"Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1136 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасында:

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді күзетуді Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнайы мемлекеттік органдары жүзеге асырады.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) ұлттық қауіпсіздік органдарының медициналық мекемелерін және спорттық кешендерін, сондай-ақ басқа әскерлері мен әскери құралымдары болып табылатын әскери бөлімдерін және мекемелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, оның ведомстволарының, аумақтық және өзге де ұлттық қауіпсіздік органдарының, арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің, оқу орындарының, ғылыми зерттеу мекемелерінің әкімшілік ғимараттары мен объектілері;

      1-2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, оның ведомстволарының, құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің объектілері;";

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлердің және әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелері;";

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) су шаруашылығы объектілері – гидротехникалық құрылыстар: су ресурстарын басқару үшін пайдаланылатын су қоймаларының гидротораптары, шлюздері, бөгеттері;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарда:

      1-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі – БӨП) – адамдарды және көлік құралдарын бақылауды, өткізуді және тексеруді қамтамасыз етуге арналған арнайы жабдықталған орын;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) өткізу режимін реттейтін құралдар – мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің персоналы мен келушілердің өтуін бақылауға арналған құрылғылар;";

      мынадай мазмұндағы 69) және 70) тармақшалармен толықтырылсын:

      "69) пилотсыз ұшу аппараты – бортындағы пилотсыз (экипажсыз) ұшуды орындайтын және ұшуда оператор басқару пунктінен автоматты түрде немесе көрсетілген тәсілдерді үйлестіре отырып басқаратын әуе кемесі (бұдан әрі – ПҰА);

      70) объектілердің персоналы – объектінің, оның ішінде оның жалға алынатын алаңдарында қызметін жүзеге асыратын басшылары, жұмыскерлері, қызметкерлері.";

      2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар объектілерінің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптар "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығы мен тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бұйрықтарына да сәйкес көзделеді.";

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) В санаты – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдардың объектілері; медициналық мекемелерді және спорттық кешендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, оның ведомстволарының, аумақтық және өзге де ұлттық қауіпсіздік органдарының, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің, оқу орындарының, ғылыми-зерттеу мекемелерінің әкімшілік ғимараттары мен объектілері; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, оның ведомстволарының, құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің объектілері; су шаруашылығы объектілері – гидротехникалық құрылыстар: су қоймалардың гидротораптары, шлюздері, бөгеттері, жарылғыш, улы, аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық және химиялық заттарды әзірлеу, өндіру, сынау және сақтау жөніндегі ұйымдардың объектілері мен оқшауланған үй-жайлары; тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Объект ішіндегі барлық оқшауланған үй-жайлар кіру мүмкіндігіне қарай негізгі үш аймаққа бөлінеді:

      1) бірінші аймақ – персонал мен келушілерге кіру шектелмеген объектінің ғимараттары, аумақтары, үй-жайлары;

      2) екінші аймақ – персоналдың шектеулі құрамына, сондай-ақ объектіге біржолғы рұқсаттама бойынша немесе объект персоналымен ілесіп жүретін келушілерге кіруге рұқсат етілген үй-жайлар;

      3) үшінші аймақ – қатаң айқындалған персонал құрамы, объектінің бірінші басшысының (оның міндетін атқаратын тұлғаның) рұқсатымен және объектінің арнайы бөлінген қызметкері ілесіп жүретін келушілер кіретін объектінің арнайы үй-жайлары.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін объектінің аймақтарына кіру Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша жүзеге асырылады.";

      10-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Су шаруашылығы объектілері бөлімшенің келісімі бойынша объектінің ықтимал қауіпті учаскелерінде ғана қоршаумен жасақталады.";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қажет болған жағдайда негізгі кіретін есіктер, қақпалар немесе қақпа есіктері дыбыс пен түрлі-түсті бейнені беретін бейнекамералармен жасақталған құрылғылармен (домофон) жабдықталады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қажет болған жағдайда сыртқы қоршаудың ішкі жағынан оқшаулау жолағы көзделеді. Бөгеттің акваториясын қоспағанда, гидротехникалық құрылыстар (су қоймалары, гидротораптар) үшін оқшаулау жолағы бөгетке дейін кемінде 500 метр қашықтықты және металл тор орнатылған қоршауды ескеруге тиіс.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. БӨП саны барынша аз және адамдар мен көлік құралдарының қажетті өту қабілетін қамтамасыз етуі тиіс.

      БӨП ғимараттарының (құрылыстарының) сыртқы қоршау конструкциялары (қабырғалар мен жабын) құқыққа қарсы сипаттағы іс-қимылды қоса алғанда, сырттан болатын әсерге төзімді және шолынуы жақсы әрі күзет қызметкеріне шабуылдан, оның ішінде атыс қаруын қолдану арқылы қорғануды қамтамасыз етуі тиіс. Кіретін есік қалыңдығы кемінде 4 мм металл болат есіктермен жабдықталады.

      Өткізу режиміне байланысты БӨП-те рұқсаттамаларды немесе автоматты карточкаларды сақтауға арналған арнайы үй-жай көзделеді.

      Объектінің бас автокөліктік БӨП персоналдың өтуіне арналған орталық БӨП-ке мүмкіндігінше жақын орналастырылуы тиіс.

      Автокөліктік БӨП-ке баратын жол учаскелерінде қақпадан 30 метрден аспайтын қашықтықта 90 градусқа бұрылыс болуы тиіс. Бұл учаскелер олардың үстінен өту мүмкіндігін болғызбайтын бетон конструкциялармен қоршалуы тиіс.

      Таранға қарсы құрылғының "Көлік құралдарының көмегімен шабуылдан таранға қарсы бөгеттер" ҚР СТ ISO IWA 14-1-2021 ұлттық стандарты "Сипаттамаларға қойылатын талаптар, автокөлік құралдарының соққысының әсерін сынау әдісі, пайдалану сипаттамалары" 1-бөліміне сәйкес сынақтан өткен және сипаттамаларға сәйкес келетін басқа да конструктивтік шешіміне жол беріледі.

      Автомобиль, теміржол көлігінің өтуі, жеке тұлғаларды өткізу үшін БӨП-ті қатар қолдануға болады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Машиналарды тексеру алаңы:

      1) ұзындығы кемінде 20 метр және ені жүк автомашинасы енінің әр бүйірінен кемінде 3 метрден артық болуы;

      2) машинаны астынан тексеру үшін шұңқырмен, машинаны үстінен және бүйірінен тексеру үшін мінбелермен немесе эстакадамен жарақталуы;

      3) орнатылған қоршаудың беріктігіне сәйкес келетін, айқара ашылатын немесе жылжымалы қақпалар бар негізгі қоршау үлгісі бойынша дуалмен қоршалуы тиіс.

      Объектінің кіреберісін машиналарды тексеру алаңымен жабдықтау мүмкін болмаған жағдайда техника мен көлікті тексерудің өзге де заманауи техникалық жүйелерін ескере отырып, алаңдардың басқа да конструктивті шешіміне жол беріледі.";

      35-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-1. Елді мекендерден тыс өнеркәсіптік аймақта орналасқан А және В санатындағы объектілерде жер бедерін ескере отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілер күзет қызметкерін атыс қаруымен зақымдаудан қорғауды, айнала шолуды және кемінде 50 метр жерден бекеттің (объектінің) маңайына оқ атуды қамтамасыз ететін жертасаларды қазады немесе бекіністерді жабдықтайды.";

      70-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Күзет бекеті үй-жайының мөлшері: ұзындығы – 3500 мм, ені – 3000 мм, биіктігі – 2500 мм.

      Күзет бекеті үй-жайының сыртқы қоршау конструкциялары (қабырғалар мен жабындар) өңірдің климаттық жағдайларына, сондай-ақ құқыққа қарсы сипаттағы іс-қимылды қоса алғанда, сыртқы әсерлерге төзімді болуға және күзет қызметкерін шабуылдан тиісінше қорғауды қамтамасыз етуге тиіс.

      Күзет бекеттерінің үй-жайлары техникалық күзет, дабыл сигнализациясы құралдарымен және объектілердің периметрі бойынша бейнебақылау жүйесінің камераларынан ақпарат шығаратын монитормен, сондай-ақ олардың ерекшеліктерін ескере отырып, тамақ ішуге арналған бөлмемен және санитарлық тораппен жабдықталуға тиіс.";

      75-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) бекеттік үйшіктер БӨП-терге немесе тыйым салынған аймақтарға орнатылады және олар қызметтік байланыс құралдарын, дабыл сигнализациясын, рұқсаттама, қолтаңба және мөр бедерлерінің үлгілері бар рамаларды, бекеттік киімді қоюға арналған. Бекеттік үйшіктер кірпіштен, ағаштан, құрамалы темір бетоннан, металл конструкциялардан, пластиктен, сығымдалған және ағаш бөлшектерден жасалуы мүмкін. Температура минус 300С-ден төмен түсетін аудандарда бекеттік үйшіктерде жылыту (электрлі-калориферлер, бумен жылыту және т.б.) көзделеді. Бекеттік үйшіктердің мөлшері мен типтері жобалауға арналған тапсырмамен айқындалады;";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Объект аумағының периметрі периметрлік АТҚ және ББЖ-мен жабдықталады.";

      мынадай мазмұндағы 87-1-тармақпен толықтырылсын:

      "87-1. ПҰА-ның, оның ішінде квадрокоптерлердің көмегімен террор құралдарын жеткізуге және қолдануға байланысты қатерлер өзекті болатын объектілерге ПҰА-ға қарсы әрекет ету жүйелерін көздеу ұсынылады.";

      99-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Су шаруашылығы объектілері құтқару мүкәммалымен (құтқару шеңберлері, шарлар, кеудешелер, белбеулер, күртешелер, ілгектер, лақтыратын жіп, арқан сатысы, сондай-ақ су шаруашылығы объектілері түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де қажетті құралдармен) жарақталады.";

      116-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) КББЖ күзететін үй-жайларға персоналдың және объектіге келушілердің келуін шектеу;

      2) барлық персоналдың келу-кету уақытын тіркеу;";

      117-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бүкіл персонал туралы деректер базасын ұйымдастыру (карточканың нөмірі, адамның Т.А.Ә., фотосының бейнесі, лауазымы, кіруге рұқсат етілген үй-жайлардың тізімі, кірген-шыққан уақыты);";

      124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "124. КББЖ объектілерде өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыруды кіру аймақтарына сәйкес қамтамасыз етуі тиіс.";

      139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "139. Барлық бейнеақпарат оқиғаларды кейіннен талдау үшін сақталуы тиіс (ақпаратты сақтау мерзімі 30 тәуліктен кем болмауы тиіс).";

      мынадай мазмұндағы 140-1-тармақпен толықтырылсын:

      "140-1. Объектінің телевизиялық күзет жүйелеріне кіретін бейнебақылау жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында белгіленген бейнебақылау жүйелерінің ең төменгі техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес келуге тиіс.";

      141-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "141. Жедел байланыс жүйесі (бұдан әрі – ЖБЖ) бөлімшенің қызметін басқаруды қамтамасыз ету үшін қолданылуға тиіс.";

      178-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Су шаруашылығы объектілерін техникалық тексеру құралдарымен жарақтандыру объектілерге тән қатерлерге, олардың жұмыс істеу ерекшеліктеріне сәйкес келуге тиіс.";

      181-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) арнайы мақсатта қолданылатын стационарлық рентгендік цифрлық сканерлеу жүйелері (адамның тұла бойын рентгенді-графикалық сканерлеу) мынадай қауіпті және тыйым салынған заттарды анықтау мақсатында адамды қол тигізбей көзбен шолып жеке тексеруді қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс:".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2011 года № 1151 "Некоторые вопросы объектов, подлежащих государственной охране"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2022 года № 1136.

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п.2

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2011 года № 1151 "Некоторые вопросы объектов, подлежащих государственной охране" следующие изменения и дополнения:

      в Правилах определения объектов, подлежащих государственной охране, утвержденных указанным постановлением:

      абзац первый пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Охрана объектов, подлежащих государственной охране, осуществляется государственными органами, специализированными охранными подразделениями органов внутренних дел, Вооруженными Силами, другими войсками и воинскими формированиями Республики Казахстан, а также специальными государственными органами.";

      пункт 5 дополнить подпунктами 1-1) и 1-2) следующего содержания:

      "1-1) административные здания и объекты Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, его ведомств, территориальных и иных органов национальной безопасности, подразделений специального назначения, учебных заведений, научно-исследовательских учреждений, за исключением медицинских учреждений и спортивных комплексов, а также воинских частей и учреждений органов национальной безопасности, являющихся другими войсками и воинскими формированиями;

      1-2) объекты Службы государственной охраны Республики Казахстан, ее ведомств, структурных и территориальных подразделений, за исключением воинских частей Службы государственной охраны Республики Казахстан;";

      подпункт 2) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "2) воинские части и учреждения Вооруженных Сил Республики Казахстан, других войск и воинских формирований;";

      подпункт 2) пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "2) объекты водного хозяйства – гидротехнические сооружения: гидроузлы, шлюзы, плотины водохранилища, используемые для управления водными ресурсами;";

      в требованиях по инженерно-технической укрепленности объектов, подлежащих государственной охране, утвержденных указанным постановлением:

      в пункте 1:

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) контрольно-пропускной пункт (далее – КПП) – специально оборудованное место, предназначенное для обеспечения контроля, пропуска и досмотра людей и транспортных средств;";

      подпункт 14) изложить в следующей редакции:

      "14) средства регулирования пропускного режима – устройства для контроля прохождения персонала и посетителей объектов, подлежащих государственной охране;";

      дополнить подпунктами 69) и 70) следующего содержания:

      "69) беспилотный летательный аппарат – воздушное судно, выполняющее полет без пилота (экипажа) на борту и управляемое в полете автоматически оператором с пункта управления или сочетанием указанных способов (далее – БПЛА);

      70) персонал объектов – руководители, работники, сотрудники объекта, в том числе осуществляющие деятельность на его арендуемых площадях.";

      абзац второй пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "Требования по инженерно-технической укрепленности объектов Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований предусматриваются также в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 5 июля 2007 года № 364 "Об утверждении общевоинских Уставов Вооруженных сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан" и приказами первых руководителей соответствующих государственных органов.";

      подпункт 2) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "2) категория В – объекты Вооруженных Сил Республики Казахстан, других войск и воинских формирований; административные здания и объекты Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, его ведомств, территориальных и иных органов национальной безопасности, подразделений специального назначения, учебных заведений, научно-исследовательских учреждений, за исключением медицинских учреждений и спортивных комплексов; объекты Службы государственной охраны Республики Казахстан, ее ведомств, структурных и территориальных подразделений, за исключением воинских частей Службы государственной охраны Республики Казахстан; объекты водного хозяйства – гидротехнические сооружения: гидроузлы, шлюзы, плотины водохранилища, объекты и обособленные помещения организаций по разработке, производству, испытанию и хранению взрывчатых, ядовитых, особо опасных, бактериологических, биологических и химических веществ; объекты жизнеобеспечения;";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Внутри объекта все обособленные помещения по доступности разделяются на три основные зоны:

      1) первая зона – здания, территории, помещения объекта, доступ в которые персоналу и посетителям не ограничен;

      2) вторая зона – помещения, доступ в которые разрешен ограниченному составу персонала, а также посетителям объекта по разовым пропускам или в сопровождении персонала объекта;

      3) третья зона – специальные помещения объекта, доступ в которые имеют строго определенный состав персонала, посетители с разрешения первого руководителя объекта (лица, исполняющего его обязанности) и в сопровождении специально выделенного сотрудника объекта.

      Доступ по зонам объекта, охраняемого Службой государственной охраны Республики Казахстан, осуществляется по согласованию со Службой государственной охраны Республики Казахстан.";

      пункт 10 дополнить абзацем третьим следующего содержания:

      "Объекты водного хозяйства оснащаются ограждением только на потенциально опасных участках объекта по согласованию с подразделением.";

      пункт 13 дополнить абзацем вторым следующего содержания:

      "При необходимости главные входные двери, ворота или калитки оборудуются устройствами, оснащенными видеокамерами, передающими звук и цветное изображение (домофон).";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. При необходимости с внутренней стороны внешнего ограждения предусматривается полоса отчуждения. Для гидротехнических сооружений (водохранилищ, гидроузлов) полоса отчуждения должна предусматривать расстояние до дамбы не менее 500 метров и установку металлического сетчатого ограждения, за исключением акватории дамбы.";

      пункт 29 изложить в следующей редакции:

      "29. Количество КПП должно быть минимальным и обеспечивать необходимую пропускную способность людей и транспортных средств.

      Наружные ограждающие конструкции (стены и перекрытия) зданий (сооружений) КПП должны быть устойчивыми к внешним воздействиям, включая действия противоправного характера, иметь хороший обзор и обеспечивать защиту сотрудника охраны от нападения, в том числе с применением огнестрельного оружия. Вход оборудуется металлическими стальными дверями с толщиной листа не менее 4 мм.

      В зависимости от пропускного режима на КПП предусматривается специальное помещение для хранения пропусков или автоматических карточек.

      Главный автотранспортный КПП объекта по возможности должен располагаться вблизи центрального КПП для прохода персонала.

      Участки дороги, ведущие к автотранспортному КПП, должны иметь на расстоянии не более 30 м от ворот поворот на 90 градусов. Эти участки должны быть выгорожены бетонными конструкциями, предотвращающими возможность их переезда.

      Допустимо другое конструктивное решение противотаранного устройства, соответствующего характеристикам и прошедшего испытания в соответствии с национальным стандартом СТ РК ISO IWA 14-1-2021 "Противотаранные заграждения от атаки с помощью транспортных средств", часть 1 "Требования к характеристикам, метод испытаний воздействия удара автотранспортных средств, эксплуатационные характеристики".

      КПП для проезда автомобильного, железнодорожного транспорта, пропуска физических лиц допускается делать совмещенными.";

      пункт 32 изложить в следующей редакции:

      "32. Площадка досмотра машин должна:

      1) иметь длину не менее 20 метров и ширину, не менее чем на 3 метра с каждой стороны, превышающую ширину грузовой автомашины;

      2) быть оборудована ямой для досмотра машин снизу, вышками или эстакадой для досмотра машин сверху и сбоку;

      3) быть выгорожена забором по типу основного ограждения с распашными или раздвижными воротами, соответствующими прочности установленного ограждения.

      В случае невозможности оборудовать въезд объекта площадкой досмотра машин допускается другое конструктивное решение площадок с учетом иных современных технических систем досмотра техники и транспорта.";

      пункт 35-1 изложить в следующей редакции:

      "35-1. На объектах категории А и В, расположенных в промышленной зоне вне населенных пунктов, с учетом рельефа местности хозяйствующими субъектами выкапываются окопы или оборудуются укрепления, обеспечивающие защиту сотрудника охраны от поражения огнестрельным оружием, круговой обзор и обстрел подступов к посту (объекту), не менее 50 м.";

      пункт 70 дополнить абзацами пятым, шестым и седьмым следующего содержания:

      "Габаритные размеры помещения поста охраны: длина – 3500 мм, ширина – 3000 мм, высота – 2500 мм.

      Наружные ограждающие конструкции (стены и перекрытия) помещения поста охраны должны быть устойчивыми к климатическим условиям региона, а также внешним воздействиям, включая действия противоправного характера, и обеспечивать надлежащую защиту сотрудника охраны от нападения.

      Помещения постов охраны должны быть оборудованы техническими средствами охранной, тревожной сигнализации и монитором с выводом информации с камер системы видеонаблюдения по периметру объектов, а также учетом их специфики и особенностей комнатой для приема пищи и санузлом.";

      подпункт 7) пункта 75 изложить в следующей редакции:

      "7) постовые будки устанавливаются на КПП или в запретной зоне и предназначаются для размещения в них средств служебной связи, тревожной сигнализации, рамок с образцами пропусков, подписей и слепков печати, постовой одежды. Постовые будки могут быть кирпичными, деревянными, из сборного железобетона, металлоконструкций, пластика, прессованных и деревянных деталей. В районах, где температура опускается ниже минус 30оС, в постовых будках предусматривается отопление (электрокалориферы, паровое отопление и т.п.). Размеры и типы постовых будок определяются заданием на проектирование.";

      пункт 87 изложить в следующей редакции:

      "87. Периметр территории объекта оборудуется периметровыми СТС и ТСВ.";

      дополнить пунктом 87-1 следующего содержания:

      "87-1. Объектам, для которых актуальны угрозы, связанные с доставкой и применением средств террора посредством БПЛА, в том числе квадрокоптерами, рекомендуется предусматривать системы противодействия БПЛА.";

      пункт 99 дополнить абзацем вторым следующего содержания:

      "Объекты водного хозяйства оснащаются спасательным инвентарем (спасательные круги, шары, нагрудники, пояса, жилеты, багры, метательная веревка, лестница веревочная, а также иными необходимыми средствами с учетом особенностей видов объектов водного хозяйства).";

      подпункты 1) и 2) пункта 116 изложить в следующей редакции:

      "1) ограничения доступа персонала и посетителей объекта в охраняемые СКУД помещения;

      2) фиксация времени прихода и ухода всего персонала;";

      подпункт 1) пункта 117 изложить в следующей редакции:

      "1) организация базы данных на весь персонал (номер карточки, Ф.И.О., фото изображения лица, должность, список разрешенных для доступа помещений, время входа-выхода);";

      пункт 124 изложить в следующей редакции:

      "124. СКУД должна обеспечивать организацию пропускного и внутриобъектового режима на объектах в соответствии с зонами доступа.";

      пункт 139 изложить в следующей редакции:

      "139. Вся видеоинформация должна сохраняться для последующего анализа событий (срок хранения информации должен составлять не менее 30 суток).";

      дополнить пунктом 140-1 следующего содержания:

      "140-1. Технические требования к системам видеонаблюдения, входящим в охранную телевизионную систему объекта, должны соответствовать минимальным техническим возможностям систем видеонаблюдения, предусмотренным Правилами функционирования национальной системы видеомониторинга, утвержденными приказом Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 27 октября 2020 года № 69 (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21693).";

      пункт 141 изложить в следующей редакции:

      "141. Система оперативной связи (далее – СОС) должна применяться для обеспечения управления деятельностью подразделения.";

      пункт 178 дополнить абзацем вторым следующего содержания:

      "Оснащение объектов водного хозяйства техническими средствами досмотра должно соответствовать угрозам, характерным для объектов, особенностям их функционирования.";

      абзац первый подпункта 3) пункта 181 изложить в следующей редакции:

      "3) используемые стационарные рентгеновские цифровые сканирующие системы специального назначения (рентгенографические сканеры человека в полный рост) должны обеспечивать безопасное проведение бесконтактного визуального персонального досмотра человека с целью обнаружения следующих опасных и запрещенных предметов:".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов