Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Дүниежүзілік сауда ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігін ашу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Дүниежүзілік сауда ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігін ашу туралы
1. Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) Дүниежүзілік сауда ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |