом в области образования.

      Информация об изменении сроков публикуется на официальном интернет- ресурсе уполномоченного органа в области образования, в средствах массовой информации, на соответствующих компонентах веб-портала "электронное правительство".";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Для участия в конкурсе на присуждение образовательного гранта высшего образования за счет средств республиканского бюджета или местного бюджета допускаются лица, имеющие среднее, техническое и профессиональное или послесреднее образование, за исключением поступающих по родственным направлениям подготовки кадров с высшим образованием, предусматривающим сокращенные сроки обучения, прошедшие ЕНТ и набравшие по его результатам:

      для поступления в национальные ОВПО – не менее 65 баллов, в области образования "Педагогические науки" – не менее 75 баллов, в области "Здравоохранение" – не менее 70 баллов, в областях "Сельское хозяйство и биоресурсы", "Ветеринария" − не менее 60 баллов, в направлении подготовки "Право" - не менее 75 баллов;

      для поступления в другие ОВПО – не менее 50 баллов, в области "Педагогические науки" – не менее 75 баллов, в области "Здравоохранение" – не менее 70 баллов, в направлении подготовки "Право" - не менее 75 баллов.

      При этом по каждому предмету ЕНТ и (или) творческому экзамену необходимо набрать не менее 5 баллов.

      Для участия в конкурсе на присуждение образовательного гранта высшего образования за счет средств республиканского или местного бюджета на обучение по родственным направлениям подготовки кадров с высшим образованием, предусматривающим сокращенные сроки обучения, допускаются лица, имеющие техническое и профессиональное, послесреднее образование, прошедшие ЕНТ и набравшие по его результатам не менее 25 баллов, в том числе не менее 5 баллов по каждой дисциплине ЕНТ и (или) творческому экзамену.

      Для участия в конкурсе на присуждение образовательного гранта высшего образования, выделенного для лиц из западных и густонаселенных регионов за счет средств республиканского бюджета, допускаются лица, имеющие среднее, техническое и профессиональное или послесреднее образование, за исключением поступающих по родственным направлениям подготовки кадров с высшим образованием, предусматривающим сокращенные сроки обучения, прошедшие ЕНТ и набравшие по его результатам:

      для поступления в национальные ОВПО – не менее 60 баллов, в области образования "Педагогические науки" – не менее 75 баллов, в области "Здравоохранение" – не менее 70 баллов, в областях "Сельское хозяйство и биоресурсы", "Ветеринария" − не менее 60 баллов;

      для поступления в другие ОВПО – не менее 50 баллов, по области "Педагогические науки" – не менее 75 баллов, по области "Здравоохранение" – не менее 70 баллов.

      При этом по каждому предмету ЕНТ и (или) творческому экзамену необходимо набрать не менее 5 баллов.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. При проведении конкурса на получение образовательных грантов, а также зачислении в состав обучающихся по государственному образовательному заказу на подготовку кадров с высшим образованием в случае равенства баллов преимущественное право в последующей очередности имеют:

      1) лица, награжденные знаком "Алтын белгі";

      2) лица, награжденные знаком отличия за проявленный патриотизм и активную гражданскую позицию;

      3) лица, имеющие документы об образовании организаций образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального, послесреднего образования, подтвердившие квалификацию и имеющие стаж работы по специальности не менее одного года;

      4) победители международных олимпиад и конкурсов научных проектов (научных соревнований) по общеобразовательным предметам (награжденные дипломами первой, второй и третьей степени), международных и республиканских конкурсов исполнителей и спортивных соревнований (награжденные дипломами первой, второй и третьей степени) последних трех лет, перечень которых определяется уполномоченным органом в области образования, а также победители президентской, республиканских олимпиад и конкурсов научных проектов по общеобразовательным предметам (награжденные дипломами первой, второй и третьей степени) текущего учебного года при условии соответствия выбранной ими специальности предмету олимпиады, конкурса или спортивного соревнования, за исключением лиц, указанных в части девятой пункта 6 настоящих Правил;

      5) дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, а также граждане Республики Казахстан из числа молодежи, потерявшие или оставшиеся без попечения родителей до совершеннолетия, инвалиды первой и второй групп, ветераны боевых действий на территории других государств, ветераны, приравненные по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, инвалиды с детства, дети-инвалиды, которым согласно медицинскому заключению не противопоказано обучение в соответствующих организациях образования, и лица, имеющие документы об образовании (свидетельства, аттестаты, дипломы) с отличием.

      При этом, в случае одинаковых показателей баллов, образовательные гранты высшего образования присуждаются лицам, имеющим высокие средние баллы аттестата, свидетельства или диплома.

      В случае одинаковых показателей баллов, а также одинаковых средних баллов аттестата, свидетельства или диплома, учитываются баллы, набранные по профильному предмету.";

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. Вакантные образовательные гранты, в том числе образовательные гранты для лиц из западных и густонаселенных регионов, оставшиеся после конкурсного присуждения образовательных грантов высшего образования, а также отказные образовательные гранты присуждаются республиканской комиссией на конкурсной основе внутри одной области образования лицам с высокими проходными баллами по заявленной группе образовательных программ высшего образования в порядке, предусмотренном в пунктах 13, 14, 15 и 16 настоящих Правил.

      Решения по присуждению вакантных образовательных грантов, оставшихся после конкурсного присуждения образовательных грантов высшего образования иностранным лицам, прибывшим по международным соглашениям, образовательных грантов высшего образования, предусмотренных в резерве, а также образовательных грантов высшего образования, предусмотренных для отдельных ОВПО, принимаются республиканской комиссией.

      Гражданам Республики Казахстан, переводящимся из зарубежных высших учебных заведений, документы об образовании которых признаются на территории Республики Казахстан, за исключением педагогических и медицинских направлений, в ОВПО Республики Казахстан образовательные вакантные и отказные гранты присуждаются на конкурсной основе решением республиканской комиссии по группам образовательных программ.

      Конкурс проводится по результатам промежуточной аттестации на основании среднего балла успеваемости Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж (далее – GPA) с выдачей свидетельства.

      В случае одинаковых показателей среднего балла успеваемости GPA, преимущественным правом обладают обучающиеся, имеющие оценки только А, А- ("отлично"), в следующую очередь – оценки от А, А- ("отлично") до В+, В, В-, С+ ("хорошо"), далее – смешанные оценки за весь период обучения.";

      пункт 24 изложить в следующей редакции:

      "24. Вакантные образовательные гранты, в том числе образовательные гранты для лиц из западных и густонаселенных регионов, высвободившиеся в процессе получения высшего или послевузовского образования (далее – вакантные гранты), присуждаются на конкурсной основе обучающимся на платной основе по группам образовательных программ.

      Конкурс проводится по результатам промежуточной аттестации на основании среднего балла успеваемости GPA с выдачей свидетельства.

      ОВПО размещают на сайте организации (образовательном портале) объявление об открытом конкурсе с указанием количества вакантных образовательных грантов.

      В случае одинаковых показателей среднего балла успеваемости GPA, преимущественным правом обладают обучающиеся, имеющие оценки только А, А- ("отлично"), в следующую очередь – оценки от А, А- ("отлично") до В+, В, В-, С+ ("хорошо"), далее – смешанные оценки за весь период обучения.

      Присуждение вакантных образовательных грантов, высвободившихся в процессе получения высшего и (или) послевузовского образования, осуществляется в период летних и зимних каникул на конкурсной основе в следующем порядке:

      1) обучающийся на платной основе подает заявление на имя руководителя ОВПО на дальнейшее обучение по образовательному гранту высшего или послевузовского образования с указанием о согласии на публикацию в открытом доступе его GPA балла;

      2) ОВПО размещают на сайте организации (образовательном портале) данные претендентов на вакантные гранты с указанием GPA балла в разрезе направления подготовки кадров, курса и групп образовательных программ;

      3) поступившие заявления рассматриваются на заседании ученого (академического) совета и (или) наблюдательного (попечительского) совета и (или) совета директоров;

      4) ОВПО на основании решения ученого (академического) совета и (или) наблюдательного (попечительского) совета и (или) совета директоров в срок, соответственно, до 5 августа и 25 января текущего года направляют список претендентов для перевода на вакантные образовательные гранты в уполномоченный орган в области образования для принятия решения. К списку прилагаются копии заявления обучающегося, решения ученого (академического) совета и (или) наблюдательного (попечительского) совета и (или) совета директоров, выписка из транскрипта обучающегося, копия документа, удостоверяющего его личность, и свидетельство обладателя образовательного гранта (подлинник), отчисленного из ОВПО;

      5) вакантные образовательные гранты, высвободившиеся в процессе получения высшего и (или) послевузовского образования и представленные в уполномоченный орган в области образования ввиду отсутствия претендентов, перераспределяются республиканской комиссией на конкурсной основе;

      6) список вакантных образовательных грантов, высвободившихся в процессе получения высшего и (или) послевузовского образования и представленных ОВПО ввиду отсутствия претендентов, публикуется на сайте уполномоченного органа в области образования;

      7) конкурс проводится среди обучающихся на платной основе из других ОВПО, подавших документы для участия в конкурсе, в разрезе групп образовательных программ, курса по результатам промежуточной аттестации;

      8) уполномоченный орган в области образования рассматривает поступившие документы в разрезе групп образовательных программ, форм и сроков обучения с учетом года поступления и при положительном решении издает приказ о присуждении вакантного образовательного гранта высшего и (или) послевузовского образования (в случае отсутствия претендентов по группе образовательных программ, вакантные образовательные гранты, высвободившиеся в процессе получения высшего и (или) послевузовского образования, перераспределяются внутри направления подготовки или области образования);

      9) на основании приказа уполномоченного органа в области образования Национальный центр тестирования оформляет свидетельство и передает данные в соответствующие ОВПО в течение трех рабочих дней;

      10) на основании свидетельства руководитель ОВПО издает приказ на дальнейшее обучение по образовательному гранту.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов