"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 670 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 717 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 тамыздағы № 716 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2023 № 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 670 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Базалық қаржыландыру ғылыми инфрақұрылым мен мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жетекші ғалымдарының, әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналының еңбегіне ақы төлеуге, сондай-ақ ғылыми-техникалық қызметін ақпараттық сүйемелдеуге арналған базалық қаржыландыру нормалары бойынша шығыстарды қамтиды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жетекші ғалымдардың, әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналының еңбегіне ақы төлеуді, оның ішінде өтемақы төлемдерін (сауықтыру үшін жәрдемақы төлеуді) қамтиды.

      Әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеуді қамтиды.

      Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар үшін осы шығыстар "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (бұдан әрі – № 1193 қаулы) сәйкес айқындалады.

      Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін еңбекке ақы төлеу шығыстары № 1193 қаулыға сәйкес ең төменгі төлем мөлшерінде, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы", "Акционерлік қоғамдар туралы", "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" заңдарына сәйкес меншікті кірістер есебінен ең төменгі төлемнен жоғары мөлшерде айқындалады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 2011 года № 670 "Об утверждении норм базового финансирования научной и (или) научно-технической деятельности"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 сентября 2022 года № 717. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2023 года № 716.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.08.2023 № 716 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 2011 года № 670 "Об утверждении норм базового финансирования научной и (или) научно-технической деятельности" следующие изменения:

      в нормах базового финансирования научной и (или) научно-технической деятельности, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Базовое финансирование включает расходы по нормам базового финансирования на текущее обеспечение научной инфраструктуры и имущества, в том числе зданий, оборудования и материалов, оплату труда ведущих ученых, административного и обслуживающего персонала, а также информационное сопровождение научно-технической деятельности государственных научных организаций и научных организаций, приравненных к государственным, государственных организаций высшего и (или) послевузовского образования, организаций высшего и (или) послевузовского образования, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, а также организаций высшего и (или) послевузовского образования, в которых пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) прямо либо косвенно принадлежат юридическим лицам, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству.";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Расходы по оплате труда ведущих ученых, административного и обслуживающего персонала включают оплату труда, в том числе компенсационные выплаты административного и обслуживающего персонала государственных научных организаций и научных организаций, приравненных к государственным, государственных организаций высшего и (или) послевузовского образования, организаций высшего и (или) послевузовского образования, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, а также организаций высшего и (или) послевузовского образования, в которых пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) прямо либо косвенно принадлежат юридическим лицам, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству.

      Расходы по оплате труда административного и обслуживающего персонала включают выплаты пособия на оздоровление гражданским служащим, содержащимся за счет государственного бюджета.

      Данные расходы для государственных предприятий на праве оперативного управления определяются в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" (далее – постановление № 1193).

      Для республиканских государственных предприятий на праве хозяйственного ведения, акционерных обществ, некоммерческих акционерных обществ, товариществ с ограниченной ответственностью расходы на оплату труда определяются в размере минимальной оплаты в соответствии с постановлением № 1193 сверх минимальной оплаты за счет собственных доходов в соответствии с законами Республики Казахстан "О государственном имуществе", "Об акционерных обществах", "О товариществах с ограниченной и дополнительной ответственностью".".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов