Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 және "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 қазандағы № 837 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 шiлдедегi № 560 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларында:

      22-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұдан басқа, түсіндірме жазбада мынадай негізгі мәліметтер қамтылуға тиіс:

      әзірлеуші мемлекеттік органның атауы;

      тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтемемен жобаны қабылдау үшін негіздемелер және (немесе) оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері;

      жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі түсіндірме жазбаға міндетті түрде қоса беріледі);

      жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері;

      нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері;

      жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және (немесе) Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер;

      енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіктің болмауы;

      ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат;

      Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі;

      жобаның мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылуы туралы ақпарат (күні, байт көлемі);

      әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат;

      жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі;

      жобаның қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптардың нәтижелері.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын жобаға түсіндірме жазбада актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптардың нәтижелері міндетті түрде қамтылуға тиіс;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және кәсіпкерлік субъектілері сараптамалық кеңестерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және кәсіпкерлік субъектілері сараптамалық кеңестерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеген жағдайда жобаны әзірлеуші жобаға түсіндірме жазбада сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс.

      Сараптамалық қорытындыда көрсетілген ескертулер жойылған жағдайда жобаны әзірлеуші жобаға түсіндірме жазбада берілген ескертулердің жойылғанын көрсетуге тиіс;

      мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген жағдайларды қоспағанда, егер Үкімет қаулысының жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымдарымен келіспеу себептерінің негіздемесі.

      Қоғамдық кеңестің ұсынымдарында көрсетілген ескертулер жойылған жағдайда жобаны әзірлеуші жобаға түсіндірме жазбада берілген ескертулердің жойылғанын көрсетуге тиіс;";

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.01.2023 № 10 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 06.01.2023 № 10 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2016 года № 569 "Об утверждении Правил разработки, согласования проектов подзаконных нормативных правовых актов" и от 2 июня 2022 года № 355 "О некоторых вопросах реализации Указа Президента Республики Казахстан от 13 апреля 2022 года № 872 "О мерах по дебюрократизации деятельности государственного аппарата"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 октября 2022 года № 837. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 июля 2023 года № 560

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 13.07.2023 № 560 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения:

      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2016 года № 569 "Об утверждении Правил разработки, согласования проектов подзаконных нормативных правовых актов":

      в Правилах разработки, согласования проектов подзаконных нормативных правовых актов, утвержденных указанным постановлением:

      часть вторую подпункта 2) пункта 22 изложить в следующей редакции:

      "Кроме того, пояснительная записка должна содержать следующие основные сведения:

      наименование государственного органа-разработчика;

      основания для принятия проекта со ссылкой на соответствующие правовые акты, нормы международных договоров, ратифицированных Республикой Казахстан, решения международных организаций, участницей которых является Республика Казахстан, протокольные и иные поручения Президента, Руководства Администрации Президента, Правительства и Канцелярии, и (или) другие обоснования необходимости его принятия;

      необходимость финансовых затрат по проекту и его финансовая обеспеченность, в том числе источник финансирования, а также в случае необходимости – решение Республиканской бюджетной комиссии (соответствующие расчеты, ссылка на источник финансирования, копия решения Республиканской бюджетной комиссии в обязательном порядке прикладываются к пояснительной записке);

      предполагаемые социально-экономические, правовые и (или) иные последствия в случае принятия проекта, а также влияние положений проекта на обеспечение национальной безопасности;

      конкретные цели и сроки ожидаемых результатов;

      сведения об актах Президента и (или) Правительства, принятых ранее по вопросам, рассматриваемым в проекте, и результатах их реализации;

      необходимость приведения законодательства в соответствие с вносимым проектом в случае его принятия (указать требуется ли принятие других правовых актов или внесение изменений и (или) дополнений в действующие акты) либо отсутствие такой необходимости;

      информацию о необходимости последующей ратификации представленного проекта международного договора;

      возможность передачи проекта и материалов к нему на мобильные устройства членов Правительства через информационную систему "Мобильный офис Правительства Республики Казахстан", за исключением проектов, содержащих государственные секреты и (или) служебную информацию, в соответствии с перечнем служебной информации, разрешенной к передаче в информационной системе "Мобильный офис Правительства Республики Казахстан", утвержденным совместным приказом Руководителя Канцелярии и Министерства связи и информации от 20 мая 2011 года № 25-1-32 дсп/22П-дсп;

      информацию о размещении проекта на интернет-ресурсе государственного органа, а также интернет-портале открытых нормативных правовых актов (дата, количество байт);

      информацию о размещении пресс-релиза к проекту постановления, имеющего социальное значение, на интернет-ресурсах уполномоченных государственных органов;

      соответствие проекта международным договорам, ратифицированным Республикой Казахстан, и решениям международных организаций, участницей которых является Республика Казахстан;

      результаты расчетов, подтверждающих снижение и (или) увеличение затрат субъектов частного предпринимательства в связи с введением в действие проекта.

      Пояснительная записка к проекту, затрагивающему интересы субъектов частного предпринимательства, в обязательном порядке должна содержать результаты расчетов, подтверждающих снижение и (или) увеличение затрат субъектов частного предпринимательства в связи с введением в действие акта;

      обоснование причин несогласия с экспертным заключением Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан и экспертных советов субъектов предпринимательства.

      В случае несогласия с экспертным заключением Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан и экспертных советов субъектов предпринимательства разработчик проекта должен привести в пояснительной записке к проекту аргументированное обоснование причин несогласия с экспертным заключением.

      В случае устранения замечаний, указанных в экспертных заключениях, разработчик проекта должен указать в пояснительной записке к проекту об устранении данных замечаний;

      обоснование причин несогласия с рекомендациями общественного совета, если проект постановления Правительства затрагивает права, свободы и обязанности граждан, за исключением случаев, когда создание общественного совета в государственном органе не предусмотрено Законом Республики Казахстан "Об общественных советах".

      В случае устранения замечаний, указанных в рекомендациях общественного совета, разработчик проекта должен указать в пояснительной записке к проекту об устранении данных замечаний;";

      2) Утратил силу постановлением Правительства РК от 06.01.2023 № 10.
      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 06.01.2023 № 10.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов