Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Eurasian Resourses Group S.a.r.l." компаниясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1411 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Мақашұлы Жұманғаринге және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаевқа "Eurasian Resourses Group S.a.r.l." компаниясы (Люксембург) Директорлар кеңесінің құрамына кіруге рұқсат етілсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |