"Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 128 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 550 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2023 № 550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 100-1-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жекешелендіру – мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатуды қоспағанда, мемлекеттің Заңда белгіленген арнайы рәсімдер шеңберінде мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сатуы;

      2) кешенді бағалау әдістемесі – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган бекітетін, тәуелсіз консультанттардың ұсыныстарында көрсетілген сапалық және сандық сипаттамаларды, көрсетілетін қызметтердің және (немесе) жұмыстардың бағасын және өзге де шарттарды ескере отырып, тәуелсіз консультанттардың ұсыныстарын бағалау үшін комиссия әзірлеген әдістеме;

      3) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган Заңда көзделген жекешелендіру бойынша сауда-саттықты дайындау және өткізу үшін құратын алқалы орган;

      4) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы – мемлекеттік мүлік тізілімінің электрондық дерекқорына бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;

      5) сатушы – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;

      6) тәуелсіз консультанттар – заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік заңды тұлғалар немесе олардың бірлестіктері, сатушы жекешелендіру объектілерінің нарықтық құнына бағалау жүргізу және (немесе) жекешелендіру объектілері бойынша мәмілені сүйемелдеу мақсатында тартатын, бағалау және (немесе) инвестициялық қызметке және (немесе) қаржылық консультация беруге қатысушылар.";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) комиссияның ұсыныстарға сұрау салуы және шарт жобасын дайындауы;";

      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссия:";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комиссия сатушыға жекешелендіру түрі, жекешелендіру объектісін сату шарттары, жекешелендіру объектісін сатып алушыға және тәуелсіз консультанттарға қойылатын талаптар туралы ұсынымдарды енгізеді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 382 "Об утверждении Правил привлечения независимого консультанта"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2023 года № 128. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 июля 2023 года № 550.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 11.07.2023 № 550 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 382 "Об утверждении Правил привлечения независимого консультанта" следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 5 статьи 100-1 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      в Правилах привлечения независимого консультанта, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) приватизация – продажа государством государственного имущества физическим лицам, негосударственным юридическим лицам в рамках специальных процедур, установленных Законом, за исключением продажи государственного имущества государственной исламской специальной финансовой компании;

      2) методика комплексной оценки – методика, разработанная комиссией для оценки предложений независимых консультантов с учетом качественных и количественных характеристик, цены услуг и (или) работ и иных условий, указанных в предложениях независимых консультантов, утверждаемая уполномоченным органом по управлению государственным имуществом либо местным исполнительным органом;

      3) комиссия по вопросам приватизации объектов государственной собственности (далее – комиссия) – коллегиальный орган, создаваемый уполномоченным органом по управлению государственным имуществом либо местным исполнительным органом для подготовки и проведения торгов по приватизации, предусмотренных Законом;

      4) веб-портал реестра государственного имущества – интернет-ресурс, размещенный в сети Интернет по адресу: www.gosreestr.kz, предоставляющий единую точку доступа к электронной базе данных реестра государственного имущества;

      5) продавец – уполномоченный орган по государственному имуществу или местный исполнительный орган либо аппарат акима города районного значения, села, поселка, сельского округа;

      6) независимые консультанты – юридические лица, в том числе иностранные, или их объединения, участники оценочной и (или) инвестиционной деятельности, и (или) финансового консультирования, привлекаемые продавцом в целях проведения оценки рыночной стоимости объекта приватизации и (или) сопровождения сделки по объектам приватизации.";

      подпункт 2) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "2) составление комиссией запроса предложений и подготовка проекта договора;";

      абзац первый пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Комиссия разрабатывает предложения:";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Комиссия вносит продавцу рекомендации о виде приватизации, условиях продажи объекта приватизации, требованиях к покупателю объекта приватизации и независимым консультантам.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр Республики Казахстан А. Смаилов