"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 қарашадағы № 877 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 175-бабының 3-тармағына, "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) заңнамада белгіленген тәртіппен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – компания) орналастырылған акцияларының жалпы санының 15,42 (он бес бүтін жүзден қырық екі) %-нан аспайтын, компанияның саны 94 109 125 (тоқсан төрт миллион бір жүз тоғыз мың бір жүз жиырма бес) жай акциясын Қордың жалғыз акционерінің шешімімен бекітілетін Қордың директорлар кеңесінің шешімімен айқындалатын баға, сан және құрылым бойынша иеліктен шығарсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О некоторых вопросах передачи в конкурентную среду акций акционерного общества "Национальная компания "КазМунайГаз"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 ноября 2022 года № 877

      В соответствии с пунктом 3 статьи 175 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" и подпунктом 7) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О Фонде национального благосостояния", ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Акционерному обществу "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" (далее – Фонд) в установленном законодательством порядке произвести отчуждение простых акций акционерного общества "Национальная компания "КазМунайГаз" (далее – компания) в количестве не более 94 109 125 (девяносто четыре миллиона сто девять тысяч сто двадцать пять) простых акций, что составляет не более 15,42 (пятнадцать целых сорок два сотых) % от общего количества размещенных акций компании по цене, количеству и структуре, определяемым решением совета директоров Фонда, утверждаемым решением единственного акционера Фонда.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов