"Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 885 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:

      18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылығы болуы мүмкін мүлікті Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" және "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" заңдарына сәйкес құрылатын тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссия және ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі жөніндегі сараптама комиссиясы қарайды.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833 "Некоторые вопросы учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 ноября 2022 года № 885

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833 "Некоторые вопросы учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям" следующее изменение:

      в Правилах учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям, утвержденных указанным постановлением:

      часть первую пункта 18 изложить в следующей редакции:

      "18. Имущество, которое может иметь историческую, научную, художественную или иную культурную ценность, рассматривается специальной комиссией по вопросам историко-культурного наследия и экспертной комиссией по особому режиму объектов национального культурного достояния, которые создаются в соответствии с законами Республики Казахстан "О культуре" и "Об охране и использовании объектов историко-культурного наследия".".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов