"Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы № 1061 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 760 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 34 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.01.2024 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы № 1061 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) астананың көлік органы – астана аумағында көлік саласындағы реттеуді жүзеге асыруға астана әкімі уәкілеттік берген жергілікті атқарушы орган;

      2) маршрут – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру процесінде айқындалған, белгіленген бастапқы, аралық және соңғы пункттер мен қозғалыс кестелерінің арасында жүретін жол;

      3) маршруттың схемасы – аялдама пункттері, олардың арасындағы арақашықтық, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, теміржол өтпелері, көпірлер және тоннельдер) көрсетіле отырып, бағытты графикалық түрде шартты бейнелеу;

      4) борт журналы – жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде автокөлік құралының рейс алдында техникалық қарап-тексеруден әрі жүргізушінің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден өткені туралы белгілер қойылатын, автокөлік құралында болатын нөмірленген және тігілген журнал;

      5) жол жүру құжаты (билет) – ресімдеу арқылы жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат (бұдан әрі – билет);

      6) жол полициясы – астанада жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы арнайы функцияларды жүзеге асыратын аумақтық ішкі істер органы;

      7) жолаушыларды отырғызу және түсіру пункті (аялдама пункті) – осы Ереженің талаптарына сәйкес жайластырылған, жолаушыларды отырғызу және түсіру мақсатында автокөлік құралдарының аялдауына арналған орын;

      8) багаж – Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларында белгіленген нормалар шегінде буып-түйілген және автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісім негізінде таксимен тасымалданатын жолаушы мүлкі;

      9) қозғалыс кестесі – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбір аялдама пункті бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтер қамтылған кесте.

      4. Ұйымдастыру сипатына қарай жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тұрақты, тұрақты емес және таксимен тасымалдау болып бөлінеді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асырған кезде тасымалдаушы автокөлік құралына жол парағын ресімдеп, жүргiзушiнің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден, сондай-ақ автокөлік құралының техникалық қарап-тексеруден өткені туралы мәліметтерді енгізеді.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар автокөлік құралдарын тасымалдауды ұйымдастырушыға автокөлік құралының қазіргі тұрған жері туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде беретін спутниктік навигация аппаратурасымен жабдықтауды қамтамасыз етеді.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау лицензиарға берілген лицензияға қосымшада көрсетілген автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жолаушылар тасымалы жүзеге асырылатын автобустардың, шағын автобустардың жылжымалы құрамының бірлігі өзгерген жағдайда лицензияға қосымша қайта ресімделуге тиіс.

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 3, 4, 5, 6, 7, 8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдау біржолғы сипаты бар тасымалдау, тапсырыс берілген автобустармен, шағын автобустармен тасымалдау болып бөлінеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаған кезде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетін және кемінде екі жолаушы есігі бар автобустар мен шағын автобустар пайдаланылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жолаушылар мен багажды қалада автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдарының салонында мыналарды:

      1) тасымалдаушының толық атауын;

      2) тасымалдаушының, тасымалдауды ұйымдастырушының, сондай-ақ жол полициясының байланыс телефондарының нөмірлерін;

      3) маршрут схемасының көшірмесі мен қозғалыс кестесін;

      4) маршрут бойынша жол жүруге және багажды алып жүруге белгіленген тарифті;

      5) ақы төлемей жол жүргені және/немесе багажды алып жүргені үшін белгіленген айыппұлдың мөлшерін;

      6) жолаушылардың құқықтары мен міндеттерін;

      7) тыйымдар туралы ақпарат бар және арнайы орындар белгіленген пиктограммаларды қамтитын ақпараттық табло орналастырылады.

      Жолаушылар мен багажды қалада автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдары аялдамаларды жариялайтын автоматтандырылған дауыс зорайтқыш құрылғымен жабдықталады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ таксимен тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының салондарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салынады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарын ашу, жабу және өзгерту тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Автобустар қозғалысына диспетчерлік жетекшілік";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Елді мекендерді астанамен қосатын тұрақты халықаралық, қалааралық облысаралық, қалааралық облысішілік, қала маңындағы маршруттарға диспетчерлік жетекшілікті автовокзалдың немесе автостанцияның диспетчерлік қызметі ғана жүзеге асырады.";

      31 және 32-тармақтар алып тасталсын;

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Жолаушылар мен багажды қалада автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және оларды өткізу тәртібі";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін комиссияға тиісті лот бойынша конкурсқа қатысуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) беру қажет, оған конкурстық құжаттамаға қоса берілетін конвертке салынған мынадай құжаттар:

      1) қатысушы туралы толтырылған ақпарат бланкісі;

      2) заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

      3) автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының және жолаушылар алдында тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының көшірмелері;

      4) жылжымалы құрамның әрбiр бiрлiгi үшiн көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің және ағымдағы кезеңде жарамды диагностикалық техникалық қарап-тексеру карталарының көшiрмелерi;

      5) конкурстық құжаттама жиынтығына салынған нысандар санына тең санда қатысушының қолымен толтырылған әрі оның мөрімен куәландырылған конкурстық ұсыныстар қоса беріледі.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің болуы талап етілмейді.

      Конкурстық ұсыныстар стандартты ақ парақтарда біркелкі, түзетулерсіз және шимайсыз ресімделеді.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Жолаушылар мен багажды қалада автомобильмен тұрақты тасымалдау";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау";

      96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "96. Дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар таксимен тасымалдаушы ретінде қызметін жүзеге асыруды бастар алдында жергілікті атқарушы органға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы хабарлама жібереді.";

      97, 98, 99, 100 және 101-тармақтар алып тасталсын;

      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Таксимен тасымалдаушылар:

      осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін техникалық жарамды такси автомобильдермен тасымалдауды жүзеге асырады;

      қызметін заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде жүзеге асырады;

      "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жолаушылар алдында тасымалдаушылардың азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасады;

      "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-10) тармақшасына сәйкес автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларына сәйкес жоспарлы-алдын ала техникалық қызмет көрсету, жылжымалы құрамды жөндеу және рейс алдындағы бақылаудан өткізу үшін жағдайларды қамтамасыз етеді (мұндай база немесе оның жекелеген компоненттері болмаған жағдайда тасымалдаушылар осы қызмет түрін жүзеге асыруға рұқсат құжаттары бар тиісті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орындайтын субъектілермен шаруашылық шарттарын жасасады);

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 86-бабының 4 және 6-тармақтарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары мен мерзімділігі және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес көлік құралдарын жүргізушілердің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден өтуін және рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргізушілерді көлік құралдарын басқаруға жібермейді, сондай-ақ таксидің ақауы болған жағдайда оны уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етеді;

      жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтайды;

      жүргізушілер персоналын белгіленген үлгідегі нысанды киіммен қамтамасыз етеді;

      жүргізушілердің жолаушылар көлігі кәсіптік оқу-білім беру орталықтарында:

      қаланың және көшелердің орналасуын;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін (бұдан әрі – Жол жүрісі қағидалары) және осы Ережені;

      қауіптілігі жоғары әдеттегі жол-көлік ахуалдарын, жолдағы және метеорологиялық жағдайлар қиын болғанда көлік құралын қауіпсіз басқару негіздерін;

      зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін;

      жол-көлік оқиғасы кезінде жолаушыларды эвакуациялау тәртібін білуді көздейтін кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан өтуін және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.

      Такси автомобильдер шанақ периметрі бойынша "шаршылы белдеумен" және төбесінде орналасқан, әрі 500 метрге дейінгі қашықтықтан жақсы ажыратылатын айырым қалпақшасымен, алдыңғы есіктері тасымалдаушының логотипімен, артқы есіктері қызмет көрсететін диспетчерлік қызметтің нөмірлерімен және шанақтың артқы бүйір жақтары такси автомобильдің жеке тіркеу нөмірімен (гараж нөмірімен) жабдықталады. Айырым қалпақшасында "ТАХІ" (такси) деген жазу немесе тәуліктің қараңғы уақытында жарық түсіретін өзіндік "шаршылы белдеуі" болады.";

      103-тармақ алып тасталсын;

      104, 105 және 106-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Қажет болған кезде такси автомобильдер таксометрмен жарақтандырылады.

      105. Такси автомобильдер диспетчерлік қызметпен (бар болса) радиоландырылған немесе ұялы байланыс құралдарымен жабдықталады.

      106. Такси автомобильдің салонында жолаушыларға көрініп тұратындай:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ тасымалдаушының ресми атауы көрсетілген жүргізушінің фотосуреті;

      тасымалдау тарифі, сондай-ақ белгілі бір жағдайда қолданылатын арнайы тарифтер (әрбір багаж орнына, әрбір жануарға және т.б.);

      астананың көлік органының, диспетчерлік қызметтің (бар болса) және "112" бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің телефон нөмірлері болады.

      Такси автомобильдің салонында қолжетімді жерде тасымалдау процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері бөлігінде осы Ережеден үзінді көшірме, сондай-ақ қаланың (астананың) картасы болады.

      Осы тармақтың ережелері тіл туралы заңнамаға сәйкес орындалады.";

      109, 110 және 114-тармақтар алып тасталсын;

      115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "115. Диспетчерлік қызметтер:

      жолаушылардан тапсырыстар қабылдау және оларды такси жүргізушісіне беру үшін сапалы көп арналы және жедел радиоландырылған немесе ұялы байланыспен қамтамасыз етеді;

      тапсырыстардың уақтылы орындалуын және таксилердің берілуін бақылауды жүзеге асырады;

      жолаушылардан түскен тапсырыстарды тіркеу журналын жүргізеді;

      такси кешіккен немесе тапсырысты орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда таксиге тапсырысты ресімдеген адамға оның кешігетіні туралы дереу ескертеді немесе жолаушымен келісу бойынша қысқа мерзімде басқа таксимен ауыстырады;

      таксиге тапсырыстар қабылдау туралы қала тұрғындарына аңық және шынайы ақпарат береді.";

      120-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "120. Такси тұрақтарын осы Ереженің шарттарына сәйкес келетін таксимен тасымалдаушылар пайдаланады.";

      124, 125 және 126-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "124. Такси автомобильді жіберуге тапсырысты тасымалдаушы радиоландырылған немесе ұялы байланыс құралдары арқылы қабылдайды. Жолаушы жол жүру құнын жол жүру аяқталған соң төлейді.

      125. Тапсырысты қабылдау және такси автомобильдерді жіберу арасындағы уақыт аралығы, сондай-ақ шұғыл тапсырыстарға ақы төлеу тәртібі мен мөлшері диспетчерлік қызметтермен (бар болса) келісу бойынша белгіленеді.

      126. Алдын ала тапсырыс жасалған кезде жүргізуші такси автомобильдің тапсырыста көрсетілген уақытқа қарай жіберілуін қамтамасыз етеді, бұл ретте оның жолаушыны күту уақыты 10 минуттан аспайды. Осы уақыт өткеннен кейін жүргізуші жолаушыға немесе оған тапсырысты берген диспетчерлік қызметке (бар болса) хабарлап, тапсырыс орнынан кетеді.";

      128, 129, 130 және 131-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "128. Жолаушы такси автомобильге отырған соң жүргізуші таксометрді (бар болса) іске қосады.

      129. Жол жүру аяқталғаннан кейін таксометрдің (бар болса) көрсеткіштеріне сәйкес жолаушыға такси автомобильдің көрсетілген қызметі үшін түбіртек (чек) беріледі.

      130. Такси автомобильді бірнеше жолаушы жалдаған жағдайда жол жүру төлемақысының жалпы сомасы жолаушылар арасында әрбір жолаушының жүріп өткен қашықтығына барабар бөлінеді.

      131. Егер такси автомобильмен тасымалдау процесінде, оның ішінде жүргізушіге байланысты емес мән-жайларға орай оның қозғалысын жалғастыру мүмкін болмайтын ахуал туындаса, тасымалдау шарты мерзімінен бұрын бұзылды деп есептеледі, жолаушы жүріп өткен қашықтықтың құнын төлейді.";

      136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "136. Такси жүргізушілері:

      жүру жолында қозғалыс жолағын алдын ала таңдайды, жылдамдық режимін реттейді және маневр жасауды көлік құралының барынша қауіпсіздігін және бірқалыпты жүруді қамтамасыз ететіндей түрде жүзеге асырады;

      көлік құралының жол жүрісінің қауіпсіздігіне, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін техникалық ақауы болған жағдайда көлік құралын тоқтатып, барлық есіктерін ашады және жолаушыларды шығарады;

      шұғыл жағдайларда 101, 102, 103 мамандандырылған қызметтеріне немесе "112" бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне дереу жүгінеді;

      жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда оқиғаның сипаттамасы туралы тиісті қызметтерге хабарлау үшін дереу шаралар қолданады және мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетеді, оларды шұғыл медициналық жәрдем пункттеріне жеткізуді ұйымдастырады;

      көлік құралында жолаушы байқамай ұмыт қалдырған заттар болса, оларды қысқа мерзімде тасымалдаушы әкімшілігінің жауапты жұмыскерлеріне немесе "табылған заттар үстеліне" сақтауға тапсыруды қамтамасыз етеді;

      такси автомобильде ақаулар анықталған кезде бұл туралы диспетчерлік қызметке (бар болса) дереу хабарлайды және жолаушының баратын жеріне немесе ең жақын жолаушылар көлігі аялдамасына дейін тез жетуіне жәрдемдеседі;

      тасымалдау қауіпсіздігін және жолаушыларға жоғары қызмет көрсету мәдениетін қамтамасыз етеді;

      жолға шығар алдында автомобильдің техникалық жай-күйін тексереді;

      жүргізушінің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден, сондай-ақ такси автомобильдің техникалық қарап-тексеруден өткені туралы мәліметті жол парағына енгізуді қамтамасыз етеді;

      музыка ойнатқыштарды немесе радиоқабылдағыштарды жолаушының келісімімен қосады және оларды жолаушының талап етуі бойынша сөндіреді.";

      140-тармақ алып тасталсын;

      7-тарау алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 ноября 2007 года № 1061 "Об утверждении Правил перевозки пассажиров и багажа автомобильным транспортом в столице"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 сентября 2022 года № 760. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 января 2024 года № 34.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.01.2024 № 34 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 ноября 2007 года № 1061 "Об утверждении Правил перевозки пассажиров и багажа автомобильным транспортом в столице" следующие изменения и дополнение:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О статусе столицы Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      в Правилах перевозки пассажиров и багажа автомобильным транспортом в столице, утвержденных указанным постановлением:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      пункты 3 и 4 изложить в следующей редакции:

      "3. Основные понятия, используемые в Правилах:

      1) орган транспорта столицы – местный исполнительный орган, уполномоченный акимом столицы осуществлять регулирование в сфере транспорта на территории столицы;

      2) маршрут – путь следования между установленными начальным, промежуточными и конечным пунктами и расписаниями движения, определенный в процессе организации регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа;

      3) схема маршрута – графическое условное изображение маршрута с указанием остановочных пунктов, расстояний между ними, а также характерных ориентиров (развилок дорог, перекрестков, железнодорожных переездов, мостов и тоннелей);

      4) бортовой журнал - пронумерованный и прошнурованный журнал, находящийся на автотранспортном средстве при осуществлении нерегулярных перевозок пассажиров и багажа, в котором проставляются отметки о прохождении предрейсового технического осмотра автотранспортного средства и предрейсового и послерейсового медицинского осмотра водителя;

      5) проездной документ (билет) – документ в бумажной или электронной форме, путем оформления которого заключается договор перевозки пассажира (далее – билет);

      6) дорожная полиция – территориальный орган внутренних дел, осуществляющий специальные функции в области обеспечения безопасности дорожного движения в столице;

      7) пункт посадки и высадки пассажиров (остановочный пункт) – место, обустроенное в соответствии с требованиями настоящих Правил, предназначенное для остановки автотранспортных средств с целью посадки и высадки пассажиров;

      8) багаж – имущество пассажира, упакованное и перевозимое в багажном отделении автобуса, микроавтобуса или в багажном автомобиле, сопровождающем автобус, микроавтобус, в пределах норм, установленных Правилами перевозки пассажиров и багажа автомобильным транспортом, а также в такси на основании дополнительного соглашения с перевозчиком;

      9) расписание движения – таблица, содержащая сведения о месте и времени движения автобусов, микроавтобусов по каждому остановочному пункту маршрута регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа.

      4. По характеру организации автомобильные перевозки пассажиров и багажа подразделяются на регулярные, нерегулярные и перевозки такси.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. При осуществлении автомобильных перевозок пассажиров и багажа перевозчик оформляет путевой лист на автотранспортное средство с внесением сведений о прохождении предрейсового и послерейсового медицинского осмотра водителя, а также технического осмотра автотранспортного средства.";

      дополнить пунктом 6-1 следующего содержания:

      "6-1. Перевозчики, осуществляющие регулярные и нерегулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа, обеспечивают оборудование автотранспортных средств аппаратурой спутниковой навигации с представлением в режиме реального времени информации о текущем местоположении автотранспортного средства организатору перевозок.";

      пункты 7 и 8 изложить в следующей редакции:

      "7. Нерегулярная перевозка пассажиров автобусами, микроавтобусами, а также регулярная перевозка пассажиров автобусами, микроавтобусами в международном сообщении осуществляются автобусами, микроавтобусами, указанными в приложении к лицензии, выданной лицензиару.

      В случае изменения единицы подвижного состава автобусов, микроавтобусов, которыми осуществляется перевозка пассажиров, указанной в части первой настоящего пункта, приложение к лицензии подлежит переоформлению.

      Переоформление лицензии и (или) приложения к лицензии осуществляется в соответствии с пунктами 3, 4, 5, 6, 7, 8 статьи 33 Закона Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях".

      8. Нерегулярные перевозки пассажиров и багажа подразделяются на перевозки разового характера, перевозки заказными автобусами, микроавтобусами.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. При регулярных автомобильных перевозках пассажиров и багажа используются автобусы и микроавтобусы, соответствующие требованиям технических регламентов и имеющие не менее двух пассажирских дверей.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. В салоне автотранспортных средств, используемых при регулярных городских автомобильных перевозках пассажиров и багажа, располагается информационное табло, содержащее:

      1) полное наименование перевозчика;

      2) номера контактных телефонов перевозчика, организатора перевозок, а также дорожной полиции;

      3) копию схемы маршрута и расписания движения;

      4) установленный тариф на проезд по маршруту и провоз багажа;

      5) размер штрафа за неоплаченный проезд и/или провоз багажа;

      6) права и обязанности пассажиров;

      7) пиктограммы с информацией о запретах и обозначениями специальных мест.

      Автотранспортные средства, используемые при регулярных городских автомобильных перевозках пассажиров и багажа, оборудуются автоматизированной громкоговорящей установкой объявления остановок.";

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. Потребление табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком, табака для кальяна, кальянной смеси, систем для нагрева табака, электронных систем потребления и жидкостей для них, запрещается в салонах автотранспортных средств, осуществляющих регулярные и нерегулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа, а также перевозки такси.";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок открытия, закрытия и изменения маршрутов регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Диспетчерское руководство движением автобусов";

      пункт 29 изложить в следующей редакции:

      "29. Диспетчерское руководство регулярных международных, междугородных межобластных, междугородных внутриобластных, пригородных маршрутов, соединяющих населенные пункты со столицей, осуществляется только диспетчерской службой автовокзала или автостанции.";

      пункты 31 и 32 исключить;

      заголовок главы 4 изложить в следующей редакции:

      "Глава 4. Порядок организации и проведения конкурсов на право обслуживания маршрутов регулярных городских автомобильных перевозок пассажиров и багажа";

      пункт 56 изложить в следующей редакции:

      "56. Для регистрации в качестве участника конкурса необходимо представить в комиссию заявку на участие в конкурсе по соответствующему лоту (далее – заявка) с приложением следующих документов, вложенных в прилагаемый к конкурсной документации конверт:

      1) заполненный бланк информации об участнике;

      2) справка о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица – для юридического лица или копия документа, удостоверяющего личность, – для физического лица;

      3) копии договоров обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев автотранспортных средств и договоров обязательного страхования гражданско-правовой ответственности перевозчика перед пассажирами;

      4) копии свидетельств о государственной регистрации транспортного средства и диагностических карт технического осмотра, действительных на текущий период, на каждую единицу подвижного состава;

      5) заполненные и заверенные подписью и печатью участника конкурсные предложения в количестве, равном количеству форм, вложенных в комплект конкурсной документации.

      Не требуется наличие печати для юридических лиц, относящихся к субъектам частного предпринимательства.

      Конкурсные предложения оформляются на белых стандартных листах единообразно, без исправлений и помарок.";

      заголовок главы 5 изложить в следующей редакции:

      "Глава 5. Регулярные городские автомобильные перевозки пассажиров и багажа";

      заголовок главы 6 изложить в следующей редакции:

      "Глава 6. Перевозка пассажиров и багажа такси";

      пункт 96 изложить в следующей редакции:

      "96. Индивидуальные предприниматели или юридические лица перед началом осуществления деятельности в качестве перевозчика такси направляют в местный исполнительный орган уведомление о начале деятельности в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях".";

      пункты 97, 98, 99, 100 и 101 исключить;

      пункт 102 изложить в следующей редакции:

      "102. Перевозчики такси:

      осуществляют перевозки технически исправными автомобилями-такси, соответствующими требованиям настоящих Правил;

      осуществляют деятельность в качестве юридического лица или индивидуального предпринимателя;

      заключают договор страхования гражданской правовой ответственности перевозчиков перед пассажирами в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности перевозчика перед пассажирами";

      обеспечивают условия для проведения планово-предупредительного технического обслуживания, ремонта и предрейсового контроля подвижного состава в соответствии с Правилами технической эксплуатации автотранспортных средств, утвержденными уполномоченным органом в области автомобильного транспорта в соответствии с подпунктом 23-10) статьи 13 Закона Республики Казахстан "Об автомобильном транспорте" (в случае отсутствия такой базы или отдельных ее компонентов, перевозчики заключают хозяйственные договоры с субъектами, выполняющими соответствующие виды работ и услуг, имеющими разрешительные документы на осуществление данного вида деятельности);

      обеспечивают прохождение предрейсовых и послерейсовых медицинских осмотров водителей транспортных средств в соответствии с Правилами и периодичностью проведения обязательных медицинских осмотров и оказания государственной услуги "Прохождение предварительных обязательных медицинских осмотров", утвержденными уполномоченным органом в области здравоохранения, в соответствии с пунктами 4 и 6 статьи 86 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" и не допускают к управлению транспортными средствами водителей, не прошедших предрейсовый и послерейсовый медицинский осмотр, а также своевременную замену такси в случае его неисправности;

      соблюдают режим труда и отдыха водителей;

      обеспечивают водительский персонал форменной одеждой установленного образца;

      обеспечивают водителям профессиональную подготовку, переподготовку и повышение их квалификации в профессиональных учебно-образовательных центрах пассажирского транспорта, предусматривающие знание:

      города и расположения улиц;

      Правил дорожного движения, основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2014 года № 1196 (далее – Правила дорожного движения), и настоящих Правил;

      типичных дорожно-транспортных ситуаций повышенной опасности, основ безопасного управления транспортным средством в сложных дорожных и метеорологических условиях;

      приемов оказания первой медицинской помощи пострадавшим;

      порядка эвакуации пассажиров при дорожно-транспортном происшествии.

      Автомобили-такси оборудуются "шашечным поясом" по периметру кузова и опознавательным колпаком, расположенным на крыше и хорошо различимым на расстоянии до 500 метров, логотипом перевозчика на передних дверях, номерами обслуживающей диспетчерской службы на задних дверях и индивидуальным регистрационным номером автомобиля-такси (гаражный номер) в задних боковых сторонах кузова. Опознавательный колпак имеет надпись "TAXI" (такси) или характерный "шашечный пояс" и подсвечиваться в темное время суток.";

      пункт 103 исключить;

      пункты 104, 105 и 106 изложить в следующей редакции:

      "104. При необходимости автомобили-такси оснащаются таксометрами.

      105. Автомобили-такси оборудуются средствами радиофицированной или сотовой связи с диспетчерской службой (при наличии).

      106. В салоне автомобиля-такси в поле зрения пассажиров находятся:

      фотография водителя с указанием его фамилии, имени, отчества (при его наличии), а также официального наименования перевозчика;

      тариф на перевозку, а также специальные тарифы, применяемые в определенных случаях (за каждое место багажа, каждое животное и т.д.);

      номера телефонов органа транспорта столицы, диспетчерской службы (при наличии) и единой дежурно-диспетчерской службы "112".

      В салоне автомобиля-такси в доступном месте находятся выписка из настоящих Правил в части прав и обязанностей участников перевозочного процесса, а также карта города (столицы).

      Положения данного пункта выполняются в соответствии с законодательством о языках.";

      пункты 109, 110 и 114 исключить;

      пункт 115 изложить в следующей редакции:

      "115. Диспетчерские службы:

      обеспечивают качественную многоканальную и оперативную радиофицированную или сотовую связь для приема заказов от пассажиров и передачи их водителю такси;

      осуществляют контроль за своевременным исполнением заказов и подачей такси;

      ведут журнал регистрации поступивших от пассажиров заказов;

      при опоздании такси или невозможности исполнить заказ немедленно предупреждают лицо, оформившее заказ на такси, о его задержке или заменяют другим такси в кратчайшие сроки по согласованию с пассажиром;

      представляют достоверную и правдивую информацию населению города о приеме заказов на такси.";

      пункт 120 изложить в следующей редакции:

      "120. Стоянками такси пользуются перевозчики такси, соответствующие условиям настоящих Правил.";

      пункты 124, 125 и 126 изложить в следующей редакции:

      "124. Заказ на подачу автомобиля-такси принимается перевозчиком посредством радиофицированной или сотовой связи. Стоимость проезда оплачивается пассажиром по окончании поездки.

      125. Промежуток времени между приемом заказа и подачей автомобилей-такси, а также порядок и размер оплаты срочных заказов устанавливаются по согласованию с диспетчерскими службами (при наличии).

      126. При предварительном заказе водитель обеспечивает подачу автомобиля-такси ко времени, указанному в заказе, при этом его простой в ожидании пассажира не превышает 10 минут. По истечении этого времени водитель покидает место заказа, поставив в известность об этом пассажира или диспетчерскую службу (при наличии), передавшую ему заказ.";

      пункты 128, 129, 130 и 131 изложить в следующей редакции:

      "128. При занятии автомобиля-такси пассажиром водитель включает таксометр (при наличии).

      129. По окончании поездки в соответствии с показаниями таксометра (при наличии) пассажиру выдается квитанция (чек) за услуги автомобиля-такси.

      130. В случае найма автомобиля-такси несколькими пассажирами общая сумма платы за проезд распределяется между пассажирами пропорционально расстоянию, проследованному каждым пассажиром.

      131. Если в процессе перевозки автомобилем-такси возникает ситуация, когда его движение не может быть продолжено, в том числе по не зависящим от водителя обстоятельствам, договор перевозки считается досрочно расторгнутым, пассажир оплачивает стоимость проследованного расстояния.";

      пункт 136 изложить в следующей редакции:

      "136. Водители такси:

      в пути следования заблаговременно выбирают полосу движения, регулируют скоростной режим и осуществляют маневрирование таким образом, чтобы обеспечить наибольшую безопасность и плавность хода транспортного средства;

      в случае технической неисправности транспортного средства, угрожающей безопасности дорожного движения, жизни и здоровью пассажиров, производят остановку транспортного средства, открывают все двери и высаживают пассажиров;

      в экстренных ситуациях немедленно обращаются в специализированные службы 101, 102, 103 или единую дежурно-диспетчерскую службу "112";

      в случае дорожно-транспортного происшествия предпринимают немедленные меры для сообщения в соответствующие службы о характере происшествия и по возможности оказывают первую медицинскую помощь пострадавшим, организовывают их доставку в пункты неотложной медицинской помощи;

      если в транспортном средстве по недосмотру пассажира остались забытыми вещи, обеспечивают в кратчайший срок их передачу ответственным работникам администрации перевозчика или на хранение в "стол находок";

      при выявлении неисправностей у автомобиля-такси немедленно сообщают об этом в диспетчерскую службу (при наличии) и содействуют скорейшей отправке пассажира к месту назначения или до ближайшей остановки пассажирского транспорта;

      обеспечивают безопасность перевозки и высокую культуру обслуживания пассажиров;

      перед выездом на линию проверяют техническое состояние автомобиля;

      обеспечивают внесение сведений в путевой лист о прохождении предрейсового и послерейсового медицинского осмотра водителя, а также предрейсового технического осмотра автомобиля-такси;

      включают музыкальные проигрыватели или радиоприемники с согласия пассажира и выключают их по требованию пассажира.";

      пункт 140 исключить;

      главу 7 исключить.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов