Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
реттік нөмірі 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
24 | Тұтынушылық шарттар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін бизнестің жауапкершілігі туралы заңнаманы дамыту | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
2023 жылғы | СИМ, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |