"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Алматы облысының шекарасы оның аумағынан Жетісу облысының жалпы ауданы 11848,3 мың гектар жерін шығару жолымен өзгертілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының шекарасы белгіленсін.
3. Алматы және Жетісу облыстарының әкімдіктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 735 қаулысына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 735 қаулысына 2-қосымша |