"Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 қазандағы № 793 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 1128 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.12.2023 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 74 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 4), 5) және 11) тармақшаларында көзделген жағдайлар орын алған кезде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

      1) жол иелері жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп жолдар немесе жолдардың жекелеген учаскелері бойынша көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу туралы шешім қабылдайды;

      2) жол иелері жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеудің салдарының алдын алу және оларды жою бойынша жедел шаралар қолдануы және көрсетуі үшін кейіннен ол қалпына келтіргенге немесе алып тастағанға дейін ақпарат бере отырып, автовокзалдардың, көлік ұйымдарының, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың көрші облыстардағы аумақтық бөлімшелерінің кезекші-диспетчерлік қызметтерін, шекаралас мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік органдарын хабардар етеді;

      3) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган жол иелерімен бірлесіп, көлік құралдары мен адамдардың жолдың жабық бөлігіне жүріп өтуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды, сондай-ақ көлік құралдарының қауіпсіз және кедергісіз жүріп өтуі үшін жағдайды қамтамасыз етеді;

      4) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган көлік құралдарының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына, шаруашылық автомобиль жолдарына, сондай-ақ елді мекендердің көшелеріне шығуына жол бермеу мақсатында уақытша полиция бекеттерін қояды. Бұдан басқа жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның құқықтық актілеріне сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында орналасқан жеріне сәйкес патрульдік полиция нарядтары қойылады;

      5) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның заңды талаптарына бағынбау фактілері анықталған жағдайларда, көлік құралдарының жүргізушілеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 667-бабына сәйкес шаралар қабылданады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген жағдайларды жою бойынша өткізілген іс-шаралардан кейін жол иелері уәкілетті органдармен олардың құзыреті шегінде бірлесіп, көлік құралдарының жүрісін қалпына келтіру немесе уақытша шектеуді алып тастау туралы шешім қабылдайды.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 февраля 2015 года № 74 "Об утверждении Правил прекращения или временного ограничения движения транспортных средств по дорогам"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2022 года № 793. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2023 года № 1128.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 15.12.2023 № 1128 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 февраля 2015 года № 74 "Об утверждении Правил прекращения или временного ограничения движения транспортных средств по дорогам" следующие изменения:

      в Правилах прекращения или временного ограничения движения транспортных средств по дорогам, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. При наступлении случаев, предусмотренных подпунктами 1), 2), 4), 5) и 11) пункта 3 настоящих Правил, проводятся следующие мероприятия:

      1) владельцы дорог совместно с территориальными подразделениями уполномоченного органа по обеспечению безопасности дорожного движения принимают решения о прекращении или временном ограничении движения транспортных средств по дорогам или на отдельных участках дорог;

      2) владельцы дорог совместно с уполномоченным органом по обеспечению безопасности дорожного движения информируют дежурно-диспетчерские службы автовокзалов, транспортных организаций, а также территориальных подразделений уполномоченного органа по обеспечению безопасности дорожного движения и уполномоченного органа в сфере гражданской защиты соседних областей, государственные органы по чрезвычайным ситуациям приграничных государств для принятия ими оперативных мер по предупреждению и устранению последствий и оказания содействия, с дальнейшим предоставлением информации до возобновления или снятия временного ограничения движения транспортных средств;

      3) уполномоченный орган по обеспечению безопасности дорожного движения совместно с владельцами дорог принимает меры по недопущению проезда на закрытую часть дороги транспортных средств и людей, а также обеспечивает условия для безопасного и беспрепятственного проезда транспортных средств;

      4) уполномоченным органом по обеспечению безопасности дорожного движения в целях недопущения выезда транспортных средств на автомобильные дороги общего пользования, хозяйственные автомобильные дороги, а также на улицы населенных пунктов выставляются временные посты полиции. Кроме этого, в соответствии с правовыми актами уполномоченного органа по обеспечению безопасности дорожного движения на автомобильных дорогах республиканского значения выставляются наряды патрульной полиции согласно дислокации;

      5) в случаях установления фактов неповиновения законным требованиям уполномоченного органа по обеспечению безопасности дорожного движения к водителям транспортных средств принимаются меры в соответствии со статьей 667 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях.";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. После ликвидации и проведенных мероприятий по устранению случаев, предусмотренных пунктом 3 настоящих Правил, решение о возобновлении или снятии временного ограничения движения транспортных средств принимается владельцами дорог совместно с уполномоченными органами в пределах их компетенции.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов