"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысымен бекітілген Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Nur Zholy Customs Service" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 (бір жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы "EuroTranzit Nur Zholy" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне беруді қамтамасыз етсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1132 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесі:
"Жетісу облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрі 307-жолмен толықтырылсын:
"Жетісу облысы
307. "Nur Zholy Customs Service" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 217-19-жолмен толықтырылсын:
"217-19. "Nur Zholy Customs Service" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. "Nur Zholy Customs Service" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".