Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2022 жылғы 24 наурызда Мәскеуде жасалған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Бейресми аударма |
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер 2014 жыяғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) XXVII бөлім мынадай мазмұндағы 106-баппен толықтырылсын:
XXVIII бөлімге қатысты өетпелі ережелер Еуразиялық экономикалық одақтағы әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ереженің (осы Шартқа № 32 қосымша) 53-тармағында көзделген тәртіппен 20 ж. қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматгары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттамамен (бұдан әрі - Өзгерістер енгізу туралы хаттама) енгізілген мемлекеттік азаматтық қызмет өтілінің ұзақтығы бөлігіндегі өзгерістерді есепке алмағанда, еңбек сіңірген жылдары үшін мыналарға:
Еуразиялық экономикалық одақтағы әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ереженің (осы Шартқа № 32 қосымша) 53-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алу құқығына ие болған және Өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күнге дейін Комиссияда немесе Одақтың Сотында атқаратын лауазымдарынан босатылған адамдар үшін;
өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күнге Комиссияда немесе Одақтың Сотында лауазымды атқаратын және осы күнге еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы тағайындау үшін кемінде 20 жыл мемлекеттік азаматтық қызмет өтілі бар адамдар үшін;
өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күнге Комиссияда немесе Одақтың Сотында лауазымды атқаратын, осы күнге еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы тағайындау үшін кемінде 15 жыл мемлекеттік азаматтық қызмет өтілі бар және Өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күнге дейін Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес қарттығына (мүгедектігіне) байланысты сақтандыру зейнетақысына құқық алған адамдар үшін зейнетақы алу құқығы сақталады.
Аталған адамдар санатына еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы 2016 ж. 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданыста болған, федералды мемлекеттік азаматтық қызметшілер үшін Ресей Федерациясының заңнамасында айқындалған шарттарға сәйкес және тәртіппен тағайындалады.";
2) Еуразиялық экономикалық одақтағы әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ереженің (көрсетілгсн Шартқа № 32 қосымша) 53-тармағы бірінші абзацының бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: "Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын, Комиссияда және Одақтың Сотында жұмыс істегенге дейін Ресей Федерациясының мемлекеттік қызмет лауазымын атқарған, Комиссияда және Одақтың Сотында атқарған лауазымдардан босатылған (кінәлі әрекеттеріне байланысты босатылған жағдайларды қоспағанда) және тиісті жылы федералды мемлекеттік азаматтық қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы тағайындау үшін Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген ұзақтығымен мемлекеттік азаматтық қызмет өтілі бар Комиссияның және Одақ Сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлері, егер олар Комиссиядан немесе Одақтың Сотынан босатылудың алдында кемінде 3 жыл соларда лауазымды атқарса, федералды мемлекеттік азаматтық қызметшілер үшін Ресей Федерациясының заңнамасында айқындалған шарттарға сәйкес және тәртіппен тағайындалатын еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы алуға құқығы бар.".
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
202 ___ ____ "__" ____ _____ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитариі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Беларусь Қазақстан Қырғызстан Ресей Республикасы Республикасы Республикасы Республикасы Федерациясы үшін үшін үшін үшін үшін |
Осымен қазақ тіліндегі осы мәтін 2022 жылғы 24 наурызда Мәскеу қаласында қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманың толық және теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын:
Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Премьер-Министрі Н. В. Пашинян;
Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Президенті A. Г. Лукашенко;
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев;
Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Президенті С. Н. Жапаров;
Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Президенті B. В. Путин.
Түпнұсқа данасы орыс тілінде Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.
Барлығы көшірменің 3 парағы тігілген, қол қоюмен және мөрмен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы |
А. Сарбасов |