"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Павлодар облыстық көркемсурет музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Нағымбек Нұрмұхаммедовтің есімі берілсін.
2. Мына ұйымдардың атауы өзгертілсін:
1) Павлодар облысының білім беру басқармасы Успен ауданы білім беру бөлімінің "№ 1 Успен жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Павлодар облысының білім беру басқармасы Успен ауданы білім беру бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Павлодар облысының білім беру басқармасы Успен ауданы білім беру бөлімінің "№ 2 Успен жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Павлодар облысының білім беру басқармасы Успен ауданы білім беру бөлімінің "Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Павлодар облысының білім беру басқармасы Успен ауданы білім беру бөлімінің "№ 3 Успен жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Павлодар облысының білім беру басқармасы Успен ауданы білім беру бөлімінің "Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) Павлодар облысының білім беру басқармасы Успен ауданы білім беру бөлімінің "Галицк жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Павлодар облысының білім беру басқармасы Успен ауданы білім беру бөлімінің "Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) Павлодар облысының білім беру басқармасы Успен ауданы білім беру бөлімінің "Ольгин жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Павлодар облысының білім беру басқармасы Успен ауданы білім беру бөлімінің "Мәншүк Мәметова атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) Павлодар облысының білім беру басқармасы Успен ауданы білім беру бөлімінің "Лозов жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Павлодар облысының білім беру басқармасы Успен ауданы білім беру бөлімінің "Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |