Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 270 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Мақашұлы Жұманғаринді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайлауды қамтамасыз етсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |