"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1126 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 2-тармағына, 66-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкері қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оған біржолғы өтемақы төлеу, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға төлеу қағидалары;

      2) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының қызметкері өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның алуына құқығы бар біржолғы өтемақыны төлеу қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының қызметкері өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның алуына құқығы бар біржолғы өтемақыны төлеу қағидаларына 1-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының қызметкері өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның алуына құқығы бар біржолғы өтемақыны төлеу қағидаларына 2-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1126 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкері қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оған біржолғы өтемақы төлеу, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға төлеу қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкері қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оған біржолғы өтемақы төлеу, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 66-бабының 1, 2 және 3-тармақтарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкері (бұдан әрі – қызметкер) қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде науқастанған, мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оған біржолғы өтемақы төлеу, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Біржолғы өтемақыны төлеу қызметкерге немесе оны алуға құқығы бар адамдарға мынадай жағдайларда:

      1) қызметкер қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде не қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қызметтен босатылғаннан кейін бір жыл ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда (қызметкердің асырауындағы адамдар немесе мұрагерлері біржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдар болып табылады);

      2) қызметкерге қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде;

      3) қызметкер қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде мүгедектікке әкеп соқтырмайтын ауыр немесе жеңіл мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда жүргізіледі.

      3. Біржолғы өтемақыны алу үшін қызметкер немесе оны алуға құқығы бар адамдар мынадай құжаттарды ресімдейді және қызметкер қызмет өткерген жердегі құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қаржы бөлімшесіне (бұдан әрі – қаржы бөлімшесі) ұсынады:

      1) қызметкер қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде не қызметтік міндеттерін атқару кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қызметтен босатылғаннан кейін бір жыл ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

      қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі не қайтыс болу туралы хабарлама;

      қаза тапқан (қайтыс болған) адамның қызмет өткерген жерінен қаза табуының (қайтыс болуының) мән-жайлары туралы қорытындының көшірмесі;

      егер төлемге өтініш берген адам қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагері болып табылса, мұраға құқығы туралы куәлік;

      асырауында болғаны туралы анықтама;

      қаза тапқан (қайтыс болған) адамның қаза тапқан (қайтыс болған) күнгі ақшалай үлесі туралы қаржы бөлімшесінің анықтамасы.

      Бұдан басқа, осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген оқиғалар туындаған кезде денсаулығына келтірілген зақымның салдарынан бір жыл өткенге дейін қайтыс болған қызметкердің қаза табу (қайтыс болу) фактісі бойынша әскери-дәрігерлік комиссияның (бұдан әрі – ӘДК) қорытындысы ұсынылады;

      2) қызметкерге қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

      қызметкердің қызмет өткеру орнынан берілген науқастануының, мертігуінің (жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының) мән-жайлары туралы қорытындының көшірмесі;

      денсаулыққа зақым келтірілу фактісін растайтын ӘДК берген қорытындының аталған ӘДК-нің мөрімен куәландырылған көшірмесі;

      қызметкердің науқастанған, мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) күнгі ақшалай үлесі туралы қаржы бөлімшесінің анықтамасы;

      мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген оқиғалар туындаған кезде қызметкер ауыр немесе жеңіл мертіккен жағдайда:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

      қызметкердің қызмет өткерген жерінен ауыр немесе жеңіл мертігуінің мән-жайлары туралы қорытындының көшірмесі;

      емдеу-профилактикалық мекемесінің не ӘДК-нің мертігудің ауырлығы туралы анықтамасы;

      қызметкердің оқиға болған күнгі ақшалай үлесі туралы қаржы бөлімшесінің анықтамасы.

      4. Қызметкерге қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан немесе қызметкер қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан құқық қорғау қызметінен босатылған күннен бастап бір жыл өткенге дейін болған мүгедектік белгіленген кезде біржолғы өтемақы:

      1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – отыз айлық ақшалай үлесі;

      2) екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – он сегіз айлық ақшалай үлесі;

      3) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға – алты айлық ақшалай үлесі мөлшерінде төленеді.

      5. Қызметкер немесе біржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдар өтемақы төлеу туралы өтінішпен жүгінген кезде қаржы бөлімшесі осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың толық және дұрыс ресімделуін тексереді және құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы немесе мемлекеттік фельдъегерлік қызмет басшысының атына ресімделген өтінішті ол келіп түскен күні осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қызметкер өзінің қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оған, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға біржолғы өтемақы төлеуге өтініштерді тіркеу журналында тіркейді.

      6. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде не орындалуы міндетті қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қызметтен босатылғаннан кейін бір жыл ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда асырауындағы адамдарға немесе мұрагерлеріне соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай үлесі мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.

      7. Егер қызметкердің қазасы (қайтыс болуы), науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) қызметтік міндеттерін атқаруға қатысы жоқ мән-жайларға байланысты болғаны белгіленген тәртіппен дәлелденсе, тиісті құжаттар ресімделмейді және біржолғы өтемақы төленбейді.

      8. Біржолғы өтемақы төлеуді Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қаржы бөлімшесі осы мақсаттарға республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен Қазақстан Республикасының шегіндегі екінші деңгейдегі банктегі алушының дербес шотына аудару, сондай-ақ оларды өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде пошта арқылы аудару жолымен барлық құжаттардың заңдылығы, анықтығы және толықтығы негізінде жүргізеді.

      Кәмелетке толмаған алушыға біржолғы өтемақыны төлеу оның тұрғылықты жері бойынша екінші деңгейдегі банктегі жеке шотына аудару арқылы ғана жүргізіледі, қорғаншылық және қамқоршылық органдары, сондай-ақ оның заңды өкілдері өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде бір мезгілде хабардар етіледі.

      9. Осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің кадр қызметтері қызметкерлерді немесе өтемақы алуға құқығы бар адамдарды қаржы бөлімшесіне біржолғы өтемақы төлеу туралы өтініш беру қажеттігі туралы үш күн мерзімде жазбаша хабардар етеді.

      10. Қызметкерлер қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайда залалды өтеу жөніндегі жұмысқа жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің кадр және қаржы қызметтері жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1126 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 45-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі – халықаралық ұйымдар) іссапарға жіберу тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының тиісті заңдарында айқындалған міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлерін (бұдан әрі – іссапарға жіберілген адамдар) іссапарға жіберу:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының аппараттарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне – Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі негізінде;

      2) Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарына – олардың бірінші басшыларының келісуі бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің актісі негізінде;

      3) халықаралық ұйымдарға – егер ратификацияланған тиісті халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі негізінде жүзеге асырылады.

      3. Іссапарға жіберілген адамдардың Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкері мәртебесі сақталады.

      4. Іссапарға жіберілген адамдарға Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдары қызметкерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген лауазымдық айлықақылар, сондай-ақ арнаулы атағы (сыныптық шені) бойынша қолданыстағы заңнамада белгіленген айлықақылар (қосымша ақылар) төленеді.

      Бұл ретте лауазымдық айлықақыны белгілеуге құқық беретін іссапарға жіберілген адамдардың мемлекеттік қызмет өтілін есептеу Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің кадр қызметі ұсынатын анықтама негізінде жүзеге асырылады.

      Іссапарға жіберілген адамдарға лауазымдық айлықақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар мен сыйақылар төлеу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттарын, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесін және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарын ұстауға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.

      Іссапарға жіберілген адамдарға сыйақы беру Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының жұмыскерлері үшін белгіленген тәртіппен лауазымдық айлықақылар негізге алына отырып жүзеге асырылады.

      5. Халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген адамдарға, егер ратификацияланған тиісті халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат есебінен халықаралық ұйымдар жұмыскерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген, жалақы төленеді.

      6. Өзге төлемдер, сондай-ақ іссапарға жіберілген адамдарды заттай мүлікпен қамтамасыз ету іссапарға жіберген Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау органдарын, азаматтық қорғау органдарын, мемлекеттік фельдъегерлік қызметін ұстауға көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады. Біржолғы сипаттағы төлемдер іссапарға жіберілгенге дейін атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақыдан есептеледі.

      7. Іссапарға жіберілген адамдарға кезекті арнаулы атақтар мен сыныптық шендер беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Мемлекеттік органдарға іссапарға жіберілген адамдарды аттестаттау тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін белгіленген тәртіппен, ал халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген адамдарды аттестаттау Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      9. Іссапарға жіберілген адамдарды көтермелеу және тәртіптік жауаптылыққа тарту Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының жұмыскерлері үшін белгіленген тәртіппен осы мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өкілеттіктері шегінде жүргізіледі.

      10. Іссапарға жіберілген адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік органдарға іссапарға жіберілген адамдар үшін олардың Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының аппараттарында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарында атқаратын лауазымдары бойынша лауазымдық айлықақылар, ал халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген адамдар үшін – іссапарға жіберілгенге дейін атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақылар есепке алынады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1126 қаулысына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы құқық
қорғау органының, азаматтық
қорғау органының, мемлекеттік
фельдъегерлік қызметінің
қызметкері қызметтік
міндеттерін атқарып жүрген
кезеңінде мертіккен
(жарақаттанған, жараланған,
контузия алған) жағдайда оған
біржолғы өтемақы төлеу,
сондай-ақ ол қызметтік
міндеттерін атқарып жүрген
кезінде науқастануы, мертігуі
(жарақаттануы, жаралануы,
контузия алуы) салдарынан қаза
тапқан (қайтыс болған)
жағдайда оны алуға құқығы бар
адамдарға төлеу қағидаларына
1-қосымша
  Кімге____________________
  (құқық қорғау органы,
азаматтық қорғау органы,
мемлекеттік фельдъегерлік
қызмет басшысының лауазымы,
арнаулы атағы немесе сыныптық
шені, Т.А.Ә. (бар болса)
кімнен ________________
  мекенжайы
бойынша тұратын
  ________________________
  (өтініш берушінің Т.А.Ә.
(бар болса)
ЖСН ___________________

Біржолғы өтемақы төлеуге өтініш

      Сізден _________________________________________________________

      (залал өтелуі тиіс оқиғаның сипаты көрсетіледі)

      байланысты маған біржолғы өтемақы төлеуді сұраймын.

      Маған тиісті соманы _____________________________________________

      (банктің атауы, банктің БСН, банктің БСК, алушының жеке есеп шотының № немесе оның байланыс бөлімшесі арқылы

      аударылған жағдайда оның мекенжайы) аударуды сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1. __________________________

      2. __________________________

      3. __________________________

      Өтініш иесінің қолы ___________ 20__ жылғы "___" _______________

      Құжаттар 20__ жылғы "__" ________ қабылданды. Қолы _______________

      (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1126 қаулысына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы құқық
қорғау органының, азаматтық
қорғау органының, мемлекеттік
фельдъегерлік қызметінің
қызметкері қызметтік
міндеттерін атқарып жүрген
кезеңінде мертіккен
(жарақаттанған, жараланған,
контузия алған) жағдайда оған
біржолғы өтемақы төлеу,
сондай-ақ ол қызметтік
міндеттерін атқарып жүрген
кезінде науқастануы, мертігуі
(жарақаттануы, жаралануы,
контузия алуы) салдарынан қаза
тапқан (қайтыс болған)
жағдайда оны алуға құқығы бар
адамдарға төлеу қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкері өзінің қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оған, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға біржолғы өтемақы төлеуге өтініштерді тіркеу журналы

Р/с

Мертіккен, оның ішінде қайтыс болған қызметкердің Т.А.Ә. (бар болса) және оның мекенжайы

Қайтыс болған қызметкердің асырауындағы адамның, мұрагерінің Т.А.Ә. (бар болса) және оның мекенжайы

Залалды өтеу себебі (қаза болу, мүгедектігі, ауыр немесе жеңіл мертігу)

Біржолғы өтемақы сомасы

Төлем құжатының № мен күні

Егер өтінішті тіркеуден бас тартылса, онда бас тартудың себебі

1

2

3

4

5

6

7









О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 октября 2011 года № 1192 "Некоторые вопросы реализации Закона Республики Казахстан "О правоохранительной службе"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2022 года № 1126

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 октября 2011 года № 1192 "Некоторые вопросы реализации Закона Республики Казахстан "О правоохранительной службе" следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 2 статьи 45, пунктом 2 статьи 66 Закона Республики Казахстан "О правоохранительной службе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые:

      1) Правила выплаты единовременной компенсации сотруднику правоохранительного органа, органа гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан при получении увечья (травмы, ранения, контузии) в период исполнения им служебных обязанностей, а также в случае его гибели (смерти) вследствие заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей, лицам, имеющим право на ее получение;

      2) Правила прикомандирования сотрудников правоохранительных органов, органов гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан к государственным органам Республики Казахстан и международным организациям.";

      Правила выплаты единовременной компенсации при получении увечья сотрудником правоохранительного органа Республики Казахстан, государственной фельдъегерской службы в период исполнения им служебных обязанностей, а также в случае его гибели (смерти) лицам, имеющим право на ее получение, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему постановлению;

      Правила прикомандирования сотрудников правоохранительных органов Республики Казахстан к государственным органам Республики Казахстан и международным организациям, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению 2 к настоящему постановлению;

      приложение 1 к Правилам выплаты единовременной компенсации при получении увечья сотрудником правоохранительного органа Республики Казахстан, государственной фельдъегерской службы в период исполнения им служебных обязанностей, а также в случае его гибели (смерти) лицам, имеющим право на ее получение, изложить в новой редакции согласно приложению 3 к настоящему постановлению;

      приложение 2 к Правилам выплаты единовременной компенсации при получении увечья сотрудником правоохранительного органа Республики Казахстан, государственной фельдъегерской службы в период исполнения им служебных обязанностей, а также в случае его гибели (смерти) лицам, имеющим право на ее получение, изложить в новой редакции согласно приложению 4 к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Приложение 1
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 30 декабря 2022 года № 1126

Правила выплаты единовременной компенсации сотруднику правоохранительного органа, органа гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан при получении увечья (травмы, ранения, контузии) в период исполнения им служебных обязанностей, а также в случае его гибели (смерти) вследствие заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей, лицам, имеющим право на ее получение

      1. Настоящие Правила выплаты единовременной компенсации сотруднику правоохранительного органа, органа гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан при получении увечья (травмы, ранения, контузии) в период исполнения им служебных обязанностей, а также в случае его гибели (смерти) вследствие заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей, лицам, имеющим право на ее получение (далее – Правила), разработаны в соответствии с пунктами 1, 2 и 3 статьи 66 Закона Республики "О правоохранительной службе" и определяют порядок выплаты единовременной компенсации при получении заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии) сотрудником правоохранительного органа, органа гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы (далее – сотрудник) в период исполнения им служебных обязанностей, а также в случае его гибели (смерти) вследствие заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей, лицам, имеющим право на ее получение.

      2. Выплата единовременной компенсации производится сотруднику или лицам, имеющим право на ее получение, в следующих случаях:

      1) в случае гибели (смерти) сотрудника при исполнении служебных обязанностей либо в течение года после увольнения со службы вследствие заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей (лицами, имеющими право на получение единовременной компенсации, являются иждивенцы или наследники сотрудника);

      2) при установлении сотруднику инвалидности, наступившей в результате заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей;

      3) в случае получения сотрудником при исполнении служебных обязанностей тяжелого или легкого увечья (травмы, ранения, контузии), не повлекшего инвалидности.

      3. Для получения единовременной компенсации сотрудник или лица, имеющие право на ее получение, оформляют и представляют в финансовое подразделение правоохранительного органа, органа гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан по месту прохождения службы сотрудника (далее – финансовое подразделение) следующие документы:

      1) в случае гибели (смерти) сотрудника в период исполнения им служебных обязанностей либо в течение года после увольнения со службы вследствие заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей:

      заявление согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      копию свидетельства о смерти либо уведомление о смерти;

      копию заключения с места прохождения службы погибшего (умершего) об обстоятельствах гибели (смерти);

      свидетельство о праве на наследство, если обратившийся за выплатой является наследником погибшего (умершего);

      справку о нахождении на иждивении;

      справку финансового подразделения о денежном содержании погибшего (умершего) на день гибели (смерти).

      По факту гибели (смерти) сотрудника, умершего до истечения одного года вследствие повреждения здоровья при наступлении событий, указанных в подпункте 1) пункта 2 настоящих Правил, кроме того, представляется заключение военно-врачебной комиссии (далее – ВВК);

      2) при установлении сотруднику инвалидности, наступившей в результате заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей:

      заявление согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      копию заключения с места прохождения службы сотрудника об обстоятельствах получения заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии);

      копию заключения, выданного ВВК, подтверждающего факт повреждения здоровья, заверенную печатью данной ВВК;

      справку финансового подразделения о денежном содержании сотрудника на день получения заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии);

      копию справки об инвалидности;

      3) в случае получения сотрудником тяжелого или легкого увечья при наступлении событий, указанных в подпункте 3) пункта 2 настоящих Правил:

      заявление согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      копию заключения с места прохождения службы сотрудника об обстоятельствах получения тяжелого или легкого увечья;

      справку лечебно-профилактического учреждения либо ВВК о тяжести полученного увечья;

      справку финансового подразделения о денежном содержании сотрудника на день наступления события.

      4. Единовременная компенсация при установлении сотруднику инвалидности, наступившей в результате заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей, или наступившей в результате заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей, до истечения одного года со дня увольнения сотрудника с правоохранительной службы, выплачивается в размерах:

      1) лицу с инвалидностью первой группы – тридцатимесячного денежного содержания;

      2) лицу с инвалидностью второй группы – восемнадцатимесячного денежного содержания;

      3) лицу с инвалидностью третьей группы – шестимесячного денежного содержания.

      5. При обращении сотрудника или лиц, имеющих право на получение единовременной компенсации, с заявлением о выплате компенсации финансовое подразделение проверяет полноту и правильность оформления документов, указанных в пункте 3 настоящих Правил, и регистрирует заявление в день его поступления, оформленное на имя руководителя правоохранительного органа, органа гражданской защиты или государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан, в журнале регистрации заявлений на выплату единовременных компенсаций при получении увечья (травмы, ранения, контузии) сотрудником в период исполнения им служебных обязанностей, а также в случае его гибели (смерти) вследствие заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей, лицам, имеющим право на ее получение, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      6. В случае гибели (смерти) сотрудника при исполнении служебных обязанностей либо в течение года после увольнения со службы вследствие заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии), полученных при исполнении обязательных для исполнения служебных обязанностей, иждивенцам или наследникам выплачивается единовременная компенсация в размере шестидесятимесячного денежного содержания по последней занимаемой должности.

      7. Соответствующие документы не оформляются и единовременная компенсация не выплачивается, если в установленном порядке доказано, что гибель (смерть), заболевание, увечье (травмы, ранение, контузии) сотрудника наступили в связи с обстоятельствами, не связанными с исполнением служебных обязанностей.

      8. Выплата единовременной компенсации производится на основании законности, достоверности и полноты всех документов финансовым подразделением правоохранительного органа, органа гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан за счет средств, предусмотренных в республиканском и местном бюджетах на эти цели, путем перечисления на лицевой счет получателя в банке второго уровня в пределах Республики Казахстан, а также перевода их по почте в течение двух месяцев с момента подачи заявления.

      Несовершеннолетнему получателю выплата единовременной компенсации производится только путем перечисления на его лицевой счет в банке второго уровня по месту жительства с одновременным уведомлением об этом органов опеки и попечительства, а также его законных представителей в течение двух месяцев с момента подачи заявления.

      9. Кадровые службы правоохранительных органов, органов гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан в случаях, предусмотренных пунктом 2 настоящих Правил, в трехдневный срок письменно ставят в известность сотрудников или лиц, имеющих право на получение компенсации, о необходимости подачи заявлений о выплате единовременной компенсации в финансовое подразделение.

      10. Общее руководство работой по возмещению ущерба в случае гибели (смерти) или увечья сотрудников осуществляется кадровыми и финансовыми службами правоохранительных органов, органов гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан.

      _________________________

  Приложение 2
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 30 декабря 2022 года № 1126

Правила прикомандирования сотрудников правоохранительных органов, органов гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан к государственным органам Республики Казахстан и международным организациям

      1. Настоящие Правила прикомандирования сотрудников правоохранительных органов, органов гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан к государственным органам Республики Казахстан и международным организациям (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 45 Закона Республики Казахстан "О правоохранительной службе" и определяют порядок прикомандирования сотрудников правоохранительных органов, органов гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан к государственным органам Республики Казахстан и международным организациям, членом которых является Республика Казахстан (далее – международные организации).

      2. Прикомандирование сотрудников правоохранительных органов, органов гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан (далее – прикомандированные лица) с целью выполнения задач, определенных соответствующими законами Республики Казахстан, осуществляется:

      1) к Администрации Президента Республики Казахстан, аппаратам палат Парламента Республики Казахстан, Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан – на основании акта Правительства Республики Казахстан;

      2) к иным государственным органам Республики Казахстан – по согласованию с их первыми руководителями на основании акта правоохранительного органа, органов гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан;

      3) к международным организациям – на основании акта Правительства Республики Казахстан, если иное не установлено соответствующими ратифицированными международными договорами.

      3. За прикомандированными лицами сохраняется статус сотрудников соответствующих правоохранительных органов, органов гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан.

      4. Прикомандированным лицам выплачиваются должностные оклады, установленные для соответствующих категорий работников Администрации Президента Республики Казахстан, аппаратов палат Парламента Республики Казахстан, Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан и других государственных органов Республики Казахстан, а также оклады (доплаты) по специальному званию (классному чину), установленные действующим законодательством.

      При этом исчисление стажа государственной службы прикомандированным лицам, дающего право на установление должностного оклада, осуществляется на основании справки, предоставляемой кадровой службой соответствующего правоохранительного органа, органа гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан.

      Выплата должностных окладов, пособий на оздоровление и премий прикомандированным лицам производится за счет средств, предусмотренных на содержание Администрации Президента Республики Казахстан, аппаратов палат Парламента Республики Казахстан, Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан и других государственных органов Республики Казахстан.

      Премирование прикомандированных лиц осуществляется исходя из должностных окладов в порядке, определенном для работников Администрации Президента Республики Казахстан, аппаратов палат Парламента Республики Казахстан, Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан и других государственных органов Республики Казахстан.

      5. Прикомандированным лицам к международным организациям выплачивается заработная плата, установленная для соответствующих категорий работников международных организаций, за счет средств, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, если иное не установлено соответствующими ратифицированными международными договорами.

      6. Иные выплаты, а также обеспечение вещевым имуществом прикомандированных лиц осуществляются за счет средств, предусмотренных на содержание соответствующих правоохранительных органов, органов гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан, откуда они были прикомандированы. Выплаты единовременного характера исчисляются из должностного оклада по последней должности, занимаемой до прикомандирования.

      7. Присвоение прикомандированным лицам очередных специальных званий и классных чинов осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      8. Аттестация прикомандированных лиц к государственным органам производится в порядке, установленном для работников соответствующих государственных органов, а прикомандированных лиц к международным организациям производится в порядке, установленном для сотрудников правоохранительных органов, органов гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан.

      9. Поощрение и привлечение к дисциплинарной ответственности прикомандированных лиц производятся в порядке, установленном для работников Администрации Президента Республики Казахстан, аппаратов палат Парламента Республики Казахстан, Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан и других государственных органов Республики Казахстан в пределах полномочий данных государственных органов, определенных законодательством Республики Казахстан.

      10. Пенсионное обеспечение прикомандированных лиц осуществляется в соответствии с пенсионным законодательством Республики Казахстан. При этом для прикомандированных лиц к государственным органам в расчет принимаются должностные оклады по занимаемым ими должностям в Администрации Президента Республики Казахстан, аппаратах палат Парламента Республики Казахстан, Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан и других государственных органах Республики Казахстан, а для прикомандированных лиц к международным организациям – должностные оклады по последней должности, занимаемой до прикомандирования.

      _________________________

  Приложение 3
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 30 декабря 202 года № 1126
  Приложение 1
к Правилам выплаты
единовременной компенсации
сотруднику
правоохранительного органа,
органа гражданской защиты,
государственной
фельдъегерской службы
Республики Казахстан при
получении увечья (травмы,
ранения, контузии) в период
исполнения им служебных
обязанностей, а также в случае
его гибели (смерти) вследствие
заболевания, увечья (травмы,
ранения, контузии), полученных
при исполнении служебных
обязанностей, лицам, имеющим
право на ее получение

                                                Кому ___________________________
                                                должность, специальное звание или
                                                классный чин, Ф.И.О. (при его
                                                наличии) руководителя
                                                правоохранительного органа, органа
                                                гражданской защиты,
                                                государственной фельдъегерской
                                                службы)
                                                от _____________________________
                                                (Ф.И.О. (при его наличии)
                                                обращающегося),
                                                проживающего по адресу:
                                                ________________________________
                                                ИИН ___________________________

Заявление на выплату единовременной компенсации

      Прошу Вас выплатить мне единовременную компенсацию в связи
      с ___________________________________________________________________
            (указывается характер события, по которому должен быть возмещен ущерб).
      Причитающуюся мне сумму прошу перечислить
      ____________________________________________________________________
      (указывается название банка, БИН банка, БИК банка, № лицевого счета получателя
      или его адрес в случае перевода через отделения связи). К заявлению прилагаю
      следующие документы:
      1. ________________________
      2. ________________________
      3. ________________________
      Подпись заявителя _______________________ "___"___________ 20___ г.
      Документы приняты "__" ______ 20___г. Подпись ____________________
                                    (подпись лица, принявшего документы)

      _________________________

  Приложение 4
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 30 декабря 2022 года № 1126
  Приложение 2
к Правилам выплаты
единовременной компенсации
сотруднику
правоохранительного органа,
органа гражданской защиты,
государственной
фельдъегерской службы
Республики Казахстан при
получении увечья (травмы,
ранения, контузии) в период
исполнения им служебных
обязанностей, а также в случае
его гибели (смерти) вследствие
заболевания, увечья (травмы,
ранения, контузии), полученных
при исполнении служебных
обязанностей, лицам, имеющим
право на ее получение

Журнал регистрации заявлений на выплату единовременной компенсации сотруднику правоохранительного органа, органа гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан при получении увечья (травмы, ранения, контузии) в период исполнения им служебных обязанностей, а также в случае его гибели (смерти) вследствие заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей, лицам, имеющим право на ее получение


п/п

Ф.И.О. (при его наличии) сотрудника, получившего увечье, в том числе умершего, и его адрес

Ф.И.О. (при его наличии) иждивенца, наследника умершего сотрудника и его адрес

Причина возмещения ущерба (смерть, инвалидность, тяжелое или легкое увечье)

Сумма единовременной компенсации

№ и дата платежного документа

Если отказано в регистрации заявления, то причина отказа

1

2

3

4

5

6

7








      _________________________