Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 тамыздағы № 553 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызылорда облысының мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:

      1) "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Мұрат Саламатовтың есімі;

      2) "Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Адырбек Сопыбековтің есімі берілсін.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О присвоении наименований организациям образования и культуры Кызылординской области

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 августа 2022 года № 553.

      В соответствии с подпунктом 4-1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 1996 года № 281 "Об утверждении Правил присвоения наименования аэропортам, портам, железнодорожным вокзалам, железнодорожным станциям, станциям метрополитена, автовокзалам, автостанциям, физико-географическим и другим объектам государственной собственности на территории Республики Казахстан, а также переименования, уточнения и изменения транскрипции их наименований и присвоения собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Присвоить следующим организациям образования и культуры Кызылординской области:

      1) коммунальному государственному казенному предприятию "Кызылординский колледж услуги и сервиса" управления образования Кызылординской области" имя Мурата Саламатова;

      2) коммунальному государственному учреждению "Районная библиотека отдела культуры и развития языков Жанакорганского района" имя Адырбека Сопыбекова.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов