Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 730 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Жамбыл облысының әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Ақкөл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) жалпы алаңы 4479,01 гектар жер учаскесі орман қоры жерлерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Жамбыл облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің көмірсутек шикізатын өндіру үшін "Амангелді Газ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Серіктестік (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 730 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы Жалпы алаңы,
гектар
оның ішінде:
орман
көмкерген
орман көмкермеген
 
жайылым жол өзге жерлер
1 2 3 4 5 6 7

"Жамбыл облысының әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Ақкөл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

4479,01

2114,51

75

2246,1

13,0

30,4

Барлығы:

4479,01

2114,51

75

2246,1

13,0

30,4


О переводе отдельных участков земель лесного фонда в земли другой категории

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 сентября 2022 года № 730

      В соответствии со статьей 130 Земельного кодекса Республики Казахстан и статьей 51 Лесного кодекса Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Перевести земельный участок общей площадью 4479,01 гектара из категории земель лесного фонда коммунального государственного учреждения "Аккольское учреждение по охране лесов и животного мира управления природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Жамбылской области" (далее – учреждение) в категорию земель промышленности, транспорта, связи, для нужд космической деятельности, обороны, национальной безопасности и иного несельскохозяйственного назначения согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Акиму Жамбылской области в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить предоставление товариществу с ограниченной ответственностью "Амангельды Газ" (далее – товарищество) земельного участка, указанного в пункте 1 настоящего постановления, для добычи углеводородного сырья.

      3. Товариществу (по согласованию) в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан возместить в доход республиканского бюджета потери лесохозяйственного производства, вызванные изъятием лесных угодий для использования их в целях, не связанных с ведением лесного хозяйства, и принять меры по расчистке площади с передачей полученной древесины на баланс указанного учреждения.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 23 сентября 2022 года № 730

Экспликация земель,
переводимых из категории земель лесного фонда в категорию земель промышленности, транспорта, связи, для нужд космической деятельности, обороны, национальной безопасности и иного несельскохозяйственного назначения

Наименование землепользователя

Общая
площадь,
гектаров

в том числе:

покрытая
лесом

не покрытая
лесом

пастбище

дорога
 

прочие
земли

1

2

3

4

5

6

7

Коммунальное государственное учреждение "Аккольское учреждение по охране лесов и животного мира управления природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Жамбылской области"

4479,01

2114,51

75

2246,1

13,0

30,4

Всего:

4479,01

2114,51

75

2246,1

13,0

30,4