Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Никарагуа Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Никарагуа Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 тамыздағы № 552 қаулысымен мақұлдаған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Никарагуа Республикасының Үкіметі арасындағы өзара визалық талаптардан босату туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Никарагуа Республикасының Үкіметі;
достық қарым-қатынастарды дамытуға және тереңдетуге, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы экономикалық, сауда, мәдени, ғылыми және басқа да қатынастарды нығайтуға ықпал ету ниетін басшылыққа ала отырып;
екі мемлекет азаматтары сапарларының құқықтық базасын белгілеу мақсатында;
төмендегілер туралы келісті:
Бір Тарап мемлекетінің жарамды жол жүру құжаттары бар азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағына бір мәрте және көп мәрте келу, кету, транзитпен өту, уақытша болу үшін визалық талаптардан бірінші келген күннен бастап әрбір 180 (жүз сексен) күндік кезең ішінде 30 (отыз) күннен аспайтын кезеңге босатылады.
Екінші Тарап мемлекетінің аумағында 30 (отыз) күннен астам болуға не оның аумағында еңбек немесе коммерциялық қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген бір Тарап мемлекетінің азаматтары осы екінші Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес талап етілетін тиісті визаны алуға тиіс.
Мына құжаттар осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген жарамды жол жүру құжаттары болып табылады:
Қазақстан Республикасы үшін:
1) дипломатиялық паспорт;
2) қызметтік паспорт;
3) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
4) Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік (Қазақстан Республикасына қайтып оралу үшін ғана);
5) теңізшінің жеке куәлігі (кеме тізіміндегі жазба немесе одан үзінді бойынша);
Никарагуа Республикасы үшін:
1) дипломатиялық паспорт;
2) ресми паспорт;
3) қызметтік паспорт;
4) әдеттегі паспорт;
5) уақытша паспорт, Никарагуа Республикасына қайтып оралуға арналған жарамды жол жүру құжаты (Никарагуа Республикасына қайтып оралу үшін ғана);
6) теңізшінің жеке куәлігі (кеме тізіміндегі жазба немесе одан үзінді бойынша).
Екінші Тарап мемлекетінің аумағында дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің қызметкерлері ретінде қызметтік іссапардағы бір Тарап мемлекетінің азаматтары жарамды дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттардың иелері, сондай-ақ олардың жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттары бар отбасы мүшелері Тараптар мемлекеттерінің аумағына оларды аккредиттеу кезеңінде визасыз кіре алады, онда бола алады және кете алады.
1. Бір Тарап мемлекетінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағы арқылы халықаралық қатынаспен саяхаттаушылар үшін ашық пункттер арқылы келе алады және кете алады немесе транзитпен өте алады және соңғы Тарап мемлекетінің шетел азаматтарының келуіне, кетуі мен транзитпен өтуіне қатысты қолданылатын ұлттық заңнамасын сақтаулары тиіс.
2. Тараптар шетелдік азаматтардың өз мемлекеттері аумағына келу, болу және кету режимі өзгергені туралы бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабарлайды.
Тараптардың әрқайсысы ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қабылдаушы мемлекеттің аумағында азаматтардың болуы қолайсыз деп танылған, Тараптар мемлекеттері азаматтарының келуінен бас тарту, олардың болу мерзімін қысқарту немесе тоқтату құқығын сақтайды.
Бір Тарап мемлекетінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағында болу кезінде жарамды жол жүру құжаттарының жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, жоғалған, ұрланған немесе бүлінген кезде осы мемлекеттің аумағынан олар азаматы болып табылатын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі берген жаңа жарамды жол жүру құжаттың немесе өздері азаматы болып табылатын мемлекетке қайтуға құқық беретін жеке басын куәландыратын уақытша құжаттардың негізінде кете алады.
Бір Тарап мемлекетінің екінші Тарап мемлекетінің аумағынан осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген мерзімдерде күтпеген жағдайлардың (табиғи апат, ауру және т.б.) салдарынан кетуге мүмкіндігі жоқ азаматтары, оны растауға құжаттық немесе басқа да сенімді дәлелдемелері болғанда, осы Тарап мемлекетінің аумағынан кету үшін қажетті кезеңге оның ұлттық заңнамасына сәйкес оның аумағында болуға рұқсат алуға тиіс.
Тараптардың әрқайсысы мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп немесе тұрғындардың денсаулығын қорғау пайымдаулары бойынша осы Келісімнің қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата алады. Мұндай шешім ол күшіне енгенге дейін 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірмей дипломатиялық арналар арқылы жазбаша түрде екінші Тарапқа жеткізіледі.
Осы баптың бірінші абзацында көрсетілген себептер бойынша осы Келісімнің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған Тарап екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы мұндай себептердің болуы тоқтатылғаны туралы ең қысқа мерзімде хабардар етеді.
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары осы Келісімге қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күннен кешіктірмей осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген жарамды жол жүру құжаттарының үлгілерімен дипломатиялық арналар арқылы алмасады.
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары жарамды жол жүру құжаттарына және уақытша құжаттарға қатысты қандай да бір өзгерістер туралы осы өзгерістер күшіне енгенге дейін 30 (отыз) күннен кешіктірмей бір-бірін жазбаша хабардар етеді және бір мезгілде өзгертілген мұндай жол жүру құжаттарының үлгілерін дипломатиялық арналар арқылы бір-біріне береді.
Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының өз мемлекеттері қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Осы Келісімді түсіндіруге және қолдануға қатысты келіспеушіліктер Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын және осы Келісімнің 12-бабында белгіленген тәртіппен күшіне енетін жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап 30 (отыз) күннен кейін күшіне енеді.
Осы Келісім Тараптардың бірінің оның қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап 90 (тоқсан) күн өткен соң тоқтатылады.
_________ қаласында 20__ жылғы "__" __________ әрқайсысы қазақ, ағылшын, орыс және испан тілдерінде екі данада жасалды және барлық мәтіндердің күші бірдей. Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Никарагуа РеспубликасыныңҮкіметі үшін |