Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1093 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 шiлдедегi № 560 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасы жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Нормативтік құқықтық актіні қабылдау мақсаттарын, негіздерін және оның алдында тұрған негізгі міндеттерді түсіндіру қажет болған жағдайларда құқық нормаларын жазудың алдынан кіріспе бөлік (кіріспе) беріледі.

      Нормативтік құқықтық актінің кіріспе бөлігінде (кіріспесінде) іске асыру үшін осы акт қабылданатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер келтірілуі мүмкін.

      Кiрiспе бөлiк (кiрiспе) нормативтік құқықтық актілерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларында жазылмайды.";

      43-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Нормативтік құқықтық актінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу олардың құзыретіне орай жүзеге асырылады, бұл ретте нормативтік құқықтық актінің жобасын келісудегі мұндай мүдделілік онда қаралатын мәселелердің мән-жайы негізге алына отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптары ескеріле отырып белгіленеді.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Заңның 35-1-бабы негізінде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерінің әзірленген жобалары мемлекеттік тіркеуге жіберілгенге дейін әділет органдарымен міндетті түрде келісілуге тиіс.

      Әзірлеуші орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобалары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне (бұдан әрі – Әділет министрлігі) міндетті түрде келісуге жіберіледі.

      Жергілікті әзірлеуші мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобалары аумақтық әділет органдарына міндетті түрде келісуге жіберіледі.";

      49-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте электрондық құжат айналымы кезінде жобаны ЭЦҚ арқылы әзірлеуші мемлекеттік органның заң қызметінің басшысы келіседі, ал қағаз құжат айналымы кезінде тиісті жобаны келісуге жіберген мемлекеттік органның көрсетілген лауазымды адамы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам нормативтік құқықтық акт жобасының барлық парақтарын дәйектейді.";

      50-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті мемлекеттік органда заң қызметі болмаған жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасын осы органда заңгер функцияларын орындайтын тұлға не әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы не ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқаратын тұлға келіседі (дәйектейді).";

      57 және 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау қорытындылары бойынша әділет органдары және келісуші мүдделі мемлекеттік орган немесе ұйым жауаптың мынадай нұсқаларының бірін ұсынады:

      1) ескертулерсіз келісу;

      2) пысықтауға қайтару;

      3) заң техникасы бойынша пысықтауға қайтару;

      4) келісуден бас тарту.

      Бұл ретте жобаларды заң техникасы бойынша пысықтауға қайтаруды әділет органдары заң техникасының сақталмауына байланысты және жобаның мағыналық мазмұнының өзгеруіне әкеп соқпайтын ескертулер бойынша жобаларға қатысты жүзеге асырады. Пысықталғаннан кейін мұндай жобалар басқа мүдделі органдармен және ұйымдармен қайта келіспей әділет органдарына жіберіледі.

      Пысықтауға қайтару немесе келісуден бас тарту туралы жауап болған жағдайда нақты ескертулер және (немесе) ұсыныстар қаралған жобаның тиісті нормаларының негіздемелерімен және (немесе) ұсынылатын редакцияларымен бірге ұсынылады, олар келісуші мемлекеттік органның құзыретіне тікелей қатысты болуға тиіс.

      Мүдделі мемлекеттік органдармен келісу кезінде электрондық түрдегі жауаптар орталық немесе жергілікті орган басшысының, басшысы орынбасарының не тиісті жергілікті органның аппарат басшысының немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің не оның міндетін атқарушы тұлғаның ЭЦҚ-мен, ал қағаз түрінде – жоғарыда көрсетілген лауазымды тұлғалардың қолымен куәландырылады.

      Әділет органдары нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіскен кезде жауап:

      орталық органдар үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің не Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрінің ЭЦҚ-мен;

      жергілікті органдар үшін аумақтық әділет органы басшысының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылады.

      Қағаз құжат айналымы кезінде нормативтік құқықтық актіні келісу қорытындылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Құжаттама жасау қағидалары) сәйкес ресімделеді.

      58. Нормативтік құқықтық актінің жобасына оның мағыналық мазмұнының өзгеруіне әкеп соғатын түзетулер енгізілген жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган ескертулерсіз келісу туралы жауап алу мақсатында жобаны қайта келісуді жүргізеді.

      Әділет органдарынан ескертулерсіз келісу туралы жауап алынғаннан кейін нормативтік құқықтық актінің жобасы түпкілікті келісілген болып есептеледі және оны бекітуге болады.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Осы Қағидалардың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер әділет органдарына қазақ және орыс тілдерінде:

      1) МО ИП арқылы электрондық түрде – олар бекітілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде;

      2) қағаз түрінде – олар бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      Алқалы мемлекеттік органдар мен мәслихаттар қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді ұсыну осы актілер қабылданған алқалы органның отырысы немесе мәслихаттың сессиясы өткізілген күннен кейін жеті жұмыс күнінен аспайды.

      Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдар келіскен не бірлескен акт қабылданған жағдайларда көрсетілген акт мемлекеттік тіркеуге:

      1) МО ИП арқылы электрондық түрде – мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен не қол қойған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде;

      2) қағаз түрінде – мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен не қол қойған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      Нормативтік құқықтық актілерді келіскен не қол қойған мүдделі органдардың соңғысы алқалы мемлекеттік орган немесе мәслихат болып табылған жағдайларда ұсыну мерзімі осы актілер қабылданған не келісілген алқалы органның отырысы немесе мәслихат сессиясы өткізілген күннен кейін жеті жұмыс күнінен аспайды.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актіге МО ИП-та мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі осындай актіні мемлекеттік тіркеу туралы орталық мемлекеттік орган үшін – Қазақстан Республикасының Әділет министрі немесе оның орынбасары (вице-министр), жергілікті орган үшін – аумақтық әділет органының басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға мұндай шешім қабылдаған кезде беріледі және электрондық тіркеу-бақылау карточкасында көрсетіледі.

      Қағаз құжат айналымы жағдайында да тиісті нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу орталық орган үшін – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің немесе вице-министрдің, жергілікті орган үшін – аумақтық әділет органы басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы (нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындыларды бекіту) шешім қабылдап, тіркеу нөмірі мен күнін бере отырып, негізгі нормативтік құқықтық акт төлнұсқасының және оның көшірмелерінің әрбір данасының бірінші парағының оң жақ жоғарғы бұрышына мөртабан қоюды қамтиды.

      Қағаз құжат айналымы кезінде нормативтік құқықтық актінің әрбір жіберілетін данасына және оның көшірмесіне нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытынды қоса беріледі.

      Тіркелген нормативтік құқықтық актінің қағаз түріндегі көшірмесі әділет органдарында сақталады, ал басқа даналары әзірлеуші мемлекеттік органға (әзірлеуші жауапты мемлекеттік органға) жіберіледі.

      Нормативтік құқықтық актілер үшін нормативтік құқықтық актіні қағаз түрінде мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының және мөртабанның нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрі бекітеді.";

      2) "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларында:

      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде (бұдан әрі – Әділет министрлігі) немесе оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін әділет органдары уәкілетті ұйымға олар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілген сәттен бастап бір күн ішінде автоматты түрде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде МОИП арқылы жібереді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы Қағидалардың 9-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдар уәкілетті ұйымға оларға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жібереді.";

      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: 

      "Осы Қағидалардың 8-тармағының екінші бөлігінде, 9-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, сондай-ақ 10-тармағында көрсетілген, келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді тіркеу олар қағаз түрінде болмаса да жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2022 года № 1093. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 июля 2023 года № 560

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 13.07.2023 № 560 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 01.01.2023.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения:

      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2016 года № 568 "Об утверждении Правил разработки, согласования и государственной регистрации нормативных правовых актов":

      в Правилах разработки, согласования и государственной регистрации нормативных правовых актов, утвержденных указанным постановлением:

      часть первую пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Разработанный проект нормативного правового акта размещается на интернет-портале открытых нормативных правовых актов для публичного обсуждения.";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. В случаях, когда необходимо разъяснить цели, основания принятия нормативного правового акта и основные задачи, которые перед ним стоят, изложению норм права предшествует вступительная часть (преамбула).

      Во вступительной части (преамбуле) нормативного правового акта могут быть приведены ссылки на нормативные правовые акты Республики Казахстан, в реализацию которых принимается данный акт.

      Вступительная часть (преамбула) не излагается в проектах нормативных правовых актов о внесении изменений и (или) дополнений в нормативные правовые акты.";

      часть первую пункта 43 изложить в следующей редакции:

      "43. Согласование проекта нормативного правового акта с заинтересованными государственными органами и организациями осуществляется в силу их компетенции, при этом такая заинтересованность в согласовании проекта нормативного правового акта устанавливается исходя из предмета рассматриваемых в нем вопросов, а также с учетом требований законодательных актов Республики Казахстан.";

      пункт 45 изложить в следующей редакции:

      "45. Разработанные проекты нормативных правовых актов, подлежащие государственной регистрации в органах юстиции на основании статьи 35-1 Закона, подлежат обязательному согласованию с органами юстиции до направления их на государственную регистрацию.

      Проекты нормативных правовых актов центральных государственных органов-разработчиков направляются на обязательное согласование в Министерство юстиции Республики Казахстан (далее – Министерство юстиции).

      Проекты нормативных правовых актов местных государственных органов -разработчиков направляются на обязательное согласование в территориальные органы юстиции.";

      часть третью пункта 49 изложить в следующей редакции:

      "При этом при электронном документообороте проект согласовывается руководителем юридической службы государственного органа-разработчика посредством ЭЦП, а при бумажном документообороте все листы проекта нормативного правового акта парафируются указанным должностным лицом государственного органа, направляющего на согласование соответствующий проект, а в случае его отсутствия – лицом, исполняющим его обязанности.";

      часть вторую пункта 50 изложить в следующей редакции:

      "В случае отсутствия юридической службы в местном государственном органе проект нормативного правового акта согласовывается (парафируется) лицом, выполняющим функции юриста в данном органе, либо первым руководителем государственного органа-разработчика, либо в случае его отсутствия – лицом, исполняющим его обязанности.";

      пункты 57 и 58 изложить в следующей редакции:

      "57. По итогам рассмотрения проекта нормативного правового акта органы юстиции и согласующий заинтересованный государственный орган или организация представляют один из следующих вариантов ответа:

      1) согласовать без замечаний;

      2) вернуть на доработку;

      3) вернуть на доработку по юридической технике;

      4) отказать в согласовании.

      При этом возврат проектов на доработку по юридической технике осуществляется органами юстиции в отношении проектов по замечаниям, связанным с несоблюдением юридической техники и не влекущим изменение смыслового содержания проекта. После доработки такие проекты направляются в органы юстиции без повторного согласования с другими заинтересованными органами и организациями.

      В случае ответа о возврате на доработку или отказе в согласовании представляются конкретные замечания и (или) предложения с обоснованиями и (или) предлагаемыми редакциями соответствующих норм рассмотренного проекта, которые должны относиться непосредственно к компетенции согласующего государственного органа.

      При согласовании заинтересованными государственными органами ответы в электронном виде удостоверяются ЭЦП руководителя, заместителя руководителя центрального или местного органа либо руководителя аппарата соответствующего местного органа или акима города районного значения, села, поселка, сельского округа, либо лица, исполняющего его обязанности, а в бумажном виде – подписью вышеуказанных должностных лиц.

      При согласовании органами юстиции проектов нормативных правовых актов ответ удостоверяется:

      для центральных органов ЭЦП Министра юстиции Республики Казахстан либо вице-министра юстиции Республики Казахстан;

      для местных органов ЭЦП руководителя территориального органа юстиции либо лица, исполняющего его обязанности.

      При бумажном документообороте итоги согласования нормативного правового акта оформляются в соответствии с Правилами документирования, управления документацией и использования систем электронного документооборота в государственных органах и негосударственных организациях, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2018 года № 703 (далее – Правила документирования).

      58. В случае внесения в проект нормативного правового акта исправлений, влекущих изменение его смыслового содержания, государственный орган-разработчик проводит повторное согласование проекта с целью получения ответа о согласовании без замечаний.

      После получения ответа о согласовании без замечаний от органов юстиции проект нормативного правового акта считается окончательно согласованным и может быть утвержден.";

      пункт 69 изложить в следующей редакции:

      "69. Нормативные правовые акты, указанные в подпунктах 1), 2), 3) и 4) пункта 1 настоящих Правил, представляются в органы юстиции на казахском и русском языках:

      1) в электронном виде посредством ИП ГО – в течение одного рабочего дня после их утверждения;

      2) в бумажном виде – в течение трех рабочих дней после их утверждения.

      Представление нормативных правовых актов, принимаемых коллегиальными государственными органами и маслихатами, составляет не более семи рабочих дней после дня проведения заседания коллегиального органа или сессии маслихата, на котором приняты данные акты.

      В случаях согласования нормативного правового акта заинтересованными государственными органами либо принятия совместного акта указанный акт представляется на государственную регистрацию:

      1) в электронном виде посредством ИП ГО – в течение одного рабочего дня после дня согласования либо подписания последним из заинтересованных государственных органов;

      2) в бумажном виде – в течение трех рабочих дней после дня согласования либо подписания последним из заинтересованных государственных органов.

      В случаях, когда последним из заинтересованных органов, согласовавших либо подписавших нормативные правовые акты, является коллегиальный государственный орган или маслихат, срок представления составляет не более семи рабочих дней после дня проведения заседания коллегиального органа или сессии маслихата, на котором приняты либо согласованы данные акты.";

      пункт 77 изложить в следующей редакции:

      "77. Дата и номер государственной регистрации в ИП ГО присваиваются нормативному правовому акту в электронном виде при принятии решения о государственной регистрации такого акта для центрального органа – Министром юстиции Республики Казахстан или его заместителем (вице-министром), для местного органа – руководителем территориального органа юстиции либо лицом, исполняющим его обязанности, и отражаются в электронной регистрационной контрольной карточке.

      В случае бумажного документооборота государственная регистрация соответствующего нормативного правового акта также включает принятие решения для центрального органа – Министром юстиции Республики Казахстан или вице-министром, для местного органа – руководителем территориального органа юстиции либо лицом, исполняющим его обязанности, о государственной регистрации (утверждение заключений о государственной регистрации нормативного правового акта) и проставление штампа о государственной регистрации нормативного правового акта в правом верхнем углу первого листа каждого экземпляра подлинника основного нормативного правового акта и его копий с присвоением номера и даты регистрации.

      При бумажном документообороте к каждому направляемому экземпляру нормативного правового акта и его копии прилагается заключение о государственной регистрации нормативного правового акта.

      Копия зарегистрированного нормативного правового акта в бумажном виде сохраняется в органах юстиции, а другие экземпляры направляются государственному органу-разработчику (ответственному государственному органу-разработчику).

      Формы заключения и штампа о государственной регистрации нормативного правового акта для нормативных правовых актов в бумажном виде утверждаются Министром юстиции Республики Казахстан.";

      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 25 июля 2016 года № 439 "Об утверждении Правил ведения Государственного реестра нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан":

      в Правилах ведения Государственного реестра нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      часть первую пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Нормативные правовые приказы министров Республики Казахстан и иных руководителей центральных государственных органов, руководителей ведомств центральных государственных органов, нормативные правовые постановления Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан, Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан, Национального Банка Республики Казахстан и иных центральных государственных органов, нормативные правовые решения маслихатов, нормативные правовые постановления акиматов, нормативные правовые постановления ревизионных комиссий и нормативные правовые решения акимов, прошедшие государственную регистрацию в Министерстве юстиции Республики Казахстан (далее – Министерство юстиции) или его территориальных органах, направляются органами юстиции в уполномоченную организацию посредством ИПГО в электронном виде, на казахском и русском языках, автоматически в течение одного дня с момента их внесения в Реестр государственной регистрации нормативных правовых актов.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Нормативные правовые акты, указанные в части первой пункта 9 настоящих Правил, не подлежащие государственной регистрации в Министерстве юстиции или его территориальных органах, направляются государственными органами в уполномоченную организацию в электронном виде в течение пяти рабочих дней со дня их подписания на казахском и русском языках, удостоверенные электронной цифровой подписью лица, уполномоченного подписывать нормативные правовые акты, указанные в статье 35 Закона.";

      часть вторую пункта 12 изложить в следующей редакции:

      "Регистрация поступивших нормативных правовых актов, указанных в части второй пункта 8, в частях первой и третьей пункта 9, а также в пункте 10 настоящих Правил, осуществляется без их наличия в бумажном виде.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2023 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов