Жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгемен) орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 614 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгемен) орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамы жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгемен) орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлемдерін қатысушы банктерге аударуды жүзеге асыратын ұйым болып айқындалсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 27 тамыздағы
№ 614 қаулысымен
бекітілген

Жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгемен) орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгемен) орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгемен) орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) депозитор (салымшы) – Қазақстан Республикасының резиденті және бейрезиденті болып табылатын жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектісі, жекеше нотариус, адвокат, кәсіби медиатор;

      2) қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі (бұдан әрі – ҚААТЖ) – "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жіберілетін құжаттамаға рұқсатсыз қол жеткізуден қажетті қорғауы бар арнайы электрондық байланыс арнасы;

      3) қатысушы банк – тартылған депозиттерді қайтару жөніндегі міндеттемелеріне "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банк (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы);

      4) Қор – "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы;

      5) Орнықтылық қоры – қатысушы банктерге өтелетін депозиттер бойынша өтемақы (сыйлықақы) сомасын аударуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы, "Қазақстан орнықтылық қоры" акционерлік қоғамы;

      6) өтелетін депозит – "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру жинақтау салымдарын және "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тұрғын үй құрылысы жинақтарын қоса алғанда, депозитор (салымшы) қатысушы банкте банктік жинақтау шотында ұлттық валютада (теңгемен) орналастырған жинақ немесе мерзімді салым;

      7) өтемақы (сыйлықақы) – осы Қағидаларда көзделген тәртіппен депозиторға (салымшыға) оның өтелетін депозиті бойынша төленетін ақша сомасы;

      8) "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ПКҚ" АҚ) – "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйым;

      9) тұрғын үй құрылысы жинақ банкі – "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген қызметті жүзеге асыратын банк.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2022 № 1129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Өтемақы (сыйлықақы) төлеу тәртібі

      3. Өтемақы (сыйлықақы) төлеу өтелетін депозиттер бойынша жүзеге асырылады.

      Өтемақы төлеу мынадай депозиттер бойынша жүзеге асырылмайды: талап етілгенге дейінгі салымдар, шартты салымдар және ағымдағы банктік шоттар. Депозиторға (салымшыға) өтемақы (сыйлықақы) төлеу әрбір қатысушы банкте 20000000 (жиырма миллион) теңге шегінде 2022 жылғы 23 ақпандағы операциялық күннің соңындағы жағдай бойынша қолданыста болған өтелетін депозиттегі ақша сомасына жүзеге асырылады.

      Депозиторда (салымшыда) бір қатысушы банкте біреуден артық өтелетін депозит болған кезде өтемақы (сыйлықақы) төлеу осындай қатысушы банктегі өтелетін депозиттерде 20000000 (жиырма миллион) теңге шегіндегі жалпы ақша сомасына жүзеге асырылады.

      Мұрагерге өтемақы төлеген кезде және мұрагердің дәл сол қатысушы банкте салымы (салымдары) болған кезде осындай қатысушы банкте өтемақы қайтыс болған салымшыға және мұрагерге тиесілі салым (салымдар) бойынша бөлек-бөлек, бірақ қайтыс болған салымшының барлық салымдары бойынша жиынтығында 20000000 (жиырма миллион) теңгеден асырмай және осындай қатысушы банктегі мұрагерге тиесілі барлық салымдар бойынша жиынтығында 20000000 (жиырма миллион) теңгеден асырмай жүргізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2022 № 1129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Өтемақы (сыйлықақы) төлеу осы Қағидалардың 10, 11, 12 және 13-тармақтарында көзделген мерзімдер ескеріле отырып, осы Қағидалардың 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген күннен бастап 12 (он екі) ай өткеннен кейін жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалардың 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген күннен бастап 12 (он екі) ай өткеннен кейін депозитор (салымшы) өтемақысы (сыйлықақысы) жоғалмайтын өтелетін депозитті талап етуге құқығы бар.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2022 № 1129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Өтемақы (сыйлықақы) төлеу осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген кезең ішінде жиынтығында мынадай шарттарға сәйкес келетін депозиторлардың (салымшылардың) өтелетін депозиттері бойынша жүзеге асырылады:

      өтелетін депозиттің мерзімі аяқталмаған не кемінде 2023 жылғы 23 ақпанды қоса алғанға дейінгі мерзімге бір немесе бірнеше рет ұзартылған;

      өтелетін депозитті толық алып қою жүзеге асырылмаған, оның ішінде банктік салым шарты мерзімінен бұрын тоқтатылмаған.

      Егер өтелетін депозиттің мерзімі өтіп кетсе және 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап 2023 жылғы 1 қаңтар аралығын қоса алғандағы кезеңде ұзартылмаса, салымшының келісімімен осындай өтелетін депозиттен ақшаны өтелетін жаңа депозитке(терге) аударуға жол беріледі, бұл ретте мұндай аударымның жинақ шотынан, оның ішінде "Жеке тұлғалардың талап етілгенге дейінгі салымдары" шотынан не 2022 жылғы 23 ақпандағы операциялық күннің соңында қолданыста болған өтелетін депозиттің қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты қатысушы банк ақшаны қайтарған жағдайда депозитордың (салымшының) ағымдағы шотынан жүзеге асырылуы шарт.

      Қайта ұйымдастыру және борышты аудару шеңберінде қатысушы банктің депозиторлар алдындағы міндеттемелерді беруі, сондай-ақ депозит (салым) бойынша құқықтардың, оның ішінде мұрагерлерге (құқық мирасқорларына) ауысуы депозитті толық алып қою/банктік салым шартын мерзімінен бұрын тоқтату ретінде қаралмайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2022 № 1129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген кезең ішінде аяқталған банктік салым шарттарының қолданылу мерзімін банктік салым шартында ұзарту туралы талаптардың болуына қарамастан, қатысушы банк кемінде 2023 жылғы 23 ақпанды қоса алғанға дейінгі мерзімге бір немесе бірнеше рет ұзартады.

      Депозитор (салымшы) ұзартылуы банктік салым шартында көзделмеген жинақ салымын талап еткен кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген банктік салым шартының қолданылу мерзімін ұзарту өткізілмеген болып есептеледі және қатысушы банк депозиторға (салымшыға) жинақ салымын береді.

      Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес қатысушы банк депозиторларға (салымшыларға) берген депозиттер бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу жүзеге асырылмайды.

      7. Өтемақыны (сыйлықақыны) төлеу Қағидалардың осы тармағына сәйкес 2023 жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей өз келісімін өтініш арқылы растаған депозиторларға (салымшыларға) жүзеге асырылады.

      Депозитор (салымшы) қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы растайтын құжаттар 2023 жылғы 10 ақпанға дейін ұсынылған кезде өтемақы (сыйлықақы) төлеу үшін өтініш беру талап етілмейді.

      Депозитордың (салымшының) келісімі туралы өтінішті беру тәртібі мен тәсілін қатысушы банк осы Қағидаларға сәйкес айқындайды.

      Қатысушы банктер депозиторларға (салымшыларға) өтемақы (сыйлықақы) алу мүмкіндігі және Қағидалардың осы тармағына сәйкес келісу туралы өтініш арқылы келісім беру қажеттігі туралы хабарлайды.

      Депозитордың (салымшының) келісімі туралы өтініште депозитордың (салымшының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және осы Қағидаларды іске асыру мақсатында қажетті ақпарат, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат "ПКҚ" АҚ-ға, Орнықтылық қоры мен Қорға ұсынылған келісімі, сондай-ақ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтемақы (сыйлықақы) төлеу және осы Қағидаларды іске асыру мақсаттары үшін "ПКҚ" АҚ-ның және Қордың дербес деректерді жинауына және өңдеуіне келісімі көрсетіледі.

      Қатысушы банкке осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімде келісімі туралы өтініш бермеген депозиторларға (салымшыларға) өтемақы (сыйлықақы) төлеу жүзеге асырылмайды.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде айқындалған жағдайда мұрагерлерге өтемақыны одан әрі төлеу мұраның қабылданғанын растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда жүргізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2022 № 1129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Өтемақы (сыйлықақы):

      өтелетін депозиттен 2023 жылғы 23 ақпанның соңына дейін ақша ішінара алынбаған кезде – 2022 жылғы 23 ақпандағы операциялық күннің соңында өтелетін депозитте бар, бірақ 10 %-ға (он пайызға) көбейтілген, 20000000 (жиырма миллион) теңгеден аспайтын сома ретінде;

      2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанның соңына дейінгі кезеңде өтелетін депозит толықтырылған, одан ақша ішінара алынған кезде 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанның соңына дейінгі кезең үшін операциялық күннің соңында тіркелген өтелетін депозиттің ең төменгі қалдығының сомасына, бірақ 10 %-ға (он пайызға) көбейтілген, 20000000 (жиырма миллион) теңгеден аспайтын сомасына жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалардың 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес өтелетін жаңа депозит (депозиттер) ашылған кезде өтемақыны (сыйлықақыны) есептеуде өтелетін депозиттің мерзімі өткен күннен бастап өтелетін жаңа депозит жасалған күнге дейінгі кезең үшін операциялық күн ішінде тіркелген ең төменгі қалдық ескеріледі.

      2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанның соңына дейінгі кезеңде салымдар тұрғын үй құрылыс жинақтарына біріктірілген кезінде өтемақыны (сыйлықақыны) есептеу 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанның соңына дейінгі кезең үшін операциялық күннің соңында тіркелген біріктірілген салымдардың ең аз қалдығының сомасына, бірақ салымшының тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі барлық салымдары бойынша жиынтығында 10 %-ға (он пайызға) көбейтілген 20000000 (жиырма миллион) теңгеден аспайтын сомаға жүзеге асырылады.

      Салымдар 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанның соңына дейінгі кезеңде тұрғын үй құрылыс жинақтарына бөлінген кезде өтемақыны (сыйлықақыны) есептеу бөлінген салымдардың 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанның соңына дейінгі кезең үшін операциялық күннің соңында тіркелген ең аз қалдығының сомасына, бірақ салымшының тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі барлық салымдары бойынша жиынтығында 10 %-ға (он пайызға) көбейтілген, 20000000 (жиырма миллион) теңгеден аспайтын сомаға жүзеге асырылады.

      2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанның соңына дейінгі кезеңде тұрғын үй құрылыс жинақтарына салым (салымдар) құқықтары өтеусіз бөгдеге берілген кезде өтемақыны (сыйлықақыны) есептеу 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанның соңына дейінгі кезең үшін операциялық күннің соңында тіркелген салымның (салымдардың) ең төменгі қалдығының, бірақ салымшының тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі барлық салымдары бойынша 10 %-ға (он пайызға) көбейтілген, жиынтығында 20000000 (жиырма миллион) теңгеден аспайтын сомасына жүзеге асырылады.

      Бұл ретте салымшының тұрғын үй құрылыс банкіндегі барлық салымдары бойынша жиынтығындағы сомасы 2022 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша 20000000 (жиырма миллион) теңгеден асатын тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымды (салымдарды) өтеусіз бөгдеге берген жағдайда көрсетілген шектен асатын салымдар сомалары салымды қабылдаған салымшыдағы өтемақы есебіне енгізілмейді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2022 № 1129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Қатысушы банктер осы Қағидалар бекітілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қорға ҚААТЖ электрондық арнасы бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2022 жылғы 23 ақпандағы операциялық күннің соңындағы жағдай бойынша осы Қағидаларда көзделген тәртіпке сәйкес келетін депозиттердің жалпы сомасы туралы мәліметтерді ұсынады.

      10. Қатысушы банктер 2022 жылғы 23 қарашадан және 2023 жылғы 23 ақпаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілген күндердің соңындағы жағдай бойынша осы Қағидалар бекітілгеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жасалған Қор, "ПКҚ" АҚ, Орнықтылық қоры мен қатысушы банктер арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімде (бұдан әрі – Өзара іс-қимыл туралы келісім) айқындалған нысан бойынша, ФАСТИ электрондық арнасы бойынша Қорға осы Қағидаларда көзделген тәртіпке сәйкес келетін өтелетін депозиттердің тізілімін (бұдан әрі – тізілім) ұсынады.

      Қор қажет болған кезде қатысушы банктерге сұрау салуда көрсетілген күнгі жағдай бойынша тізілімдерді алуға жазбаша нысанда сұрау салулар жібереді. Қатысушы банктер Қордың сұрау салуын алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тізілімдерді Қорға ФАСТИ электрондық арнасы бойынша ұсынады.

      Қатысушы банк толық емес және (немесе) анық емес мәліметтерді қамтитын тізілімді ұсынған кезде қатысушы банк түзетілген тізілімді Қордан хабарлама алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қорға ұсынады.

      11. Қор қатысушы банктерден осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес тізілімдерді алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде "ПКҚ" АҚ-ға Өзара іс-қимыл туралы келісімде айқындалған нысан бойынша өтемақы (сыйлықақы) сомасы жөніндегі мәліметтерді (бұдан әрі – өтемақы жөніндегі мәліметтер) жібереді.

      12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде өтемақы (сыйлықақы) төлеуге бөлінген қаражатты "ПКҚ" АҚ-ға аударады.

      "ПКҚ" АҚ Қордан 2023 жылғы 23 ақпанда күннің соңындағы жағдай бойынша өтемақы бойынша мәліметтерді алғаннан кейін:

      1) 3 (үш) жұмыс күні ішінде қатысушы банктерге өтемақының (сыйлықақының) жалпы сомасының 50 пайызын аударады;

      2) 1 (бір) жұмыс күні ішінде орнықтылық қорына тиісті деректемелері бар қатысушы банктерге өтемақының (сыйлықақының) қалған сомасын аударуды жүзеге асыруға тапсырма-хат жібереді.

      Орнықтылық қоры қатысушы банктерге өтемақының (сыйлықақының) қалған сомасын аударуды жүзеге асыруға "ПКҚ" АҚ-ның тапсырма-хатын алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қатысушы банктерге өтемақы (сыйлықақы) сомасының 50 пайызын аударады.

      Орнықтылық қоры өтемақы (сыйлықақы) сомасын аударғаннан кейін 2 (екі) күн ішінде қатысушы банктерге өтемақы (сыйлықақы) сомасын аударуды жүзеге асыру туралы "ПКҚ" АҚ-ға хабарлама жібереді

      13. Өтемақы (сыйлықақы) сомаларын қатысушы банктер "ПКҚ" АҚ мен Орнықтылық қорынан өтемақы (сыйлықақы) сомаларын алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде депозиторлардың (салымшылардың) ағымдағы банктік шоттарына есепке жатқызады.

      Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үшін өтемақы (сыйлықақы) сомасын депозиторлардың (салымшылардың) жинақ шотына есепке жатқызуға жол беріледі.

      14. Қатысушы банктер депозиторларға (салымшыларға) өтемақы (сыйлықақы) сомасын есепке жатқызу мерзімі аяқталғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Қорға Өзара іс-қимыл туралы келісімде айқындалған нысан бойынша өтемақы (сыйлықақы) сомаларын есепке жатқызу туралы есепті (бұдан әрі – өтемақы сомаларын есепке жатқызу туралы есеп) ұсынады.

      15. Қор қатысушы банктерден өтемақы сомаларын есепке жатқызу туралы есептерді алғаннан кейін 18 (он сегіз) ай ішінде қатысушы банктердің өтемақы (сыйлықақы) сомаларын есептеуіне осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан және Өзара іс-қимыл туралы келісімде айқындалған тәртіппен іріктеп тексеру (мониторинг) жүргізеді.

      Мониторинг нәтижелерін Қор "ПКҚ" АҚ-ға Өзара іс-қимыл туралы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2022 № 1129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Қатысушы банктер Өзара іс-қимыл туралы келісімнің шарттарына сәйкес тізілімдерді, өтемақы сомаларын есепке жатқызу туралы есептерді және депозиторға (салымшыға) өтемақы (сыйлықақы) сомасын есептеуге байланысты өзге де мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.

      "ПКҚ" АҚ-ның өтемақы (сыйлықақы) сомаларын осы Қағидалардың талаптарына және осы Қағидалардың талаптарын бұза отырып есепке жатқызылған өтемақы (сыйлықақы) сомаларын қайтаруға қатысушы банктің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қатысушы банктердің есептеуін оның ішінде Қордың мониторингі нәтижелерінің негізінде дербес тексеруді жүзеге асыруына жол беріледі.

      17. Қатысушы банктің осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес есептелген өтемақы (сыйлықақы) сомасынан артық төлеу фактісі анықталған кезде қатысушы банк артық соманы "ПКҚ" АҚ-ға және Орнықтылық қорына қайтарады. Қатысушы банк "ПКҚ" АҚ-ға және Орнықтылық қорына қайтаруға тиіс артық соманың мөлшері артық өтемақы (сыйлықақы) сомасының іріктеп тексеру шеңберінде іріктелген депозиторларға (салымшыларға) қатысушы банк төлеген, осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес "ПКҚ" АҚ мен Орнықтылық қоры қатысушы банкке аударған өтемақының (сыйлықақының) жалпы сомасына көбейтілген өтемақы (сыйлықақы) сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Қатысушы банктің "ПКҚ" АҚ-ға және Орнықтылық қорына артық соманы төлеуі қатысушы банктің есебінен жүзеге асырылады.

      Қатысушы банктің өтемақы (сыйлықақы) сомасын осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес есептелген өтемақы (сыйлықақы) сомасынан кем төлеу, салымдары осы Қағидалардың тәртібіне сәйкес келген салымшылардың тізіліміне енгізілмеу, сондай-ақ қатысушы банктің осы Қағидалардың 16-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды бұзу фактісі анықталған кезде депозиторға (салымшыға) өтемақының (сыйлықақының) жетіспейтін сомасын төлеу қатысушы банктің есебінен жүзеге асырылады.

      18. Қатысушы банк осы Қағидалардың 10-тармағының үшінші бөлігінде көзделген 2023 жылғы 23 ақпанды қоса алғандағы жағдай бойынша түзетілген тізілімді ұсыну мерзімін бұзған кезде қатысушы банк мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін 20 000 000 (жиырма миллион) теңгенің 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайызы мөлшерінде, бірақ 2 000 000 (екі миллион) теңгеден аспайтын сомада айыппұл төлейді.

      19. Осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында белгіленген өтемақы сомасын қайтару және "ПКҚ" АҚ-ға және Орнықтылық қорына айыппұл төлеу тәртібі Өзара іс-қимыл туралы келісімде айқындалады.

      20. Қатысушы банктерден артық сомада өтемақы (сыйлықақы) алған кезде "ПКҚ" АҚ оларды республикалық бюджетке қайтарады.

  Жеке тұлғалардың ұлттық
валютада (теңгемен)
орналастырылған депозиттері
бойынша өтемақы (сыйлықақы)
төлеу қағидаларына
қосымша

Жеке тұлғалардың өтелетін депозиттерінің жалпы сомасы туралы мәліметтер

      Кесте, теңге

Р/с

Депозитор (салымшы)

Резиденттік белгісі (Қазақстан Республикасының резиденті / бейрезидент)

Шарттың №/ұзарту шартының №

Шартты/ ұзарту шартын жасасу күні*

Өтелетін депозит түрі **

Өтелетін депозит мерзімі***

Бас кітап шотының нөмірі****

23.02.2022 жылғы операциялық күннің соңында өтелетін депозиттің ұлттық валютадағы қалдығының сомасы (теңге)*****

1 2 3 4 5 6 7 8 10

1

1-клиент
1-шарт








1.1

1-клиент
2-шарт








Депозитор бойынша жиыны 1******









2

1-клиент
1-шарт








2.1

1-клиент 2-шарт








Депозитор бойынша жиыны 2******



















Қатысушы банк бойынша барлығы *******








      Ескертпе:

      * Шарт 23.02.2022 ж. қоса алғанға дейін ұзартылған жағдайда соңғы ұзарту шартының № ("/" арқылы) және тиісінше осы ұзарту шартының күнін "Шартты/ұзарту шартын жасасу күні ("/" арқылы)" 5-баған бойынша көрсету қажет;

      ** өтелетін депозиттің түрі мерзімді не жинақ депозиті (салымы) көрсетіледі.

      *** өтелетін депозиттің мерзімі айлармен көрсетіледі. Егер өтелетін депозит күндермен көрсетілсе, онда оны айдағы мерзімге келтіру үшін бір айда 30 күнді (ондық үлестерге дейін дөңгелектеу) негіз ретінде алу қажет.

      **** жинақ және мерзімді депозиттер (салымдар) бойынша мынадай шоттар енгізіледі: 2206, 2207, 2226, 2214, 2229, 2243, 2213 (2213-шотта көрсетілген қалдық сомасын басқа аударылған шоттарда қайталауға жол берілмейді).

      ***** өтелетін депозиттің ұлттық валютадағы қалдығының сомасы (теңге) үтірден кейін екі белгімен теңгемен көрсетіледі. Өтелетін депозиттің ұлттық валютадағы (теңге) қалдығының сомасы өтелетін депозит (салым) бойынша капиталдандырылған сыйақыны ескере отырып көрсетіледі.

      ****** "Депозитор бойынша жиыны" деген жолда "Өтелетін депозиттің ұлттық валютадағы (теңге) қалдығының сомасы" деген баған бойынша 23.02.2022 жылғы операциялық күннің соңында клиенттің барлық шарттары бойынша өтелетін депозит қалдығының сомасы көрсетіледі. "Депозитор бойынша жиыны" деген жол бойынша "Өтелетін депозиттің ұлттық валютадағы (теңге) қалдығының сомасы" деген баған бойынша 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден асқан кезде 20 000 000 (жиырма миллион) теңге мөлшеріндегі соманы көрсету қажет.

      Осылайша, "23.02.2022 жылғы операциялық күннің соңында өтелетін депозиттің ұлттық валютадағы қалдығының сомасы" деген 10-баған бойынша "1-клиент, 1-шарт, 1-клиент, 2-шарт,..." деген жолдарда 23.02.2022 жылғы операциялық күннің соңында өтелетін депозиттің ұлттық валютадағы қалдығының барлық сомасы көрсетіледі. "23.02.2022 жылғы операциялық күннің соңында өтелетін депозиттің ұлттық валютадағы қалдығының сомасы" деген 10-баған бойынша "1-депозитор бойынша жиыны, 2-депозитор бойынша жиыны, ..." деген жолдар бойынша 23.02.2022 жылғы операциялық күннің соңында клиенттің барлық шарттары бойынша өтелетін депозит қалдығының сомасы көрсетіледі. Клиенттің барлық шарттары бойынша өтелетін депозит қалдығының сомасы "Депозититор бойынша жиыны" деген жол бойынша 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден асқан жағдайда 20 000 000 (жиырма миллион) теңге мөлшеріндегі соманы көрсету қажет;

      ******* "Қатысушы банк бойынша барлығы" деген жолда "Депозитор бойынша жиыны" деген жолдар бойынша өтелетін депозиттер қалдығының сомасы көрсетіледі.

      Кесте ұлттық валютадағы (теңге) өтелетін депозиттер бойынша ғана толтырылады.

      Мультивалюталық өтелетін депозит (салым) бойынша өтелетін депозиттің теңгелік бөлігі ғана көрсетіледі.

      Егер өтелетін депозиттің ұлттық валютадағы (теңге) қалдығының сомасы 0,0 теңгені құраса, онда мұндай банктік салым шарты бойынша деректер көрсетілмейді.

      Кестедегі деректер депозиторлар (салымшылар) бойынша дербестендірусіз, "1-клиент", 2-клиент" нысанында көрсетілгендей депозитордың (салымшының) тегін, атын, әкесінің атын ашпай толтырылады.

Об утверждении Правил выплаты компенсации (премии) по депозитам физических лиц, размещенным в национальной валюте (тенге)

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2022 года № 614.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выплаты компенсации (премии) по депозитам физических лиц, размещенным в национальной валюте (тенге).

      2. Определить акционерное общество "Фонд проблемных кредитов" организацией, осуществляющей перечисление банкам-участникам выплат компенсации (премии) по депозитам физических лиц, размещенным в национальной валюте (тенге).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от " " 2022 года

Правила выплаты компенсации (премии) по депозитам физических лиц, размещенным в национальной валюте (тенге)

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выплаты компенсации (премии) по депозитам физических лиц, размещенным в национальной валюте (тенге), (далее – Правила) определяют порядок выплаты компенсации (премии) по депозитам физических лиц, размещенным в национальной валюте (тенге).

      2. Для целей настоящих Правил используются следующие понятия и сокращения:

      1) депозитор (вкладчик) – физическое лицо, являющееся резидентом и нерезидентом Республики Казахстан, в том числе субъект индивидуального предпринимательства, частный нотариус, адвокат, профессиональный медиатор;

      2) финансовая автоматизированная система транспорта информации (далее – ФАСТИ) – специальный электронный канал связи республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казахстанский центр межбанковских расчетов Национального Банка Республики Казахстан", обладающий необходимой защитой от несанкционированного доступа к отправляемой документации;

      3) банк-участник – банк (филиал банка-нерезидента Республики Казахстан), являющийся участником системы обязательного гарантирования депозитов, обязательства которого по возврату привлеченных депозитов гарантируются в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня Республики Казахстан";

      4) Фонд – акционерное общество "Казахстанский фонд гарантирования депозитов";

      5) Фонд устойчивости – дочерняя организация Национального Банка Республики Казахстан – акционерное общество "Казахстанский фонд устойчивости", осуществляющее перечисление банкам-участникам суммы компенсации (премии) по компенсируемым депозитам;

      6) компенсируемый депозит – сберегательный или срочный вклад, включая образовательные накопительные вклады, определенные в соответствии с Законом Республики Казахстан "О Государственной образовательной накопительной системе", и жилищные строительные сбережения, определенные Законом Республики Казахстан "О жилищных строительных сбережениях в Республике Казахстан", размещенный депозитором (вкладчиком) в национальной валюте (тенге) в банке-участнике на сберегательном банковском счете;

      7) компенсация (премия) – сумма денег, выплачиваемая депозитору (вкладчику) по его компенсируемому депозиту в порядке, предусмотренными настоящими Правилами;

      8) акционерное общество "Фонд проблемных кредитов" (далее – АО "ФПК") – организация, специализирующаяся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня в соответствии со статьей 5-1 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан";

      9) жилищный строительный сберегательный банк – банк, осуществляющий деятельность, предусмотренную статьей 5 Закона Республики Казахстан "О жилищных строительных сбережениях".

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 30.12.2022 № 1129 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок выплаты компенсации (премии)

      3. Выплата компенсации (премии) осуществляется по компенсируемым депозитам.

      Выплата компенсации не осуществляется по следующим депозитам: вклады до востребования, условные вклады и текущие банковские счета. Выплата компенсации (премии) депозитору (вкладчику) осуществляется на сумму денег на компенсируемом депозите, действовавшем по состоянию на конец операционного дня 23 февраля 2022 года, в пределах 20000000 (двадцать миллионов) тенге в каждом банке-участнике.

      При наличии у депозитора (вкладчика) более одного компенсируемого депозита в одном банке-участнике выплата компенсации (премии) осуществляется на общую сумму денег в пределах 20000000 (двадцать миллионов) тенге на компенсируемых депозитах в таком банке-участнике.

      При выплате компенсации наследнику и наличии у наследника вклада (-ов) в том же банке-участнике компенсация производится отдельно по вкладу (-ам), принадлежащему (-им) умершему вкладчику и наследнику в таком банке-участнике, но не более 20000000 (двадцать миллионов) тенге в совокупности по всем вкладам умершего вкладчика и не более 20000000 (двадцать миллионов) тенге в совокупности по всем вкладам, принадлежащим наследнику в таком банке-участнике.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции постановления Правительства РК от 30.12.2022 № 1129 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Выплата компенсации (премии) осуществляется после истечения 12 (двенадцать) месяцев с даты, указанной в части второй пункта 3 настоящих Правил, с учетом сроков, предусмотренных пунктами 10, 11, 12 и 13 настоящих Правил.

      После истечения 12 (двенадцать) месяцев с даты, указанной в части второй пункта 3 настоящих Правил, депозитор (вкладчик) имеет право истребовать компенсируемый депозит без потери компенсации (премии).

      Сноска. Пункт 4 - в редакции постановления Правительства РК от 30.12.2022 № 1129 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Выплата компенсации (премии) осуществляется по компенсируемым депозитам депозиторов (вкладчиков), соответствующим в течение периода, указанного в пункте 4 настоящих Правил, в совокупности следующим условиям:

      срок компенсируемого депозита не истек либо был продлен один или несколько раз на срок не менее чем до 23 февраля 2023 года включительно;

      не осуществлялось полное изъятие компенсируемого депозита, в том числе не был досрочно прекращен договор банковского вклада.

      Если срок компенсируемого депозита истек и не был продлен, в период с 24 февраля 2022 года по 1 января 2023 года включительно допускается с согласия вкладчика перевод денег с такого компенсируемого депозита на новый (-ые) компенсируемый (-ые) депозит (-ы) в этом же банке-участнике при условии, что такой перевод осуществлен со сберегательного счета, в том числе счета "Вклады до востребования физических лиц", либо текущего счета депозитора (вкладчика), в случае возврата банком-участником денег в связи с истечением срока действия компенсируемого депозита, действовавшего на конец операционного дня 23 февраля 2022 года.

      Не рассматриваются как полное изъятие депозита/досрочное прекращение договора банковского вклада передача банком-участником обязательств перед депозиторами в рамках реорганизации и перевода долга, а также переход прав по депозиту (вкладу), в том числе к наследникам (правопреемникам).

      Сноска. Пункт 5 - в редакции постановления Правительства РК от 30.12.2022 № 1129 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Срок действия договоров банковского вклада, завершившихся в течение периода, указанного в пункте 4 настоящих Правил, продлевается банком-участникам один или несколько раз на срок не менее чем до 23 февраля 2023 года включительно, независимо от наличия условий о продлении в договоре банковского вклада.

      При истребовании депозитором (вкладчиком) сберегательного вклада, продление которого не было предусмотрено договором банковского вклада, продление срока действия договора банковского вклада, предусмотренное частью первой настоящего пункта, считается не состоявшимся, и банк-участник выдает депозитору (вкладчику) сберегательный вклад.

      По депозитам, выданным банком-участником депозиторам (вкладчикам) в соответствии с частью второй настоящего пункта, выплата компенсации (премии) не осуществляется.

      7. Выплата компенсации (премии) осуществляется депозиторам (вкладчикам), подтвердившим свое согласие в соответствии с настоящим пунктом Правил не позднее 10 февраля 2023 года посредством заявления.

      В случае смерти депозитора (вкладчика) при предоставлении подтверждающих документов о смерти до 10 февраля 2023 года подача заявления для выплаты компенсации (премии) не требуется.

      Порядок и способ подачи заявления о согласии депозитора (вкладчика) определяются банком-участником в соответствии с настоящими Правилами.

      Банки-участники уведомляют депозиторов (вкладчиков) о возможности получения компенсации (премии) и необходимости предоставления согласия посредством заявления о согласии в соответствии с настоящим пунктом Правил.

      В заявлении о согласии депозитора (вкладчика) указываются фамилия, имя, отчество (при его наличии), индивидуальный идентификационный номер, согласие депозитора (вкладчика) с порядком, установленным настоящими Правилами, и представлением информации АО "ФПК", Фонду устойчивости и Фонду, необходимой в целях реализации настоящих Правил, в том числе информации, составляющей банковскую и иную охраняемую законом тайну, а также согласие на сбор и обработку АО "ФПК" и Фондом персональных данных в соответствии с Законом Республики Казахстан "О персональных данных и их защите" для целей выплаты компенсации (премии) и реализации настоящих Правил.

      Депозиторам (вкладчикам), не подавшим заявление о согласии в банк-участник в срок, предусмотренный частью первой настоящего пункта, выплата компенсации (премии) не осуществляется.

      В случаях, определенных частью второй настоящего пункта, дальнейшая выплата компенсации наследникам производится при условии представления документов, подтверждающих принятие наследства.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции постановления Правительства РК от 30.12.2022 № 1129 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Компенсация (премия) рассчитывается:

      при отсутствии частичного изъятия денег с компенсируемого депозита до 23 февраля 2023 года включительно – как сумма, имеющаяся на компенсируемом депозите на конец операционного дня 23 февраля 2022 года, но не более 20000000 (двадцать миллионов) тенге, умноженная на 10 % (десять процентов);

      при пополнении, частичном изъятии денег с компенсируемого депозита в период с 23 февраля 2022 года по 23 февраля 2023 года включительно расчет компенсации (премии) осуществляется на сумму минимального остатка компенсируемого депозита, зафиксированного на конец операционного дня за период с 23 февраля 2022 года по 23 февраля 2023 года включительно, но не более 20000000 (двадцать миллионов) тенге, умноженную на 10 % (десять процентов).

      При открытии нового (-ых) компенсируемого (-ых) депозита (-ов) согласно части второй пункта 5 настоящих Правил в расчете компенсации (премии) учитывается минимальный остаток, зафиксированный в течение операционного дня за период с даты истечения срока компенсируемого депозита до даты заключения нового компенсируемого депозита.

      При объединении вкладов в жилищные строительные сбережения в период с 23 февраля 2022 года по 23 февраля 2023 года включительно расчет компенсации (премии) осуществляется на сумму минимального остатка объединенных вкладов, зафиксированного на конец операционного дня за период с 23 февраля 2022 года по 23 февраля 2023 года включительно, но не более 20000000 (двадцать миллионов) тенге в совокупности по всем вкладам вкладчика в жилищном строительном сберегательном банке, умноженную на 10 % (десять процентов).

      При делении вкладов в жилищные строительные сбережения в период с 23 февраля 2022 года по 23 февраля 2023 года включительно расчет компенсации (премии) осуществляется на сумму минимального остатка разделенных вкладов, зафиксированного на конец операционного дня за период с 23 февраля 2022 года по 23 февраля 2023 года включительно, но не более 20000000 (двадцать миллионов) тенге в совокупности по всем вкладам вкладчика в жилищном строительном сберегательном банке, умноженную на 10 % (десять процентов).

      При безвозмездной уступке прав вклада (-ов) в жилищные строительные сбережения в период с 23 февраля 2022 года по 23 февраля 2023 года включительно расчет компенсации (премии) осуществляется на сумму минимального остатка вклада (-ов), зафиксированного на конец операционного дня за период с 23 февраля 2022 года по 23 февраля 2023 года включительно, но не более 20000000 (двадцать миллионов) тенге в совокупности по всем вкладам вкладчика в жилищном строительном сберегательном банке, умноженную на 10 % (десять процентов).

      При этом в случае безвозмездной уступки вклада (-ов) в жилищные строительные сбережения, сумма которых в совокупности по всем вкладам вкладчика в жилищном строительном банке превышала 20000000 (двадцать миллионов) тенге по состоянию на 23 февраля 2022 года, превышающие указанный порог суммы вкладов не включаются в расчет компенсации у вкладчика, принявшего вклад.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции постановления Правительства РК от 30.12.2022 № 1129 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Банки-участники в течение 10 (десять) рабочих дней после утверждения настоящих Правил представляют в Фонд по электронному каналу ФАСТИ сведения об общей сумме компенсируемых депозитов физических лиц, соответствующих порядку, предусмотренному настоящими Правилами, по состоянию на конец операционного дня 23 февраля 2022 года согласно приложению к настоящим Правилам.

      10. Банки-участники в течение 7 (семь) рабочих дней после 23 ноября 2022 года и 23 февраля 2023 года представляют в Фонд по электронному каналу ФАСТИ реестр компенсируемых депозитов, соответствующих порядку, предусмотренному настоящими Правилами, (далее – реестр) по состоянию на конец дня указанных дат, по форме, определенной соглашением о взаимодействии между Фондом, АО "ФПК", Фонд устойчивости и банками-участниками, заключенным не позднее 30 (тридцать) календарных дней после утверждения настоящих Правил (далее – Соглашение о взаимодействии).

      Фонд при необходимости направляет в банки-участники в письменной форме запросы на получение реестров по состоянию на дату, указанную в запросе. Банки-участники в течение 7 (семь) рабочих дней после получения запроса Фонда представляют в Фонд по электронному каналу ФАСТИ реестры.

      При представлении банком-участником реестра, содержащего неполные и (или) недостоверные сведения, банк-участник представляет в Фонд исправленный реестр в течение 3 (три) рабочих дней со дня получения уведомления от Фонда.

      11. Фонд в течение 3 (три) рабочих дней после получения от банков-участников реестров в соответствии с пунктом 10 настоящих Правил направляет АО "ФПК" сведения по сумме компенсации (премии) по форме, определенной Соглашением о взаимодействии (далее – сведения по компенсации).

      12. Министерство финансов Республики Казахстан в пределах предусмотренных в республиканском бюджете средств перечисляет средства в АО "ФПК", выделенные на выплату компенсации (премии).

      АО "ФПК" после получения от Фонда сведений по компенсации по состоянию на конец дня 23 февраля 2023 года:

      1) в течение 3 (три) рабочих дней переводит 50 процентов от общей суммы компенсации (премии) банкам-участникам;

      2) в течение 1 (один) рабочего дня направляет письмо-поручение Фонду устойчивости на осуществление перевода оставшейся суммы компенсации (премии) банкам-участникам с соответствующими реквизитами.

      Фонд устойчивости в течение 2 (два) рабочих дней после получения письма-поручения АО "ФПК" на осуществление перевода оставшейся суммы компенсации (премии) банкам-участникам переводит 50 % процентов суммы компенсации (премии) банкам-участникам.

      Фонд устойчивости в течение 2 (два) дней после перевода суммы компенсации (премии) банкам-участникам направляет уведомление в АО "ФПК" об осуществлении перевода суммы компенсации (премии).

      13. Суммы компенсации (премии) зачисляются банками-участниками на текущие банковские счета депозиторов (вкладчиков) в течение 2 (два) рабочих дней после получения от АО "ФПК" и Фонда устойчивости сумм компенсации (премии).

      Для жилищного строительного сберегательного банка допускается зачисление суммы компенсации (премии) на сберегательные счета депозиторов (вкладчиков).

      14. Банки-участники после окончания срока зачисления суммы компенсации (премии) депозиторам (вкладчикам) в течение 7 (семь) рабочих дней представляют Фонду отчет о зачислении сумм компенсации (премии) (далее – отчет о зачислении сумм компенсации) по форме, определенной Соглашением о взаимодействии.

      15. Фонд в течение 18 месяцев после получения от банков-участников отчетов о зачислении сумм компенсации проводит выборочную проверку (мониторинг) расчета банками-участниками сумм компенсации (премии) на соответствие требованиям настоящих Правил и в порядке, определенном Соглашением о взаимодействии.

      Результаты мониторинга представляются Фондом АО "ФПК" в порядке и сроки, предусмотренные Соглашением о взаимодействии.

      Сноска. Пункт 15 - в редакции постановления Правительства РК от 30.12.2022 № 1129 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. Банки-участники представляют реестры, отчеты о зачислении сумм компенсации и иные сведения, документы, связанные с расчетом суммы компенсации (премии) депозитору (вкладчику), в соответствии с условиями Соглашения о взаимодействии.

      Допускается осуществление АО "ФПК" самостоятельной проверки расчета банками-участниками сумм компенсации (премии) на соответствие требованиям настоящих Правил и требованиям от банка-участника возврата сумм компенсации (премии), зачисленных с нарушением требований настоящих Правил, в том числе на основании результатов мониторинга Фонда.

      17. При выявлении факта выплаты банком-участником суммы компенсации (премии) больше суммы компенсации (премии), рассчитанной в соответствии с пунктом 8 настоящих Правил, банк-участник возвращает излишнюю сумму в АО "ФПК" и Фонд устойчивости. Размер излишней суммы, подлежащей возврату банком-участником АО "ФПК" и Фонд устойчивости, рассчитывается как отношение излишней суммы компенсации (премии) к сумме компенсации (премии), выплаченной банком-участником депозиторам (вкладчикам), отобранным в рамках выборочной проверки, умноженной на общую сумму компенсации (премии), перечисленной АО "ФПК" и Фонд устойчивости банку-участнику в соответствии с пунктом 8 настоящих Правил. Выплата банком-участником АО "ФПК" и Фонд устойчивости излишней суммы осуществляется за счет банка-участника.

      При выявлении факта выплаты банком-участником суммы компенсации (премии) меньше суммы компенсации (премии), рассчитанной в соответствии с пунктом 8 настоящих Правил, не включения в реестр вкладчиков, вклады которых соответствовали порядку настоящих Правил, а также нарушении банком-участником условий, указанных в части первой пункта 16 настоящих Правил, выплата недостающей суммы компенсации (премии) депозитору (вкладчику) осуществляется за счет банка-участника.

      18. При нарушении банком-участником срока представления исправленного реестра по состоянию на 23 февраля 2023 года включительно, предусмотренного частью третьей пункта 10 настоящих Правил, банк-участник выплачивает штраф в размере 0,5 (ноль целых пять десятых) процента от 20 000 000 (двадцать миллионов) тенге за каждый календарный день просрочки, но не более 2 000 000 (два миллиона) тенге.

      19. Порядок возврата сумм компенсации и выплаты штрафа АО "ФПК" и Фондом устойчивости, установленных пунктами 17 и 18 настоящих Правил, определяется Соглашением о взаимодействии.

      20. При получении от банков-участников излишней суммы компенсации (премии) АО "ФПК" возвращает их в республиканский бюджет.

 
  Приложение
к Правилам выплаты
компенсации (премии)
по депозитам физических лиц,
размещенным в национальной
валюте (тенге)

Сведения об общей сумме компенсируемых депозитов физических лиц

  Таблица, тенге


п/п

Депозитор (вкладчик)

Признак резидентства (резидент/нерезидент Республики Казахстан)

№ договора/ № договора пролонгации*

Дата заключения договора/ договора пролонгации*

Вид компенсируемого депозита**

Срок компенсируемого депозита***

Номер счета Главной книги****

Сумма остатка компенсируемого депозита в национальной валюте (тенге) на конец операционного дня 23.02.2022 года*****

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Клиент 1 Договор 1








1.1

Клиент 1 Договор 2








Итого по депозитору 1******









2

Клиент 1 Договор 1








2.1

Клиент 1 Договор 2








Итого по депозитору 2******



















Всего по Банку-участнику*******








      Примечание:

      * Если договор был пролонгирован до 23.02.2022 года включительно, нужно также указать № договора последней пролонгации (через "/") и, соответственно, дату этого договора пролонгации по графе 5 "Дата заключения договора/договора пролонгации" (через "/");

      ** вид компенсируемого депозита указывается срочный либо сберегательный депозит (вклад);

      *** срок компенсируемого депозита указывается в месяцах. Если компенсируемый депозит в днях, то для приведения его в месячный срок, необходимо брать за базу 30 дней в месяце (округление до десятых долей);

      **** включаются следующие счета по сберегательным и срочным депозитам (вкладам): 2206, 2207, 2226, 2214, 2229, 2243, 2213 (не допускается дублирование суммы остатка, указанной на счете 2213, на других перечисленных счетах);

      ***** сумма остатка компенсируемого депозита в национальной валюте (тенге) указывается в тенге с двумя знаками после запятой. Сумма остатка компенсируемого депозита в национальной валюте (тенге) указывается с учетом капитализированного вознаграждения по компенсируемому депозиту (вкладу);

      ****** в строке "Итого по депозитору" по столбцу "Сумма остатка компенсируемого депозита в национальной валюте (тенге)" указывается сумма остатка компенсируемого депозита по всем договорам клиента на конец операционного дня 23.02.2022 года. При превышении по строке "Итого по депозитору" по столбцу "Сумма остатка компенсируемого депозита в национальной валюте (тенге)" 20 000 000 (двадцати миллионов) тенге, необходимо указать сумму в размере 20 000 000 (двадцать миллионов) тенге;

      Таким образом, по графе 10 "Сумма остатка компенсируемого депозита в национальной валюте на конец операционного дня 23.02.2022 года" в строках "Клиент 1 Договор 1, Клиент 1 Договор 2,…" указывается вся сумма остатка компенсируемого депозита в национальной валюте на конец операционного дня 23.02.2022 года. По графе 10 "Сумма остатка компенсируемого депозита в национальной валюте на конец операционного дня 23.02.2022 года" по строкам "Итого по депозитору 1, Итого по депозитору 2, …" указывается сумма остатка компенсируемого депозита по всем договорам клиента на конец операционного дня 23.02.2022 года. В случае превышения суммы остатка компенсируемого депозита по всем договорам клиента по строке "Итого по депозитору" 20 000 000 (двадцати миллионов) тенге, необходимо указать сумму в размере 20 000 000 (двадцать миллионов) тенге.;

      ******* в строке "Всего по Банку-участнику" указывается сумма остатка компенсируемых депозитов по строкам "Итого по депозитору".

      Таблица заполняется только по компенсируемым депозитам в национальной валюте (тенге).

      По мультивалютному компенсируемому депозиту (вкладу) указывается только тенговая часть компенсируемого депозита.

      Если сумма остатка компенсируемого депозита в национальной валюте (тенге) составляет 0,0 тенге, то данные по такому договору банковского вклада не указываются.

      Данные в таблице заполняются без персонализации по депозиторам (вкладчикам), без раскрытия фамилии, имени, отчества депозитора (вкладчика), как указано в форме "Клиент 1", "Клиент 2".