"Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 489 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 527 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 489 Жарлығына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

"Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 489 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 489 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы лауреатының дипломы мен естелік белгісінің сипаттамасы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалінің және оның куәлігінің сипаттамасы осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы
№ Жарлығына
1-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 2 маусымдағы
№ 489 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы туралы ЕРЕЖЕ

      1. Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы (бұдан әрі – Астана халықаралық сыйлығы) әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлеріне, қоғам қайраткерлері мен саяси қайраткерлерге, ұйымдарға дінаралық диалогты нығайтуға қосқан аса көрнекті үлесі үшін беріледі.

      2. Астана халықаралық сыйлығын беруге ұсынуларды Қазақстан Республикасының Президентіне Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы енгізеді.

      3. Астана халықаралық сыйлығы үш жылда бір рет беріледі.

      4. Астана халықаралық сыйлығын бір адамға немесе ұйымға қайталап беруге жол берілмейді.

      5. Қазақстан Республикасының Президенті Астана халықаралық сыйлығын салтанатты жағдайда тапсырады.

      6. Астана халықаралық сыйлығына ие болған адамға немесе ұйымға "Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығының лауреаты" құрметті атағы беріліп, диплом, естелік белгісі мен ақшалай сыйақы тапсырылады. Астана халықаралық сыйлығының ақшалай сыйақысы 20000 (жиырма мың) АҚШ долларына баламалы мөлшерде теңге валютасында белгіленеді.

      7. Жүргізілген наградтау есебін, сондай-ақ Астана халықаралық сыйлығының тапсырылу барысы туралы есептiлiктi Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
  2022 жылғы
  № Жарлығына
2-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 2 маусымдағы
№ 489 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы лауреатының дипломы мен естелік белгісінің СИПАТТАМАСЫ

      1. Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы лауреатының дипломы:

      1) өлшемі 330 х 115 мм қатты мұқабадан;

      2) өлшемі 320 х 110 мм жапсырма беттен тұрады.

      Дипломның мұқабасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен түстес былғарыдан жасалады.

      Мұқабада:

      1) жоғарғы жағында – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің эмблемасы;

      2) эмблеманың төменгі жағында – осы сипаттамаға 1-қосымшаға сәйкес қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін

      Астана халықаралық сыйлығы лауреатының

      ДИПЛОМЫ

      Laureate of the Astana International Award

      for Interfaith Dialogue

      DIPLOMA" деген екі жазу;

      3) периметрі бойынша – ұлттық ою-өрнек орналасады.

      2. Жапсырма бет баспаханалық тәсілмен қорғау дәрежелері бар арнаулы көгілдір түсті қағазда басып шығарылады.

      Жапсырма беттің беткі жағында:

      1) жоғарғы жағында – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің эмблемасы;

      2) эмблеманың төменгі жағында – осы сипаттамаға 2-қосымшаға сәйкес қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін

      Астана халықаралық сыйлығы лауреатының

      ДИПЛОМЫ

      Laureate of the Astana International Award

      for Interfaith Dialogue

      DIPLOMA" деген екі жазу;

      3) периметрі бойынша – ұлттық ою-өрнек орналасады.

      Жапсырма беттің ішкі екі жағында жоғарғы бөлігінің ортасында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің эмблемасы бейнеленген.

      Осы сипаттамаға 3-қосымшаға сәйкес Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығының лауреаты дипломының жапсырма бетінің ішкі сол жағында қазақ тілінде:

      "ДІНАРАЛЫҚ ДИАЛОГҚА ҚОСҚАН

      YЛECI ҮШІН АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ

      ЛАУРЕАТЫ

      ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ (бар болса)

      ____________________________" деген мәтін жазылған.

      Осы сипаттамаға 3-қосымшаға сәйкес төменде:

      "Қазақстан Республикасының

      Президенті" деген сөздер орналасқан.

      Оның төменгі сол жағында дипломның нөмірі көрсетілген.

      Осы сипаттамаға 3-қосымшаға сәйкес Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығының лауреаты дипломының жапсырма бетінің ішкі оң жағында ағылшын тілінде:

      "LAUREATE

      OF THE ASTANA INTERNATIONAL AWARD

      FOR INTERFAITH DIALOGUE

      FULL NAME

      ___________________________" деген сәйкес мәтін жазылған.

      Осы сипаттамаға 3-қосымшаға сәйкес төменде:

      "President of the

      Republic of Kazakhstan" деген сөздер орналасқан.

      Оның төменгі сол жағында дипломның нөмірі көрсетілген.

      3. Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы лауреатының естелік белгісі төртбұрышты планкаға ілмешекпен бекітілген, диаметрі 25 мм, қалыңдығы 2 мм шеңбер түріндегі сары түстес металдан дайындалады.

      Өлшемі 24 х 16 мм болатын жезден жасалған планкаға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес өлшемі 20 х 11 мм қатқыл лента, планканың сыртқы жағында – визорлы бекіткіші бар түйреуіш бекітілген.

      Естелік белгісінің аверсінде ортаңғы бөлігіндегі жылтыр бетінде Пирамиданың (Бейбітшілік және келісім сарайының ғимараты) бейнесі, оның ішінде "Астана-Бәйтерек" монументінің бейнесі бар. Пирамиданың төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі орналасқан. Естелік белгісін айнала "THE CONGRESS OF THE LEADERS OF WORLD AND TRADITIONAL RELIGIONS" деген жазу орналасқан. Ескерткіш белгісінің төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі орналасқан.

      Естелік белгісінің реверсінде ортаңғы бөлігіндегі жылтыр бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде "ДІНАРАЛЫҚ ДИАЛОГҚА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫ" және "ASTANA INTERNATIONAL AWARD FOR INTERFAITH DIALOGUE" деген екі жазу жазылған. Жазудың астындағы төменгі бөлікте "Зәйтүн бұтағы" элементі және естелік белгісіне берілген нөмір орналасқан.

      Естелік белгісіндегі бейнелер мен жазулардың бәрі де бедерлі, күңгірттелген, сары түстес. Осы сипаттамаға 4-қосымшаға сәйкес естелік белгісінің жиегі жақтаушамен көмкерілген.

  Дінаралық диалогқа қосқан
үлесі үшін Астана халықаралық
сыйлығы лауреатының дипломы
мен естелік белгісінің
сипаттамасына
1-ҚОСЫМША

Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығының лауреаты дипломының БЕЙНЕСІ (қатты мұқаба)





  Дінаралық диалогқа қосқан
үлесі үшін Астана халықаралық
сыйлығы лауреатының дипломы
мен естелік белгісінің
сипаттамасына
2-ҚОСЫМША

Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығының лауреаты дипломының БЕЙНЕСІ (жапсырманың беткі жағы)



  Дінаралық диалогқа қосқан
үлесі үшін Астана халықаралық
сыйлығы лауреатының дипломы
мен естелік белгісінің
сипаттамасына
3-ҚОСЫМША

Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығының лауреаты дипломының БЕЙНЕСІ (жапсырманың ішкі жағы)




  Дінаралық диалогқа қосқан
үлесі үшін Астана халықаралық
сыйлығы лауреатының дипломы
мен естелік белгісінің
сипаттамасына
4-ҚОСЫМША

Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы лауреатының естелік белгісінің
ЭСКИЗІ




  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы
№ Жарлығына
3-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 2 маусымдағы
№ 489 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалінің және оның куәлігінің СИПАТТАМАСЫ

      1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалі күміс түстес металдан жасалады, диаметрі 34 мм, қалыңдығы 2 мм шеңбер пішінінде болады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес қатқыл лентамен қапталған, ортасында тігінен ені 10 мм күміс түстес ұлттық ою-өрнек бейнеленген алты бұрышты пішіндегі тағанға жалғасатын құлақша мен шығыршық арқылы бекітілген. Құлақшаның өлшемі – 50,7 х 33 мм.

      Құрмет медалінің аверсінде ортаңғы бөлігіндегі жылтыр бетінде Пирамиданың (Бейбітшілік және келісім сарайының ғимараты) бейнесі, оның ішінде "Астана-Бәйтерек" монументінің бейнесі бар. Пирамиданың төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі орналасқан. Шеңберді айнала ағылшын тілінде "THE CONGRESS OF THE LEADERS OF WORLD AND TRADITIONAL RELIGIONS" деген жазу жазылған. Астыңғы жағында ұлттық ою-өрнек элементі орналасқан.

      Құрмет медалінің реверсінде ортаңғы бөлігіндегі жылтыр бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде "ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІНІҢ ҚҰРМЕТ МЕДАЛІ" және "MEDAL OF HONOUR OF THE CONGRESS OF THE LEADERS OF WORLD AND TRADITIONAL RELIGIONS" деген екі жазу жазылған. Жазудың астындағы төменгі бөлікте "Зәйтүн бұтағы" элементі және құрмет медаліне берілген нөмір орналасқан.

      Құрмет медаліндегі бейнелер мен жазулардың бәрі де бедерлі, күңгірттелген, күміс түстес. Осы сипаттамаға 1-қосымшаға сәйкес құрмет медалінің жиегі жақтаушамен көмкерілген.

      2. Құрмет медалінің куәлігі өлшемі 100 х 70 мм болатын, қатты мұқабалы кітап болып табылады.

      Мұқабаның сыртқы жағында:

      1) жоғарғы жағында – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің эмблемасы;

      2) эмблеманың төменгі жағында – осы сипаттамаға 2-қосымшаға сәйкес қазақ және ағылшын тілдерінде:

      "КУӘЛІК

      CERTIFICATE" деген екі жазу;

      3) периметрі бойынша – ұлттық ою-өрнек орналасады.

      Ішкі екі жағында жоғарғы бөлігінің ортасында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің эмблемасы бейнеленген.

      Осы сипаттамаға 3-қосымшаға сәйкес ішкі сол жағында қазақ тілінде:

      "Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің

      құрмет медалі лауреатының

      № ____ КУӘЛІГІ

      ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ (бар болса)

      ___________________________" деген мәтін жазылған.

      Осы сипаттамаға 3-қосымшаға сәйкес төменде:

      "Қазақстан Республикасының

      Президенті" деген сөздер орналасқан.

      Осы сипаттамаға 3-қосымшаға сәйкес ішкі оң жағында ағылшын тілінде:

      "CERTIFICATE № ___

      of the Laureate of Medal of Honour of the

      Congress of the Leaders of

      World and Traditional Religions

      FULL NAME

      ____________________________" деген мәтін жазылған.

      Осы сипаттамаға 3-қосымшаға сәйкес төменде:

      "President of the

      Republic of Kazakhstan" деген сөздер орналасқан.

  Әлемдік және дәстүрлі діндер
лидерлері съезінің құрмет
медалінің және оның куәлігінің
сипаттамасына
1-ҚОСЫМША

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалінің ЭСКИЗІ



  Әлемдік және дәстүрлі діндер
лидерлері съезінің құрмет
медалінің және оның куәлігінің
сипаттамасына
2-ҚОСЫМША

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалі куәлігінің БЕЙНЕСІ (қатты мұқаба)



  Әлемдік және дәстүрлі діндер
лидерлері съезінің құрмет
медалінің және оның куәлігінің
сипаттамасына
3-ҚОСЫМША

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалі куәлігінің БЕЙНЕСІ (ішкі бөлігі)


О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 2 июня 2017 года № 489 "Об Астанинской международной премии за вклад в межрелигиозный диалог и почетной медали Съезда лидеров мировых и традиционных религий"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 августа 2022 года № 527

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 2 июня 2017 года № 489 "Об Астанинской международной премии за вклад в межрелигиозный диалог и почетной медали Съезда лидеров мировых и традиционных религий".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 2 июня 2017 года № 489 "Об Астанинской международной премии за вклад в межрелигиозный диалог и почетной медали Съезда лидеров мировых и традиционных религий"

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 2 июня 2017 года № 489 "Об Астанинской международной премии за вклад в межрелигиозный диалог и почетной медали Съезда лидеров мировых и традиционных религий" следующие изменения:

      Положение об Астанинской международной премии за вклад в межрелигиозный диалог, утвержденное вышеназванным Указом, изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему Указу;

      описание диплома и памятного знака лауреата Астанинской международной премии за вклад в межрелигиозный диалог, утвержденное вышеназванным Указом, изложить в новой редакции согласно приложению 2 к настоящему Указу;

      описание почетной медали Съезда лидеров мировых и традиционных религий и удостоверения к ней, утвержденное вышеназванным Указом, изложить в новой редакции согласно приложению 3 к настоящему Указу.

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
Республики Казахстан
К.Токаев

  ПРИЛОЖЕНИЕ 1
к Указу Президента
Республики Казахстан
от 2022 года №
  УТВЕРЖДЕНО
Указом Президента
Республики Казахстан
от 2 июня 2017 года № 489

ПОЛОЖЕНИЕ
об Астанинской международной премии за вклад в межрелигиозный диалог

      1. Астанинская международная премия за вклад в межрелигиозный диалог (далее – Астанинская международная премия) присуждается лидерам мировых и традиционных религий, общественным и политическим деятелям, организациям за выдающийся вклад в укрепление межрелигиозного диалога.

      2. Представления к присуждению Астанинской международной премии вносятся Президенту Республики Казахстан руководителем Секретариата Съезда лидеров мировых и традиционных религий.

      3. Астанинская международная премия присуждается один раз в три года.

      4. Повторное присуждение Астанинской международной премии одному и тому же лицу или организации не допускается.

      5. Астанинская международная премия вручается в торжественной обстановке Президентом Республики Казахстан.

      6. Лицу или организации, удостоенным Астанинской международной премии, присваивается почетное звание "Лауреат Астанинской международной премии за вклад в межрелигиозный диалог" и вручаются диплом, памятный знак и денежное вознаграждение. Денежное вознаграждение Астанинской международной премии устанавливается в валюте тенге, эквивалентной 20000 (двадцать тысяч) долларам США.

      7. Учет произведенных награждений, а также отчетность о ходе вручения Астанинской международной премии ведутся Администрацией Президента Республики Казахстан.


  ПРИЛОЖЕНИЕ 2
к Указу Президента
Республики Казахстан
от 2022 года №
  УТВЕРЖДЕНО
Указом Президента
Республики Казахстан
от 2 июня 2017 года № 489

ОПИСАНИЕ
диплома и памятного знака лауреата Астанинской международной премии за вклад в межрелигиозный диалог

      1. Диплом лауреата Астанинской международной премии за вклад в межрелигиозный диалог состоит из:

      1) твердой обложки размером 330 х 115 мм;

      2) вкладыша размером 320 х 110 мм.

      Обложка диплома изготавливается из кожи цвета Государственного Флага Республики Казахстан.

      На обложке размещаются:

      1) сверху – эмблема Съезда лидеров мировых и традиционных религий;

      2) под эмблемой – две надписи на казахском и английском языках согласно приложению 1 к настоящему описанию:

      "Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін

      Астана халықаралық сыйлығы лауреатының

      ДИПЛОМЫ

      Laureate of the Astana International Award

      for Interfaith Dialogue

      DIPLOMA";

      3) по периметру – национальный орнамент.

      2. Вкладыш печатается типографским способом на специальной со степенями защиты бумаге голубого цвета.

      На лицевой стороне вкладыша размещаются:

      1) сверху – эмблема Съезда лидеров мировых и традиционных религий;

      2) под эмблемой – две надписи на казахском и английском языках согласно приложению 2 к настоящему описанию:

      "Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін

      Астана халықаралық сыйлығы лауреатының

      ДИПЛОМЫ

      Laureate of the Astana International Award

      for Interfaith Dialogue

      DIPLOMA";

      3) по периметру – национальный орнамент.

      На обеих внутренних сторонах вкладыша в верхней части посередине изображена эмблема Съезда лидеров мировых и традиционных религий.

      На левой внутренней стороне вкладыша диплома лауреата Астанинской международной премии за вклад в межрелигиозный диалог напечатан текст на казахском языке согласно приложению 3 к настоящему описанию:

      "ДІНАРАЛЫҚ ДИАЛОГҚА ҚОСҚАН

      YЛECI ҮШІН АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ

      ЛАУРЕАТЫ

      ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ (бар болса)

      ______________________________".

      Внизу расположены слова согласно приложению 3 к настоящему описанию:

      "Қазақстан Республикасының

      Президенті".

      Слева под ними указан номер диплома.

      На правой внутренней стороне вкладыша диплома лауреата Астанинской международной премии за вклад в межрелигиозный диалог напечатан идентичный текст на английском языке согласно приложению 3 к настоящему описанию:

      "LAUREATE

      OF THE ASTANA INTERNATIONAL AWARD

      FOR INTERFAITH DIALOGUE

      FULL NAME

      ______________________________".

      Внизу расположены слова согласно приложению 3 к настоящему описанию:

      "President of the

      Republic of Kazakhstan".

      Слева под ними указан номер диплома.

      3. Памятный знак лауреата Астанинской международной премии за вклад в межрелигиозный диалог изготавливается из металла желтого цвета в виде круга, диаметр которого 25 мм, толщина 2 мм, прикреплен подвеской к четырехугольной планке.

      На планке, изготавливаемой из латуни, размером 24 х 16 мм, прикреплена муаровая лента цвета Государственного Флага Республики Казахстан размером 20 х 11 мм, на оборотной стороне планки – булавка с визорным замком.

      На аверсе памятного знака в центральной части на блестящей поверхности изображение Пирамиды (здания Дворца мира и согласия), внутри которой изображение монумента "Астана-Байтерек". В нижней части Пирамиды расположен элемент национального орнамента. По кругу памятного знака расположена надпись "THE CONGRESS OF THE LEADERS OF WORLD AND TRADITIONAL RELIGIONS". В нижней части памятного знака расположен элемент национального орнамента.

      На реверсе памятного знака в центральной части на блестящей поверхности нанесены две надписи на казахском и английском языках "ДІНАРАЛЫҚ ДИАЛОГҚА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫ" и "ASTANA INTERNATIONAL AWARD FOR INTERFAITH DIALOGUE". В нижней части под надписями расположены элемент "Оливковая ветвь" и присвоенный номер памятного знака.

      Все изображения и надписи на памятном знаке рельефные, матированные, желтого цвета. Края памятного знака обрамлены бортиком согласно приложению 4 к настоящему описанию.

 
  ПРИЛОЖЕНИЕ 1
к описанию диплома и
памятного знака лауреата
Астанинской международной
премии за вклад
в межрелигиозный диалог

ИЗОБРАЖЕНИЕ
диплома лауреата Астанинской международной премии за вклад в межрелигиозный диалог (твердая обложка)

     


  ПРИЛОЖЕНИЕ 2
к описанию диплома и
памятного знака лауреата
Астанинской международной
премии за вклад
в межрелигиозный диалог

ИЗОБРАЖЕНИЕ
диплома лауреата Астанинской международной премии за вклад в межрелигиозный диалог (лицевая сторона вкладыша)

     


  ПРИЛОЖЕНИЕ 3
к описанию диплома и
памятного знака лауреата
Астанинской международной
премии за вклад
в межрелигиозный диалог

ИЗОБРАЖЕНИЕ
диплома лауреата Астанинской международной премии за вклад в межрелигиозный диалог (внутренняя сторона вкладыша)

     


  ПРИЛОЖЕНИЕ 4
к описанию диплома и
памятного знака лауреата
Астанинской международной
премии за вклад
в межрелигиозный диалог

ЭСКИЗ
памятного знака лауреата Астанинской международной премии за вклад в межрелигиозный диалог

     


  ПРИЛОЖЕНИЕ 3
к Указу Президента
Республики Казахстан
от 2022 года №
  УТВЕРЖДЕНО
Указом Президента
Республики Казахстан
от 2 июня 2017 года № 489

ОПИСАНИЕ
почетной медали Съезда лидеров мировых и традиционных религий и удостоверения к ней

      1. Почетная медаль Съезда лидеров мировых и традиционных религий изготавливается из металла серебряного цвета, имеет форму круга, диаметр которого 34 мм, толщина 2 мм, прикреплен при помощи ушка и кольца, соединенного с колодкой шестиугольной формы, обтянутой муаровой лентой цвета Государственного Флага Республики Казахстан, посередине вертикально изображен национальный орнамент серебряного цвета, шириной 10 мм. Размер колодки – 50,7 х 33 мм.

      На аверсе почетной медали в центральной части на блестящей поверхности изображение Пирамиды (здание Дворца мира и согласия), внутри которой изображение монумента "Астана-Байтерек". В нижней части Пирамиды расположен элемент национального орнамента. Вкруговую нанесена надпись на английском языке "THE CONGRESS OF THE LEADERS OF WORLD AND TRADITIONAL RELIGIONS". Внизу расположен элемент национального орнамента.

      На реверсе почетной медали в центральной части на блестящей поверхности нанесены две надписи на казахском и английском языках "ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІНІҢ ҚҰРМЕТ МЕДАЛІ" и "MEDAL OF HONOUR OF THE CONGRESS OF THE LEADERS OF WORLD AND TRADITIONAL RELIGIONS". В нижней части под надписями расположены элемент "Оливковая ветвь" и присвоенный номер почетной медали.

      Все изображения и надписи на почетной медали рельефные, матированные, серебряного цвета. Края почетной медали обрамлены бортиком согласно приложению 1 к настоящему описанию.

      2. Удостоверение к почетной медали представляет собой книгу в твердой обложке размером 100 х 70 мм.

      На внешней стороне обложки размещаются:

      1) сверху – эмблема Съезда лидеров мировых и традиционных религий;

      2) под эмблемой – две надписи на казахском и английском языках согласно приложению 2 к настоящему описанию:

      "КУӘЛІК

      CERTIFICATE";

      3) по периметру – национальный орнамент.

      На обеих внутренних сторонах в верхней части посередине изображена эмблема Съезда лидеров мировых и традиционных религий.

      На левой внутренней стороне напечатан текст на казахском языке согласно приложению 3 к настоящему описанию:

      "Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің

      құрмет медалі лауреатының

      № ____ КУӘЛІГІ

      ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ (бар болса)

      ______________________________".

      Внизу расположены слова согласно приложению 3 к настоящему описанию:

      "Қазақстан Республикасының

      Президенті".

      На правой внутренней стороне напечатан текст на английском языке согласно приложению 3 к настоящему описанию:

      "CERTIFICATE № ___

      of the Laureate of Medal of Honour of the

      Congress of the Leaders of

      World and Traditional Religions

      FULL NAME

      ______________________________".

      Внизу расположены слова согласно приложению 3 к настоящему описанию:

      "President of the

      Republic of Kazakhstan".

  ПРИЛОЖЕНИЕ 1
к описанию почетной медали
Съезда лидеров мировых и
традиционных религий и
удостоверения к ней

ЭСКИЗ
почетной медали Съезда лидеров мировых и традиционных религий

     


  ПРИЛОЖЕНИЕ 2
к описанию почетной медали
Съезда лидеров мировых и
традиционных религий и
удостоверения к ней

ИЗОБРАЖЕНИЕ
удостоверения к почетной медали Съезда лидеров мировых и традиционных религий
(твердая обложка)

     


  ПРИЛОЖЕНИЕ 3
к описанию почетной медали
Съезда лидеров мировых и
традиционных религий и
удостоверения к ней

ИЗОБРАЖЕНИЕ
удостоверения к почетной медали Съезда лидеров мировых и традиционных религий
(внутренняя часть)